Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты



бет7/7
Дата05.11.2016
өлшемі2,13 Mb.
#905
1   2   3   4   5   6   7

Көркем шығармадағы эпистолярлық стильдің көрінісі

Орыс әдебиетінде эпистолярлық стильде жазылған көркем шығармалар тілі ғалымдар зерттеулерінің нысаны болды. Мысалы, Г.С.Журавлева «Эпистолярные контексты в «Гистории о российском кавалере Александре» атты мақаласында эпистолярлық жанрда жазылған көркем туындының тілдік ерекшеліктеріне мән береді [92, 189-199-бб].

Қазақтың көркем шығармаларынан эпистолярлық стильдің үлгісін кездестіруге болады. Қазақ әдебиетінде де эпистолярлық жанрға жататын көркем туындылар кездеседі.

Ы.Алтынсариннің «Балғожа бидің баласына жазған хаты» деген өлең түрінде жазылған хаты бар.

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жәрдем берсін құдай тағалам.

Атаң мұнда енеңмен есен-аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың;

Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың [79, 9-б]

Өлеңнің «үміт еткен көзімнің нұры балам» деп басталуынан хаттың эпитетті тіркестер арқылы жазылу мәнерін көреміз. Хат эпистолярлық стильге тән сөз қолданыстар арқылы басталады.

Соғыс кезінде майданнан хат немесе елден майданға хат өлең түрінде жазылған. Төмендегі хат өлең жолдары арқылы сол кезеңдегі елдің жайы мен майдандағы қазақтардың тағдыры суреттеледі. Хат түрінде жазылған өлеңдер біршама. Мысалы, Омар Шипиннің «Губернатор келгенде», «Құбаша ақынның Әбдірахман Иманқұл ұлына жазған хаты», «Әбдірахманның Құбашаға қайтарған жауап хаты» деген өлеңдер жатады, т.б. шығармаларды айтуға болады.

«Құбаша ақынның Әбдірахман Иманқұл ұлына жазған хаты» деген өлеңінде Құбаша елдің июнь жарлығын естіп, оған қарсы көтеріліс жасағалы тұрғанын хабарлайды. Хат түріндегі өлеңдердің тілі жатық. Көпшілік қауымға түсінікті. Араб-парсы тілімен шұбарланбаған. Қарапайым, ауызекі стильде жазылған. Көріктеуіш құралдар, троп түрлері аз қолданылған. Мақал-мәтел, фразеологизмдер де аз жұмсалған Орыс сөздері кездеседі, көбінесе әскери терминдер, патшаның шеніне қатысты атаулар, техникаға байланысты атаулар т.б. сөздер болып келеді. Хаттан үзінді келтірер болсақ,



Бозбалалар бұланды,

Қайрат тасып нұрланды;

Айнымасқа анттасып,

Шалып жатыр құрбанды.

Немесе


Аманкелді еріңнен

Кісілер келіп қозғалды.

Кел бауырым дегенде,

Келмей бұған кім қалды.

Тәуекелге бел байлап,

Бір ниетте тұрғанда [93, 74-б] ,- деп суреттейді.

Өлеңнен байқағанымыз, эпистолярлық стильде жазылған. Эпистолярлық стиль ауызекі стильге өте жақын, өлеңде айқындауыш, айшықтау т.б. көріктеу құралдары қолданылмаған. Ауызекі стильде оқиғаны баяндап тұр.



Ырық бұзғыштар ұрланды,

Орысқа қашып шырмалды.

Айтқанына жан ермей,

Ордасы босап бір қалды.

Ендігі хабар сіздікі,

Біз білдірдік бұл жайды.-деп толғайды ақын, ел басқарған би-болыстарды халықтың қолдамай отырғандығын баяндайды. .

«Әбдірахманның Құбашаға қайтарған жауап хаты»

Әбдірахман да өз елінің көтеріліске әзірленіп жатқандығын хабарлайды. Бұл жауап хаттың тілі де қарапайым, көпшілік қауымға түсінікті, кірме сөздер аз, көріктеу, айшықтау құралдарына көп сүйенбеген. Эпистолярлық стиль үлгісінде жазылған өлең хаттан тағы мысал келтірер болсақ,



Біздің ерлер санаулы

Аттары сайлы жараулы,

Жал құйрығы тараулы,

Ұйқысы қашқан ораулы.

Бізден де қашты қалаға

Бірлі - жарлы бояулы.

Бұл тілектің жолынан

Қалатын жан аяулы [93, 75-б].

Сонымен, хат-хабар түрінде шығарылған жырларда ақындар ауызекі сөйлеу стилінде жазған деуге болады. Көріктеуіш құралдар, троп түрлері, образды сөз қолданыстар, сондай-ақ, сөздің ауыспалы мағыналары, синоним, омоним, антонимдер де сирек қолданылған.



Аттары сайлы жараулы,

Жал құйрығы тараулы деген тәрізді ауыз әдебиетінде кездесетін тұрақты қолданыстар ұшырасады.

Көркем әдебиеттегі эпистолярлық стиль элементтері кейде сол қалпында беріліп, яғни грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерімен қолданылған. Ол құбылысты біз «Көркем әдебиет шығармаларында кеңсе, іс қағаздары стилінің элементтері де кездеседі. Бұл кездегі іс қағаздардың атаулары, бір жағынан тілімізде бар сөздерден жасалса, екінші жағынан орыс тілінен дайын күйінде алынған»[38, 71-б] ,- деген ғалымдар пікірлерімен ұштастырамыз. Мысалы, Ж.Аймауытов «Ақбілек» романындағы Жылтырдың арыз хатында хәм жалғаулық шылауының қолданылуынан төмендегі ерекшеліктерді байқауға болады: ғабатын, илан хәрі ауылнай, хәм, Ахмет Сағнайұғылы, Әбен Матайұғлы, хисап, яғшы ат, яғшы мылтық, ұғырлатып алды, бәдірет, т.б. араб, парсы татар тілдерінің элементтері, сонымен қатар біршама орыс сөздерін жұмсалған. Бұл тілдік бірліктер сол кездегі эпистолярлық стильге тән ерекшеліктер болып саналады. Жазушы прозасындағы Ақбілек пен Бекболат хаттарында: «Гызстләу, о құрметлеу ғазырдан көргуші мағ муқым Ақбілекжанға көптен көп егзу сәлемлерімізні ырсал айладік»[94, 266-б] деп басталады. Хат тілінде араб-парсы сөздері, татар тіліне тән қосымшалар, кітаби шағатай тіліне тән сөздер мол ұшырасады. Көркем шығармада автор сол кездегі хаттың жазылу үлгісін сақтап қолданады, осыдан біз эпистолярлық стильге тән мәнерді көреміз.

Көркем шығармадағы эпистолярлық стиль элементтері жоғарыда келтірген хат тіліне қарағанда түсінікті. Себебі, көркем шығармадағы хаттар аталған стиль мәнерін сақтай отырып қазақша жазылған деуге болады.

Эпистолярлық стиль белгілері Х1Х ғасыр ақыны Кете Жүсіп Ешниязов шығармаларынан да көрініс береді. Кете Жүсіптің «Атыңды емлемен жаздым хатқа» (Ажар қызға бірінші хат), «Білімді артық туған перизатым» (Ажар қызға екінші хат) өлеңдері – хат түрінде жазылған шығармалар. Бұл екі өлең тілінде де көнерген сөздер көп жұмсалған.



Мүләйім бір баласың ақыл ойың,

Ләззатпен қатарыңа теңдеп бойың,

Атыңды емлеменен жаздым хатқа

Жарасар жанабыңа еткен ойың.

Рақым ет келбетіңе кетті көңілім,

Ықшыңа ықылас етіп алма мойын

Базарын балалықтың өткізіп ем,

Тарқатып не сұлудың қолдан тойын [95, 383-б].

Мәтінде «ықшы»(көңіл кету, құмарту), «өтіл»( өтініш ), «сама» (аспан), «қама» (камзол), «мәнзіл» (орын) тәрізді бұл күнде мағынасы түсініксіз, көнерген сөздер мен араб – парсы тілдерінен енген кірме сөздер мол орын алады. Сондай-ақ көркем шығарма тіліне тән теңеу, метафора тәрізді айшықтау құралдары да қолданылады. Мысалы: «Атыңды емлемен жаздым хатқа» деп аталатын өлеңде қызды - «ширатпа шыны күміске», өзін «асыл шойынға» балайды.

«Миуа едің иісі гүл, ханадағы», «ұсталған алтын оқам қамадағы», «Сайрандап суда жүзген сіз бір балық», «бұл кезде шалықтаған сен ақ сұңқар» т.б авторлық метафораларды кездестіруге болады. Дегенмен мұнда көріктеу құралдары мен образды бейнелеуден гөрі, көнерген элементтер, ауызекі сөйлеу стиліне тән жалаң баяндау басым.

Эпистолярлық стильдің мұндай белгілері туралы зерттеушілер былай дейді: «С точки зрения лингвистики, письмо как разновидность текста имеет свои особенности. В нем произошло тонкое и сложное переплетение устной разговорной и книжно- письменной речи. Непринужденная или наоборот, высокопарно-торжественная манера обращения закрепилась в обшепринятых, условных эпистолярных формах (ср.:милостивый государь; дружище и т.д.). С годами сложилась целая система этикетных формул, типичных разговорных оборотов, кратких конструкций, вопросительных и восклицательных конструкций, которые известные всем, кто хотя бы изредка писал письма»[92, 211-б].

Мұндай хат түріндегі өлеңдерді Абай шығармашылығынан да кездестіреміз. «Жігіт сөзі» және «Қыз сөзі» өлеңдері эпистолярлық стиль үлгісінде жазылған деуге болады.

Айттым сәлем, Қаламқас,

Саған құрбан мал мен бас.

Сағынғаннан сені ойлап,

Келер көзге ыстық жас.
Сенен артық жан тумас,

Туса, туар артылмас.

Бір өзіңнен басқаға

Ынтықтығым айтылмас [96, 152-б].

Өлеңнің алғашқы шумақтарынан-ақ эпистолярлық стильге тән белгілерді байқауға болады: өлең құрылысы күрделі емес, жеңіл ұйқасқа құрылған. Мұнда көнерген сөздер мен араб-парсы сөздері жоқ, тілі түсінікті. «Іздеп табар сұңқармын, Жарастықты шүйгенде», «Сіз – қырғауыл жез қанат» тәрізді метафоралар, «ішім оттай күйгенде», «жүрек балқып, игенде, «ішкі сырды түйгенде» тәрізді әсерлі фразеологизмдер кездеседі.

Абайдың аудармалары ішінде де эпистолярлық стиль үлгісіндегі туындылар бар. Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасы Абай аудармасында эпистолярлық роман түрінде шыққан. Олар: «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегин сөзі», «Онегиннің Татьянаға жазған хаты».

Махаббат тақырыбына арналған бұл шығармада тек қана бір мәселе ғана қозғалмайды, мұнда сол дәуірдегі әйел адамдардың қоғамдағы орны туралы маңызды мәселе де көрініс табады. Эпистолярлық стильдің тағы бір ерекшелігі - мұнда хат жолдаушы кейіпкер өз басындағы махаббат, күйініш-сүйініш т.б. психологиялық жағдайларды, ішкі сырын, ең бір аяулы сезімдерін жайып салады, сондықтан кейіпкердің ішкі сезім-толғаныстары, сезім сарайы терең ашылып, ешқандай бүкпесіз, ашық, нанымды бейнеленеді.


Құп білемін сізге жақпас

Ескі жара білтелеу

Ақ жүрегің енді ұнатпас

Мезгілі жоқ қай медеу

Ықтиярсыз мұңды сезім

Кетті ыршып жолыңа

Мазағыңа бердім өзім

Өз басымды қолыңа[96, 345-б].

Мәтінде кейіптеу, теңеу, метафора тәрізді троптың түрлері мол қолданылған. Мысалы: «Мұз жүрегім май сықылды», масқаралап мені тағдыр»; «Сен ағашта піскен алма», «тәңрі добы – бұл ғаріп бас» т.б.

« Михраб», «ғұзір» тәрізді кірме сөздер де жұмсалған.

«Онегиннің Татьянаға жауабында» эпитет, метафора сияқты троптың түрлері жиі қолданылады. Мысалы: «асыл леп», «сұм жүрек», «сұм заман» тәрізді тұрақты эпитеттер, «Ол – перизат», «Мен – жаралы жолбарыспын», «Сен – тоты құс бақта жүрген», «ол – жас ағаш, бір қызыл гүл» деген тәрізді метафоралар шығарманың көркемдігін арттыра түседі.

Хат мәтінінің өзіндік ерекшеліктері туралы орыс ғалымдары былай дейді: «Частные письма – это размышления, наблюдения, эмоциональные признания, часто – исповедь души. Именно в письмах проявляется непосредственность мироощущения, когда адресат оказывается лицом к лицу с мыслями и чувствами автора. Короткая записка может воссоздать его черты характера, круг интересов, отношения к событиям. И хотя нечестно поглядывать за частной жизнью, письма интересных людей, пожалуй, неменее увлекательны и познавательны, чем их произведения искусства или литературы. Они потрясающе правдивы и привлекают именно своей искренностью, непосредственностью и меткими жизненными наблюдениями» [92, 210-с].

Ғалымның тұжырымына дәлел ретінде хат түрінде жазылған өлеңдерге мысал келтірсек, Абайдың баласы Мағауия Құнанбаевтың «Әбішке хат» өлеңі, Тұрағұл Құнанбаевтың «Хат», «Жауап хат», «Әбішке /хат/» өлеңдері де хат мәтінінде жазылған. Бұл хаттарда да адам басындағы психологиялық жағдайлар, қимастық, өткен күндерге деген сағыныш, амалсыздық т.б. жүрек толқытар сезімдер көрініс табады. Мысалы, Әбіш науқастанып жатқанда жазылған Мағауияның «Әбішке хат» өлеңінде ақын:



Бірге өскен жолдасым

Сағындым бірлікті

Көрерге мұңдасым

Тілеймін тірлікті

Баяғы келер ме

Бірге ойнап жүруге

Бар құдай бере ме

Жүзді аман көруге

Қуанып, құшақтап

Сөйлесіп күлуге

Жарқылдап, бұлғақтап,

Қызықты бөлуге.

Сөйлесіп, сырласып,

Далада аяңдап,

Қалжыңмен ырғалып [97, 158-б].

Әбіштің аман-сау күніндегі ойнап-күліп бірге жүрген жүрген сәттерін аңсайды. Хат мәтінінің жазылу мәнеріне сәйкес «көрерге мұңдасым» деген қаратпалар жұмсалады. Хат жазушының сол өткен күндердің бағасын білмегеніне өкініш білдіретіндігі, сол бақытты сәттердің қайта оралмасын сезіп өзегі өртентіндігін, алаңсыз бақытты кезеңдерін еске алуын экспрессоид етістіктер (аяңдап, ырғалып, жарқылдап, бұлғақтап) ашып тұр. Мысалы, сөйлесіп, сырласып, аяңдап, ырғалып, жарқылдап, бұлғақтап, қуанып, құшақтап т.б.



Бақытқа сенбедім,

Қызыққа келмедім.

Алланың бергенін

Сорлы боп білмедім.

Өткенге зар болдым,

Қызыққа жете алмай,

Айтарға бар болдым,

Қайғыдан кете алмай.

Қиналтсам жанымды

Баяғы келер ме,

Айтсам бар малымды

Тілекті берер ме! [97, 161-б].

Хат түрінде жазылған бұл өлең тұтастай Мағауияның Әбдірахманның жағдайына күйініп, толғанған ішкі сезім-күйін бейнелейді.

Тұрағұл Абайұлы Құнанбаевтың «Жауап хат» және «Әбішке» өлеңдері де осы тәріздес шығармалар. Абайдың болыстарға арнау өлеңдері де хат. Ол хат – өлеңдерден сыншыл көзқарас, ашу – ыза оты айқын сезіледі. Бұл хаттарда да ақын ауырып жатқан Әбдрахманның көңілін сұрай, бір жағынан өзінің ішкі сезімін білдіреді.

Рахаттан көрсетті Алла қайғы өртін

Сізді жазса жазылар ішкі дертім,

Өмірдің сізден соңғы керегі жоқ,

Қайтейін тартып жүріп бос бейнетін.

Сол кезеңдерге тән хат мәтіндеріндегіде өлеңде адресантқа адресат Сіз деген есімдікті қолданады.

Бұл өлеңдерден басқа, Тұрағұлдың тағы бір махаббат тақырыбына арналған «Хат» өлеңі эпистолярлық жанрға жатады.

Өршиді көрген сайын іште жалын

Тіл түгендеп айта алмас қылған зарын.

Қан жүрек қайнаған соң ғашықтықпен

Ақыл қайрат білмейді не қыларын.

Мұнда ақын өзі хат жолдап отырған қыздың портретін де береді:



Бет қызылы дәл қарға тамған қандай

Айналасы ақ таңлақ атқан таңдай.

Жайнаған көз қиғаш қас, қырлы мұрын,

Әжімсіз аппақ саусақ, тіп-тік маңдай.

Ақ маңдайға жарасқан кәмшат бөрік,

Қайтіп тақат қылармын сізді көріп.

Жанға еңкеймен дейтұғын зор көкірек,

Сабыр қылмай бойымда кеттім еріп[97, 163-б].

Эпистолярлық стильде жазылған көркем шығармаларға ортақ бір белгі – бұларда негізінен оқырманның психологиялық жай-күйі, жақсы көру, жек көру сезімдері, ішкі сезім толқындары, жүрек соғысы анық сезіліп тұратындығы. Хат белгілі бір адамға арналады, хат жолдаушы субьективтік көзқарасын тікелей білдіреді.

Көркем шығарманың хат түрінде жазылуының өзі хат мәтінінің осындай артықшылықтарына байланысты. Жазушы кейіпкерінің кез келген жерде аша бермейтін ішкі сырын хат арқылы ашқызады.

Ілияс Жансүгіровтың «Баласынан анасына хат», «Ертістен хат» деген шығармалары эпистолярлық стиль үлгісінде жазылған. «Баласынан анасына хат» өлеңінде қалаға оқуға кеткен баласының елдегі анасына жолдаған сәлемі бейнеленеді. Өлеңнің тілі жеңіл. Ауызекі сөйлеу стиліне жақын жазылған. Туындыда антонимдер, тұрақты тіркестер, теңеу, эпитет, метафора сияқты тілдің айшықтау құралдары көп қолданылмайды. Дегенмен, эпистолярлық стиль үлгісіндегі бұл шығармаларда тілдің көркемдік құрал тәсілдері мүлде қолданылмаған деуге болмайды.



Қорғаным, анам, қамқорым,

Қолыңа тисе осы хат.

Құлының жазды қолынан,

Қуан да хатқа қыл қуат[98, 244-б].

Берілген шумақта аллитерацияға құрылған дыбыстық анафора тәсілі қолданылған. Синтаксистік құрылысында да эпистолярлық стильге тән белгілер, кездеседі. Сөйлемдері көбінесе қысқа қайырылып, бірдей тұлғаға аяқталады.

Сондай-ақ, Ілияс Жансүгіровтың хат түріндегі келесі өлеңі – «Ертістен хат» деп аталады. Бұл өлең де осы үлгіде жазылған. Мұнда негізінен Ертіс өзені бойының табиғат сұлулығы, байлығы сипатталады. Мұнда ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілер де орын алған. Бұл өлең алдыңғы өлең тәрізді қысқа қайырылған, құрылысы бірдей сөйлемдерден тұрады.

Журналыңның бетіне,

Жұртым, жаздым сәлем хат.

Жүзгенім Ертіс өзені,

Мінгенім «Алтай» - пароход [98, 306-б].

Шығарма тілінде көркемдегіш, көріктегіш құралдар, астарлы бейнелеулер өлеңнің табиғат әсемдігін бейнелеуге арналған шумағында бейнелі суреттер кездеседі.



Төбем аспан – торғыннан,

Маужыраған кең майдан.

Астым ағыс толқыған,

Сылдыр-сылдыр су ойран[98, 306-б].

Жалпы халықтық сауат кезеңдік саясатқа байланысты тоқыраған сәтте ауызекі өлеңге түседі. Ақын мен ақын өлеңмен есендеседі, шалқар сахараның екі шалғайында жатып бір ауыз өлең айтып сәлем жолдайды. Өлең – хат құлақтан құлаққа өтіп, жатталып адресатына жетеді. Ынтызар жүректі ғашық жандар тілегін өлеңмен айтып жеткізеді. Қазақ қыздары жігіт тілегіне ықыласты болса- оған өрнек шеккен жібек орамал сыйлаған. Бертінге дейін сақталып келген бұл дәстүр де хат сипатын беретін, хабарласу міндетін атқаратын символдық мән-мағынаға ие салт. Ертеде ұзатылған қыз ата-анасына өзінің есендігін, қандай көңіл күйде жүргендігін орамалға шегілген өрнек арқылы астарлап, ишаралап жеткізетін болған.

Халық әні- «Әпитөкте»:

Тіл хат жоқ.

Ақша маңдай, қаракөз,

Өзіңдей бекзат жоқ,

Тым болмаса,

Хат пенен хабар сөзің жоқ.

деген жолдар бар. Хат – кестелі орамалмен жеткізілер хабар, берілген уәденің символы.

«Ұлы Абайдың «Айттым, сәлем, Қаламқасында» хаттың ауызекі сәлем формасы мен жазбаша өлең хаттың мазмұндық бірлігі бар [99, 178-б].

Хат жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант (хатты жазушы) пен адресаттың (хат жолдаушы) болуы керек. Хат әдеби шығарма сияқты жанама, жазба түр ретінде болады, бірақ та әдеби шығармадан өзгеше бір ерекшелігі тек нақты адамға арналған және оны көпшілік назарына жариялауға жатпайды.

Қоғамның, қоғамдық қатынастардың, тілдің дамуымен бірге жалпы жазба тіл мен оның жанрлары да жетіле түспек. Соған орай стиль, тілдік құралдарды қолдану шеберлігі де жетіледі.

Қазақ ақындары «Хат жаздым, қалам алып» деп әнге де қосқан. «Ауылыңда ақсақал болса жазулы хатпен тең» деп көне құлақты шежіре қарияны жазулы хатқа балайтын да болған. Осы жайлардан ой түйсек, халық хат дегенді өлең, жыр, кітап мағынасында қолданғанын аңғарамыз. Оның өзіндік себебі бар. Халық ақындары көбіне өлеңді белгілі бір кісіге арнау формасында айтқан. Бұхардың Абылайға айтқаны т.б осыны аңғартады. Бұл орайда өлең хат міндетін атқарғанын көреміз. Кейін осындай арнау жазу мәдениетіне ұласып «хат тану» мағынасына барып сабақтасса керек. Құраннан өзге кітап сөзінде хатқа балау осындай мағыналы бір түбірден өріс алғандай. Сонымен бірге, эпостағы «қаламды көр де қасымды көр» дейтін образды өлең жолдары негізсіз емес. Ертедегі ақындар көне түркіше, арабша білім алған. Демек, олардың «хат жаздым, қалам алып» деуіне негіз бар. Дей тұрсақ та, хат жазысу қазақта бұқаралық кең сипат ала қоймаған.

Қалай дегенде де хат ХІХ ғасырда қазақ жазушылары тұрмысына тереңдей ене бастаған еді.

Хаттың қазақ жазушылары өміріне дендеп енуі – ХХ ғасыр басы. Қазақ халқында хат, хат өлеңнің түрлі үлгісі бар еді. Жаңа ғасыр көгінде хат жанр ретінде қалыптасып, формалық тұрақтылыққа келді. Хат- өлең хабар жеткізу міндетімен бірге арнау, жолдау мағынасын бойына сіңіре бастады. Эпистолярлық жанр тұрмыстағы міндетімен бірге, әдебиетке етене кіріп араласты. М.Сералиннің «Гүлқашима», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» поэмаларының хат формасында жазылуы соған айғақ.

Қазақта қарапайым хатпен бірге хат-өлеңде хатпен бірге қатар жасап келеді.

Мысал ретінде С.Торайғыровтың төмендегі өлеңдерін атауға болады.

«Достыма ұмытпастық үшін хат», «Достыма хат», «Қ…ға сәлем» т.б.

Шын достым шыбынымдай Шайбайжан,

Болғанда біріміз – жан, біріміз- тән.

Болса да қырық жыл қырғын ұмытпаспыз,

Сонда да, біраз сөздің реті бар.

Жібердім “Зарландымның” жеті бөлімін,

Жазуға онан артық келмеді хал.

Көңілге қиял қадар ала көрме,

Болады достың суы – достына бал [100, 78].

Бұл хат- өлеңді Сұлтанмахмұт Торайғыров досы Шайбайға жазған.

Хат-өлең қазақ эпистолярлық жанрының өзіндік бір ерекшелігі дерлік. Халқымыздың ақынжандылығын танытатын хат-өлеңнің өрістеуіне халық ақындары себепкер. Халық ақыны Шашубайдың хат-өлеңінен бір мысал келтірейік.

Сәбитке!

Аман ба денсаулық, Жамбыл аға,

Сендағы жақсымысың, Сәбит бала?

Көрмесем де сыртыңнан тілеулеспін.

Аман ба келін- кепшік, бала-шаға?

Шын жолдас жолдасының сырын шашпас,

Жар болып қандай қиын ақыр жағдай,

Жолдасын еш уақытта тастап қашпас.

Бұл тек амандық білдіргенім ғой, қалқам, Шашыңды зарықтырмай хат жазып, хабарлас.

Ағаң Шашубай [101].

-Хаттың адресаты белгілі;

-мәтіні поэзия және қара сөз;

-хат жазылған мерзімі толық емес, жылы белгісіз деген түсініктеме берілген.

Ал, мына бір хат-өлеңге көңіл аударсақ:

«Елге хат»

Ең соңғы рет болып ем елде қашан,

Естен шығып кетіпті-ау әлдеқашан!

Апа, сенің хатыңды ерекше бір

Елге деген сезіммен шөлдеп ашам!

Сенен егер сәлем хат сәтін салып,

Келе қалса көбісі –латынша әріп

Шөбересін көруден үміткер шал.

Шөбін шауып, жүр ме әлі, отын жарып?

Көңіл құрғыр көрмесе жайлана ма,

Беріліп тек мен жайлы ойға ғана.

Құмалақ сап құлыным кеп қалар деп

Жол тосумен жүрмісің, қайран Ана?

Шайқалмаған сабада қымызың қап,

Кенже ұлыңнан күттің бе күн ұзын хат?

Жылағым да келеді,

құлағымда-

Әлі күнге “Әлдиің тұр ызыңдап?…[102, 61-б]

Ақын Әубәкір Смайылов еліне, ата-анаға деген сағыныш- сезімін өлең түрінде хат арқылы жолдаған.

Осындай хаттың бүгінгі тұрғыдағы поэзиялық үлгілерінің бірі 2005 жылы «Әдебиет айдыны» газетінің №34 нөмірінде жарияланған С.Қажидың ақын Еркін Ібітановқа арнаған хат- өлеңі:

Хат жаздым, қалам алып қайран болса,

Бөлісер ортамызда ойлар қанша?!

Өзіңдей тектіні іздеп құлазимын,

Бас имей көр-көкірек жандарға онша.
Тынбаспын, күресемін

(Қажет пе тұмсығында тегістеймін)

Сен болсаң Хан Тәңірдің қарағайы

Мың жылдық қарағайда беріштеймін.
Хат жаздым, қалам алып қайран болса,

Берілме анау- мынау ойларға онша.

Жырдағы қолбасымсың, сарбазыңмын,

Күтіп тұр алдымызда майдан қанша[103, 61-б].

Хат жиырма төрт жолдан тұрады. Хат нақты адресант бағытталып, бірінші жақтан баяндау арқылы хат- өлең стилімен берілген. Хат- өлең де поэзияға тән теңеулер басым. Өлеңде ақын Е.Ібітановтың бойындағы адами қасиеттерін «тектіні», «Хат Тәңірінің қарағайы», «Жырдағы қолбасымсың», ал өзін ақын артынан ерген ізбасарлары ретінде «сарбазыңмын» бейнелі теңеулер арқылы береді. Сонымен қатар айналадағы кейбір адамдардың бойындағы пасықтықты, надандықты «көр көкірек» деген эпитетпен, өмір тіршілігін «майдан»деп метафораны қолдану арқылы бейнелесе, адамның кемшілігін бетіне айту «тұмсығын да тегістеймін» деген ұтымды сөз қолданыстарын көруге болады.

Хат мәтіні жартылай қара сөзбен, жартылай хат- өлеңмен жазылған. Нақты адресанты бар, арада коммуникациялық қызмет байланыс орнағаны көрінеді. Әдеби- көркемдік шығармаға тән көркемдік бейнелеу арқылы ойын жеткізу бар. Хат екінші жаққа арнау, бірінші жақтан жүзеге асатын іс- қимыл арқылы байқалады. «Жанар таудай жыр», «толассыз топанындай ертегінің», «Бурабайдай”, “тамаша бір романдай» деген теңеулер қолданылады. Күрделі эпитет қолданылады. Мысалы: «Құландай құйындатқан тентек», «Көкшедей көңілімнің…». Метафоралық оралымдар қолданылады: «…өмір бәйгесінен құр қалмаспын». Ауызекі стильге тән белгілерді көруге болады: «тегі», «сұрағандарға сәлем».

Қазақ поэзиясының дарабоздарының бірі Бернияз Күлеев эпистолярлық жанрға тән сипатта жазылған туындылары сол кезеңдегі осы жанрдың табиғатын танытады.

«Апама хат» шығармасында жастарды өнер-білім табуға шақырады.

Жатқан қазақ тәтті ұйқыға малынып,

Бетін ашпай, бөгежектеп жамылып,

Ел-жұртынан айырылып тірілей,

Көрер ме еді, жүр екен жас нағылып[104, 6-б ].

Хат қазақ жастарына арналған. Көркем әдебиет стиліне тән сөз қолданыстар, айшықтау құралдары жұмсалады.

Эпистолярлық стиль элементтері тек поэзиялық шығармаларда емес, прозалық, публицистикалық шығармаларда да көптеп ұшырасады.

Белгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романында Ораз Мұхаммед сұлтанның бірнеше хаттары берілген. Бұл хаттардың біразы Ораз Мұхаммед сұлтанның ағасы Тәуекел ханға, біразы орыс тілінде /аудармасымен қоса берілген/ Петр Павлович Сапегаға жазылған.

Хаттар тілі көнерген сөздер мен араб, парсы, татар сөздеріне толы. Сондай ақ фонетикалық өзгешеліктер де ерекше көзге түседі.

Мәлик аллаһ!

Ұлұғ мәртәбәлі, биік мансаблы, дана ғақыллы, меһрибан жүреклі, асыл теклі, алтын тахтлы, саһибқыран падшаһ ислам халидулла мәлики Тәуеккел ағамызның бахтлы дәрһәгіна дат йазмыш - інісі Ораз Мұхамед сұлтан-дүр.

Әмә біз ғазиз, ұлұғ, қаһарман, һәм бахтлы мәлик, жүмлә, кристиан падшаһы Федор Иваноуич хазретлерінің дәргәһінда, татар ханзадалары, ноғай бегләрі, шеркеш кінәзләрі білән, бұндағы дин ислам қауымы білән һалал құлдығына хәзір болдық. Имам падишаһ һазретлері бізні йарылқаб, сұһұрғаллар, анғамлар бахшыш қылды һәм мұқаддима ләшкәр қылды.

Қаһары қатлы, құдіреті күшлі, ғақылы кәмәл һәм алаш ұранлы жүмлә қазақ ханы ғазиз ағамыз!

Ұлұғ орұс падшаһы әр жанабдағы уәләятларны, қабилаларны өзіне мәсһүр қылды. Орыс қабиласы бисиар ғазім баһадүр қабила-дүр, һәм хиссабсыз көб қабила-дүр. Топ йүз сан, мылтық мың сан. Аның хикаяты һәр йерде мағлұм, мәшһүр. Йағлық йолын тұтма. Он сипахын харап қылсаң, түмені тұрұр. Чауш иібер. Елчі келтір. Йағлық оңай, йүз йыл, достлық қиын, мың йыл.

«Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дейүр.Елчі келсе, ұлұғ падшаһ хазретлері һәм баш уәзір, ақтажы бояр мір-әл-умәра Барис Федароуич жазит береді.

Әма анаңыз әз Ханым, қарындасыңыз Асыл ханым, келініңіз Ай Шешек бегім, мұнда туған ініңіз Сүйініш Мұхамед-оғлан – һәммәсі сағ-саламат, алла тағала рахымы білән аман тұрұр, һәм дрһәгіңа баш ұрұр.

Тарихның тоқыз йүз тоқсан тоқызда, қоян жылы тамызның он жеті жаңасында жазылды.

Мәскеуден Хажы-Тарханға, хәм Маңғышлаққа, һәм Гүрганджға сафар чекміш карван баши бекке тапсырылды. Ол ары асырар. Хақ тағала, өзің тұғры йол тапқыз.

Ораз Мұхамед сұлтан

Мүбәрәк мөһрімні бастым [105, 318-б].

Мұндағы ең алдымен көзге түсетін хат мәтініне тән ерекшелік – хаттың ұлұғ мәртәбәлі, биік мансаблы, дана ғақыллы, меһрибан жүреклі, асыл теклі, алтын тахтлы, саһибқыран деген сыпайылықты білдіретін мақтау сөздермен басталуы. Хатта араб, парсы, шағатай элементтері мол.

Хат тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер: сөздің соңғы буынында -ү, -ұ дыбысының келуі: Мысалы: ұлұғ, бұрұн, орұсша т.б.

Ал тұрұр, баш ұрұр деген етістіктердегі сөздің соңғы буынында келген ұр,үр тұлғалары жоғарыда айтып өткеніміздей көне түркілік есімшенің тұлғасы. Бұл қосымшалары қазіргі қазақ тіліндегі есімшенің қосымшаларымен мәндес.

Төмендегідей дыбыс алмасулары кездеседі:

а) ж-й дыбыстарының алмасуы: йүз, йыл, йазмыш, йолын;

ә) й-Һ дыбыстарының алмасып келуі: меһрибан, дәргәһінда;

б) п-б дыбыс алмасуы йарылқаб, көб;

в) у-ғ дыбыс алмасуы йағлық, йағгершілік;

г) п-ф дыбыс алмасуы хафа болдық, тарафынан, сафар, кіріфтар;

ғ) ш-ч дыбыс алмасуы үч, көчіп т.б .

Қазіргі тіліміздегі әр, ақыл түріндегі сөздер араб тілінен енген бастапқы қалпын сақтап, һәр, ғақыл түрінде қолданылған .

Морфологиялық ерекшеліктері:

Сын есім тудырушы жұрнақтары хат мәтінінде қатаң дыбыстан кейін де ұяң түрінде келеді: мансаблы, алтын тахтлы, бахтлы,Қаһары қатлы, құдреті күшлі, алаш ұранлы, меһрибан жүреклі, асыл теклі т.б.

Сан есімдердің сол кезең тіліне сай: секіз/сегіз/,тоқызыншы/ тоғызыншы/, дүз /жүз/ түрінде келуі: Тоқызыншы сөзіміз – тәмәм сөз. Орұсша жеті мың бір дүз бірінші , тарихтың мың бірі жылан жылы....

Біз бұндан бұрын башымызны ұлұғ хатерге бағышлаб, һәр тараф йолмен секіз мәрте сөз йаздық. Топ йүз сан, мылтық мың сан.

Көсемшенің -ар, -ер жұрнағының орнына -міш тұлғасының қолданылуы:

Күн - өтміш, адам - өлміш. /Күн өтер, адам өлер/.

Сөйлем соңында –дүр элементінің қолданылуы:



Ұлұғ мәртәбәлі, биік мансаблы, дана ғақыллы, меһрибан жүреклі, асыл теклі, алтын тахтлы, саһибқыран падшаһ ислам халидулла мәлики Тәуеккел ағамызның бахтлы дәрһәгіна дат йазмыш - інісі Ораз Мұхамед сұлтан-дүр.

Орыс қабиласы бисиар ғазім баһадүр қабила-дүр, һәм хиссабсыз көб қабила-дүр.

Тарихи ескерткіштер тілінде де дүр, дұр тұлғалары белсенді қолданыста болған.



Еді тұлғасының ерді түрінде келуі:

Қазақ қабиласы һәр халде оң йол табар ерді.

Ал орыс князінің бас атаманына жазылған екінші хаттың тілдік ерекшеліктері аздап өзгеше. Мұнда араб, парсы, шағатай элементтерімен қоса орыс сөздері де қолданылған. Мысалы: поместье, пахолик,староста, т.б.

Жазушы көркем прозасында хатты тарихи деректерге сүйнен отырып келтірген, өзі суреттеп отырған дәуірдегі эпистолярлық жанрдың сақталуына толық мүмкіндік жасаған.

Эпистолярлық стильдегі көркем шығармалар негізінен екі түрлі сипатта болады: бірінде автор хатты өзіне-өзі жазады, яғни біреуге арнамай, тек өзі үшін, өзінің көңіліндегі маза бермей жүрген ойларын сыртқа шығару мақсатында жазса, бірінде хат екінші бір адамға арналады. Бірақ мұндай хаттардың бәріне ортақ ерекшелік – оларда адамның кез келген жерде аша бермейтін құпия сырлары, немесе ең бір аяулы жан сезімдері терең ашылады. Мұндай шығармаларда ауызекі сөйлеу стилі мен көркем шығарма стилінің белгілері қатар жүреді.

Хат түріндегі шығарма жазушыға қаһармандарын барынша ашық, тебірене сөйлеуге, ішкі дүниесін бүкпесіз ақтаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, эпистолярлық стильді көркем шығармада қолдану – жазушы үшін кейіпкердің ішкі сезім сарайын ашуда, оның барлық ішкі толқынысын, тебіренісін ақтарып салып, сол арқылы оқырман көңілінен орын табуда таптырмас тәсіл болып табылады.

Қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуына эпистолярлық жанрдағы шығармалардың да үлес қосқандығы белгілі.

Мысалы, Баубек Бұлқышевтың майданда жүріп жазған «Шығысұлына хат» шығармасы эпистолярлық стиль үлгісін көрсетеді. Шығармада майдан шебінде жүрген жауынгердің Отанға деген патриоттық сезімі көркем тілмен баяндалады. Хат түрінде жазылғанмен, мұнда Отан үшін жан аямай күресуге шақыру, ұран, үндеу мағынасы айқын сезіліп тұрады. Сондай ақ қаһарманның ішкі сезім тебіреністері, арман-мұраты бүкпесіз, ашық, сенімді түрде ақтарылады.

Отан бізге қолымызға қару, бойымызға қуат беріп, өзіңнің сүйікті Арқаңды, сұлу шығысыңды, қонақжай халқыңды қорға деді. Сол Отан бүгін менің тағдырым сенің қолыңда, жауынгер, деп отыр. Ойлашы, Шығысұлы, біз ел сенген ерміз, қалайша неміске туған жерді қолдан береміз? Ел намысы үшін, ер намысы үшін жан қиятын шақ бұдан артық болар ма?

Сен еркіндіктің туын көтерген азат елде өстің. Сен өзің сүйген шығыстың бір сұлуына үйленіп едің, сен өзіңше менің әйелімнен сұлу, сүйкімді жан жоқ деп ойлап едің. Ендеше ортаң бүлінбесін, сүйген сұлуың күң болып зарламасын десең, өлтір жауды, өлтір фашисті! Өлімнен қорықпа, екі өлмек, екі тумақ жоқ, ұмтыл ілгері [106, 24-б].

Бұл шығармада да көбінесе ауызекі сөйлеу тіліне тән қысқа қайырылған, құрылысы ұқсас, бірдей тұлғаларға / еді, едік/ аяқталатын сөйлемдер жиі ұшырасады.



Шығысұлы! Өткен жылы бастан бірге кешірген ауыр күндерді есіңе алшы. Біз неміс қоршауында, өлімнің аузында бірге өлуге серттесіп едік. Қоршаған жау жанымызды алмақ болып еді. Бірақ біз берілмеп ек [106, 24-б].

Баубек Бұлқышевтың Отан соғысы жылдары жазылған бірнеше публицистикалық шығармалары эпистолярлық стиль үлгісінде жазылған. Бұлардың бәрінде автор Отан соғысының ауыр жылдарында майданда жүріп, ел туралы, Отан туралы патриоттық ойларын, қасық қаны қалғанша Отан үшін күресуге бел байлағанын көркем сөзбен қағаз бетіне түсірген. Соғыстағы жан түршігерлік оқиғаларды баяндай отырып, өзінің жауға деген өшпенділігі, ыза -кегі одан сайын өсе, өрши түскенін айтады. Бұдан біздің байқайтынымыз, эпистолярлық стиль адамның ішкі жан дүниесіндегі жек көрушілікті, махаббатты, адамдық парыз бен ар-намысты, адам басындағы ең бір ауыр кезеңдерді барынша терең, бүкпесіз жеткізе алады.

Хат мәтінінің тағы бір артықшылығы – хат көбінесе ең жақын адамға арналатындықтан, ондағы оқиға барынша нанымды баяндалады.

Ақын-жазушылардың хаттары арқылы олардың өмірге деген көзқарастарын, шынайы сезімдерін көреміз. Эпистолярлық жанрға жататын туындылар әдебиетімізге, әдеби сынның қалыптасып, дамуына ықпалын тигізеді. Мысалы сыншы І.Омаров хаттары көркем шығармаға шынайы баға берген құнды еңбектердің қатарына жатады. Сыншы тарихтың тірі куәгеріндей, атақты ақын- жазушылармен хат жазысып отырған. Мысалы І.Омаровтың «Халықтық эпопея» туралы жазған портреттік рецензиясын баспасөз бетінен оқып шығып, М.Әуезов арнайы жауап хат жазған. (28 тамыз, 1958) Онда атақты жазушының «Қайта, атақты сынның оның асыл міндеті, оның позитив ролі- жақсының жақсылығын жақсы танытып беруде емес пе? Сенің еңбегіңдегі аса бір еңсесі биік, қазіргі талап, осы жолдағы қамқорлық ойда» - деген ойларында шындықтың ізі жатыр [47, 68-б].

М.Әуезовтің хаты І.Омаров сыншылдығының сырына тереңірек тануға мүмкіндік береді. Жазушы мен сыншы хат арқылы әдебиет жайлы кең түрде пікірлеседі. Жазушы хатының бір тұсында: – «Бірақ сенің еңбегіңді оқып шыққаннан кейін айрықша бір түйген жайым:шынайы «адамша сөздің» басын сонада Ғабит бастаса, міне, бүгіндері содан арғы өнеге бойын, шарықтауын, нәрлі өрлеу сипатын сенің еңбегің аяқтап тұр, – деп айта аламын» деп ағынан жарылады. Достық хатта хат жолдаушының көзқарасы айқын көрінеді.

Хат мәтінінде өзгелерге айтыла бермейтін адамдық сыр жаныңды жайлағандай әсер қалдырады. Хат арқылы жазушының сезімі, ой- тұжырымы берілген. Хатының соңында, М.Әуезов баспасөзде жарияланған І.Омаровтың мақаласын зор ілтипатпен оқып шыққанын айтады: «Тек әдебиеттің өзінің арнасында жүрген жұрт емес, Отанымда, елімде, сол елдің ары, жақсысы болып айтса деп білетін, оқи да білетін дос, көмекші азамат, шынайы қайырлы, ең қадірлі оқушым келіпті деп қуанамын. Осыны өзімнің ғана ырысым демеймін,барлық қазақ әдебиетінің, республика жұртшылығының жаңа бір, өзгеше саналы бір толық туысы да, табысы деп танимын» деп азаматтық шынайылығын сездірген.

М.Әуезов хаттың соңында хат жолдаушы өзінің кім екендігін береді, «Досың Мұхтар» деген сөзі – олардың арасындағы достық қатынасты айқындайды.

«Жазушы Ж.Молдағалиевтің жинақтауымен шыққан І.Омаровтың топтама хаттары «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы» деген тақырыппен 1986 жылы «Жалын» журналында жарияланды. Хаттар мазмұны – І.Омаровтың адамгершілік ізгі қасиетін білдірумен бірге, І.Омаровты сыншы әрі публицист ретінде танытады. Хаттағы ақын-жазушылар туралы мазмұнды ойлары сыншы шеберлігінен туындаған. Сыншы қабілетінің негізгі ұшқыны хат арқылы дамиды» [64, 40-б].

Ғ.Мүсіреповтың І.Омаровқа жазған соңғы хатында (29-30 сәуір, 1970) сыншының ауыр халде жатқанын біле отырып, көңіліне кірбің келтірмей хат арқылы сындарлы ойын шеберлікпен білдірген: «Сен, Горький жазған сұңқардай, ойың жоғары, биікті шарлаған, жерде жорғалауды сүймейтін адамсың. Өмірінде әлденені арман ете алған адам сол армнның ең биігіне шығуды да арман етеді. Ешкім оған жете алмайды. Ұзақ сапар жолында кездескен аз кедергіге де қиналмауыңды, өзіңді- өзің мүжімеуіңді кеңес етер едім. Қызуың басылмаған жассың, кейде сондайға назаланып кетуің мүмкін. Саған бір керексізі сол болар,қаны суыған шалдар, әрине, ақылгөй келеді. Өздері қызына алмаған соң, қызынғанға да қызғана да қарайды, қызыға да қарайды., үміт- арман дегендер қызусыз келе бермейтінін біле тұрса да, сабыр тілейді. Алайда, әр қызудың уақыты, орны бар ғой,кейде көп нәрсені сабыр жеңетіні де болады. Ғабиден осыны жеңеді» [107, 45-б],- деп Ғ.Мүсіреповтің жазған хатынан жазушының ішкі сыры мен мұңын да аңғарамыз. Хаттың көркем мәтіннен айырмашылығы белгілі бір адресатқа арналғандығы, өмірді шынайы суреттеуі.

Жазушы Н.И.Анов І.Омаровты орыстың атақты ақын- жазушыларымен тең тұтады. Ал, І.Омаровтың Ановқа жазған екінші хатында: 1967жылы, 15 қаңтар) – «Сіздің романыңызды былтыр ғана оқуыма мүмкіндік болды. Арада алпыс жыл өтсе де, Сіздің есте ұстайтын дүниелеріңізге таң қалдым. Өз бойыңйһыздағы зор адамшылықпен қоса, сол адам атына лайық жазушылық қолтаңбаңыз қызықтырады»- деп І.Омаров хат арқылы адал көңілімен өз пікірін білдірген [64, 43-б].

Хат арқылы І.Омаров өзінің оқыған шығармалары жайлы пікірлерін білдіріп отырған. Ұйғыр жазушысы Мұрат Хамыраевқа туыстық ілтипатпен жазған хатында, жас жазушыға ойлы пікір айтып, талабы мен талантын ұштай түсуге кеңес береді. Хатта былай дейді:- «Қалқам Мұрат! «Сенің ұйғыр халқы мәдениетінің гүлденуі» деген кітабыңды үлкен ықыласпен, қанағаттанарлық сезіммен оқып шықтым», - деп ілтипатпен бастайды [64, 42-б]. «Қалқам Мұрат!» деген қаратпа сөзбен басталуы, хат жолдаушының бауырмал екендігін танытады.

І.Омаров хаты қазіргі қазақ әдеби тілімізде жазылған. Қазақ әдеби тілін дамытуға өзіндік үлес қосқан деп айтуға болады. Эпистолярлық жанрдың қазіргі таңдағы көрінісі осы сыншы І.Омаров хаттарынан танылады.

Хат сыншының ерекше білімділігін танытады: «Түркі тілдес халықтардың көне мәдениеті- кейін халық болып қалыптасып кеткен елдеодің түпкі көзді бұлағы. Сондықтан ол тарихты қарастырғанда бұл заңдылықты ескермеуге әсте болмайды. Ұйғыр мәдениетін сөз қылғанда оның ірі өкілдері- Хиракати, Замли, Билял Назым, Садыр Палванды жеке адамдар деп қарамай, сол мәдениеттің өркендеуіндегі бір- бір маусым деп алған жөн болады.

Менің ойымша, мұраға қарап қызықтыру бар да, сол дәстүрді тәжірбие ретінде пайдаланып, ілгері өркендету бар. Бұл салада ақын- жазушылардың еңбектері зор. Ұмар Мұхаммеди, Изим Искандеров, Исмил Саттаров, Хизмет Абдулин сол мұраны бойларына сіңіре отырып, қазіргі заман мәдениетінің талап- тілегіне сай ілгері дамытып келеді. Әр халықтың мұраларының барлығында да музыканың симфониялық бастауы бар екені рас. Ол – ұйғырдың мұқамында болса, қазақтың күйлерінде жатыр» деп, түркі халқына ортақ салауатты пікір айтады [64, 42-б].

Ағалық қамқорлық ретінде, хат соңында өз ойын жинақтай келіп: - «Осы хат арқылы, қалқам Мұрат, сенің кітабың жайлы оқырмандық ойымды білдіргім келеді. Зерттеуіңнен жаңылма, халқыңның тарихын өздерің секілді жігіттер жазуы керек» деп ойын аяқтайды [64, 43-б].

І.Омаров хат арқылы оқырмандық ойын, пікірін айта отырып, жас жазушының зерттеу ісіне зор сенім артады. Бұл І.Омаровқа тән сыншылдық пен сыршылдық қасиеттің бір қырын хаты арқылы тани аламыз. Эпистолярлық жанрдың бір ерекшелігі ақын-жазушының сезімін , көзқарасын шынайы білдіруі.

І.Омаров өзінің Ғафу Қайырбековке жазған хатында ақынның өзіне жіберген кітаптарына сыншылдық көзқарасын хатта байқатады.

Сыншы ретінде І.Омаровтың Ғ.Қайырбековке жазған хатында: «Қадірлі Ғафу! Жақында жіберген кітапшаңды оқып шықтым. Мен шындықты жақсы көретін адаммын. Бірдеме жазамын деп бірнеше рет оқығаным жоқ. Осы күні ой да жалқау. Сол себепті пікірлерім үстірттеу болар. Дегенмен, бірер ауыз сөз жазуды жөн көрдім. Менің байқауымша, қазір ақындығың піскен, өмір философиясына жетіктеу болғанға ұқсайсың. Әттең «Дала қоңырауын» осы кезде жазбаған екен деген ой келеді. Меніңше сол зор, тынысы кең поэмаға қайта оралсаң қиындығы болмас еді» [64, 44-б] ,- деп кеңес береді.

Жинақтағы ақын өлеңдеріне: - «Ал енді «Алтын бесікке» келсек, мұнда әр түрлі тақырыпқа жазылған ақындық ой, көркем суреттеулер, толғаулар, табиғат көрсетеді. Жинағыңда махаббат лирикасы молдау ма деп қалдым» [64, 44-б] ,- деген пікірін ашық айтады.

Ақын өлеңдерін талдай келіп, оған адам мінездерін суреттеу шеберлігіне көбірек назар аударуды ескертеді. Ол: «Әрине адам да әр қилы болады.Жинақта адамның асыл қасиеттері молырақ бой көрсетеді. Бірен- саран ауыз күйдірерлік жексұрын мінездер де сыналады. Біздің қазақ жағдайында жиірек кездесетін осы бір желбуаз шарт етпе, сасық өсек, қызғаныштық сияқты» деп, ақынның ой түйіндеу тәсіліне тоқталады:

Жай итіңнен адам иті жексұрын

Арнап тимей айдаладан тістескен, деген өлең шумағына өз басы қалғанын жасырмайды: - «Міне, бұл шындық. Адамды игілікке, гуманизмге шақыру- бір жағынан адам бойындағы асыл қасиеттерді көрсету болса, оның арамдығын әшкерелеп, жексұрындығын қатал сынайды» [64, 45-б] ,-деп ақын өлеңдеріндегі өмір шындығын ашып айтады.

І.Омаров бұл хатында ақынның жіберген кемшіліктеріне батыл тоқталады. Ол:- «Жіті қараған көзге кітапшаның кемшілігі де бой көрсетіп отырады. Шынын айтсам, мен оларды көргем жоқ. Мен оқыған затымнан жақсылық іздеймін. Тапсам қуанамын, реніш туғызатын мәселелерді езгілеу менің дәл осы күнгі денсаулығыма нұқсан келтіреді. Кітапшаңнан бір сезініп қалғаным – ептеген асығыстық бар ма деген жобалау. Ондай да бір қайнау ішінде болып жататыны белгілі ғой. Әбден тебіреніп жазған нәрселеріңде ондай алақолдық сезілмейді» - деген сыншы ойларында ақынға күш беретіндей зор қуат бар [64, 45-б].

Хат мәтінінен эпистолярлық жанрдың ерекшелігі көрінеді:

-хат арқылы қоғам қайраткерлері, ақын-жазушы, сыншы, әдебиетші т.б. атақты, дарынды тұлғалардың оптимистік көзқарасы, қазақ халқына тән, ұлттық философиялық ойлары танылады;

- өмірдегі өзекті мәселелерді баяндап, талқыға салады, пікірлеседі, ой қорытады, тарихи шындықты тануға көмектеседі;

- тебірене жазылған хаттарда көркем шығармамен салыстырғанда жазушының ішкі сезімдері шынайы жеткізіледі.

Қорытындылай келсек, эпистолярлық жазбалар тілінің өзіндік стильдік, лексика-грамматикалық ерекшеліктері бар. Ресми стильмен қатар қарастырылып келген эпистолярлық стильдің мазмұны, көлемі, жазылу түрі жағынан өзгеше. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады. Лексика-фразеологиялық құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер, күрделі терминдер, т.б.) өзгеше болып келеді.

Ойдың логикалық жүйелігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

Құжаттар тілі мен осы кезеңдегі хаттар тіліне эмоционалдық, бейнелеу тән емес.

Сонымен, эпистолярлық стильдегі көркем шығармалар негізінен екі түрлі сипатта болады: бірінде автор хатты өзіне-өзі жазады, яғни біреуге арнамай, тек өзі үшін, өзінің көңіліндегі маза бермей жүрген ойларын сыртқа шығару мақсатында жазса, бірінде хат екінші бір адамға арналады. Бірақ мұндай хаттардың бәріне ортақ ерекшелік – оларда адамның кез келген жерде аша бермейтін құпия сырлары, немесе ең бір аяулы жан сезімдері терең ашылады. Мұндай шығармаларда ауызекі сөйлеу стилі мен көркем шығарма стилінің белгілері қатар жүреді.

Хат түріндегі шығарма жазушыға қаһармандарын барынша ашық, тебірене сөйлеуге, ішкі дүниесін бүкпесіз ақтаруға мүмкіндік береді. Сондықтан эпистолярлық стильді көркем шығармада қолдану – жазушы үшін кейіпкердің ішкі сезім сарайын ашуда, оның барлық ішкі толқынысын, тебіренісін ақтарып салып, сол арқылы оқырман көңілінен орын табуда таптырмас тәсіл болып табылады.


ҚОРЫТЫНДЫ
Біздің жазба мәдениетіміздің құнды да, қомақты саласы болып табылатын эпистолярлық жанр - дамыған жанр. Хат түрі сан алуан, олардың мәтіндері, стильдік ерекшеліктері де әр түрлі. Солардың ішінде еліміздің, жеріміздің әлеуметтік- саяси, экономикалық жағдайына байланысты кешегі ел билеген хан, сұлтан болған ата- бабаларымыздан қалған әр түрлі тарих тереңінен сыр шертетін хаттары, ұлы ағартушыларымыздың, соның ішінде Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин секілді дараларымыздың, қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин жазушыларымыздың хаттары, кешегі сұрапыл жылдардағы хаттар, бүгінгі хаттар бәрі- бәрі зерттеуге сұранып тұрған бағалы да құнды дүниелер. Бұл дүниелерді талдау, оларды жан- жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу эпистолярлық жанрдың сипатын тануға мүмкіндік береді. Қазақтың хан, сұлтан, старшындарының орыс империясының әкімшілік орындарына жазған хаттары мен белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушы, оқыған азаматтарының әлеуметтік мәні бар хаттарының тілі өзіндік ерекшеліктері көп. Хат мәтініндегі фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшелігін талдау арқылы хат мәтінінің табиғатын тануға, сол кезеңдегі эпистолярлық стильді тануға болады.

Эпистолярлық жазбалар тілінің өзіндік стильдік, лексика-грамматикалық ерекшеліктері бар:

-ресми стильмен қатар қарастырылып келген эпистолярлық стильдің мазмұны, көлемі, жазылу түрі жағынан өзгеше;

- белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады;

-лексика-фразеологиялық құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер, күрделі терминдер, т.б.) өзгеше болып келеді;

-ойдың логикалық жүйелігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады;

- адресант (хат жазушы) пен адресаты (хат алушы) бар;

- ой бірінші жақтан баяндалады,

- құжаттар тілі мен осы кезеңдегі хаттар тіліне эмоционалдық, бейнелеу тән емес.

Хат мәтінінің ерекшеліктері жеке-жеке тоқталуды қажет етеді.

1. Хат тілінің фонетикалық ерекшелігіне сөздің соңғы буынында -ү дыбысының келуін жатқызуға болады, мысалы, өткүр уа зерек; үшүн, орұс, т.б. Сөздің соңғы буынында ұ,ү дыбысының келуін орфоэпияның фонетикалық принципіне байланысты.

2. қылұп, берүп, едүп, т.б хат тіліндегі етістіктердегі -ұп;-үп- тұлғалары көнеден қалған тұлға. Қазіргі тіліміздегі көсемшенің -ып,- іп тұлғаларымен мәндес.

3. Түбірге қосымша жалғанғанда үндестік заңы сақталмайды, Қазіргі тіліміздегі жылдар-жыллар, растығына-раслығына, халықтың-халықдың, біздің-бізнің, себепті-сәбәбілі, адамдары-адамлары, ұқсастар-ұқсалары, тиісті-тіишлі т.б. түрінде жазылуымен ерекшеленеді. Бұл хаттар тілінің татар тілінің әсеріне де байланысты, көне тұлғаларды қолдануына, араб т.б. тілдердің әсеріне де байланысты өзгешеліктері деп есептейміз.

4. Қазіргі тіліміздегі емле заңдылығына сәйкес ш жазылатын тұстарға ч әрпінің келуі де өзгешелігін танытады. Мысалы, акча, бұлайча, барчамыз, т.б.

5. Ы, і дыбыстарының орнына орфоэпияның фонетикалық принциптеріне сәйкес ү/ұ жазылады.

6. Сөз соңында қазақ тілінде п жазылатын сөздерге хат мәтінінде б-дыбысының жазылуы кездеседі. Мысалы, болыб, қылыб, байқаб, сөйлесіб т.б.

7. Араб, парсы сөздерінің түпнұсқа тіліндегісі сақталады. Хүкмат, хисаб, һәрәкет, ыхтиар т.б.

8. Орыс сөздері дыбыстық өзгеріске ұшырап, қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына сәйкес, айтылуы бойынша қолданылуы басым. Начәлнік, ойазнай, песір т.б.

XVIII ғасырдағы хаттар тілін талдай отырып, лексикалық ерекшелігіне байланысты төмендегідей тұжырым жасауға болады:

- араб-парсы элементтерінің өте көп кездесетіндігі (Себебі XVIII ғасыр мен ХІХ ғасырларда қазақ тіліне араб, иран тілінен сөз ауысу процесі күшейе бастағаны белгілі, мысалы, ғарыз, ғарыз нама, ахуал, ғарыз хал, мәктәбә, күтабтү, кәтаб т.б.) ;

- Ресейге бағынуына байланысты орыс сөздерінің қолданыла бастауы (генерал, жанарал, гинерал түрінде, кавалер сөзі кауалер, куалер түрінде кездеседі);

- тұрақты эпитеттермен басталады (құдретлу, шафағатлу, мархабатлу, ғизатлу, хұрметлу немесе аса мәртебелі, қымбатты, т.б.).

ХІХ ғасырдың І жартысындағы хаттар тілінің лексикасының өзіндік айырмашылығы болды:

-хан, ханзада, ханым, ханша, төре, сұлтан, би, болыс, ақсүйек, кедей, т.б. сөздер жиі қолданылады, алаш сөзі де жиі жұмсалды, ол сол қоғамның келбетін танытады;

-сөздері түсінікті, осы кезеңге дейінгі талданған хаттар тілімен салыстырғанда қазақ сөздері басым, яғни жалпы халықтық қазақ тілінің лексикасында жазылған;

-араб-парсы сөздері қолданылды;

-орыс сөздері қоғамдағы өзгерістерді танытады;

-осы тұста қазақ қоғамының әлеуметтік және әкімшілік құрылысына байланысты жаңа сөздер әдеби тілімізден орын алды.

XIX ғасырдың II жартысындағы қазақша эпистолярлық стильдің бір белгісі – түркі жазба әдеби тілдеріне тән кейбір грамматикалық тұлға тәсілдерді пайдалануы. Мысалы, Махамбеттің «хурматлу батырларға» жазған хатында уа, уа һәм, бірлән, білән деген шылауларды, бек, нечүк деген үстеулер мен есімдіктерді қолданады; еді, емес деген көмекші етістіктері кейде ерді, ермәс түрінде көне ұйғыр жазба дәстүрінен келе жатқан тұлғада жазады, араб-парсы сөздері түпнұсқаша жазылған т.б. ерекшеліктерді санамалап беруге болады.

Араб графикасымен жарияланған қосымшалардың қазақ тіліне тән фонетикалық варианттары кейде еленбейді, нәтижесінде көптік жалғау тек –лар түрінде, табыс септік -ны, ілік септік -ның, жатыс -та, шығыс -нан түрінде беріледі: оқуны, қазақлар, адамлар, арызлар, мекемелерні.

ХІХ ғасыр соңындағы хаттар тілі қазіргі әдеби тілімізден көп айырмашылығы жоқ. Етістіктің сыпайы түрі жиі қолданылады.

Қорыта айтқанда, қарастырылып отырылған кезеңдегі эпистолярлық стильге жататын хат мәтіндеріндегі грамматикалық ерекшеліктері барлығында бірдей емес. Бірінде көне түркілік элементтер басым болса, екінші хатта орыс сөздері қолданылған. Енді бірінде қазіргі қазақ әдеби тілінен дараланатын грамматикалық ерекшеліктер көзге түспейді.

Ал ХХ ғасыр басындағы хат мәтінінің тіліне келсек, онда «кітаби шағатай тілінде» жазылған хаттар кездеседі. Зиялы қауымның көпшілігі өзіне дейінгі эпистолярлық стильге тән жазу үлгісін қолданды.

Лексикалық құрамында араб, парсы, шағатай және бүгінгі түркі тілінің элементі болды. Мысалы, үшбу, бек, офат, бегірек, т.б. Орыс сөздері де жұмсалды. Мысалы, средняя школа – орта школ, государственная дума – дәулет думасы түрінде кездеседі.

ХХ ғасырдағы хат тілінің тағы бір ерекшелігі:


  • хаттардың қазақ әдеби тілінде жазылуы;

  • орыс сөздерінің сирек қолданылуы;

  • кейбір интернационалдық терминдердің де қазақшаға аударылып берілуі т.б.

Сонымен, қарастырылған кезеңдердегі лексикалық ерекшеліктерге араб-парсы сөздерінің жиі жұмсалуын, қазақ жерінің Ресей империясына бағынуына байланысты орыс сөздерінің қолданыла бастауын, тұрақты эпитеттердің жұмсалуын т.б. жатқызуға болады.

Хат мәтініндегі грамматикалық ерекшеліктер негізінен қосымшалар мен етістік формаларының аясында байқалады. Мысалы жалғаулықтар және, мен орнына уа, һәм, кейде бірлән қолданылған.

Синтаксистік ерекшеліктер сөйлемдерінің өте ұзақ болып құрылуынан байқалады. Айшуақ ханның хатында сөздердің көбіне жуық араб, парсы, көне түркі сөздері болғандықтан оқуға, түсінуге қиындық туғызады. Көптік жалғауының қолданылуында да қазіргі тілмен салыстырғанда елеулі өзгешелік байқалады.

Эпистолярлық стиль элементтері көркем шығарма тілінде көп кездеседі.


Эпистолярлық стильде жазылған көркем шығармаларды әр кезеңдегі әдебиеттен кездестіре аламыз. Эпистолярлық стиль белгілері ХІХ ғасыр ақыны Кете Жүсіп Ешниязов шығармаларынан да көрініс береді. Кете Жүсіптің «Атыңды емлемен жаздым хатқа» (Ажар қызға бірінші хат), «Білімді артық туған перизатым» (Ажар қызға екінші хат) өлеңдері – хат түрінде жазылған шығармалар. Бұл екі өлең тілінде көнерген сөздер кездеседі.

ХХ ғасыр басындағы көркем шығармалардан Ы.Алтынсариннің «Балғожа бидің баласына жазған хаты», Омар Шипиннің «Губернатор келгенде», «Құбаша ақынның Әбдірахман Иманқұл ұлына жазған хаты», «Әбдірахманның Құбашаға қайтарған жауап хаты» деген өлеңдер жатады, т.б. шығармаларды айтуға болады.

Бұл кезеңге тән хат түріндегі өлеңдердің тілі жатық. Көпшілік қауымға түсінікті. Араб-парсы тілімен шұбарланбаған. Қарапайым, ауызекі стильде жазылған. Көріктеуіш құралдар, троп түрлері ауыспалы мағынадағы сөздер, образды суреттеулер орын алмаған. Мақал-мәтел, фразеологизмдер де көркем шығармалармен салыстырғанда аз жұмсалған деуге болады. Орыс сөздері кездеседі, олар - көбінесе әскери терминдер, патшаның шеніне қатысты атаулар, техникаға байланысты атаулар т.б.

Демек, хат түріндегі өлеңдер эпистолярлық стильде жазылған, ауызекі стильге өте жақын, өлеңде айқындауыш, айшықтау т.б. көріктеу құралдары қолданылмаған.

Көркем әдебиеттегі эпистолярлық стиль элементтері кейде сол қалпында беріліп, яғни грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерімен жазылған. Оның себебі жазушы суреттеп отырған қоғамның келбетін шынайы беру қажеттілігінен туындайды.

Хат түріндегі өлеңдерді Абай шығармашылығынан да кездестіреміз. «Жігіт сөзі» және «Қыз сөзі» өлеңдері эпистолярлық стиль үлгісінде жазылған. Аталған өлеңдердің құрылысы күрделі емес, жеңіл ұйқасқа құрылған. Мұнда көнерген сөздер мен араб-парсы сөздері жоқ, тілі түсінікті.

Абайдың аудармалары ішінде де эпистолярлық стиль үлгісіндегі туындылар бар. Олар: Пушкиннен аударылған «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегин сөзі», «Онегиннің Татьянаға жазған хаты». Абай аудармасында «Евгений Онегин» Татьяна мен Онегиннің бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасы Абай аудармасында эпистолярлық роман түрінде шыққан. Эпистолярлық стильдің тағы бір ерекшелігі - мұнда хат жолдаушы кейіпкер өз басындағы махаббат, күйініш-сүйініш т.б. психологиялық жағдайларды, ішкі сырын, ең бір аяулы сезімдерін жайып салады, сондықтан кейіпкердің ішкі сезім-толғаныстары, сезім сарайы терең ашылып, ешқандай бүкпесіз, ашық, нанымды бейнеленеді.

Абайдың баласы Мағауия Құнанбаевтың «Әбішке хат» өлеңі, Тұрағұл Құнанбаевтың «Хат», «Жауап хат», «Әбішке /хат/» өлеңдері де хат мәтінінде жазылған. Бұл хаттарда да адам басындағы психологиялық жағдайлар, қимастық, өткен күндерге деген сағыныш, амалсыздық т.б. жүрек толқытар сезімдер көрініс табады.

Эпистолярлық стиль элементтері тек поэзиялық шығармаларда емес, прозалық, публицистикалық шығармаларда да көптеп ұшырасады. Баубек Бұлқышевтың майданда жүріп жазған «Шығысұлына хат» шығармасы эпистолярлық стиль үлгісін көрсетеді. Шығармада майдан шебінде жүрген жауынгердің Отанға деген патриоттық сезімі көркем тілмен баяндалады. Соғыстағы жан түршігерлік оқиғаларды баяндай отырып, өзінің жауға деген өшпенділігі, ыза -кегі одан сайын өсе, өрши түскенін айтады. Бұдан біздің байқайтынымыз, эпистолярлық стиль адамның ішкі жан дүниесіндегі жек көрушілікті, махаббатты, адамдық парыз бен ар-намысты, адам басындағы ең бір ауыр кезеңдерді барынша терең, бүкпесіз жеткізе алады.

Хат мәтінінің тағы бір артықшылығы - хат көбінесе ең жақын адамға арналатындықтан, ондағы оқиға барынша нанымды баяндалады.

Хат түріндегі шығарма жазушыға қаһармандарын барынша ашық, тебірене сөйлеуге, ішкі дүниесін бүкпесіз ақтаруға мүмкіндік береді. Сондықтан эпистолярлық стильді көркем шығармада қолдану – жазушы үшін кейіпкердің ішкі сезім сарайын ашуда, оның барлық ішкі толқынысын, тебіренісін ақтарып салып, сол арқылы оқырман көңілінен орын табуда таптырмас тәсіл болып табылады.

Түйіндесек, қазақ эпистолярлық стилі бар, ол ресми стиль ішінен орын алатын, ауызекі стиль элементтері жиі ұшырасатын, өзіндік жазу мәнері бар шағын стиль болып табылады.




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Серғалиев М. Стилистика негіздері. -Астана, 2006. -271 б.

2. Шалабай Б. Қазақ стилистикасы ғылымының алдында тұрған міндеттер //Қазақ филология ғылымы: тарихы, бүгіні және болашағы.- Алматы, 2003.- 73-75 б.

3. Винокур Г.О. Избранные работы по русскому языку.- М., 1959.- 66 с.

4. Ефимов А.И. Стилистика русского языка. -М., 1969.- 262 с.

5. Топорков В. О слове // Советское искусство.- М., 1952.- 31 с.

6. Будагов Р.А. Введение в науку о языке. -М., 1965.-492 с.

7. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. -М., 1983, -223 с.

8. Михайлов М.М. Стилистика русской речи. -Чебоксары, 1968. -370 с.

9. Розенталь Д.Э. Практическая стилистика русского языка. -М., 1974, -352 с.

10. Ефимов А.И. О языке художественых произведений. -М., 1954. -316 с.

11. Шанский Н.М. Лексикология современного русского языка. М., 1964. - 316 с.

12. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің стилистикасының прагматикасы. Фил. ғыл. док. дисс. авторефераты. -Алматы, 2006. -43

13. Балақаев М., Томанов М., Манасбаев Б., Жанпейісов Е. Қазақ тілінің стилистикасы. -Алматы, 2005.- 254 б.

14. Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. -Алматы, 1965.- 336 б.

15. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. -Алматы, 2004. -282 б.

16. Виноградов В.В. Итоги обсуждения вопросов стилистики. Вопросы языкознания. –М., 1955.-№1, 66с.

17. Вяткин М.П. «Қазақ ССР тарихы бойынша материалдар» -М-Л., 1940, Т4 -334 б.

18. Котков С.И. Деловая письменность и литературный язык // Русская речь. 1980. -№5, 105 с.

19. Тарабасова Н. О некоторых особенностях языка деловой письменности // Источниковедение и история русского языка. -М., 1964.-172с.

20. Федюрко С. Стилистические особенности русского делового письма как жанровой разновидности официально-делового стиля. Дисс... канд. фил. наук. ЕГУ.-Воронеж, 2002. -140 с.

21. Дүйсембекова Л. Қазақ ресми - іс қағаздары. Фил. ғыл. док дисс. Авторефераты. -Алматы, 2006. 38 б.

22. Ергазиева Н. «Формирование и развитие официально-деловой речи в казахском языке». Автореферат... канд.филол. наук. -Алматы, 1997.- 25с.

23. Оразбаева Ф., Мұхамади Қ. Мемлекеттік тілдегі іс-қағаздар.

-Алматы, 2006. -146 б.

24. Әбілқасымов Б. Көне қазақ тіліндегі ресми іс қағаздар // Қазақ әдеби тілінің тарихи көздері. XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдеби тілі.

-Алматы, -1982. -224 б.

25. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. -Алматы, 2004. -272 б.

26. Балақаев М., Жанпейісов Е. Әдеби тіліміздің қалыптасу тарихынан // Қазақстан мектебі, -№2,- 70 б.

27. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. -Алматы, 2000. -205 б.

28. Словарь иностранных слов. -М., 1988. - 624 с.

29. Қазақ совет энциклопедиясы. Том 12, -Алматы, 1978. -598 б.

30. Кожина Н. Стилистика русского языка. -М., 1993. -224 б.

31. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. -Астана, 2006. -369 б.

32. Головин Б. Основы культуры речи. –М., 1980. -323 с.

33. Сыздықова Р. Бүгінгі көркем проза тілі және әдеби норма. Өнер алды-қызыл тіл.мақалалар жинағы. –Алматы, 1986. -85 б .

34. Степанов. Ю. Семиологическая грамматика. М.,1981, 360 б.

35. Амиров. Р. Особенности синтаксиса казахского разговорной речи. -Алматы, 1972.-225 с

36. Филин Ф. Истоки и судьбы русского литературного языка. М., 1981. -325 с.

37. Толстой Л. ПСС. В 90 томах, -М., 1963. -65 с

38. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі. -Алматы, 2000. -342 б.

39. Аманжолов Қ. -Алматы, 1979. 4 т. -340 б.

40. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 8-т. -Алматы, -2002. -504 б.

41. Ефимов. А. Стилистика художественных речи. -Л., 1989. -295 с.

42. Смаилов К. Жолданбаған 27 хат.-Алматы, 1992. -231б.

43. Назарбаев Н. Бейбітшілік кіндігі. -Алматы, 2001. -415 б.

44. Жұбанов. Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер // Жалын №3-4, -Алматы, -1994.-125 б.

45. Гайнуллина. Н. Эпистолярное наследие Петра великого в истории русского литературного языка. Дисс… док. фил. наук. -Алматы, 1996.-494с.

46. Книга исследования и материалы сб.:Т 4 Изд.всесоюзной книжной палаты –М.,1962. -407с

47. Ешекеева Г. Хат мәтіні // Қазақ тілі мен әдебиеті, -Алматы, -2007. № 8.

48. Овчаренко А. «Новые герои – новые пути» // Современник, -М., -1977. - 114 с.

49. Янушкеевич А. Қазақ даласына сапар туралы жазбалар. «Аударма» -Астана, 2003. -264 б.

50. Омаров І. Толғамдар. Раздумья. -Алматы, 1992. -168 б.

51. Ергөбеков Қ. Баянғұмыр (Жүрек қанымен жазылған хаттар).-Алматы, 1991. -230 б.

52. Әбсаттар қажы Дербісәлі Н.Назарбаевты құттықтау // Егеменді Қазақстан, -2005.-№34.

53. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. -Алматы, 1982. -125 б.

54. Виноградова. Е. Эпистолярные речевые жанры; прагматика и семантика текста. Автореферат канд. дисс. –М., 1991. -25 б.

55. Әбілқайыр хаттары…// Ақиқат, -1993. -№11, -83 б.

56. Махамбет. Жыр семсер. -Алматы, 1979. -127 б.

57. Қозыбаев.С . «Хаттармен өрілген өмір» // «Жетісу»- 1968.-№ 90. -15 май.

58. Алты хат, алуан тағдыр.( М. Ғабдуллиннің 6-шы хаты) // «Жетісу» -1968.-№ 90, 9- мамыр.

59. Өмірбаяндық деректер. (С.Мұқанов. «Әр жылдардағы хаттар») -Алматы, 2002. -286 б.

60. Ерімбетов М. Тағдырмын ерте жоғалған. Марат Отарәлиев хаттары // Жалын №3-4, -1994. 125 б.

61. Мүсірепов Ғ. Ой-сезім сәттері. -Алматы, 1996. -144 б.

62. Нұршайықов Ә. Таңдамалы шығармаларының он томдығы. -Алматы, 2005, -Т.6. -416 б.

63. Керімбекұлы М. Сыншы және эпистолярлық жанр // Әдебиет және өнер мәселелері. -Алматы, -2001. -97б.

64. Молдағалиев Ж. Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы? Омаров хаттары // Жалын №1, -1986. -40 б.

65. Қасымбеков М., Әлімқұлов Т. Іс-қағаздарын жүргізу, -Алматы, 1990, 265 б.

66. Аманжолов А. Ғылымның тереңінен маржан терген…(С.Аманжолов хаттары) // Жалын, -1986, -№2. -111 б.

67 Шаханов М. Премьер –министрге хат // Жалын, -2006, № 6,- 96 б.

68. Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалары. -Алматы, 1985. -126-144 б.

69. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. -Алматы, 1973. -146 б.

70. Қордабаев Т. Қазақ жазбаларының синтаксисі. -Алматы, 1966.-158 б.

71. Кеңесбаев І. Абай основоположник казахского литературного языка // Советский Казахстан, -Алматы, 1955. -№9. -124 с.

72. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. -Алматы, 2005. -271 б.

73. Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. -Алматы, 1975. -175 б.

74. Айдаров Ғ. Тоныгюк ескерткіштеріндегі қазақ тіліне қатысты материалдар // Қазақ тілі тарихы мен диалектология мәселелері, 5 ші шығуы. -Алматы, - 1963. -64-90 б].

75. Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. -Алматы, 2001. -269 б.

76. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. -Алматы, 1992. -190 б.

77. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. -Алматы, 1988. -264 б

78. Құнанбаев А.Таңдамалы өлеңдер. -Алматы, 1985. -175 б.

79. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. -Алматы, 1988. -314 б.

80. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. -Алматы, 1996. -303 б.

81. Баранов Х. Арабско-русский словарь.-М., 1984. - 926 с.

82. Бекмұхамбетов Е. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. -Алматы, 1977.-198 б.

83. Уәлиханов Ш. «Мақалалары мен хаттары» -Алматы, 1949.-368 б.

84. Құрышжанов Ә. «Кітаби тіл» материалдарынан // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері, 2-шығуы. -Алматы,-1960. -72-91 бб

85. Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. -Алматы, 1997. -256 б

86. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. -Алматы, 1995. -207 б.

87. Ғашық наме. -Алматы, 1976. -461 б.

88. Шағырова Б. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі және қазіргі қазақ тіліндегі етістік категориясы. Филолг. ғыл. канд. дисс. авторефераты, -Алматы, 2004. -28 б.

89. Егеубаев А. Кісілік кітабы. -Алматы, 1998. -318 б.

90. Садыков К. Языковые особенности «Кутадгу билик» Дисс...канд. фил. наук., -Ташкент, 1987. -179 с.

91. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. -Алматы, 1968. -330 б.

92. Журавлева Г. «Эпистолярные контексты в «Гистории о российском кавалере Александре» // Стилистика художественной литературы. -М., -1982.-212 с.

93. Кенжебаев Б., Шаменов К. 1916 жылғы көтеріліс жырлары. -Алматы, 1958. -137 б.

94. Аймауытов Ж. Шығармалары. -Алматы, 1989. -558 б.

95. Ай, заман-ай, заман-ай. -Алматы, 1991. -495 б.

96. Құнанбаев А. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. -Алматы, 1961. -684 б.

97. Абайдың ақын шәкірттері. -Алматы, 1993. - 223 б.

98. Жансүгіров І. 5-томдық шығармалар жинағы, 1-ші том, -Алматы, 1986.- 325 б.

99. Ергөбеков Қ. Хат жаздым, қалам алып // Жұлдыз, -1987, №12.-206 б.

100. Торайғыров. С. 2-томдық шығармалар жинағы, 1-ші том,

-Алматы, 1993. -270 б.

101. 29. VІІІ., жылы белгісіз. ҚазССР Мемлекеттік архиві, 1634 фонды, 1опись, -92 б.

102. Смайылов Ә. Елге хат // Жалын, -1986 -№2, -111 б.

103. Қажи С. Хат. Еркін Ібітановқа // Әдебиет айдыны, -2005. -№34, 11 б.

104. Күлеев Б. Таңдамалы шығармалары. -Алматы, 2000.-282-б.

105. Мағауин М. Аласапыран. -Алматы, 1988. -825 б.

106. Бұлқышев Б. Адамзатқа хат. -Алматы, 1977. -206 б.

107. Мүсірепов Ғ. І.Омаровқа соңғы хат // Жалын, -1986. -№1, Б.112

МАЗМҰНЫ




АЛҒЫ СӨЗ………………………………………………….…….. 3

1ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ СТИЛЬ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СТИЛЬДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


1.1 Эпистолярлық стильдің зерттелуі.................................................... 7

1.2 Эпистолярлық стильдің функционалдық стильдер жүйесіндегі орны .....................................………………...... 12




    1. Қазақ хат жазу дәстүрінің қалыптасып дамуы мен оған

әсер еткен әлеуметтік- этнографиялық жағдайлар….......... 26
1.4 Қазақ әдеби тілінің эпистолярлық стилі…………...…. 38
2 ХАТ МӘТІНІ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ ҚОЛДАНЫСЫ.……………................................................. 62
2.1 Фонетикалық ерекшеліктері…………..………............... 65
2.2 Лексикалық ерекшеліктері………………………............ 74
2.3 Грамматикалық ерекшеліктері………………......………. 87
2.4 Көркем шығармада эпистолярлық стильдің

көрінісі…………………………………………….....…...…..... 95
ҚОРЫТЫНДЫ………….………………………….…......…… 115
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……............... 120

Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы
Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің

лингвистикалық сипаты

Басуға қол қойылған күні

Пішімі Офсеттік қағаз

Шартты баспа табағы Есептік баспа табағы



Таралымы 1000 Тапсырыс №






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет