Әдебиет тарихын дәуірлеу әдеби-көркем дамудың бірқатар компоненттерін ғылыми-теориялық тұрғыдан саралауды қажет етеді. Осылардың ішінде дәстүр мен жаңашылдықтың алатын орны ерекше



бет2/4
Дата03.03.2023
өлшемі38,76 Kb.
#170991
1   2   3   4
Байланысты:
адебисын

Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық
деген қарапайым шумақта көркемдіктен гөрі идеяшылдық басым. Ыбырай қазақ әдебиетіне оқу-ағарту тақырыбын алғаш әкелген педагог ақын. Оның өзге өлеңдерінде де, әңгімелерінде де оқу-ағарту тақырыбы осылай, қарапайым түрде көрінеді. Ал, Абайдың ағартушылығында идея автордың субъективті пікіріне айналып, мейлінше сезімге әсер етерлік қуатқа ие болады. Сонысымен де, Абай өлеңдеріндегі оқу-білім мәселесі көркемдігімен ерекшеленеді. 

Оның:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,


Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медрессеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім
деп жазуында оқу-білім идеясы автордың жеке өмірімен өзектесіп, субъективті реңк тудырады, соның нәтижесінде ақынның ойы нағыз көркем идеяға айналған. Ал, Мағжан поэзиясында мұндай ағартушылық идея жас ақынның әсіре субъективтілігіне көмкеріліп, романтика-сентименталистік ыңғайда айтылды. Оның «Ләззат қайда?», «Мен сорлы» өлеңдерінде автордың ішкі әлемі арқылы бейнеленген оқу-білім тақырыбы алдыңғы дәуірде туған ағартушылық идеяның мүлде жаңа ыңғайда көркемдік шешімге ие бола бастағандығын байқатты. Қандай да болмасын дәстүр жалғастығы шығармашылықпен игеруді, автордың дәстүр ауқымының өзінде жаңа ізденістерін байқатады. Бұл жөнінде М.Поляков: «Жаңа поэтикаға енген дәстүрлі элементтер бастапқыға қарағанда жаңа функцияға ие болады. Тарихи қалыптасқан поэзияның модельдері басқа уақыттың поэзиясына енгенде жаңа әдеби және мәдени жағдаяттардың ауқымында түбірлі өзгерістерге түседі» - дейді.
Әдебиет тарихындағы дәстүр мен жаңашылдық құбылысына көрнекі мысал боларлық әдеби деректердің бірі – поэзиядағы сыншылдық үрдісі. Сыншылдық, сынай отырып өнеге айту дәстүрі Абайға дейінгі дәуірде, арысы жыраулар поэзиясында, берісі Дулат пен Шортанбай замандарында молынан көрінгені мәлім. Алайда, қоғамдық қарым-қатынастардағы келеңсіздіктерді сынау, жеке адам болмысындағы кемшіліктерді мінеу, олардан қорытынды шығара отырып, игі, ізгі, иманды қасиеттерге қарай бейімдеу, бағыттау қазақ әдебиетінде Абай шығармашылығында толымды сипатқа айналғандығы мәлім. Сондай-ақ қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан философиялық сарындар өзінің ұлы қорытындысын Абайдан тапты. Абайға дейінгі ақындық поэзияда әлеуметтік сында пессимистік сарынның қабаты қалың келіп, ол заман ақындары қоғамдағы келеңсіздіктерді көбінесе ел басқарған адамдардың жағымсыз типтерін көрсету арқылы бейнелейтін. 

Мысалы:
Хан кеткен соң, халықтан қақпа ашылды,


Қақпа ашылса, табанға хан басылды.
Батыр кетті – қорғанның құлағаны,
Қақпасы жоқ, қорған жоқ – ел шашылды.
Жуан қамшы қол бастар көсем болды,
Елермелі екіесті шешен болды.
Би кетті малдылардың айтағында,
«Бәленді мұқатып бер» десең болды.
Жанақ ақын
Қызғыштың даусы көбейді,
Көлден аққу сырылып.
Қайырымы кеткен соң,
Мырзадан қоңсы жырылып,
Елім дер ер қалмады
Артына қарар бұрылып,
Тырнадан би сайладың,
Ашпассың, елім, көзіңді
Дулат Бабатайұлы
Бұл саладағы Абайдың жаңашылдығы өлеңде суреттелген жағдаяттарға терең субъективтілікпен келе отырып, әлеуметтік қатынастарды талдауға барды. Сондықтан да Абайдың сынында әлеуметтік талдау, адамның мінезін тану, мәселенің себебін ашу жағы басым тұратын. Кемеңгер ойшыл суреткер сынай отырып, ақыл айтатын, оның бұл ақылы жайдақ пікірден ада, терең ойға құрылған пәлсапалық ойлар еді. Сол себепті де Абайдың әлеуметтік сынының астарында үлкен ой, ірі қорытындылар жататын. Абайдың сыншылдығы жөнінде Ә.Қоңыратбаев: «Абайдың реализмі анық сыншылдық сатыға жеткен құбылыс. Оның бір басы феодализмге, екіншісі капитализмге тиеді. Осы белгілерде Абай поэзиясының өмірмен шындап туысуы, жарты ғасыр ішіндегі дала өмірінің энциклопедиялық суреті ғана емес, оның өскен талабы мен ой-санасының да елесі бар» деп жазды . 
Данышпан ақынның:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет