Еңбекті қорғау


АДАМ АҒЗАСЫНА СЫНАПТЫҢ ӘСЕРІ



бет61/83
Дата06.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#109823
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
Байланысты:
treatise36891

12.2. АДАМ АҒЗАСЫНА СЫНАПТЫҢ ӘСЕРІ
Сынап буының 0,25 мг/м3 артатын концентрациясын құрайтын ауамен тыныс алғанда, ол өкпеде толығымен қалады. Бұдан артық бу концентрациясы атмосферада болған жағдайда, ағзаға басқа жолмен – зақымданбаған тері арқылы өтуі мүмкін.

Сынап мөлшеріне және оның ағзаға түсу уақытына қарай жедел және созылмалы улану, сонымен қатар микромеркуриализм болады. Сынаппен улануға әсіресе әйелдер мен балалр сезімтал келеді.



Сынап буымен жедел улану. Жедел улану сорғыш шкафтан тыс жерде изоляцияланбаған сынапты қыздыру кезінде, мысалы жылу беретін сұйықтары бар моншаларды пайдаланғанда сынған термометр сынабы түскен жағдайда болуы мүмкін. Жоғары температураға дейін қыздырылған сынапы бар шынылы аппаратура сынғанда сынап буының қауіпті концентрациясы пайда болады. Аса қауіпті, сонымен қатар жиі кездесетін жағдай – термометрдің кептіргіш шкафтың ішінде сынуы болып табылады. Бұл кезде сынап ерекше тез буланады, ал кептіргіш шкафтар көбіне сорғыш шкаф ішіне орналастырылмайды.

Әдетте сынап буымен уланудың белгілері – жалпы әлсіздік, тәбетттің шаппауы, бас ауруы, жұтынғандағы ауыру, ауызға металл дәмінің келуі, сілекей ағуы, тістің қызыл иегінің қабынуы мен қансырауы, лоқсу мен құсу, іш ауруының басталуы және іш өту (кейде қанмен бірге) - улану басталғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін білінеді. Дене ыстығы кейде 38-40 - қа дейін көтеріледі. Зақымданған адамның кіші дәретінен біршама сынап мөлшері табылады. Өте ауыр жағдайда бірнеше күннен кейін адам өлімге де ұшырауы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет