Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет4/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

Г.В.Ф.Гегель
Эстетика туралы лекциялар


Поэзия өз бойына ішкі рухани әлемнің барлық ерекшеліктерін жинақтаған, пластикалық өнер түрлері мен музыкаға да тікелей байланысы бар сөз өнерінің түрі. Бір қырынан алып қарағанда, поэтикалық өнерде музыкадағы сияқты сәулет, мүсін, кескін өнерінде мүлдем көрінбейтін ішкі әлем мазмұны көрінеді. Екінші жағынан, рухани дүние ауқымында поэзияның өзі көңіл-күй алмасуларын, сезім әуендері мен үрейді, қандай бір оқиғаның шиеленісуі мен шешімін бейнелейтін, басқа өнер түрлеріне тән емес кең түрдегі объективті әлемді туындатады.
Өзге өнер түрлеріне қарағанда, сөз өнерінің мазмұнға қарым-қатынасында еркін тыныс бар. Кез келген мазмұн, рух пен табиғаттың барлық белгілері, оқиға, тарих, қарым-қатынас, сыртқы және ішкі қалып поэзияда түрленіп, мазмұнға ие болады.
Поэтикалық қиял, бізге белгілі көркемөнер түрлеріндегі сияқты, дерексіз жалпылама ойлар мен айқын сезімдік белгілер арасындағы қатынасты берік сақтау керек.
Поэзия енді белгілі көркемдік формамен түбегейлі байланысты емес, дегенмен кез келген формада кез келген мазмұнға ие бола алатын жалпылама өнер түрі болып қалады. Жалпылама өнер белгілі дәрежеде қиялдан алшақ кетпейді. Көркем туынды мазмұнында көркемдік қиялдың өзі негізгі материал болып қалатын жағдайда да бар. Бұл өнердің барлық ерекше формасы мен жекелеген өнердің жалпылық негізі.
Поэзияны шығармашылық ретінде емес, шынайы сезімнің ішкі рухани әлем аясындағы әрекеті түрінде түсінуге ұмтылған жөн.
... Поэзия философиялық таным үшін діни түсініктерді, прозаға ғылыми ойлауды негіз ретінде табатын, бір мезгілде бірнеше өнер түріне әсер ететін еркін өнер.
Рухани дүниенің толысуы мен жаңғыруы үшін поэзия тамаша тұтастық, өнер үшін ең соңғы қабат болып табылатын рухани әлемнің кемшін тұстарын толықтырады.
Г.Э.Лессинг
Лаокоон немесе кескін өнері мен
поэзияның шекарасы туралы


Біріншіден, поэзия мен кескін өнерінің ұқсас құбылыс екенін алғаш аңғарған адам нәзік сезім иесі болса керек. Өзара қатысты нәрселердің бір-біріне жақын келсе, шындыққа айналатыны, тіпті шындық алыстаса да әсерлендіретінін ең бірінші болып көрсетті. Екіншісі, бұл әсерлердің ішкі болмысына терең үңілу арқылы олардың қайнар көзі біреу-ақ деген түйін жасайды. Яғни, әдемілік тәннен ғана көретін, тек түрге қатысты нәрсе емес оқиға мен идеяға да қатысты дейді. Үшіншісі, бұл екі белгіден басқа жалпы ережелердің мәні мен қолданылуы туралы ойлана отырып, бұлардың бірі кескін өнерінде үстем болса, басқалары поэзияда басым екенін аңғарған. Тіпті кей жағдайда поэзия кескін өнеріне түсіндіру және үлгі болуда көмектессе,кейде кескін өнері поэзияға көмекке келеді деп тұжырым жасады.
Аталмыш үшеудің біреуі - өнерді сүюші болса, екіншісі – философ, үшіншісі – сыншы еді.
Алғашқы екеуі алған әсері мен тұжырым түйіндерін жай айтса, сыншы ісі басқаша талдау. Бұл жерде ең маңызды нәрсе эстетикалық бастауларды кейбір жағдайларға дұрыс пайдалану.
Егер Аппалес пен Протоген өнер туралы шығармаларында поэзия ережелеріне сәйкес заңдылықтарды нақтыласа, әрине, бұл сол тұстағы нақтылық пен сезінуге байланысты еді. Аристотель, Цицерон, Гораций мен Квинтилиан туындыларында да өнерге қызылтілділік және поэзияға кескін өнерінің тәжірибесі мен заңы тән болып көрсетілген.
Біздер, яғни жаңа өкілдер, айтылған көзқарастардың дүдәмал тұстарын тауып, өңдеп, саралауымыз керек.
Гректік Вольтердің тамаша шендестіруі мынадай: кескін өнері– мылқау поэзия, ал, поэзия – сөйлейтін кескін өнері. Мұндай тауып айтылған болжамдарды Симонидтан да кездестіруге болады. Симонид нақты емес, жалған нәрселер өнер түрлерінде айтылмай түсіп, қалатынын да ескерткен. Ол ойларын нақтылай отырып, өнердің барлығының адамға әсер етуінің ұқсас белгілерін саралап көрсетуге ұмтылады.
Ал, жаңа тұрпаты сыншылар айырмашылықтарын ескермей, кескін өнерінің ауқымында поэзияны қалыпқа салғандай етіп қарастырады. Бұл ойды алға тартатындар ақын мен суретшінің шығармашылық барысындағы кемшілігін бір ауқымда сынға алады.
Бұл жалған сын өнер адамдарын сүріндірді. Олар поэзияны сипаттап көрсету бағытында тудырып, кескін өнерін аллегориямен бейнелеуге, сөйлейтін картина жасауға тырысты. Бұл поэзияның бейнелеуге бейім және міндетті екенін түсінбеу. Екіншілері поэзия нақтылы емесін, оған көзге көрсету міндетті емесін ұғынбады.
Сөз соңында мынадай мәселелерге арнайы тоқталу керек: кескін өнерін бейнелеу өнері деп түсіну қажет. Бұл поэзияны жоққа шығару емес, оның өзіндік мәні мен бағыты бар.
Қазір өнер шекарасы төтенше түрде кеңейді. Ол барлық көзге көрінетін табиғат бейнесін әдемілігі шамалы болса да бейнелеу нысанасына алады. Ақиқат пен айқындылық оның ең басты заңы, табиғаттың өзі әдемілікті биік мақсаттың құрбандығына шалады. Сол сияқты суретші де өзінің негізгі мақсатын танытуды шындық пен айқындылық аясында жүзеге асыруға ұмтылуы қажет. Сонда ғана табиғаттағы ең жеккөрінішті нәрсе нақтылы ақиқаттың арқасында өнерде тамаша көрінеді.
Суретші мен кескіндеуші өзгермелі болмыстың бір ғана сәтін немесе мезетін нысанаға алады. Ол көз алдымызға келгендіктен, оны бірнеше мәрте қайталап көре алатындығымыздан оған нақты пікір де айта аламыз. Табиғаттың ерекше сәтіне көз тоқтата отырып, біз пікірімізді тереңдете аламыз. Ой неғұрлым күшті әрекет етсе, соғұрлым біздің қиялдауымыз арта түседі. Ең жоғарғы қысым сәтінде сезім бейнеленеді. Қиялды бір бағытта қарастыру – оның қанатын байлау, әрі оны толық түрдегі еркіндіктен ада әлсіз бейнелермен қанағаттандыру деген сөз. Сондықтан Лаокоон ыңырсығанда оны жеңіл түрдегі айғай сияқты елестетеді, бірақ ол айғайлаған болса, фантазия бір саты жоғарыламай, керісінше, төмендейді. Лаокоон көрермендер алдында қызықсыз, әрі аянышты көрінбейді. Көрермендерге екі талдау қалған: Лаокоонды ыңырсығанда немесе өлі қалпында елестету...
Айғай шақыратын күшті ауыртпашылық не тоқталуы керек, не өз құрбандығын құртуы керек. Сондықтан да ұстамды, мықты көрінген адам кенеттен айқайласа, оның үздіксіз айғайлауы мүмкін емес. Егер үздіксіз айғайласа, мықты адамды өнер туындысында әйелдік әлсіздікпен немесе баланың шыдамсыздығымен бейнелеуге айналдырар еді.
Суретші тән ауруын көрсеткенде, Лаокоонды бейнелеуде белгілі өлшемді пайдалануға тиіс болды. Әрине, бұлар өнердің осы түрінің барлық мүмкіндіктерін, өзіндік белгілерін, оның шекарасы мен талаптарын сақтай отырып жүзеге асатынына тоқталғым келеді.
... Ақын тән сұлулығының бейнеленуін, сыртқы болмыстың өзіне қажетті жақтарын көріп, тани алады. Кейде ақын сыртқы болмысты суреттемеуі де мүмкін. Вергилийде Лаокоон айғайлағанда аузы міндетті түрде кең ашылады, ал бұны әдемі емес деп көр. Сұмдық айғай есту үшін ғана қажет, көзбен көру үшін мүлде керексіз. Осыдан келіп ешқандай әсер тудыра алмаған көрермендік бейнені кім талап етеді деген пікір туады.
Ақыннан картинадағы мезетті бейнеле деп ешкім сұрамайды. Ол егер қаласа әрбір әрекетті алып соңына дейін жеткізе алады. Суретшінің айрықша туындысындағы түр-әлпеттегі өзгерістер ақын үшін бір ғана штрих болуы мүмкін. Оның үстіне тағы бірнеше штрихты алуы да мүмкін.
Вергилийдің Лаокооны айғайлайды. Бұл Лаокоон – біз сүйіспеншілікпен қарайтын, алысты болжайтын патриот және нәзік сезімді әке. Лаокоонның айғайын оның мінезімен, қасіретімен түсіндіре аламыз. Айғайын естірту арқылы ақын бізге оның қасіретін көрсетеді. Суретші оны айғайлауға жібермесе, ақын айқайлату арқылы болмысын танытады. Бұл үшін оны ешкім де сөкпейді.
Бұл жерде Вергилий – эпик. Ал, біздің талқылауымыз драматургия ауқымына келе ме? Актерлер арқылы өмірді кескіндейтін драма кескін өнеріне жақын болуы міндетті. Бұдан біз Филоктет айғайын көреміз, әрі естиміз және актер табиғатқа барынша жақын келеді, неғұрлым біздің көруіміз бен естуімізге әсер етеді.
Гомерде болмыс пен әрекет екі түрлі болып кездеседі: көрінетін және көрінбейтін. Бұл кескін өнеріне жат, онда бәрі де көрінеді.
Өмірді бейнелеу тұрғысынан ақын суретшіден жоғары тұрады. Ашулы Апполон садағы мен қорамсағын асынып, Олимп биігінен түсіп келеді. Мен көріп қана тұрғаным жоқ, оның қалай жүріп келе жатқанын естіп те тұрмын: әрбір адым құдайдың арқасына соғылған қорамсадағы жебе сыңғыры мен қоса естіледі. Міне, ол қарама-қарсы отырып улы жебесін итке, одан соң адамдарға бағыттады. Ақынның үнінен естілер әуенді музыка да жеткізе алмайды, картина да бейнелей алмайды. Бұл – поэзияның ешкім аңғармас мүмкіндігі.
Осының бәрін қортындылай келе өз көзқарасымды білдіремін: кескін өнері – дене мен бояуды көп пайдаланса, поэзия - өз уақытымен мүшеленген дыбыстар жүйесін қабылдайтын, сезімді бейнелеу арқылы әсер қалдыратын, таныту белгілері бір-бірінің ізімен көрініп отыратын әрекеттер жүйесіне құрылған өнер түрі.
Тізбектеле көрініс беретін нәрсе – дене деп аталады. Дене өзінің көрінетін белгілерімен кескін өнеріне тән.
Тізбектеле іске асатын нәрсе - әрекет деп аталады. Әрекет поэзияның белгілерін құрайды. Барлық дене кеңістікке ғана емес уақытқа да тән. Оның тіршілік етуі ұзаққа созылады және ауыспалы сипатта болады. Осы әрбір мезеттегі ауысу, өзгеріске себеп болады да, әрекеттің негізгі орталығы болады. Бұл тұрғыда кескін өнері дененің көмегі арқылы әрекетті бейнелеуі мүмкін.
Екіншіден, әрекет өз-өзінен жүрмейді, белгілі бір тіршілік иесімен үйлеседі де денені шығарады. Поэзия әрекеттің арқасында денені де бейнелейді.
Өнер туындысында әрекеттің бір ғана сәтін бейнелеуге болады, сондықтан ең маңыздысын, мәндісін, келесі әрекетті аңғарта алатын сәтті таңдай білу қажет. Сол сияқты поэзия да дененің өзіндік даралығын танытатын сәтін ұстай білуі керек. Бұл әсерлілікті арттырып, нақты жағдайда керекті нәрсені көрсете білуді танытады.
Осыдан барып кескін өнерінің айқындаулары мен деректі нәрселерді сипаттау бірлігі туралы ереже туындайды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет