Әдебиеттану ғылымының қалыптасып, дамуы мен зерттелуі



Дата30.11.2022
өлшемі19,79 Kb.
#160692
Байланысты:
дебиеттану ылымыны алыптасып, дамуы мен зерттелуі


Әдебиеттану ғылымының қалыптасып, дамуы мен зерттелуі

Тақырыбы

Ғалым пікірі

Өз пікірім

Әдебиеттану ғылымының қалыптасып, дамуы мен зерттелуі

Қазақ әдебиеттануы -өз арнасы, ұлттық бастаулары бар ғылым саласы. Оның туу, жетілу, қалыптасу кезеңдері арнайы зерттеуді қажет етеді. Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, З.Ахметов қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірін Қазан төңкерісінен кейін бастауды ұсынған екен. Әдебиеттанушы профессор Бейсембай Кенжебаев анықтағандай, ежелгі дәуір әдебиетінен нәр алған XX ғасырдың басына дейінгі мерзім қазан әдебиеттануының бастаукөзі болып табылады.Екінші кезең -қазақ әдебиеттану ғылымының кәсіби қалыптасу кезеңі-1905-1937 жылдар аралығы. 1926 жылы А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» жарық көрді. Бұл-қазақ әдебиеттануының қалыптасқанын нақты дәлелдейтін ғылыми дерек.
Үшінші кезең — 1938-1956 жылдар совет кезіндегі қазақ әдебиеттануының қалыптасуы. 1957-1987 жылдар совет кезіндегі қазақ әдебиеттануының дамуы.Төртінші кезең — 1988 жылдан бері Тәуелсіздік кезеңінің әдебиеттануы орын алуда.
Ресейлік әдебиеттану ғылымының қалыптасуының негізгі зерттеушісі А.С.Курилов былай деген: «Бұл – ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихи қашықтығын, оның түп-төркіні мен қайнар көзі туралы мәселе. Бұл оның аймақтық және әлемдік әдеби процеске енуінің уақыты мен сипаты туралы мәселе. Бұл, сайып келгенде, әрбір халыққа тән әдебиет туралы білім мен түсініктің белгілі бір шеңберінің әдебиеттану ғылымына ауысуының өзіндік ерекшелігі сол әдеби ой қоғамдық игілікке айналған кезде.» 1926 жылы жарық көрген А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» қазақ әдебиеттануының ұлттық тілде совет кезіне дейін қалыптасқанын дәлелдейді. Авторларымен бірге саяси репрессияға ұшыраған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы,М.Жұмабай, Х.Досмұхамедұлы, К.Кемеңгерұлы, С.Сәдуақасұлы, М.Әуезов және т.б. әдебиеттанулық зерттеулері совет кезіндегі қазақ әдебиеттануының қалыптасуына тікелей әсер етпеді.

Менің ойымша, басқа қоғамдық ғылымдар секілді қазақ әдебиеттануы да өзінің жеке ғылым саласы ретіндегі қалыптасу жолын тексеруге, әр кезеңіндегі жетістігі мен кемшілігіне баға беруге ұмтылуда. Онсыз қандай да болсын ғылым саласының өсіп-өркендемейтіні белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда, ұлттық әдебиеттану ғылымының бастан өткізген негізгі даму кезеңдерін, яғни тарихи алғышарттардан тұратын алғашқы бастауларын, туу, жетілу, қалыптасу дәуірлерін арнайы зерттеудің, шығармашылық кескін-келбетін, әдіснамалық мәселелерін ғылыми тұрғыда саралаудың шешуші қадам болып табылатыны анық. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихын зерттеу барысында әдебиеттану ғылымындағы теориялық, әдіснамалық тұжырымдар мен пікірлер, ғылыми ұстанымдар негізге алынады. Сөз өнері басқа өнерлердің арасындағы ең қиыны болғандықтан, оны зерттеуге көп күш-қуат керек. Қазақ әдебиетінің тарихы өте ертеден, яғни сонау «Күлтегін» жазуынан бастау алып әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабиден бері қарай Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов сынды тұлғалардан жалғасын тапқан және әлі күнге тауып келеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін, «Әдебиеттің өзегі - адам, мақсаты - катарсис, яғни адамдардың сезімін барлық жағымсыз, келеңсіз нәрселерден арылту» деген Аристотельдің сөзімен аяқтағым келеі.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ тілі және әлем тілдер институты
Қазақ әдебиеті кафедрасы


Аралық бақылау №1
Әдебиеттануға кіріспе


Орындаған: 107 топ студенті Әзімхан Аяулым
Тексерген: аға оқытушы Юсуп П. К.
Алматы, 2022

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет