Сайыстың жүру барысы



Дата08.07.2018
өлшемі48,5 Kb.
#48554
Білімділер сайысы

Мақсаты: Білімділік: алған білімдерін ортаға салу, оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жазылған жазылған слайдтар, карточкалар.

Сайыстың жүру барысы: I. Ұйымдастыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Біліммен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға,сол алда,-дегендей, осы уақытқа дейін алған білімдеріңді,көрсетіп, ортаға салындар.

Ойынның барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөліну: Қызыл, көк үшбұрыш таңдағандар екі топқа бөлінеді.



1. «Бәйге». І-топ:

  1. Ең үлкен 2 таңбалы сан (99)

  2. Үш орындықтың аяғы нешеу? (12)

  3. 12 ай бір сөзбен. (жыл)

  4. 1-ші мүшел жас неше жас? (13)

  5. 1 сағаттың 3\1 бөлігі. (20мин)

  6. Жарты жылда неше ай бар? (6ай)

  7. Абайдың әжесі кім? (Зере)

  8. Аюдың баласы (қонжық)

  9. Суда өседі тамыры жоқ (балдыр)

  10. Жылқының сүті. (қымыз)

ІІ-топ.

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін ,мағыналы бөлігі. - түбір

2. Орман емшісі. - тоқылдақ

3.Астана қай өзеннің бойында? -Есіл

4.Қай айда 28күн бар? - ақпан

5. Аптаның соңғы күні. -жексенбі

6.Қабырғалары бірдей фигура. -шаршы

7.Қатып қалған су. -мұз

8.Сандарды немен белгілейміз? -цифрмен

10.Қасқыр қоянды қуып жете алмай жүрген жер. -мултьфилм «Ну,погоди!»



2. «Анаграмма».

Сырға қалам

Қысым тамақ

Алқа дала

Шырша қора

Озық қазы

3. «Сандар сөйлейді». І-топ.

1) Батыр 1 рет өледі, қорқақ 1000 рет өледі.

2) 1 елі ауызға 2 елі қақпақ.

3) Қызға 40 үйден тию.

4) 7 атасын білген ұл, 7 жұрттың қамын жер.

5) 4 түгел болса төбедегі келеді, 6 ала болса ауыздағы кетеді.


ІІ-топ.

1) 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.

2) Білекті 1-ді жығады, білімді 1000-ды жығады.

3) 1 тал кессең, 10 тал ек.

4) Алыстан 6 жасар бала келсе, 60 -тағы шал сәлем береді. 

5) 7 рет өлшеп,  1 рет кес. 



4. Логикалық сұрақтар.

І-топ:

Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?  (13)

ІІ-топ:

Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың 

қаншасы қалды?  (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)
5. «Ұлы тұлғалар».

І-топ:

1.Қарлығаш әулие атанған кім? Ол неге Қарлығаш әулие атанды?

2.Қазақтың ұлы ақыны кім?

ІІ-топ:

1.Сабалақ деген кім? Оның шын аты кім?

2. Алғаш қазақ даласына мектеп ашқан кім?

6. «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша,орысша, ағылшынша) айтуларын керек.



  1. Қолы менен қаламы жоқ.

Бірақ сурет салады көп. (аяз-мороз-frost)

  1. Қоймасын қыс ақтарып

Жерді жапты ақ мамық. (қар-снег-snow)

  1. Бірін – бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос – жаран. (әріп-буква-letter)



  1. Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыз-линейка-ruler)

  1. Қалқиып екі құлағы,

Елендеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц-hare\rabbit)

  1. Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды. (мысық-кошка-cat)

  1. Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз-лук-bow)

  1. Бұландаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі-лиса-fox)

  1. Әттен, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап-книга-book)

  1. Суда қалқиды

Жылыда балқиды. (мұз-лед-ice)

VI. Қорытындылау.

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс



нәтижесін әділқазылар хабарлайды)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет