12.1. ҚАУІПТІЛІК КӨЗДЕРІ
Металл күйіндегі сынаптың буы, оның көптеген химиялық қосылыстары сияқты аса жоғары уытты болып келеді: жұмыс аймағындағы сынап буының ЖКШ (жіберілетін концентрация шегі) 0,01 мг/м3 құрайды.
Сынап буымен созылмалы уланудың бастапқы белгілері жекеленбеген, ол ең бастысы нерв жүйелерінің қажуынан байқалады. Жұмысшылар көбіне бұл құбылыстарды сынап уымен байланыстырмай, бұзылған атмосферада болуды жалғастыра береді, нәтижесінде нерв жүйелерінің аса қауіпті, тіпті еңбекке жарамсыз жағдайға дейін апаратын ауыр жарақатқа жетеді. Сынаппен созылмалы уланудың салдары өте қиын емделеді.
Сынап буының концентрациясы жүздеген және мыңдаған есе жіберілу шегінен артса да, оның исі де, түсі де байқалмайды және ешқандай тітіркендірмейді де. Осы себептен жұмысшы сынаппен уланған жұмыс орнында, қатерлі уланудың белгілері білінгенше, күдіктенбей жүре береді.
Сынап - өте қозғалғыш сұйық және онымен жұмыста ұқыптылық сақтамаған кезде, тіпті барлық сақтықты сақтағанға қарамай, ол еденге немесе жұмыс үстеліне төгілуі мүмкін. Бұл кезде сынаптың ұсақ домалақшалары бүкіл бөлмеге - көрінбейтін кішкене тесіктеріне және алынуы қиын жерлерге таралады. Төгілген сынапты толығымен жинап алу өте қиын, сонымен қоса тесіктерде қалған көзге көрінбейтін тамшыларының аз мөлшерінің өзі беттіктің үкендігіне байланысты қарқынды ұшады және әсіресе ауа алмастырғышы жоқ жабық бөлмеде, жұмыс істейтін қызметшілердің денсаулығына қауіпті бу концентрациясын тудырады. Сондықтан кішкене бөлмеде бар-жоғы бір сынап термометрін сындырып алу және онда тынғылықты демеркуризация жасамау, бөлмедегі қызметшілердің уақыт өткен сайын сынаппен уланатына жеткілікті екенін есте ұстау керек.
Төменде атмосферадағы сынап буының тепе-теңдік концентрациясының және сынап буының қысымының температураға тәуелділігі келтірілген:
Темпе ратура, С Бу қысымы Тепе-теңдік
мм с. б. концентрациясы, мг/м3
0 0,000185 2,3
10 0,000490 -
20 0,001201 14,3
22 0,001426 -
24 0,001691 -
25 0,001846 20
26 0,002000 -
28 0,002359 -
30 0,002777 -
40 0,006079 67
50 0,01267 -
60 0,02524 260
100 0,273 -
200 18,25 -
300 248,6 -
Келтірілген нәтижелерден, мысалы сынаптың ашық беті бар 25С температурадағы ауа алмастырғышы жоқ жабық бөлмеде, уақыт өткен сайынғы бу концентрациясы, ЖКШ-нен 2000 есе артатын мәнге жететінін көруге болады. Жаңа төгілген сынаптың беттіктен булану жылдамдығы ауа қозғалысы жоқ кезде 20С температурада 0,002 мг/(см2сағ.) құрайды.
Сынап бетінің тотығу шамасына қарай булану жылдамдығы төмендейді және 14 күннен кейін жаңа беттіктің булану жылдамдығының 20-40-ын құрайды. Бірақ бұл төмендеу улану қауіптігін азайтуға мүлде жеткіліксіз. Сонымен қатар тотық қабыршағы механикалық әсер салдарынан бұзылуы мүмкін; бұл кезде булану жылдамдығы қайтадан артады.
Сынап булары сылақпен, ағашпен, маталармен, кейбір маркалы линолеумдармен, шынылармен, металдармен және басқа да материалдармен активті адсорбцияланады. Адсорбциялану процесі қайтымды болғандықтан, қабырғасы, төбесі, жиһазы сынап буымен сіңдірілген бөлме, әсіресе ауа температурасы көтерілген кезде, сынап буын бөлетін қосымша көзге айналады. Осы себепке байланысты үздіксіз қосылған ауа алмастырғышы бар бөлмеде де, сынап бу концентрациясы ЖКШ-нен артып кете алады.
Төгілген сынап буының қауіптілігімен қатар, дұрыс жабылмаған сынапы бар приборлар атмосфераға сынап буының түсуінің ұдайы көзі болып саналады. Сондықтан сынаппен жұмыс істейтін барлық қызметшілер, оның улы қасиеттерінің қауіптілігінен хабардар болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |