Қосарлама қос сөздер
Мағынасы бір – біріне жақын сөздер және қарама – қарсы мағыналы сөздер қосарланды
|
Құрт – құмырсқа, әке – шеше, ағайын – туыс. Үлкен – кіші, іші – сырты, аға – іні
|
Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағына-сыз
|
Келін – кепшік, бала – шаға
|
Екі сыңары да мағынасыз
|
Ығы – жығы, некен – саяқ
|
Қоғамдық даму аясындағы өзгерістер барысын-да кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер
|
Үгіт – насихат, оқу – ағарту, саяси – экономикалық, қазақшы – орысша, ғылыми – танымдық, т.б.
|
Қысқарған сөздер
Күрделі атауларының белгілі тәсілдерімен қысқартылып алынуын қысқарған сөздер дейді.
Күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Қосымша дефис арқылы жазылады.
|
БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары, ҚР – Қазақстан Республикасы
|
Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады. Қосымша дефис арқылы жазылады.
|
әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – де оқиды
|
Құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп құралады. Мұндай қысқарған сөздер кіші әріппен және оған қосымша дефиссіз қосылып жазылады.
|
Кеңшар – кеңестік шаруашылық, медколледждің – медициналық колледждің
|
Техника түрлерінің (ұшақ, машина, трактор, т.б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер. Мұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да, қосымша дефис (-) арқылы жалғанады.
|
ТУ – 154, ИЛ- 86, АН – 24 – пен ұштым
|
Әртүрлі өлшемнің атауы, мекенжайға қатысты белгілер де қысқарған сөздер болып табылады.
|
см. (сантиметр), т. (тонна), га. (гектар), ц (центнер) және даңғ. (даңғыл), көш. (көше), қ.,(қала), т.б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |