Мөлшер үстеуі
Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемді дәрежесін, шама – шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? сияқты сұрақтарға жауап береді.
Мөлшер үстеулері бірде етістіктермен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама – шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сыннның мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша күлкілі емес, әжептәуір биіктепті дегенде, сонша едәуір мөлшер үстеулері күлкілі емес, биіктепті деген сұраққа жауап беріп, қимылдың шама – шарқын білдіріп тұр, соншалық әдепті (сыннның мөлшері) Мөлшер үстеуі де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Күшейткіш үстеу
Заттың сынын немесе қимылдың, іс – әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп немесе солғындатып көрсететін үстеу түрі күшейткіш үстеу деп аталады.
Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады
|
Біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді
|
Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді
|
Ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т.б.
|
Мүлдем шаршаған, керемет сөйлейді
|
Аса, тым, ең, өте, т.б.
|
Мақсат үстеуі
Қимылдың, іс – әрекеттің болу мақсатын білдіреді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |