5. Күшейткіш үстеу
|
қалай?
қандай?
|
әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, нақ, ыңғай, мейлінше, төтенше, әнтек, аса, нағыз, ерен, кіл, айрықша, өте-мөте, өте, орасан, керемет, мүлдем
|
6. Мақсат үстеуі
|
қалай?
не мақсатпен?
|
әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана, біле тұра
|
7. Себеп – салдар үстеуі
|
не себепті?
неге?
қалай?
|
босқа, бекерге, жоққа, құр босқа, текке, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан
|
Мезгіл үстеуі
Сұрақтары
|
Мезгіл үстеуіне тән белгілер
|
қашан?
қашаннан?
қай уақытта?
|
Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді.
|
Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Бүгін келді, ертең барады.
|
Мезгіл үстеулері құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
|
Бүгін, былтыр, кешке, баяғыда, ендігәрі, таң сәріде, ала жаздай, бағана, бұрын, т.б.
|
Мекен үстеуі
Сұрақтары
|
Мекен үстеуіне тән белгілер
|
қайда?
қайдан?
|
Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіреді.
|
Мекен үстеулері де, негізінен, етістікпен тіркеседі.
|
Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
|
Осында, мұнда, ілгері, жоғары, әрі-бері, арттан, т.б.
|
Сын – қимыл (бейне) үстеуі
Сын – қимыл (бейне) үстеуі іс – әрекет, қимылдың амалын,сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын – қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Сын – қимыл (бейне) үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді. Сын – қимыл үстеулері: лезде, тез, ақырын, әзер – әзер, бірте – бірте, қолма – қол, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |