Әбілқайыр хандығы Жоспар



бет4/4
Дата13.05.2022
өлшемі315,44 Kb.
#142998
1   2   3   4
Байланысты:
10 Ә

Әбілқайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Шайбан әулеті басқарған ұлыстардың өздері қарсылық көрсетті. 1446 жылы Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілқайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. Жошы әулетінің ішінде Орда-Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек Әбілқайырға қарсы шығып отырды.

Хандықтың әлсіреуі

Әбілқайыр 1456-1457 жылдары Сығанақ қаласы түбегінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттармен соғыста жеңіліп қалады.Хан бұл аймақты тастап, Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр хан өзінің жеңілісін ішкі бақталастық пен қайшылықтардың шиеленісуінен көріп, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды қарастырады.Өзіне бағынбай , Жетісу аймағына Моғол хандығының жеріне ауып кеткен Жәнібек пен Керей сұлтандарды жазалауды ойластырады. Осы оймен 1468 жылы Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады.Жорық кезінде Әбілқайыр хан Алматы маңындағы Аққыстау деген жерде қайтыс болады.


Ішкі саясаты

10

20

30

40

Термин

10

20

30

40

Билеушілер

10

20

30

40

Сыртқы саясаты

10

20

30

40

Дешті Қыпшақ халқының негізін қалаған ру - тайпалар деректерде қандай атпен белгілі?

<<92 баулы өзбек тайпалары >>ретінде белгілі

Әбілхайыр хандығы халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктенген қандай тайпалар жатты?

Қыпшақ, найман, қият, маңғыт

Әбілхайыр мемлекеті басқаша қандай атауларға ие болған?

Өзбек ұлысы, Әбілхайыр ұлысы, Көшпелі өзбектер мемлекет

Әбілқайыр хандығының орталығы, Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы саудаға ыңғайлы қала?

Сығанақ

Шайбанидтер деген кімдер?

Шайбан әулетінен шыққан билеушілер және Шайбан ұлысының тұрғындары

Қалмақтар деген кімдер?

Ойрат тайпаларының түрікше атауы

Көшпелі өзбектер қандай еңбекте баяндалған?

Масуд ибн Усман Кухустанидың «Тарихи Абулхайрхани» еңбегінде баяндалды

Ойраттарды өзге моңғолдар қалай атаған?

Жоңғарлар немесе сол қанат деп атаған

Әбілқайыр 17 жасында таққа отырғанда оны екі жүздей ру тайпалар қолдаған жайлы кім айтады?

Махмуд ибн Уали

Әбілқайыр қайтыс болған қай жер?

Алматы маңындағы Аққыстауда

Әбілхайыр хан қай елге кепілдікке 3 жасар немересін беріп жіберді?

Ойрат

Әбілхайыр Шайбани қай жылы және қай қалада хан болып жарияланды?

1428 жылы, Батыс Сібірде Тура қаласында

1430 жылы Әбілхайыр қай жерлерді басып алып, тонайды?

Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды

Әбілқайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алуы қай ру-тайпаларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті?

Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы

XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілқайыр Мауеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, қай аймақтарға талау-тонау жорықтарын жүргізді?

Самарқанд пен Бұхара

Әбілқайыр хандығын әлсіреткен Cығанақ түбіндегі ойраттармен болған соғыс уақыты қандай?

1456-1457ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет