Есімдік
Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы есімдіктер кейде орынбасар сөздер деп аталады. Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес, 60 – 70 – тей
Жіктеу есімдігі
Белгілі бір (затқа, адамға қатысты) жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.
Жақ
|
Жекеше
|
Жақ
|
Көпше
|
І
|
Мен (айтушы, сөйлеуші)
|
І
|
Біз (айтушылар, сөйлеушілер)
|
ІІ
|
Сен (тыңдаушы)
|
ІІ
|
Сендер (тыңдаушылар)
|
ІІ (сыпайы түрі)
|
Сіз (тыңдаушы)
|
ІІ
|
Сіздер (тыңдаушылар)
|
ІІІ
|
Ол (бөгде жақ)
|
ІІІ
|
Олар (бөгде жақ)
|
Жақ
|
Жекеше
|
Жақ
|
Көпше
|
І
|
оқушымын
сұрадым
|
І
|
оқушымыз
сұрадық
|
ІІ
|
оқушысың
сұрадың
|
ІІ
|
оқушысыңдар
сұрадыңдар
|
ІІ (сыпайы түрі)
|
оқушысыз
сұрадыңыз
|
ІІ
|
оқушысыздар
сұрадыңыздар
|
ІІІ
|
оқушы
сұрады
|
ІІІ
|
оқушылар
сұрады
|
Сілтеу есімдігі
Сілтеу есімдіктері нәрсені құбылысты, оқиғаны нұсқау, меңзеу, сілтеу сияқты мағынаны білдіреді. Сілтеу есімдіктері мыналар: бұл (бұ), осы, осынау, (осына), сонау (сона), ол, сол, мына, мынау (мына), анау (ана), әне, әнеки, міне, мінеки. Қай? қайсы? деген сұрауларға жауап береді.
Сұрау есімдігі
Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған барлық сұрақтар сұрау есімдігі болып саналады. Сұрау есімдігі: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? және т.б. сұрақтарға жауап береді.
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі деп заттар мен құбылыстарды, сындық белгі мен сан – мөлшерін нақты емес, жорамалдап нұсқап, меңзейтін есімдік түрін атаймыз.
Белгісіздік есімдігіне (кей) бір, әр, әлде деген сөздерден жасалған есімдіктер жатады: 1. бір, бірдеме, бірдеңе, бірнеше (бір кітап – есептік сан есім). Жұмыссыз жүрген бір (есімдік) де жан жоқ. (Ы.А). бір – еу, (кітабым біреу – жинақтық сан есім. Үйге біреу (есімдік) келіп кетіпті. Біреу-лер-ің-е, біреу-лер-ің-нен, біреу-лер-іңіз-бен, біреу-іміз-дің, (-ге, -ді, -де, -ден, -бен) қай-бір, қайсы-бір, қайсы-біреу, қайсыбіреу-лер-ге, т.б. 2. әр-бір, әр-біреу, әр-біреу-ің-е, әр-кім, әр-кімнің, әр-кімге, әр-кімді, әр-кімде, әр-кімнен, әр-кіммен, әр-не, әр-ненің, әр-неге, әр-нені, әр-неде, әр-неден, әр-немен, әр-қашан, әр-қалай, әр-қайсысы. 3. кей-бір, кей-біреу, кей-біреу-лер, кей-біреу-лер-ің-е, кей-біреу-дің, кей-біреу-ге, кей-біреу-ді, кей-біреу-де, кей-біреу-ден, кей-біреу-мен. 4. әлде-бір, әлде-біреу, әлде-біреу-лер, әлде-не, әлде-ненің, әлде-неге, әлде-нені, әлде-неде, әлде-неден, әлде-немен, әлде-неше, әлде-кімнің, әлде-кім, әлде-кімге, әлде-кімді, әлде-кімнен, әлде-кіммен, әлде-қашан, әлде-қалай, әлде-қайдан деген көптік, тәуелдік, септік тұлғадағы есімдіктер жатады. 5. қай-бір, қайсы-бір, қай-біреулер.
Әлде, әр, кей, қай, бір есімдіктері өзге есімдіктермен тіркескенде бірге жазылады. Әлдеқашан, кейбіреу, т.б.
|
Әлде, әр, кей, қай, бір есімдіктері зат есіммен тіркескенде бөлек жазылады. Әр жан, кей кісі, т.б.
|
Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме (бірдеңе) әрне, әлдекім, әркім, әлдене, әрбіреу, әрқайсысы, әлдебіреу тәрізді белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жүреді.
|
Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан есімдіктері үстеу мәнінде мезгілдік, мекендік мағынаны білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.
|
Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір, әлдебір, әлдеқандай есімдіктері сын есім орнына жүреді.
|
Бірнеше, әлденеше, есімдіктері сан есім орнна жүреді.
|
Жоғарыдағы мысалдардан байқалып тұрғандай, белгісіздік есімдігі түбір тұлғада да (бір, әр, кей, әлде) және туынды тұлғада да (біреу, әркім, кейбір, әлдеқашан, т.б.) келе береді.
|
Өздік есімдігі
Өз есімдігі түбір тұлғада басқа сөздермен тіркесіп келіп иемдену мағынасын береді. Түбір тұлғада өздік есімдігі зат есімді анықтап тұрады. Мысалы: өз үйім, өз балам, өз еңбегім, өз жұмысым, өз жұрттың, өз табысың, өз ақылың, өз елі, өз жері, өз топырағы, т.б.
Жалпылау есімдігі
Мағыналық жақтан кем дегенде екі я одан көп заттар мен құбылыстарды жинақтап, жалпылап айтатын есімдік түрі жалпылау есімдігі деп аталады.
Жалпылау есімдігіне: бәрі, бар (бар адам), барлық, барша, бүкіл, (бүтін, бүткіл) күллі, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Жалпылау есімдіктері бір – бірімен синонимдес болып келеді.
Түбір есімдіктер
|
Туынды етістіктер
|
Жалпы, бар, бүкіл, күллі
|
Барлық, барша
|
Болымсыздық есімдігі
Есімдіктің болымсыздық мағынаны білдіретін түрі болымсыздық есімдігі деп аталады.
Болымсыздық есімдіктері
|
Еш, еш-кім-нің, еш-кімге, еш-кімді,еш-кімде, еш-кім-нен, еш-кіммен (септеліп тұр), ешкім-ім, ешкім-ің, ешкім-іңіз, ешкім-і, ешкім-іміз (тәуелденіп тұр)
|
Еш-бір, еш-қандай, еш-қайсысы, (-ның, -на, -н, -нда, -нан, -мен) ештеңе, ештеме-м, ештеме-ң, ештеме-ңіз, ештеме-міз, ештеме-сі, дәнеңе-лер-і, дәнеме-лер-і, түк, дым, бірде-бір, кімде-кім, еш-қайдан
|
Есімдіктердің емлесі, есімдіктен өткенді қайталау
Есімдіктердің жазылуын есте сақтаңдар. 1. Қосарлану арқылы жасалған күрделі есімдіктер дефис арқылы жазылады. Мысалы, кімде-кім, кімде-кімге, өзімен-өзі, бірде-бір, қандай-қандай. 2. Еш, әр, кей, қай, қайсы, әлде, бір есімдіктері есімдікпен тіркесіп келгенде бірге жазылады. Мысалы: ешкім, әрқалай, қайбір, әлденеше, бірнеше, кейбіреу, әрқайсысы, т.т. 3. Еш, әр, кей, қай, қайсы, әлде, бір деген сөздер зат есімдермен тіркесіп келгенде бөлек жазылады: әр адам, әр уақытта, әр нәрсе, кей жылы, қай кезде, еш жұмысым жоқ. 4. Бір деген белгісіздік есімдігі мына сияқты тіркестерде бөлек жазылады: белгілі бір, бейне бір, екінші бір (екінші бір айтатын әңгіме), неше бір, (неше бір түсінбесең де). 5. Неше? деген есімдікке –інші жұрнағы қосылғанда, неше есімдігінің соңындағы [е] дыбысы айтылмай қалады және бұл жазылмайды да: неше-інші – нешінші.
Достарыңызбен бөлісу: |