Еңбекті қорғау


СІЛТІЛІК МЕТАЛДАРДЫ ТОТЫҚ ҚАБЫРШАҚТАРЫНАН ТАЗАЛАУ



бет53/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   83
Байланысты:
treatise36891

10.3. СІЛТІЛІК МЕТАЛДАРДЫ ТОТЫҚ ҚАБЫРШАҚТАРЫНАН ТАЗАЛАУ.

Литий мен натрий түйірлері беттерінен тотық қабаттарын тазалау үшін, алдын ала натрий сымымен кептірілген ксилол немесе минералды майлар астында өткір пышақпен кесу ұсынылады. Операцияны фарфор келісінде өткізген ыңғайлы болады. Тазаланған металл түйірлерін пинцет көмегімен стақан немесе колбадағы кептірілген ксилолға абайлап салады. Қалдық кесінділерді тез арада жояды. Калийді осылай тазарту әдісі көп нұсқауларда ұсынылғанымен, ол қауіпсіз деп саналмайды. Кейде жаңа тазартылған калий бетінің тотық қабыршағымен жанасқанында, қорғағыш сұйықтың астында тұрса да жарылыс болуы мүмкін.

Калийді кептірілген гептан қабатының астында балқыту арқылы тазалау - әлдеқайда қауіпсіз, үнемді және қарапайым әдіс болып табылады. Тазаланбаған калийдің кішкентай бөліктерін (20г шамасында) аузы кең Эрленмейер колбасына салып балқытады. Метал балқығаннан кейін қыздыруды тоқтатып, колбаны ұқыптап айналдыру арқылы калийдің тотық қабыршағынан ағып шығуына жеткізеді. Ары қарай колбаны суытып, калий қатты күйге жеткен кезде пинцет көмегімен гептан құйылған бюкске салады. Қалдық қабыршақтарды тез арада жояды.

Бұл әдіс натрийді тазалауға да жарамды. Мұнда тек гептанның орнына кептірілген ксилол пайдаланылады.

Сілтілік металдарды оның жылтыр бетін сақтау қажет болмаса да, ауада кесуге болмайды – бұл қауіпті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет