Еcts курс, семестр – курс, семестр



бет3/5
Дата09.10.2022
өлшемі156 Kb.
#152339
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
СИЛЛАБУС ХН 2022-23
Білім беру ба?дарламасы тобы Химия О?ытушылар а?а о?ытушы Манапо
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3+Емт∙0,4


3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының түрі: ТК (КВ)
«Аналитикалық химияның теориялық негіздері» пәні химиялық анализдің теориялық негіздері мен әдістерін зерттейді: заттың сапалық құрамын анықтайтын әдістерді жетілдіреді, яғни, қандай элементтерден, элементтер тобынан немесе иондардан тұрады. Сапалық химиялық анализ элементтердің, иондардың қасиеттеріне және бейорганикалық химияның теориялық мәселелеріне – массалар әсер заңына, химиялық тепе-теңдікке, электролиттік диссоциация теориясына, амфотерлікке, тұздар гидролизіне, тотығу-тотықсыздану реакцияларына, комплексті қосылыстар теориясына және т.б. сүйенеді.
Пәннің мақсаты: студенттердің аналитикалық анализ әдістерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, сапалы талдаудың теориялық негіздерін зерделеу, сапалық анализден алған білімдерін қоршаған орта объектісі анализінде пайдалана білу, сонымен қатар педагогикалық кәсіби іс-әркетінде қолдану; белгісіз қоспаның сапалық анализін жасай білу; әр түрлі есептеулерде негізгі химияның заңдары мен заңдылықтарын пайдалана білуі мен эксперименттік жұмыстар жасай білу құзыреттіліктерін қалыптастыру.
«Аналитикалық химияның теориялық негіздері» пәнінің негізгі міндеті – білім алушыда ББ бағдарламасы бойынша пәндік құзыреттіліктерімен қатар келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
- практика жүзінде эксперименттер жасап, зертханалық жұмысқа икемділік пен дағдысын қалыптастырады;
- ақпаратты іздеудің, жинаудың, өңдеудің, талдаудың, берудің және түсіндірудің әртүрлі әдістерін қолдануды біледі;
- ғылыми ақпараттарды логикалық және дәйекті түрде түсініп, жеткізе біледі (ауызша жауап, визуализацияны қолдану арқылы есеп бере алады (презентация, модельдер, диаграммалар));
- қойылған міндеттерге қол жеткізудің балама тәсілдерін көре біледі, оларға жетудің тиімді әдістерін таңдай алады;
- топта тиімді жұмыс істеуді біледі, практикалық жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды:
- нақты аналитикалық мақсаттарды шешу үшін жаратылыстану пәндерінің заңдылықтарын ескере отырып тиімді шешім қабылдай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет