Берілген сөйлем
|
Атауыш
(мағынасы бар)
|
Көмекші
(жеке тұрғанда
мағынасы жоқ)
|
Одағай
(толық мағынасы жоқ,
сұраққа жауап бермейді)
|
Пай – пай
|
|
|
Адамның көтеріңкі көңіл күйін білдіреді
|
Сөзі
|
Әннің мәтіні
|
|
|
Мен
|
|
Сөз, саз сөздерін байланыстырады
|
|
Сазы
|
Әннің әуені
|
|
|
Келіскен
|
Үйлесімді
|
|
|
Ән
|
Өнер туындысы
|
|
|
Екен
|
|
Негізгі сөзге тіркесіп, қосымша мән үстейтін көмекші етістік
|
|
Сөз таптары
Сөздердің білдіретін мағынасына, тұлғасына, сөйлемдегі жеке қызметіне қарай топтарға бөлінуін сөз таптары дейміз.
Атауыш сөздер
Морфология
|
Сөз таптары
|
Атауыш сөздер
|
Есімдер тобы
|
1. Зат есім
|
2. Сын есім
|
3. Сан есім
|
4. Есімдік – орынбасар сөз
|
|
5. Етістік
|
6. Үстеу
|
7. Еліктеу сөз
|
|
Көмекші сөз
|
8. Шылау
|
|
Оқшау сөз
|
9. Одағай
|
Зат есім
Зат есімге кім? не? кімі? несі? кімім? нем? кімің? нең? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер, яғни барлық айналаны қоршаған ортадағы зат, құбылыс атауы боп танылатын сөздер енеді.
Ережесі
|
Түрлері
|
Мысал
|
Біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер
|
Жалпы есім
|
Тау, құс, адам, өсімдік, т.б.
|
Арнайы берілген есімдер мен атаулар
|
Жалқы есім
|
Алатау,Ақерке,Жетісу,т.б.
|
Нақтылы тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есімдер
|
Деректі зат есім
|
Кітап, маман, дос, су, т.б.
|
Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары
|
Дерексіз зат есім
|
Ауа, ой, бақыт, арман, т.б.
|
Зат есімнің түрлері
Негізгі зат есім
|
Туынды зат есім
|
Күрделі зат есім
|
Тек түбірден жасалған зат есімдер
|
Жұрнақ жалғану арқылы жасалады
|
Екі не бірнеше сөздің бірігуі,қосарлануы,тіркесуі,қысқаруынан жасалады
|
Отан, ер, есім, т.б.
|
Қуан+ыш, шат+тық, т.б.
|
Аққу, дос – жарын, ҚазҰУ
|
Берілген
мысал
|
Жалғанған
Жұрнақ
|
Туынды сөздің лексикалық мағынасы
|
Балық
Не?
|
-шы
|
Судағы тіршілік иесі балық жұрнақ жалғану арқылы балық кәсібімен шұғылданатын жанға айналды, балық+шы. Кім?
|
Бала
Кім?
|
-лық
|
Адамзат ұрпағының жас өкілінің атауынан жұрнақ жалғану арқылы адамның тіршілік кезеңінің атауы туындағанын байқайсыңдар, бала+лық. Не?
|
Біл
Не істе?
|
-гіш+тік
|
Әрекет атауына жұрнақ жалғанған сәттен адамға тән қабілет сынына, қасиетіне тән сөз пайда болды, біл+гіш. Кім? (білгім келді, білгіштік жақсы қасиет)
|
Зат есімнің түрлері (қосымша мәлімет)
Есімдерден зат есім тудыратын негізгі
жұрнақтар
|
Мысалдар
|
-шы, -ші
|
қайық+шы, есеп+ші, ән+ші, т.б.
|
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
|
оқу+лық, дос+тық, жеңіл+дік, т.б.
|
-шылық, -шілік
|
көп+шілік, бас+шылық, т.б.
|
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес
|
ауыл+дас, мүдде+лес, серік+тес, бауыр+лас, т.б.
|
Есімдерден зат есім тудыратын негізгі
жұрнақтар
|
Мысалдар
|
-кер, -гер, -хана, -стан (фонетикада үндес-тік заңына бағынбайтын жұрнақтар )
|
айла+кер, сауда+гер, ем+хана, Өзбек+стан, гүл+стан.
|
Зат есімнің рең мәнін тудырушы
(түрлендіруші) жұрнақтар
|
Мысалдар
|
-шақ, -шек, -ша, -ше
|
құлын+шақ, келін+шек, көрпе+ше, жастық+ша
|
-жан, -тай, -й, -еке
|
әке+тай, апа+жан, аға+й, ағ(а)+еке
|
-шық, -шік, -сымақ, -қан
|
қап+шық, көл+шік, киім+сымақ, бота+қан, т.б.
|
Етістіктен зат есім тудыратын
жұрнақтар
|
Мысалдар
|
-қ, -к, -ық, -ік
|
сана+қ, тіре+к, сыз+ық, түкір+ік
|
-ым, -ім, -м
|
ал+ым, біл+ім, тоқта+м
|
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
|
аялда+ма, тер+ме, мін+бе, қос+па
|
-ыс, -іс, -с
|
айт+ыс, күйзел+іс, шайқа+с
|
-қыш, -ғыш, -кіш, -гіш
|
жыл(ы)т+қыш, жап+қыш, тоңазыт+қыш, сүрт+кіш
|
-ыш, -іш
|
қуан+ыш, түйреу+іш
|
Сын есім
Сын есім – заттың сапасы мен сынын, көлемі, түр – түсі, сипатын білдіретін сөздер. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есім тұлғасына қарай негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер болып, ал құрамына қарай дара және күрделі сын есімдер болып бөлінеді.
Сын есімнің белгілері
|
1. Заттың түрін, түсін білдіреді
|
Ақ, қара, т.б.
|
2. Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді
|
Үзын, аласа, кең, ауыр, т.б.
|
3. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді
|
Әдемі, жақсы, жалқау, т.б.
|
4. Заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді
|
Қышқыл, жұмсақ, тәтті, т.б.
|
5. Затқа, қимыл, іс – әрекетке, мезгіл – мекенге қатысты сынды білдіреді
|
Таулы, білімді, жазғы, жерсіз, ертеңгі, айдай, т.б.
|
Сын есімнің жасалуы
Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді
|
Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған (өзге сөз табынан) сын есімді туынды сын есім дейді.
|
Жақсы, әсем, асыл, ақ, сұлу, т.б.
|
Арыстан-дай, су-лы, тер-шең, отты, ауыс-палы, бағын-ыңқы
|
Туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктерден де жасалады.
Есім сөздерден сын есім тудыратын
негізгі жұрнақтар
|
Етістіктен сын есім тудыратын
негізгі жұрнақтар
|
1
|
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті:су-лы, сәт-ті, өнер-лі, сән-ді, дарын-ды, бағыт-ты, т.б.
|
1
|
-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек: тырыс-қақ, тоң-ғақ, үр(і)к-ек, т.б.
|
2
|
-сыз, -сіз: ой-сыз, ел-сіз, жан-сыз, т.б.
|
2
|
-ық, -ік, -қ, -қ: сын-ық, и(і)ре-к, біт-ік, т.б.
|
3
|
-ғы, -гі, -қы, -кі: сырт-қы, соң-ғы, түн-гі, жаз-ғы, т.б.
|
3
|
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сен-гіш, айт-қыш, т.б.
|
4
|
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, мәрт-тік, өлке-лік, т.б.
|
4
|
-ғыр, -гір, -қыр, -кір: ұш-қыр, ал-ғыр, біл-гір, т.б.
|
5
|
-шыл, -шіл: ұйқы-шыл, үй-шіл, сыр-шыл, т.б.
|
5
|
-шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, т.б.
|
6
|
-шаң, -шең: сөз-шең, ашу-шаң, т.б.
|
6
|
-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі: көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы, т.б.
|
7
|
дай, -дей, -тай, -тей: үй-дей, ай-дай, ат-тай, т.б.
|
7
|
-ынды, -інді, -нды, -нді: асыра-нды, түй-інді, т.б.
|
8
|
-кер, -гер, -қой, -қор, -паз (-ымпаз, -імпаз): айла-кер, шай-қор, әсем-паз, т.б.
|
8
|
-малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, жылжы-малы, көш-пелі, т.б.
|
9
|
-и, -ы, -і: тарих-и, дүнияу-и, қазақ-ы, араб-ы, т.б.
|
9
|
-ымды, -імді, -мды, -мді: шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді, т.б.
|
Ескерту:
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы зат есім де жасайды. Салыстырыңдар: орам-дық (қағаз), адал-дық.
-сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шаң, -шең жұрнақтары үстеуде кездеседі. Салыстырыңдар: тер-шең (жігіт), көйлекшең (отырды). Зат есімнен тіркескенде сын есім, етістікпен тіркескенде үстеу қызметінде жұмсалады.
|
10
|
-аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб(п)-еген, қаб(п)-аған, т.б.
|
11
|
-улы, -улі: қантар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы, т.б.
|
12
|
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, (етістіктің болымсыз түрінде кездеседі) т.б.: боя-ма, кес-пе, қыз-ба.
|
Сын есімнің мағыналық түрі
Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын сын есім - сапалық сын есім
|
Заттың сын-сипатын басқа сөз табының (зат есім, есімдік, етістік, үстеулерге жұрнақ жалғанып жасалған туынды сын есім) қатысы арқылы білдіретін сын есім- қатыстық сын есім
|
Жасыл (ағаш), қызғылт (көйлек), ыстық (нан), әдемі (зат), т.б.
|
Темірдей (тәртіп), сусыз (жер), мейірімді (жан), кестелі (орамал), т.б.
|
Сан есім
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.
Сан есім құрамына қарай дара сан есім, күрделі сан есім, тұлғасына қарай негізгі сан есім, туынды сан есім болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |