11.3. ЖАНҒАН АЛЮМИНИЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫТАРДЫ СӨНДІРУ
Әдетте жанған АОҚ-тарды ұнтақ өрт сөндіргіштермен өшіреді. Жанған АОҚ-тарын сөндіру үшін су, көбікті және көмірқышқыл-бромэтилді өрт сөндіргіштер пайдалануға болмайды.
Көмірқышқылды өрт сөндіргіштерін сұйытылған АОҚ ерітінділерін немесе құрамында С7-ден жоғары алкил топтары бар АОҚ ерітінділерін сөндіру үшін ғана қолдануға болады. Олар от көзінің жайылмауы және ұнтақ құрамдармен сөндіруде жанған аймақты суыту үшін, қосымша құрал ретінде тиімді. Көмірқышқылды және ұнтақ құрамды өрт сөндіргіштерін бірге қолданғанда жақсы нәтижеге жетуге болады, мұнда ақтық сөндіру үшін міндетті түрде ұнтақ құрамды өрт сөндіргіштерін пайдалану қажет. Сонымен қатар 50-ға дейін (масс.) тетрафтордибромэтан мөлшерімен сіңдірілген ірі кеуекті силикагель ұнтақ құрамды – СИ-2 өрт сөндіргішіең тиімді сөндіргіш болып саналады. Ең пирофорлы АОҚ-тардың жануында қолданатын СИ-2 ұнтағы – олардың өртін сөндіретін жалғыз тиімді құрал. Концентрациялы АОҚ ерітінділерімен жұмыс жүргізетін зертханалар, құрамында СИ-2 қоспасы бар ұнтақ өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Өрт толығымен сөндірілгеннен кейін жанған орынның сууына және АОҚ қалдықтарының ыдырауына қажет 1-3 сағат уақыттан соң ғана жанған жерді жинауға кірісуге болады. Егер сөндіргіш ұнтағының астында ыдырамай қалған АОҚ өнімдерінің біраз мөлшері қалып қойса, онда олардың қайта тұтануы мүмкін болады. Бұл жағдайды болдырмас үшін, өрттен қалған өнімдердің толығымен суығанынан кейін, оларды минералды маймен құйып тастау ұсынылады. Пайда болған массаларды металды контейнерге жинап, содан кейін қауіпсіз жерде жағып жібереді.
Сұрақтар:
1. Алюминийорганикалық қосылыстарының қасиеттеріне қарай олармен жұмыс барысында қандай қауіптілік көздері туындайды?
2. Алюминийорганикалық қосылыстар ерітінділерімен және басқа да пирофорлы сұйықтармен жұмыс істеуде қандай айлаларға сүйену қажет?
3. Жанған алюминийорганикалық қосылытарды қалай сөндіреді?
Достарыңызбен бөлісу: |