Күрделі туынды үстеулер
1. Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеулер: таң+ертең, әлде+кімше, бір+қатар, бір+қыдыру, т.б. (белгісіздік, болымсыздық есімдіктері етістікпен тіркесіп, үстеу мағынасында қолданыла береді). Түбір тұлғасын сақтамай кірігу арқылы жасалған күрделі үстеулер: бүгін-(бұл күн), биыл-(бұл жыл), жаздыгүні-(жаздың күні), ендігәрі-(ендігіден әрі, бұдан кейін), бүрсігүні-(ертеңнен арғы күн), сөйтіп, өйтіпө бүйтіп-(солай, олай, былай етіп), т.б.
2. Қосарлану арқылы жасалған күрделі үстеулер: күні – түні, енді – енді, бір – бірлеп, анда – санда, оқта – текте, зорға – зорға, тектен – текке, жапа – тармағай, алды – артына, өте – мөте, ілгері – кейін, өле – өлгенше, т.б.
3. Тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеулер: күні кеше, күндерде бір күн, күні ілгері, ала жаздай, ертеден қара кешке, алдын ала, қай күні, т.б.
Туынды үстеу тудыратын жұрнақтар
1. –ша, -ше: бала-ша (қуанды), ескі-ше (оқу), біздің-ше (бұлай ғой), әзір-ше (шыдай тұр) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |