Пәннің атауы – Аналитикалық химияның теориялық негіздері Кредит саны – 5 ЕCTS Курс, семестр – 2 курс, 3 семестр Білім бағдарламасының атауы және шифры – Физикалық және химиялық ғылымдар / 6В05301 - Химия Институт – Жаратылыстану және география Кафедра – Химия Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі – Қожағұлова Жанар Рахымжановна, аға оқытушы Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) – 8-777-397-27-97, Kozhagulova.zh@gmaіl.com.
2. Бақылау түрі (жазбаша түріндегі емтихан)*
Критериалды бағалау: Үй тапсырмаларының немесе МӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойысізоқылатынматериалдыпайдаланасыз.
МӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін МӨЖ қабылданбайды.
«АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АҒЫМДАҒЫ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ
Білім алушы:
A
- оқу материалдарын шығармашылық деңгейде, қосымша материалдарды қолдана отырып, дәлелді түрде меңгерген;
- оқу материалдарының проблемалық аспектілерін айқындай алады;
- алған білімді креативті түрде өмірлік жағдаяттарды шешуде қолдана алады.
A-
- білім беру бағдарламасы негізінде оқу материалдарын толық меңгерген;
- оқу материалдарын қосымша материалдармен толықтыра/дәлелдей алады; - алған білімді
- оқу тапсырмаларын шығармашылықпен/өзбетінше орындайды;
- оқу тапсырмаларын орындауда елеусіз қате жіберуі мүмкін.
B+
- алған білімді шығармашылықпен практикада/түрлі жағдаяттарда қолдануға дағдыланған;
- тапсырманы орындауда сыни көзқарасы қалыптасқан;
- оқу іс-әрекеттерін жетілдіруді жоспарлай алады.
B
- тапсырманы орындауда алған білімді типтік/проблемалық жағдаяттарда қолдана алады вариациялық тапсырмаларды орындауға дағдыланған;
- шығармашылық тапсырманы топпен орындауда белсенділік танытады, өз қатесін дер кезінде көре біледі.
B-
- білім беру бағдарламасы негізінде оқу материалдарын меңгерген;
- оқу материалдарының біртұтастығын, ондағы себеп салдарлы байланыстарды ажырата алады.
C+
- тапсырманы типтік жағдайда орындауға дағдыланған, вариациялық тапсырмаларды орындауы төмен;
- тапсырманы өзбетінше орындауда оқу іс-әрекеттерінде қателік жібереді, шығармашылық тапсырмаларды топпен орындайды.
C
- теориялық білімді жаңа жағдаятта және/немесе практикалық тапсырманы орындауда қолдана алмайды.
C-
- оқу материалдарын меңгеруге қызығушылығы бар, оқу нәтижесі тиісті деңгейге жеткіліксіз;
- оқу тапсырмаларын топпен орындайды, талқылау, пікірталасқа қатысы төмен.
D+
- оқу материалдарының мазмұнын репродуктивті деңгейде меңгерген;
- алған білімді практикалық іс-әрекетте қолдана алмайды;
- тапсырманы өзбетінше орындауы мен оқу жетістіктері жеткіліксіз.
D
- оқу материалдары құрылымының біртұтастығын (себеп-салдарлы байланыстарын) түсінбейді;
- тапсырмаға берілген жауабы дұрыс емес;
- тапсырманы өзбетінше орындауға дағдыланбаған.
F
- ғылыми терминнің мән-мағынасын білмейді;
- иммитациялық тапсырмаларды орындай алмайды;
- алған білімін күнделікті жағдаяттарда қолдана алмайды.