Сөзжасамнан өткенді еске түсіру
Сөздер
|
|
Тұлғасына қарай
|
Құрамына қарай
|
1. Түбір, негізгі сөз (дана, ой)
2. Туынды сөз – қосымшалы сөз (дана + лық, ой + лы)
|
1. Дара сөз (әке, даналықты, ойлылыққа, т.б.)
2. Күрделі сөз:
1) Қос сөз (әкелі – балалы,ағайын – туыс, т.б.)
2)Біріккен сөз (Ақмола, сөйтіп, т.б.)
3)Қысқарған сөз (ЖАҚ – жабық акционерлік қоғам, ТЖО – техникалық жөндеу орталығы, т.б.)
4)Тіркесті сөз (он бес, тіл білімі, қызыл шырайлы, оқып отыр, ала жаздай, мектепке дейін, т.б.)
|
Қосымша
|
|
Жұрнақ
1. Сөз тудырушы
(тарих+и, көшпе-нді)
2. Сөз түрлендіруші
(жаз+ып, жаз+ған, үлкен+ірек, бес+інші)
|
Жалғау
1. Көптік (оқушы+лар)
2. Септік (оқушы+ның, оқу+ға, т.б.)
3. Жіктік (оқушы+мын, оқушы+сыз, т.б.)
4. Тәуелдік (оқушы+м, оқушы+ң, т.б.)
|
|
Сөз тұлғасы
Мысал сөз
|
Сөз бөлшектері
|
Қызығу –
шылық –
пен
|
Түбір
|
Қосымша
|
Қызық
|
Қызығ+ушы
|
Қызығушы+
лық
|
Қызығушы-
лық+пен
|
Жеке сөз бөлшек – терінің мағынасы мен қызметіне тоқталып, талдасақ
|
Омоним ретінде екі мағына білдіреді: 1. Құбылыстың сын-сипаты (тартымды деген мағынада);
2. Іс-әрекетке шақыру (көңіл аудару) мағынасында
|
-ушы қосымшасы сын есімнен зат есім мағынасындағы (зейін қойған адам мағынасындағы) сөзді тудырады
|
-лық бөлшегі зат есімнен зат есім (ын-та-зейін қою барысында қалыптасатын сезім атауы болып) тудырып тұр
|
-пен қосым – шасы жаңа сөз тудырмайды, сөйлем ішіндегі басқа сөзбен (мағы – налық үйле – сімде) байла - ныстырады
|
Қойыла – тын сұрақ-тар
|
1. Не?
2. Қандай?
|
Кім?
|
Не?
|
Немен?
Қалай?
|
Түбір мен қосымша
Түбірге жалғанатын бөлшектер қосымша деп аталады. Мысалы, кітап+хана, балық+шы, біл+ім, т.б.
Сөз тудырушы жұрнақ
|
Сөз түрлендіруші жұрнақ
|
Спорт+шы; ән+ші,би+ші
Спорт деген заттық ұғымды білдіріп тұрған сөзге жалғанған –шы жұрнағы (көз алдыларыңа сүйікті спортшыны елестетіп) мамандық иесін, белгілі спорт түрімен айналысатын адам туралы жаңа ұғымды тудырады.
|
Көк+шілтім(-ілдір); оқы+ды, көр+іп
Көк деген заттың сынын білдіретін сөзге жалғанған –шілтім жұрнағы сөзге жаңа мағына үстемелейді, мұнан жаңа сөз тумайды, тек сәл мағына түрленеді.Біз бояу түсінің реңі сәл ауысатынын сезінгенімізбен, жалпы түс өзгермейтінін байқаймыз.
|
Сөз тудырушы жұрнақ
|
Сөз түрлендіруші жұрнақ
|
Спорт. Не?
Спорт+шы. Кім?
|
Көк. Қандай?
Көк+шілтім. Қандай?
|
Жалғау – сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша. Жалғаудың төрт түрі бар. Олар: көптік жалғауы, тәуелдік жалғауы, септік және жіктік жалғауы.
Дара сөздер және күрделі сөздер
Сөздер құрамы жағынан екіге бөлінеді
|
Дара сөз (бір ғана сөзден тұратын негізгі және туынды түбір)
|
Күрделі сөз (екі немесе одан көп түбірден құралған сөз)
|
Сөздер құрамы жағынан екіге бөлінеді
|
Ауыл, ауылдас...
|
Ағайын – туыс, Екібастұз, екі жүз он бес, ҚазҰУ...
|
Біріккен сөздер
Екі я одан да көп түбірлер бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады.
Біріккен (құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталған) сөздер
|
Кіріккен (құрамындағы түбірлердің тұлғалары сақталмай, дыбыстық өзгерістерге ұшыраған) сөздер
|
Асқазан, саңырауқұлақ, т.б.
|
Бүгін (бұл-/бұ-л/+күн/гүн/-бүгін (бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сөздің әсерінен жіңішкеріп,[ұ][ү]-ге айналған,[л] дыбысы түсіп қалған)
|
Біріккен сөздердің емлесі
Біріккен сөздердің емлесі
|
1. Түбір тұлғалары сақталып, бірге жазылады. Талдықорған, Ақтау, шекара, көкқұтан, бірқыдыру
|
2. Әрбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске түскен қалыпта жазылады. Сөйткендіктен (солай еткендіктен деп емес),Қарагөз (Қаракөз), жаздыгүні - жаздың күні, т.б.
|
3. Еш,бір,әр,кей,әлде деген сөздер есімдіктермен бірігіп жазылады. Ешкім, бірталай, әрқашан, әлдекім, кейбіреу, т.б.
Ал жеке тұрып, зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда, бұл сөздер олардан бөлек жазылады.
Еш адам, кей жерде, бір мектепте, әр оқушы, т.б.
|
Қос сөздер
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып келуінен жасалатын күрделі сөздер қос сөздер деп аталады. Қос сөздер қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер болып бөлінеді.
Үлкен – үлкен Үлкенді – кішілі Биік – биік Ағайын – туыс Асқар – асқар Орман – тоғай Белес – белес Қызыл – жасыл
Достарыңызбен бөлісу: |