10.4. ЕРІТКІШТЕРДІ МЕТАЛЛ НАТРИЙМЕН АБСОЛЮТТЕУ
Натрийге қатысты апаттың көп мөлшері мен оқыс жағдайлар, оны кептіргіш ретінде пайдаланудан туады. Органикалық еріткіштерді натриймен кептірудің көп қолданылатыны соншалық, тіпті машықтанған қызметкерлердің өзі абайлықты ұмытып кетеді.
Натрийді тек көмірсутектер мен жай эфирлерді абсолюттеуде ғана қолдануға болады. Ереже бойынша натрийді қышқылдарды, күрделі эфирлерді, спирттерді, май және жұпарлы қатардағы галогентуындыларын, альдегидтерді, кетондарды, аминдерді кептіруде пайдалануға болмайды.
Натрий еріткіштерді ақтық кептіру, яғни судың соңғы қалдықтарын кетіру үшін қолданылады. Құрамында 0,5-дан артық су мөлшері бар еріткіштерді, реакцияның қарқынды жүруінен жарылыс болуы мүмкіндігі салдарынан, сумен кептіруге болмайды. Еріткіштер алдын ала қауіпсіз кептіргіштер, мысалы кальций хлориді немесе натрий сульфаты көмегімен сусыздандырылу қажет. Еріткіш құрамындағы ылғалмен натрий әрекеттесе отырып, газ түріндегі сутек пен натрий гидросидін түзе, реакцияның ары қарай жүруін тежейтін немесе толығымен тоқтататын металл бетін жұқа қабатпен жабады. Натрийді толығымен пайдалану үшін, оны үлкен меншікті беттігі бар жұқа сым түрінде қолдану керек.
Натрий сымын жасау үшін 20-суретте көрсетілгендей арнайы престі қолданады. Мұнда алдын ала гидроксид қабыршағынан тазаланған натрийдің кішкене түйірлерін суреттегі 3 патронға салады. Патрон престің ұясына енгізіледі, патрон қуысына тақай еріткіші бар бөтелкені қойып, одан кейін винтті жаймен бұрау арқылы сымды сығып шығарады. Барлық натрийді сығып болғаннан кейін, патроннан поршеньді шығарыды да, фарфор стақанына салып, оған натрий қалдықтарын еріту үшін этил спиртін құяды. Ерітіп болған соң, поршень мен патронды сумен жақсылап жуып, шкафта кептіреді.
Сурет – 20. Натрий сымын алатын пресс.
1 – металды станин
2 – поршень
3 – патрон
4 – шарнир функциясын орындайтын болат шар
Егер еріткіштегі натрий сымын түнге қалдыру керек болса, онда ыдысты тығыз тығынмен жабуға болмайды: бөлініп шығатын сутегі ыдыста біршама қысым тудырады. Мұндай жағдайда хлоркальций түтікшесімен қамтамасыз етілген тығын пайдалануы тиіс.
Кептіру процесін жылдамдату және суды толығымен кетіру үшін, еріткішті натрий сымында қайта айдайтын мұздатқышы бар колбада бір сағат шамасында қайнатады, бұдан кейін хлоркальций түтікшесімен қорғалатын құрғақ қабылдағыш ыдысқа еріткішті айдайды. Бұл жағдайда колбаны қыздыру үшін су немесе глицирин моншасын пайдалануға болмайтынын ұмытпаған жөн. Монша үшін сұйық жылу бергіш ретінде минералды май ұсынылады. Айдағаннан кейінгі қалған натрий сымын сол колбаға, суый салысымен жеткілікті мөлшерде этил спиртін құю арқылы жояды. Жояр алдынға колбадағы еріткіштің қалдығын кетірмей-ақ қоюға болады.
Еріткіштерді абсолюттеу үшін кейде бөлме температурасында сұйық келетін калий-натрий құймасын пайдаланады. Бұны қолданудың біршама артықшылықтары бар: ақырын шайқағанның өзінде құйма тотық қабатынан ағады да, жаңа беттік жалаңаштанып шығады, сондықтан қайнатпай-ақ еріткіштен суды әбден кетіруге болады; қатты шайқаған кезде құйма ұсақ түйіршіктерге бөлініп, кептіру процесі біршама жылдамдайды. Бірақ құйманы кептіргіш ретінде қолдануда кездесетін қауіп-қатер, бұл артықшылықтардың орнын баса алмайды. Құйма ауамен жанасқан кезде, калий сияқты аса қопарылғыш қауіпі бар пероксид түзеді, бұл абсолюттеуде жай эфирлер пероксидін түзуге қабілеттілік болған жағдайда өте қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |