Әдебиет теориясы: кіріспе



Pdf көрінісі
Дата21.12.2022
өлшемі177,68 Kb.
#163864
Байланысты:
debiet-teoriyasy-krspe 6 lecture



6-дәріс
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ: КІРІСПЕ
Лингвистика және әдебиеттану
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
6. Лингвистика және әдебиеттану
2
Мақсаты: 
тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының байланысын, олардың арасындағы 
ұштастықты түсіндіру, көрнекті лингвист Фердинад де Соссюрдің зерттеулері мен ғылыми 
тұжырымдарын оқырмандарға таныстыру. 
Кілт сөздер:
лингвистика, тілдік қолданыс, дискурс, белгі, әдебиеттану, сөз өнері.
Лингвистика мен әдебиеттану – құстың қос қанатындай салалар. Бірінсіз-бірі өмір сүре 
алмайды. Лингвистика белгілі бір тілдің табиғатын, оның өзіне тән ерекшеліктерін, даму 
жолы мен қолданыс аясын зерттейді. Жалпы, адам баласының қатынас құралы ғана емес, 
сонымен бірге мәдени-ментальді болмысын танытатын тілдің ішкі және тысқы қасиет-бітімін 
таразылайды. Ал әдебиеттану ғылымының зерттеу нысаны туралы біз алғашқы дәрісімізде-ақ 
айтып кеткен болатынбыз. Оның ең басты нысаны – көркем мәтін. Ол жазбаша немесе ауызша 
болуы мүмкін. Қатар өмір сүре береді. Аталған қос ғылымның өзіне тән методологиялық 
ұстанымдары қалыптасқан. Материалдарды жинап, талдау жүргізіп, ғылыми-нақты бағасын 
беруге келгенде де олардың өз өлшемдері мен жүйелері бар екенін ескеруіміз керек. 
Дегенмен әдебиеттану ғылымы мен тіл білімін ұштастырып тұратын ортақ дүниелер аз 
емес. Өйткені екеуінің бастауы, түпқазығы филология ғылымы болып саналады. Халықтың 
тілдік қазына-байлығы, болмыс-бітімі көркем әдеби мұраларда жақсы сақталады. Әдеби 
мәтіндерде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан тілдің өзіне тән ерекшеліктері көрініс 
тауып, жергілікті тіл мен әдеби норма арасындағы алшақтық да бірден көзге түседі. Сонымен 
қатар, өз дәуірінің айнасы іспетті болған тарихи көркем туындылардан сол заманғы адамдардың 
тілдік-аксиологиялық жүйесін, мәдени-рухани болмысын тани аламыз. Тілдік дискурстар мен 
олардың өзгеру сипатына баға беруге жол ашық, яғни әдебиет тілдің келер ұрпаққа жетуінде 
айрықша зор мәнге ие. 
Көркем шығарманың басты материалы – тіл. Белгілі бір тілдің қазына-байлығын пайдала-
нып, ондағы көркем де кестелі сөздер мен сөз тіркестерін молынан қолдану арқылы ғана әдеби 
туынды дүниеге келеді. Тілдің құдіретінсіз шығарма құнының артпайтыны түсінікті. Тілсіз ешбір 
әдеби туынды жазылмас еді. Сол сияқты, көркем шығарманың шынайы бағасын беріп, оның 
тілдік даралығын анықтау үшін де лингвистика ғылымының берері аз емес. Әдеби зерттеулер 
жасаған кезде тіл білімінің көмегі көп керек болады. Бұл әсіресе, көне әдеби қолжазбалар мен 
ежелгі мәтіндердің сырына үңіліп, құпиясын ашуға ұмтылған кездерде айрықша маңызды. 
Өйткені, ежелгі және орта ғасырлардағы әдеби мұраларда дәл бүгінгі тілдік қолданысымызда 
кездеспейтін лексикалық және грамматикалық бірліктер аз болмайды. Сонымен бірге, ондағы 
баяндаушының тілдік ерекшеліктеріне байланысты туған диалектілер мен әртүрлі сөз тіркестері, 
фразеологизмдер мен концептілерді ұғынуда да лингвистика ғылымының жетістіктеріне жүгі-
нуге мәжбүр боламыз. 
Сондай-ақ, әдебиеттанушылар көркем шығарма мәтінінің о бастағы түпнұсқасы мен кейінгі 
басылымдарының арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ашып көрсетуі үшін де 
мәтінтанулық ізденістерге барады. Алғашқы дәрісімізде тілге тиек еткеніміздей, әдебиеттану 
ғылымының жанама салаларының бірі – текстологияның, әсіресе, осы лингвистикалық 
ізденістерді көп қажет ететіні белгілі. Өйткені текстологиялық зерттеулерде бір ғана сөйлем не 
сөз тіркесі емес, бір ғана әріптің дұрыс оқылмауы немесе сөз мәнінің қате интерпретациялануы 
әдеби шығарманың деректік немесе көркемдік деңгейіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. 
«Әдеби теория» деп аталатын кітабында М. Райан тіл білімінің көрнекті өкілі Фердинанд 
де Соссюрдің зерттеулеріне ден қояды. Сондықтан, біз де әдебиеттану мен лингвистиканы 
ұштастырып тұратын көптеген арналардың бәріне бірдей көңіл бөлмей, автор назар аударған 
дүниелерді қаперде сақтауды тырысамыз. 
«Структурализм» деп аталатын әдебиеттің құрылымын зерделейтін интеллектуалдық қоз-
ғалыстың болғаны белгілі. Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистикасы» (1916) аталмыш 
қозғалыстың іргетасы саналды. Соссюр тілді күнделікті өмірімізде қалай қолдануымыз-
ды зерттеудің маңызы жоқ деп санады. Ол қайта күнделікті қарым-қатынасымыздың негізі 
болған тілдің ішкі құрылым жүйесін жасап тұрған бөлшектердің табиғатын тануға ұмтылды. 
Содан да, тілдің құрылымдық жүйесіне қатысты бірнеше аса маңызды идеяларды алға тартты. 
Ең алдымен ол сөздің өзіндік қызметіне баса мән берді. Оны сөздің айнала болмыстағы 


3
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
6. Лингвистика және әдебиеттану
заттардың атауы болуы мен олардың өзіне тән функциясы оны ерекше қызықтырды. «Ағаш» 
сөзі белгілі бір нысанның атауы сияқты. Шындығында, сөздің өзі дыбыстардың ішкі үйлесімі 
мен идеяны танытып тұр. «Ағаш» сөзі адам санасында белгілі бір образ туғызады. Ол образ, 
мысалы, «ат» дегенде санамызда пайда болатын суреттен ерекше. Ғалымның пікірінше, барлық 
сөздің бізге таныс дыбыстық жағы мен бізге біліне бермейтін идеалық жағы болады. Аталған 
дыбыстық және ментальдық комбинацияның білдіру үшін Соссюр «сөздің» орнына «белгі» 
деген сөзді қолданды. Ал белгінің физикалық және дыбыстық аспектісін атау үшін «белгі» 
сөзін, концептуалдық немесе идеалдық аспектісін атау үшін «белгіленген» сөзін қолданды. 
Атауыштың қарапайым акті әрбір белгінің басқа белгіден ерекшеленуін талап етеді. «Ағаш»
«ат» сөзінен өзгеше, міне, содан да ол өз атауыштық мәнін ұғындырып тұр әрі төртаяқты 
жануарлардың атауымен шатастырылмайды. «Ағаш» сөзіндегі ментальді сурет біздің санамыз-
да «ат» дегендегі ментальді суреттен өзгеше сурет туығазады. «Ағаш» сөзін естіген кезде, 
әрине, төрт аяқты жануар туралы ойламайсыз. Бұл дифференцияның әрбір дара белгінің 
басқа белгілерден ерекшеленіп тұратын өз бірегейлігіне ие болуына жол ашатынын білдіреді. 
Дифференциацияның өзі екіжақты байланысқа ие, себебі ол әрнеден ерекшеленеді әрі басқа 
белгілермен қатынаста болады. Осылайша, байланыс пен ерекшелік тілдің әрбір дара бөлшегін 
сәйкестендіріп тұрады. 
Әрбір тілдік белгі басқа белгілердің мәнінен ерекшеленіп тұратын мәнге ие болады. Бұл 
әрбір белгінің тіл жүйесінде дербес функцияны атқаратынын білдіреді. Тіл де заттар үшін 
ақшалай құн белгілеуге мүмкіндік беретін валюта іспеттес. Оның әр бірлігі басқа да бірліктермен 
қатынасынан дараланады. Бірақ оның өз құны бар. Себебі оны валютадан бақа нәрсеге 
айырбастауға да болады. 1 доллардың өз мәні бар, себебі 100 доллардан бөлек. Бірдеңе сатып 
алуға қатысты қасиеті тұрғысынан өзге құнға ие. Дәл сол секілді, тілдің бар бөлшегі екі осьтің 
бойындағы мәнге ие болып табылады. Тілдің бір белгісі басқа белгімен ұштасады. Мысалы, 
ағылшын тілінде «мысық» сөзі «баскиім» сөзіне ұқсас, бірақ 1 доллардың 100 доллардан 
айырмашылығы болатыны секілді оның да «баскиім» сөзінен ерекшелігі бар. Белгінің тіл 
қолданудағы басқа бір мәні оның әлемдегі заттарға атау болуында. «Мысық» өз атауына сай 
мән арқалап тұр әрі ол «ат» деген сөздегі мәнге мүлдем ұқсамайды. 
Соссюрдің тағы бір маңызды концепциясының бірі – «еріктілік». Бұрын әрбір сөз өзі 
атаған нәрсемен байланысты делінетін. Алайда сөз не лингвистикалық белгілер тілдің басқа 
бөлшектерінен ерекшеленіп тұрса, бұлай болмауы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, сөздер мен 
заттар арасындағы байланыс толықтай ерікті түрде болады. Әрбір айқын сәйкестік («мысық» 
– «мысықтан» басқа ештеңе емес), айырмашылық пен қатынастан туындайды. Соссюр мұны 
«диакритикалық принцип» деп атайды.
Тілде екі түрлі өлшем бар, бірі – кеңістіктік, екіншісі – уақыттық. Тіл тұтас күйінде өмір сүреді 
(кеңістіктік), сонымен бірге біз сөйлеген кезде уақыттық тұрғыдан да өмір сүреді. Әрбір айтылым 
белгілердің өзара жүйелі байланысын көрсетеді, сондай-ақ жүйелілік ой туғызудың амалы 
бола алады. Тілдің бұл өлшемдері «синтагматикалық» сипатқа ие және мәнді сөйлемдер мен 
жүйелердегі жекелеген «синтагмаларды» біріктіреді. Бірақ сөйлемдер тіл жүйесінің арқасында 
белгілі бір мән арқалайды. Бұл өлшем «прагматикалық» болып табылады әрі «парадигма» 
сөйлемдердің қатарында бір слотқа ие болуы мүмкін элементтердің тізімінен тұрады.
Белгілер адам өміріндегі барлық қызметті атқарады. Олар ой алмасып, қарым-қатынас 
жасауымызға сеп болады, тіпті біздің кім екенімізді де танытады. Адамдардың қалай сөйлегені 
олардың моральдық қабілет-қарымы мен әлеуметтік философиясының не статусының 
көрсеткіші бола алады. Сөздер абыройды немесе арсыздықты білдіреді және кейбір әйгілі 
сөздердегі цитаталар біздің сөзімізге аса маңызды деңгей қосуы мүмкін. Мысалы, «Лир 
патшадағы» Корделия «оның әкесінің ісі» туралы айтқан кезде «Библияны» білетін адам оның 
Иса Мәсіх дәуірінде кең таралған мәдени-діни кодекске сілтеме жасалғанын бірден ұғынады.
Кенеттен оның әрекеті пайда болады немесе онысы одан да маңызды бола түседі. Керісінше, 
Эдмунд өзінің амбицияларына ұмтылатындығын және «бейімделе» алатын нәрселерін ала-
тынын айтқан кезде «Сән» деген тым қораш сөз моральдық бұзылуды білдіреді. «Сән» сөзі 
ол кезде және жалпы христиан мәдениетінде, мәңгілік әрі рухани құндылықтарға емес, өтпелі, 
материалдық, дүниелік игілікке бастайтын құндылықтарды білдіреді. 


Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
6. Лингвистика және әдебиеттану
4
Біз бәріміз белгілер әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Қала көшелерінің бұрыш-бұрышын-
дағы стендтерден ғана емес, жалпы кез келген жерден белгілерді таба аласыз. Олар әлеуметтік 
өмірді қамтамасыз етеді әрі өмірдегі әртүрлі мән-мағыналардың көрсеткіші болып саналады. 
Тіпті әдебиеттегі немесе фильмдегі көрген білгендеріңіздің көбін белгілер құрайды. Өйткені, 
бізді қоршаған әлемнің басым бөлігі осындай белгілерге толы. Мысалы, серуендеп жүрген кезі-
ңізде әртүрлі мағынаны білдіретін ерекше тұрпатты ғимараттарға кез боласыз, ай немесе кірес 
белгісі діни сенімдер жүйесінің көрсеткіші болып саналады. Сонымен бірге, ғимараттардың 
шатырларында әртүрлі мағынаны білдіретін көптеген басқа да белгілерді көруге болады. 
Енді айналаңыздағы адамдарға назар салып көріңізші. Киімдері де көп дүниені аңғартады. 
Атқаратын қызметі, лауазымын ғана емес, өздері мен әлем туралы көзқарастарын да белгілі 
бір деңгейде паш етіп тұрады. Қара қызмет формасы мен төмен өкшелі аяқ киім киіп, қолына 
портфель ұстаған әйелдің тұлғасы осыдан жүз жыл бұрын болмап еді. Ондай адамдарды бір 
ғасыр бұрын көшелерден кезіктірмейтін едіңіз. Айналадағыларға деген қатынасы оның қалай 
жүріп тұруына, айналасындағы адамдарға қалай қатынас жасауына және қалай өз-өзін күтуіне 
де байланысты боп келеді. Әйелдердің бұл белгілері аз ба, көп пе, басқа әйелдерге, сондай-ақ, 
кей ер кісілерге оның отбасылық жағдайын, болжамды білім деңгейін, мәдениеті мен мінез-
құлқын танытып тұрады.
Ал ер кісілердің жөні бөлектеу. Ұзын толқындағанған бұйра шашы оның өзіне онша күтім 
жасай бермейтінін дәлелдейді. Оның жұмысы, бәлкім, өзіне деген тым ұқыпты болуды талап ете 
бермеуі де мүмкін. Әйел кісі мен ер кісінің талғамында, киім киісі мен жүріс-тұрысында, жалпы 
өмірдегі көптеген сипаттарында ерекшеліктер аз емес. Міне, көркем әдеби шығармаларда да 
осы секілді «семиотикалық» ситуациялар жиі пай-даланылады. Өйткені көркем шығарма біздің 
күнделікті тұрмыс-тынысымыздың өнердегі сәулесі емес пе?
Лингвистика роман секілді әдеби көркем жанрларды зерттеуге де айрықша үлес қосты. 
Мысалы, орыстың жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген ғалымы Михаил Бахтин романды 
қоршаған әлемдегі көптеген дискурстарды өз ішінде қамтыған әдеби форма деп есептеді. 
Дискурс дегеніміздің өзі әлеуметтік топты танытатын тілді қолданудың ерекше түрі болып 
саналады. Әр ұрпақтың өкілі өзіне ғана тән белгілерді қамтыған тілде сөйлейді, яғни әр ұрпақтың 
тілінде өзіне тән қасиеттер бар. Мысалы, заңгерлер басқаларға қарағанда мүлдем басқаша 
сөйлейді. Бойжеткендер көбінесе орыннан орынға, ұрпақтан ұрпаққа қарай түрлене, өзгере 
алатын ерекше бір дискурс жасайды. Кез келген қауымның өзіне тән сөйлеу мәнері, ерекшелігі 
болады. Әр қоғам белгілі бір дискурстық дамуды бастан кешіреді және романдар осылардың 
бәрін әртүрлі кейіпкерлердің түрлі сөйлеу дискурсы ретінде өз ішіне қамтиды. Мысалы, Ф. 
Скотт Фитцджеральдтің «Ұлы Гэстби» деген шығармасында Майер Вольфшим деген кейіпкер 
әңгімелеушіге: «Мен білем, сіз байланыс іздеп жүрсіз ғой», – дейді. Бір қарағанда, бұл көп 
адамға түсініксіз болуы мүмкін. Көркем шығармаларда осы секілді сөз тіркестері ұшырасуы 
мүмкін. Кейде олар әдеби норма мен стилистиканың заңдылықтарына сәйкес келмей жатады. 
Дегенмен ондай сөз қолданыстары кейіпкердің интеллектуалдық-мәдени деңгейін көрсету 
үшін әдейі қолданылады. 
Соңғы ширек ғасырда тіл білімі дәстүрлі-құрылымдық зерттеулерден гөрі жаңаша зерттеу-
лерге көп ден қоятын болды. Бүгінде лингвистика ғылымы антропоөзектік бағыттарға батыл 
баратын болды. Бұрын тілді «іштей», құрылымдық тұрғыдан зерттейтін болса, бүгінде лингвистер 
когнитивтік, эмотивтік қырларына көбірек көңіл бөледі. Адам танымы мен эмоциясы, оның 
ойлау жүйесі мен мәдени болмысы, ұлттық ерекшеліктері мен психологиялық қайнаркөздері 
зерттеушілердің басты назарында тұр деуге болады. Ал тек құрылымдық тұрғымен шектел-
мей, адамның мәдени-рухани бастауларымен байланыстырып зерттеу тіл білімінің өкілдерін 
әдебиеттанушылармен тіпті де жақындата түсті деуге болады. Себебі лингвистердің ғылыми 
материалдары әдеби көркем мәтіндерде өмір сүреді. 
Жалпы, әдебиеттану мен лингвистика ғылымдарына ортақ нысандар аз емес. Олардың 
арасындағы байланыс туралы айтқан кезде көптеген мәселелерді ауызға алып, тілге тиек ете 
беруге болады. Дегенмен біз бүгін солардың ең басты арналары мен М. Райан өз кітабында 
шолып кеткен дүниелерді ұсынуды құп көрдік. 


5
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
6. Лингвистика және әдебиеттану
Тақырыпты пысықтау үшін қойылатын сұрақтар
1. Тіл білімі мен әдебиеттанудың айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы баяндаңыз. 
2. Фердинанд де Соссюрдің ең басты ғылыми тұжырымдарын түсіндіріңіз.
3. «Белгі» мен «белгіленген» сөздерінің мәнін ашып беріңіз.
4. Дискурс дегеніміз не? 
5. Тіл білімінің жаңа бағыттары туралы не білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері: Ун-ттер мен пед. ин-ттарының филол.факультеттеріне 
арналған оқулық / Аханов, Кәкен. – 3-басылым. – Алматы: Санат, 1993. – 496 б. 
2. Байтұрсынұлы Ахмет. Әдебиет танытқыш // Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: 
«Ел-шежіре», – 2013. Т.І: – 384 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет