Айналадағы (табиғаттағы) әртүрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл – әрекеттеріне еліктеуден туған немесе қимыл әрекетті бейнелеп тұратын сөздер еліктеу сөздер деп аталады.
Еліктеу сөздер айналадағы құбылыстар арасындағы әртүрлі қатынастарды бейнелі түрде дәл жеткізудің бір құралы болып табылады. Көркем әдебиетте де, ауызекі тілде де кеңінен қолданылады.