Сабақтың тақырыбы: «Қош бол, әліппе»



Дата15.09.2017
өлшемі55,58 Kb.
#33215
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Қош бол, әліппе»

Сабақты мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, бекіту, білім, білік, дағдыларын көрсету, тіл дамыту, сөздік қорының деңгейін көрсету, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: аппаратура, шармен безендіру, тапсырмалар жазылған плакаттар. Суреттер, тақырып жазылған банер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сахнаға шығу, амандасу.

Кіріспе сөз. Мұғалім: - Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Міне, бүгін бізде үлкен мереке. Бар ғылымның Атасы – Әліппені бітіріп, қоштасқалы отырмыз. Білім жолына бастаған қадамдарыңыз құтты болсын. Қымбатты балалар, білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауларыңмен құттықтаймын! Құрметті ұстаздар, ата-аналар бүгін сіздер 1 «б» сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам алып, әріп таныған оқулығы Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер дей отырып меркені бастайық.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні



Айбек 1-оқушы: Ардақты ата-аналар!

Алима 2-оқушы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Баршамызға мереке құтты болсын!

Айбек 1-жүргізуші: Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?



Оқушылар: Болашаққа жол ашқан

Ол сүйікті Әліппе.



Алима: 2-жүргізуші: Олай болса, бәрімізге қымбат дос Әліппені ортаға шақырамыз.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе! (ортаға Әліппе шығады)

Аяла 3-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым оның кілтін алып берді.



Аллаберген 4-оқушы: Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші?



Е. Ақбота 5-оқушы: А деген ол – Аналар ғой ардақты,

Ә деген ол – Әкелер ғой салмақты.

Б деген ол – балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.



Аруна 6-оқушы «А» -ны айтқанда дауысым дірілдейді.

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп.

Сөз оқимын, айырып буынды енді.



Хор: «Әліппе»

Мерей 7-оқушы: 42 әріпті игердік,

Әріптен буындап сөз тердік.

Ризамын алғашқы апайға,

Рақмет айтатын кез келді.



Еділ 8-оқушы: Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен..

Есігін аштым мектептің,

Ертеңің сәуле жарықпен.



Әділет 9-оқушы: Алфавитті білдіңдер,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.



Темірлан 10-оқушы: Қош бол құтты Әліппе,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.



Иманғали 11-оқушы: Әліппе сырын ұқтырған,

Рақмет, ұстаз алғашқы.



Ән: «Балдырғандар» Сыныптың орындауында.

С. Ақбота 12-оқушы: Қазақ тілінің 42 әрпімен танысып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, буынды меңгердік.

Айбек 2-жүргізуші: -Балалар, алғашқы «Әліппені» кім жазды?

Оқушылар: Ахмет Байтұрсынұлы.



Алима 2-жүргізуші: -Балалар, алғашқы ұстаз кім?

Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин



Ән: «Бал балалық» Сынып орындауында

Мұғалім: Үш тілді де меңгеріп, 50 елдің қатарына қосылатын болашақ ұрпақ біз боламыз. Олай болса, кезекті тапсырмаларға берейік

  1. Әрбір оқушы өз атын үш тілде айтады.

  2. Түсіп қалған әріптерді тап. Қанша әріп, қанша дыбыс бар екенін айтамыз.

3-сұрақ. Отан туралы тақпақтар. (қазақша, орысша, ағылшын тілінде жауап береді)

Мұғалім: Енді математика пәніне кезек берейік.

  1. Түсіп қалған сандарды тап.

  2. Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Үшеу еді басында,

Екеуін қосса қасына.

Нешеу болды туысқан. 3+2=5 (5-еу болды туысқан)



  1. Кекілік-ау кекілік,

Ойнақтайсың секіріп,
Бір орында тұрақтап,

Отырмайсың бекініп,

Сегізден 6-ны алғанда,

Қалады екен нешелік. 8-6=2 (қалады екен екілік)



  1. Табақта 5 алма,

Қолымда 2 алма.

Қосқанда барлығы,

Болады неше алма? 5+2=7


  1. Төрт аю,

Екі арыстан,

Екі қоян,

Бір түлкі,

Бәрі нешеу

Кім білді? Бәрі 9 болды

ӘН ____________________

Көрініс «Түлкі мен қоян» Әділет (Түлкі), Еділхан (Қоян)

Айбек 1-жүргізуші: Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Басқа да кітаптармен достасамыз.



ІІ. Негізгі бөлім. Әліппемен қоштасу.

Айсұлу 13-оқушы: Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің



С. Ақбота 14-оқушы: Бітті Әліппе сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Өзге оқулық достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.



Айым 15-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз,

Ата - ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне, балаңыз.



ӘН ___________________________

Айдана Әліппе: Балаларым, мен сендерге ризамын. Мені жақсы меңгеріңдер. Ана тілдеріңді сүйіңдер. Қош болыңдар!

Мұғалім Ана тілі ортаға келініз.

Аяулым Ана тілі: Сәлем, балалар!

Оқушылар: Сәлеметсіз бе, Ана тілі!

Ана тілі: Сөйлетер сөздің шеберін.

Өзіңнің ана тіліңмен.

Байыппен жақсы оқысаң,

Негізі болам білімнің.

Ана тілі ұраным

Ана тілі болмаса.

Мықты болмас тұрағым,

Мен сендерге көп нәрсені үйретемін.



Мұғалім Ана тілі қош келдіңіз!

Ән: «Кел билейік»

ІІІ. Қорытынды бөлім. –Құрметті қонақтар әліппемен қоштасу ертеңгілігін аяқтамас бұрын ата-аналардың балаларына дайындаған сыйлықтары бар екен. Тапсыруға рұқсат етіңіздер. Келесі сөз кезегі қонақтарымызға беріледі. ___________________________________________________________________

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар осымен 1 «Б» сынып оқушыларының дайындаған әліппемен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз. Келіп тыңдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет