Еңбекті қорғау



бет42/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   83
Байланысты:
treatise36891

5.1. ҚАУІПТІЛІК КӨЗДЕРІ
Адамдардың электр тогымен жарақатталуының ерекше қауіптілігі бірнеше факторлармен анықталады. Химиялық зертханаларда электр жабдықтарына химиялық активті ортаның әсеріне байланысты аса қауіптілік мүмкіндіктері туындайды. Аппаратуралар, сорғыш шкаф астында тұратын кептіргіш шкафтар, электр плиталары, ЛАТР, электр моторлары эксплутацияның өте ауыр жағдайында тұрады. Реакция кезінде немесе тығынның дұрыс жабылмағандығынан сорғыш шкаф көлеміне электр жабдықтарына төтенше зиянды қышқыл газдар мен булар – азот тотығы, сутекті гологендер, күкірттің қос тотығы, ал хром қоспасынан – хромның ұшқыш тотығы бөлінуі мүмкін. Электр жабдықтарының істен тез шығуына электролиттер, органикалық еріткіштер, агрессиялы сұйықтардың шашырандылары, сонымен қатар көп мөлшерде бу бөлінгенде әсер етеді.

Электр жабдықтарымен жұмыс барысында зертханаларда болатын оқыс жағдайлар туралы статистикалық деректер болмағанымен, электр жарақаттарынан болатын уақытша еңбекке жарамсыздық себептеріне қарағанда, бұл оқыс жағдайлар, орташа алғанда, химиялық күю мен шынымен жарақат алудан кейінгі үшінші орынға ие.

Электрлік қауіпсіздіктің қажетті дәрежесіне жету үшін, тек қорғаушы құралдарды меңгеру мен электр жабдықтарының сенімділігін арттыруға бағытталған шараларды үйретуді ғана емес, сонымен қатар электр жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін қызметкерлерге үйрету шараларын және қызмет көрсетуші тұлғалардың мамандықтарын көтеру шараларын өзара бірлестіре ұйымдастыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет