Әдебиет тарихын дәуірлеу әдеби-көркем дамудың бірқатар компоненттерін ғылыми-теориялық тұрғыдан саралауды қажет етеді. Осылардың ішінде дәстүр мен жаңашылдықтың алатын орны ерекше



бет3/4
Дата03.03.2023
өлшемі38,76 Kb.
#170991
1   2   3   4
Байланысты:
адебисын

Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң, қуан сол кезде.
Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос
деп жаңа сөз айтуы, - жаңа заманның жаңа ақынының әдебиет сахнасына шыққанын айғақтады. Кемеңгер суреткер үшін өзінің алдындағы ауызша дамыған авторлық поэзия, әлбетте, құнарлы дәстүр болды, бірақ бұлжымас қағида, айнымас үлгі болды деп үзілді-кесілді айта алмаспыз.

ХҮІІІ ғасырдың ортасы ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ поэзиясында туған эстетикалық көңіл-күйдің үлкен бір арнасы – отаршылдыққа қарсылық идеясы. Отаршылдыққа қарсылық сонау Бұқар жырау заманынан, одан беріде зар заман ақындарынан құнарлы орта тауып, ХІХ ғасырдың І жартысында Дулат, Мұрат, Шортанбай т.б. ақындардың шығармаларында кеңінен айтылады. Дулат пен Мұраттағы, Шортанбай мен Нарманбеттегі отаршылдыққа деген сын – дәстүрдің бұзылуы, жердің тарылуы, діннің әлсіреуі сияқты қазақ халқына ауыртпалық әкелген жайттарды бейнелеу арқылы, өз заманына өткенді қарама-қарсылықта бейнелеу арқылы көрінді. Мәселен, Дулаттағы (Кешегі бір заманда,//Қайран қазақ, қайтейін,// Қасиетті еді хан, қараң.// Мынау азған заманда,// Қарасы – антқор, ханы – арам.// Батыры көксер бас аман).


Сондай-ақ, отаршылдық зардаптары, оған қарсылық ХІХ ғасыр соңында және ХХ ғасыр басында ағартушылық идеялармен сабақтастырыла бастады. ХХ ғасыр басындағы ұлтты ояту, рухани жаңғыруға үндеу бағытындағы А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов өлеңдеріндегі ағартушылық пен сыншылдықта Абайдың дәстүрі сезіліп тұратын. Дегенмен ол қазақ қоғамындағы Абай заманына түбегейлі айырмашылығы бар жаңа кезең еді. Жаңа кезеңінің жаңа сөзін дәстүр салтындағы жаңа қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер емес, жаңа кезеңінің тарихи-қоғамдық жағдайында тәрбиеленген, қалыптасқан қаламгер айтуы тиіс еді. Ұлт-азаттық қозғалыстың идеялары Ахмет, Міржақып, Ғұмар т.б. шығармаларынан көрініс тапқанымен, оның көркемдігі, кемел көрінісі Мағжан шығармашылығына тән. А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатов саналы ғұмырларын ағартушық, қайраткерлік жолға арнады. Ал М.Жұмабаевтың ақындық қабілеті ұлт-азаттық идеяны көркем кестелеуге бейім тұратын. Жаңа дәуір ақынының «Тез барам», «Есімде...тек таң атсын», «Жер жүзіне», «Күншығыс», «Пайғамбар» өлеңдері отаршылдыққа қарсылықтың жаңаша жырланғанын байқатты. Ал, Алаш қозғалысы тұсында дүниеге келген Ғұмар Қараштың, Ахметқали Мәметовтың, Сәбит Дөнентаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жырларында бұл мәселе мүлде жаңа қырынан жаңа жігер, қызу қарқынмен жырланды. Бұл Алаш әдебиетінің игі дәстүрлері, тіпті Алаш қаламгерлерінің шығармаларына тиым салынған уақыттың өзінде қазақ ойында, сөз өнерінде өмір сүріп жатты. Сондықтан да Алаш мұрасы тәуелсіздік алған жылдары өзінің табиғи жетекші орнына келіп орнықты.


Әдеби дәстүрдің өмір сүруі қоғамдық-әлеуметтік жағдаяттардың ұқсас өрбуімен байланысты десек, жыраулық поэзияның кейінгі ғасырларға дейін жалғасуы осының айғағы. Бұған жыраулық дәстүрді арқау еткен ХХ ғасырдың бастапқы ширегіндегі әдебиеттің кейбір үлгілері айғақ. Бұл кезеңде жыраулық дәстүрді ұстанған Ақтан Керейұлы, Базар жырау, Қашаған Күржіманұлы тағы да басқалар өз шығармаларын тудырды. Классикалық кезеңі ХҮ-ХҮІІІ ғасырда өткен жыраулық поэзияның үлгілері ХХ ғасырдың басында сақталуы – жыраулардың әдеби-көркем дәстүрінің өміршеңдігін байқатады. Мәселен, Асан Қайғының:


Бұл заманда не ғаріп?
Ақ қалалы боз ғаріп,
Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қариялар болар тез шғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз-үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғарпі
деп келетін толғауының кейінгі дәуірдегі үлгісін Қашаған Күржіманұлынан көреміз. Кейінгі кезеңнің ақыны:
Бұл дүниеде не жетім?
Кім қажетсіз болса сол жетім.
Хакімі әділ болмаса,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет