1. –ла, -ле, -да, -де, -та, -те:
а) дене мүшелері атауларынан жасалады:
жұдырық-та, иек-те, қол-да, уыс-та, тіс-те, өкпе-ле, ұрт-та, мойын-да, арқа-ла,
қолтық-та, желке-ле, шынтақ-та, т.б.
ә) тұрмыс жабдықтары атауларынан жасалады: балта-ла, арқан-да, шеге-ле, жүген-де, тізгін-де, үтік-те, тырма-ла, ноқта-ла, құрық-та, т.б.
б) бұйым атауларынан жасалады: сабын-да, қаңылтыр-ла, тақтай-ла, алтын-да, күміс-те, т.б.
в) өлшем атауларынан жасалады: адым-да, метр-ле, тонна-ла, т.б.
г) төл атауларынан: бота-ла, лақ-та, құлын-да, бұзау-ла, т.б.
ғ) зат есімнен: ой-ла, тәрбие-ле, сый-ла, тең-де, т.б.
д) сын есімнен: ақ-та, көк-те, жақсы-ла, жаман-да, т.б.
е) сан есімнен: екеу-ле, үшеу-ле, т.б.
ж)үстеуден: жоғары-ла, төмен-де, ілгері-ле, т.б.
з) еліктеу сөздерден: жымың-да, шіңк-іл-де, жарқ-ыл-да, бұрқ-ыл-да, т.б.
л) одағайлардан: уһ-ле, ойбай-ла, құрау-ла, т.б. жасалады.
|