Әдеби тіл және оның нормалары Қоғам мүшелеріне қызмет ететін жалпыға ортақ, түсінікті тіл әдеби тіл



бет12/38
Дата20.05.2020
өлшемі104,35 Kb.
#69975
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Байланысты:
Қазақ тілі 6 сынып

Сан есімнің емлесі

1.Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады.

Мысалы: жиырма бес, бір миллион жеті жүз алпыс бес мың.

2. Цифрмен берілген сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.

Атам 70 – ке толды. Інімнің жасы 10 – нан 11 – ге қарады.

3. Реттік сан есімдер араб цифрымен таңбалағанда, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады

6 – сынып, 5 – қатар, 20 – есеп, 123 – мектеп, т.б.

4. Ал рим санымен берілсе дефис қойылмайды.

VI сынып, XX ғасыр, V қатар, т.б.

5. Жыл, ай, ғасыр, күннің ретін білдіретін сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды.

1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз, т.б.

6. Екі, алты, жеті есептік сан есімдеріне жинақтық сан есім жасайтын –ау, -еу жұрнақтары жалғанғанда, түбір соңындағы [ы, і] дыбыстары түсіп қалады.

Ек(і)еу, алт(ы)ау, жет(і)еу.

7. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, олардан кейін келетін қосымшалар дефис арқылы жазылады.

10 – даған, 20 – дай, 1000 – дап, 50-55-тердегі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет