Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»



бет1/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#879
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ХРЕСТОМАТИЯ

ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ

ББК 84(0)3

Е 33
«Қазақ әдебиетінің тарихы» сериясының қоғамдық алқасы: С.Қирабаев (алқаның төрағасы), Ж.Әзізханов, Ж.Дәдебаев, Ә.Дербісәлиев, З.Серікқалиев, С.Қасқабасов, М.Құдайқұлов.
E 33 Ежелгі дәуір әдебиеті. Жоғары оқу орындары филология факультеттері студенттеріне арналған хрестоматиялық оқу құралы (Құрастырған және өмірбаяндық деректерді жазған Алма Қыраубаева), Алматы, Ана тілі, 1991. 2-басылымы / Баспаға әзірлеген: Н. Мәтбек. – А........, 2013. – 374 бет.
ISBN -5-630-00016-0

Бұл хрестоматиялық оқу құралы жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті тарихы пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында 1991 жылы (Алматы: Ана тілі. – 280 б.) жарық көрген болатын. Жинақтың бірінші басылымы негізінде дайындалған қолдарыңыздағы еңбекте ежелгі дәуір әдебиеті ескерткіштерінің транскрипциялары мен ғылыми аудармалары қамтылған. Сонымен бірге бұл кітап қазақ әдебиетінің түптамырын танып білгісі келетін оқырмандарға да арналады.



 ББК 84(0)3
АЛҒЫ СӨЗ
Қай халықтың да әдебиеті сол халықтың тарихымен бірге туып, бірге қалыптасып, дамиды. Әр түрлі себептермен ұзақ жылдар бойы байтақ әдебиетіміздің ерте кезеңі зерттелмей, оқытылмай келгені мәлім. Соның салдарынан сан ұрпақ құрдымнан келе жатқан ғажайып жыр-дастандар мен даналық кітаптарын біле алған жоқ. Туған әдебиетіміздің терең тамырларына алғаш батыл барлау жасап, оның көне көзін ашқан, сөйтіп, әрі көрегендік, әрі көсемдік көрсеткен кісі әдебиет тарихының білгірлерінің бірі, біразымыздың ұстазымыз профессор Бейсенбай Кенжебаев еді. Бейсекеңнің жетекшілігімен 1960 жылдардың басында Қазақ мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің жаңа мектебі қалыптасты. 1967 жылы «Ертедегі әдебиет нұсқалары» деп аталатын тұңғыш хрестоматия жарияланды. Бұл еңбек қазақ әдебиетінің ең көне, ежелгі әдебиеттердің бірі екендігін дәлелдеді. Сол бір тар кезеңде Бейсенбай Кенжебаевпен пікірлес, тағдырлас болғанымды, туған әдебиетіміздің терең арнасына түсіп, көне көзін аршысқанымды, сөйтіп, университет аудиториясында тұңғыш рет «Ежелгі әдебиет» деп аталатын лекциялық курстың негізделіп қалыптастырылуына өз үлесімді қосқанымды бақыт санаймын.

Міне, содан бері отыз жылдай уақыт өтті. «Ежелгі әдебиет» университеттің филология, журналистика фа-культеттерінде үздіксіз оқытылып келеді. Бұл аралықта біраз зерттеулер жүргізілді, біраз монографиялар, жаңа оқулықтар жарық көрді. Сөйтіп, байтақ әдебиетіміздің ұзақ тарихы жасалды, түркітектес халықтардың әдебиетінің миуалы бәйтерегіне айналды.

Басқа да түркітектес халықтардың әдебиеті тәрізді қазақ әдебиеті де тап қазіргі дәрежесіне бірден жете қойған жоқ. Бұған дейін сансыз асуларды, ұзақ жылдарды кешкен.

Тым ерте кездерде шыққан таңбалар, әдепкі жазу-сызулар, өлеңді тіркестер, мақалды-мәтелді жолдар, толып жатқан өлеңдер, аңыз-ертегілер – осылардың бәрі халқымызды бейнелі ойға, шешендік өнерге жетелеген әдепкі дастандарды, бертіндегі поэмаларды, романдарды, драмаларды тудырған өлшеусіз табыстар еді. Көркем ойдың осындай жиынтығынан әдебиет қалыптасты. Халық санасы өсіп, ойы жетіліп, тереңдеген сайын әдебиет те толысып, жетіле түсті.

Түркітектес халықтар өз әдебиеттерінің тарихын бәріне ортақ ертедегі жазу-сызулардан, әдеби нұсқалардан, жеке ақын шығармаларынан бастайды. Басқаша айтқанда, тегі бір, түрі бір туыстас ұйғыр, өзбек, қырғыз, татар, башқұрт, қарақалпақ, түрікпен, әзірбайжан, хақас, алтай халықтары өз әдебиетінің тарихын бертіндегі ұлт болып қалыптасқан шақтан емес, біріге жүріп тіршілік еткен бәрімізге ортақ дәуірден бастайды. Бұл әбден заңды. Сонда XV ғасырға дейінгі жасалған әдеби шығармалар, ақын-жазушылар, мәдениет ескерткіштері түркітілдес халықтардың бәріне де ортақ болып, олардың ертедегі әдебиет тарихы бір болып келеді. «Ана тілі» баспасы шығарғалы отырған, қазақ әдебиеті тарихын тұтас қамтуға тиісті көп томдық хрестоматиялық оқу құралдарының «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты бірінші кітабына, міне осы, яғни XV ғасырға дейінгі әдебиетіміздің ортақ мұралары енгізілген. Әрине, бұл өте құнды, тарихи- әдеби ескерткіштерді бір кітапта түгелдей және толық қамту мүмкін емес. Сондықтан ежелгі асыл мұралар, негізінен, хрестоматиялық сипатта, ықшамдалған күйінде беріліп отыр. Хрестоматияға соңғы жетпіс жылда қазақ баспасында мүлдем жарық көрмеген, бірақ халық жадында құрметпен айтылатын Қожа Ахмед Ясауидің «Даналық кітабының» («Диуани хикметтің»), Сүлеймен Бақырғанидың «Бақырғани кітабының», сондай-ақ орта ғасырдың тамаша ескерткіштері «Кодекс Куманикустің», Сәйф Сараидың «Түркіше Гүлстанының («Гүлстан би-т- түркидің), Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтанының», Құтбтың «Хұсрау-Шырынының» транскрипциясымен және қазіргі қазақ тіліндегі ғылыми аудармасымен оқырман тұңғыш рет таныса алады. Осылайша көне ескерткіштерді, ежелгі ақындарды оқып-үйренудің қазақ әдебиетінің түп-төркінін танып білуде мәні өте зор.
Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ

КӨНЕ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІ

(VI-IX ғғ.)
ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Орхон ескерткіштеріне Моңғолия жеріндегі бір замандарда түркілер мекендеген Орхон өзені маңайларынан табылған тастағы жазулар жатады. Олар: Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Онгин, Суджа, Құлы-Шора, Мойын-Шора ескерткіштері. Ескерткіштер – VII-VIII ғасырлардағы түркі ру-тайпаларының іргелі елі Түрк қағанатының тұсында жазылған. Білге қаған (хан), Күлтегін (әскербасы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты, беделді азаматтарына арнап тұрғызылған құлыптастағы жазулар. Түркілер құлыптасты «бітіг тас», яғни «жазба тас» деп атаған. «Күлтегін жырын» шығарып, жаздырған Иоллығ тегін болып есептеледі.

Орхон ескерткіштері XVIII ғасырда табылып, зерттеу жүргізілген. Ондағы руналық таңбаларды (қазақтың ру таңбаларына ұқсас таңба) алғаш түсініп, оқып шыққан – Дания ғалымы Вильгельм Томсен (1893 ж.)

Орхон ескерткіштері тақырыбы, көтерген мәселесі, көркемдік сипаты т.б. жағынан қазақтың эпостық жыр дәстүріне өте жақын. Елдің бірлігі, елге қорған болған батыр, ел басқарған көсемдер туралы айтылады. Ескерткіштің төмендегі тексі мен қазіргі тілімізге жаңашаланған аудармасы М. Жолдасбековтің «Асыл арналар» атты кітабынан алынды (А., 1990).

ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ МӘТІНІ
КҮЛТЕГІН (VII ғасыр)
Бірінші жыр


1. Теңрі тег, теңрі йаратмыш.

Түрк Білге қаған,

Бұ өдке олтуртым.

Сабымын түкеті есідгіл:

Улайу інійігүнім, оғла-

ным,


Бірікі оғушым, будунім,

Берійе-шад-апыт беглер,

Иырайа – тарқат буйрук

беглер,


Отыз.
2. Токуз оғуз беглері, будуні,

Бу сабымын едгүті есід,

Қатығды, тыңла.

Ілгерү – күн тоғсыққа,

Бергерү – күн ортусыңару,

Қурығару – күн

батсықыңа,

Йырғару – түн ортусыңару



Тәңірідей, тәңіріден жаралған

Түрк білге1, қаған2

Бұл шақта отырдым.

Сөзімді түгел естіңдер:

Бүкіл жеткіншегім, ұла-ным,

Біріккен әулетім, халқым,

Оңымда шад3, апа³, бек-тер,

Солымда – тархан³, бұй-

рық бектер,

Отыз.
Тоғыз оғыз бектері,

халқы,

Бұл сөзімді мұқият тыңда,



Терең ұқ.

Ілгері – күн шығысында,

Оң жақта – күн ортасында4

Кейін – күн

батысында,

Сол жақта – түн ортасында5






Анта ічрекі будун қоп

маңа


Көрүр, анча будун
3. Көп ітдім. Ол амты аңығ

Йоқ түрк қаған Отүкен

йыш6

Олурсар, елте буң йоқ.


4. Ілгеру – Шантүң

йазықа тегі сүледім,

Талуйқа кічіг тегмедім. Біргерү – Тоқуз ерсенке тегі сүледім,

Түпүтке кічіг тегмедім,

Қурығару – йінчу үгіз

кече


Темір қапығқа тегі сүле-

дім,


Йырғару – йер Байырку

йеріңе тегі сүледім,

Бунча йерке йорытдым,
Өтүкен йышда йіг иді йоқ

ерміс, ел тұтсақ йер

Өтүкен

Иыш ерміс.



Бу йерде олурып,

Табғач будун бірле түзелтім.



Осының ішіндегі халықтың бәрі

Маған қарайды, халықты


Осынша көп еттім. Егер қазір баяғы кексіз түрк қағаны Өтүкен7

қойнауында отырса, (он-да) елде мұң жоқ.


Ілгері – Шаңтүң жазыққа дейін жауладым,

Теңізге сәл жетпедім.

Түстікте – Тоғыз Ерсенге дейін жауладым,

Тибетке сәл жетпедім, Батыста – Інжу8 өзенін кеше

Темір қақпаға дейін жау-

ладым.


Терістікте – Байырқы жеріне дейін жауладым,

Осыншама жерге дейін

жорыттым,

Өтүкен қойнауының нағыз иесі жоқ еді, бірақ

ел тұтатын жер осы

Өтүкен қойнауы еді.

(Дәл) осы жерде отырып,

табғаш халқымен табыс-

тым.


5. Алтун, күмүш, ісігті, қутай буңсыз анча бірүр табғач будун сабы сүчіг, ағысы йымшақ ерміс.
Сүчіг сабын, йымшақ ағын арып, ырақ будуныг анча йағутыр ерміс. Йағру контукда кісре анығ біліг анта өйүр ерміс.

6. Әдгү білге кісіг, едгү алып кісіг йорытмаз ерміс.


Бір кісі йаңылсар, оғушы будуны, бірсүкіңе тегі

қыдмаз ерміш.

Сүчіг сабыңа, йымшақ ағысыңа артурып үкүс

Түрк будун, өлтіг,

Түрік будун үлесікің. Бірійе чуғай йыш

түгүл,


Түн йазы қонайын тісер,
Түрк будун, үлесікің.

7. Анта аңығ кісі анча бошғурур ерміс:

«Ырақ ерсер, йаблақ ағы бірүр,


Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан табғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді.

(Олар) тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақ-тағы халықты (өзіне) сонша жақындатар еді. Жақын қонып, сосын (олардан) әдепсіз қылықты үйренуші еді.

Ақылды кісілерді, батыл кісілерді табғаштар қозғай алған жоқ.

(Егер) бір кісі алданса,

(онда) руы, халқы тұқы-мына дейін қалмас еді.

Тәтті сөз, асыл дүниесіне

көп алданып

Түркі халқы, қырылдың,

Түркі халқы, жойылдың,

Түстікте Шұғай қойнауы

түгіл,

Түн жазығына қоныстан-



сақ десуші ең.

Түркі халқы, жойылдың.

Сонда өш адамдар былай иландырып еді:

«Жырақ болса, жаман

сыйлық берер,





Йағұқ ерсер, едгү ағы

бірүр» – тіп.

Анча бошғұрур ерміс.

Біліг білмез кісі ол сабығ

алып.

Йағру барып, үкүш кісі



өлтіг.
8. Ол йерерү барсар, Түрк будун, өлтечісен. Өтүкен йер олурып, Арқыш-тікіш ысар,

Нең бунуғ йоқ,

Өтүкен йыш олурсар,
Беңгү ел тута олуртачы

сен,


Түрк будун, тоқ.

Арық оқ сен,

Ачсық, тосық өмез сен,
Бір тодсар, ачсық өмез –

сен.
9. Антағыңның үчүн

ігідміш,

Қағаныңын сабын алматын,

Иер-сайу бардығ,

Көп анта алқынтығ, арыл-

тығ,

Анта қалмыш йер-сайу



көп.

туру – өлү йорыйур ертіг.

Теңрі йарлықадуқын

үчүн,


Өзім құтым бар үчүн,
Қаған олуртым.

Қаған олурып,


10. Йоқ чыгай будунуғ көп қобартдым,

Чыған будунуг бай қыл-тым.

Аз будуныг үкүш қылтым,

Азу бу сабымда ігің бар-

ғу?

Түрк беглер, будун, буны



есідің!

Түрк будунығ тіріп,

Ел тұтсықыңын бунта ур тым.

Йаңылып, үлескіңін йеме

бунта уртым.
11. Неңнең сабым ерсер,

Беңгү ташқа уртым.

Аңар көрү білің,

Түрк амты будун

беглер –

Бөдке көрігме беглер,

Гұ йаңылтачы сіз
Мен бенгү таш...

Табғач қағанта бедізчі

келүртім, бедізтім,

Менің сабымын сымады.


12. Табғач қағаның ічрекі бедізчіг ыты.

Аңар адынчығ барқ йара-туртым,

Ічін-ташын адынчығ бе-

діз уртуртым,

таш тоқытдым,

Қөңүлтекті сабымын У...

(«Он оқ оғлын)а, татыңа

тегі,


Буны көру, білің,

Бәңгү таш тоқытдым.


13. (Бу еріг) ерсер, Амтыка еріг йерте ірсер, Анча еріг йерте

Беңгү таш тоқұтдым біті-дім.

Аны көріп, анча

білің –


Ол таш... дым,

Бу бітіг бітігіме –

Атысы йол (л) ығ тігін


Жақын болса, жақсы сый-

лық берер», – деп.

Осылай иландырып еді.

Білімсіз кісілер сол сөзге

нанып,

Жақын барып, көбің қы-



рылдың.
Ол жерге барсаң,

Түркі халқы, өлімшісің.

Өтүкен жерінде отырып.

(Қазынаға) керуен жіберсең,

Еш мұңың жоқ.

Өтүкен қойнауында отыр-саң,

Мәңгі елдігіңді сақтайсың сен,

Онда түркі халқы тоқ.

Ашсың ғой сен,

Аштықта тоқтықты түсін-

бейсің,

Бір тойсаң аштықты тү-



сінбейсің.
Соның үшін

алдандың,

Қағаныңның тілін алмадың,

Жер-жерге бардың,

Әбден алқындың, арыл-

дың.


Сонда қалғандар жер-

жерге қаңғып

өлімші босқын (боп еді).

Тәңірі жарылқағандық-

тан,

Өзімнің бақытым бар



болғандықтан

Қаған отырдым.

Қаған болып,
Жоқ, кедей халықты көп көтердім,

Кедей халықты бай қыл-

дым,

Аз халықты көп қылдым.



Осы сөзімде өтірік бар

ма?


Түрк бектері, халқы, бұны тыңдаңдар!

Түркі халқын жиып,

Ел болғандарыңды мұнда

бастым.


Жаңылып, кешкендеріңді

де мұнда бастым.


Барлық сөзімді айтар,

Мәңгі тасқа бастым.

Бұған қарап біліңдер,

Түрк халқының қазіргі

бектері –

Таққа кіріптар бектер,

Сендер жаңылғышсыңдар

ғой?!


Мен мәңгі тас...

Табғаш қағаннан бәдізші9

алдырдым, жазу жазғыздым,

Менің сөзімді бұзбады.


Табғаш қағаны ішкі өңірден бәдізшілерін жіберді.

Оларға бөлекше мазар

салдырдым,

Іші-тысына жазу жазғыз-

дым,

тас қалаттым.



Көңілдегі сөзімді ...10

Он оқ ұлдарына, таттарға

дейін,

Бұны көріп, біліңдер,



Мәңгі тас қалаттым.
(Бұрын) бұл аялдама болса,

Қазірде аялдама жер болса,

Сол аялдама жерге

Мәңгі тас қалаттым,

жаздырдым.

Бұған қарап, мынаны біліңдер –

Ол тас... тым11

Бұл жазуды жаздырған-

ның аты Иоллығ – тегін.


КҮЛТЕГІН (үлкен жазу)


1. Үзе көк теңрі,

Асра йағыз йер қылын-туқда,

Екін ара кісі оғлы қылын-мыс.

Кісі оғлынта үзе ечүм

апам

Бумын қаған, Істемі қаған олурмыш.



Олурыпан, түрк будуның

елін, төрүсін

Тута бірміс, іті бірміс.
2. Түрт булуң қой йағы ерміс,

Сү сүлепен,

Түрт булуңдақы будынығ

Қоп алмус, баз

қылмыс,

Башлығығ йүкүнтүрміс,



Тізлігіг сөкүрміс,

Ілгерү – Қадырқан йықша тегі,

Керү-Темір Қапуғқа тегі

қонтұрмыс


3. Екін ара іді оқсыз көк түрк (іт)

Анча олурыр ерміс.

Білге қаған ерміс.


Биікте көк тәңірі,

Төменде қара жер жарал-

ғанда,

Екеуінің арасында адам



баласы жаралған.

Адам баласы үстіне ата-

тегім

Бумын қаған, Істемі қаған отырған.



Отырып, түркі халқының

ел-жұртын

Қалыптастырған, иелік еткен.

Төрт бұрыштың бәрі

дұшпан екен,

Сарбаздарымен аттанып,

Төрт бұрыштағы халықты

Көп алған, бәрін бейбіт еткен,

Бастыны еңкейткен,

Тізеліні бүктірген,

Ілгері12 Қадырқан қойна-

уына дейін,

Кері-Темір қақпаға дейін

жайлаған.


Екі аралықта жүрген иесіз көк Түріктерді осылай қоныстандырған екен.

Білге қағандар екен.



Алп қаған ерміс.

Буйуруқы йеме білге ерміс ерінч,

Алп ерміс ерінч.

Беглері йеме, будуны

йеме түз ерміс.

Ану үчүн еліг анча тұтмұс ерінч,

Еліг тұтуп, төрүг ітміс,

Өзінче кергек болмус.


4. Ййғучу-сығутчу: Өңре күн тоғсуқда,

Беклі чөл(л)іг ел,

Табчаг, түпұт, апар, пұрұм,

Куркуз, үч қурықан,

Отұз татар, қытан,

татабы


Бұнча будун келіпен,

Сығтамыс-йығламыс.

Антаг күліг қаған ерміс.
5. Анта кісре інісі қаған болмус ерінч,

Оғлу та қаған болмус

ерінч.

Анта кісре інісі ечісін



тег қылынмадуқ ерінч,

Оғлу қанун тег қылын-

мадуқ ерінч.


Алып қағандар екен.

Әміршілері де бірге бол-

ған екен,

Алып болған екен.

Бектері де, халқы да

сенімді екен.

Сол үшін де елін сонша

(ұзақ) билеген екен,

Ел ұстап, төрелік еткен,

Өздері қаза болған.


Жылаған-сықтаған:

Әуелі күн шығыстан

Бөклі шөлінің елі,

Табғаш, тибет, авар, үрім,

Қырғыздар, үш құрықандар

Отыз татар, қытай, тата-былар

Осыншама халық келіп,

Сықтады-жылады.

Осындай сыйлы қаған екен,
Соңындағы інілері қаған болған,

Ұлдары да қаған болды


Соңындағы інісі ағасын-

дай болмады,

Ұлдары әкесіндей болма-

ды.


Білігсіз қаған олурмус

ерінч,


Йаблақ қаған олур-

мус ерінч,

Бұйруқы йәмә білігсіз

ерінч,


йаблақ ерміс ерінч.
6. Беглері, будуны түзсіз үчүн

Табғач будун теблігін күрліг үчүн,

Армақчусун үчүн,

Інілі-ечілі кіншүртүкін үчүн,

Беглі-будунлығ йоншүр

-түкін үчүн

Түрк будун елледүк учғуну ыдмыс,
7. Қағанладық. Қағанун иітүрү ыдмыс:

Табғач будунка бегілік үру оғлун құл болту,

Сілік куз оғлун күң бол-ту,

Түрк беглер түрк атын

ыты,

Табғачу беглер табғач



атын тутупан,

Табғач кағанқа көрміс,

Еліг йыл ісіг-күшіг бірміс.


Біліксіз қағандар отыр-

ған екен,

Жалтақ қағандар отырған екен.

Әміршілері де біліксіз

екен,

Жалтақ болған екен.


Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,

Табғаш халқының тепкі-

сіне көнгендігінен,

Арбауына көнгендігінен,

Інілі-ағалының даулас-қандығынан,

Бекті халқының жаулас-

қандығынан

Түркі халқы елдігін жой-

ды,
Қағандығынан айы-рылды;

Табғаш халқына бек ұл-

дары құл болды,

Пәк қыздары күң болды.

Түркі бектер түркі атын

жоғалтып,

Табғаш бектердің табғаш

атын тұтынып,

Табғаш қағанына бағынды,

Елу жыл ісін-күшін берді.







8. Ілгерү – күн тоғ-сықда

Бөклі қағанға тегі сүлейү

бірміс,

Қурығару Темір Қапығқа



тегі сүлейү бірміс,

Табғач қағанға елін-тө рү-

сін алу бірміс.
9. Түрк қара қамуғ будун анча тіміс:

«Елліг будун ертім,

Елім амты қаны,

Кемке еліг қазғанурмен тір ерміс

Кағанлуғ будун ертім, Қағаным қаны,

Не қағанқа ісіг-күчіг бір-үрмен?» – тір ерміс.

Анча тіп, табғач қағанқа йағу болмыс.

10. Иағу болып,

Ітінү йарағуну умадук,

Иана ічікміс.

Бунча ісіг-күчіг біртүкгерү сақынматы.

Түрк будун:

«Өлүрейін, уруғсырата-

йын» – тір ерміс,

Иоқоду барыр ерміс,

Үзе түрк теңрісі,

Түрк ыдуқ йері, субу


(Олар) ілгері – Күн-шығыста

Бөклі қағанға дейін шап-

қындады,

Кері – Темір қапаға дейін шапқындады,

Табғаш қағанына елін-жұртын алдырды.
Күллі түркі халқы былай десті:

«Елді халық едім,

Елім қазір қайда,

Кімге ел-жұрт іздермін?


Қағанды халық едім,

Қағаным қайда,

Қандай қағанға күш-қуа-

тым берермін?» – десті.

Осылай деп табғаш хал-қына жау болды.
Жауы болып,

Қолдарынан түк келмей, Қайта бағынды.

Бүйтіп күш-қуатын бер-гілері келмеді.

Түркі халқы:

«Қырылайық, жойылайық» десті,

Ажалға жылжи бастады, Көкте түрк тәңірісі,

Түрктің қасиетті жері, суы.


11. Анча тіміс:

Түрк будун йоқ болмазун тійін,

Будун болчүн тійін,

Қанум Елтеріс қағануғ,

Өгім Елбілге қатұнығ.

Теңрі төпесінте тұтұп Иөгерү көтүрміс ерінч. Қанум қаған йіті йегірмі ерін ташықмас.


12. Ташра йорыйур, тійін есідіп,

Балықдақы тағықмыс,

Тағдақы інміс,

Тіріліп йетміс ер болмыс.

Теңрі күч біртүк үчүн

Қанұм қаған сүсі бөрі

тег ерміс,

Йағысы қоң теге ерміс, Ілгерү-қурығару сүлеп тірміш, қобартмыш,


13. (Қа) мұғы йеті йүз ер болмыс

Йеті йүз ер болып,

Елсіреміс, қағансырамыс

будунығ,


Күңедміс, құледмыс бу-

дунығ,


Былай депті:

«Түркі халқы жойылма-

сын» – дейді, –

«Ел болсын», – дейді.

Әкем Елтеріс қағанды,

Шешем Елбілге қатынды

Тәңірі төбесіне ұстап

Жоғары көтерген екен.

Әкем қағанға он жеті ер

еріпті.
Шетте жортып жүр дегенді естіп,

Қаладағылар өрлепті13,

Таудағылар індепті14

Жиылып жетпіс ер бопты.

Тәңірі қуат берген соң

Әкем қағанның әскері

бөрідей бопты,

Жаулары қойдай бопты,

Ілгері-кейін аттанып, жи-

напты, көтеріпті,
Қолы жеті жүз ер болыпты.

Жеті жүз ер болып,

Елсіреген, қағансыраған

халықты,


Күңденген, құлданған ха-

лықты


Түрк төрүсүн ычғынмыс

будунығ,


Ечум-апам төрүсінче йар-

ратмыс, бошғұрмыс.

Төліс, тардуш...

14. Иабғүт, шадығ берміс.

Бірійе табғач будун йағы ерміс,

Йырайа Баз қаған, тоқуз оғуз будун йағы ерміс.

Қырқыз, қурықан, отуз

татар,


Қытай, татабу-қоп йағы

ерміс.


Қанұм қаған бунча...
15. Қырқ артуқ (ы)

йіті йолы сүлеміс,

Иегірмі сүңіс сүңісміс.

Теңрі йарлықадуқ үчүн Еллігіч елсіретміс.

Қағанлығығ қағансырат-мыс,

Иағығ баз қылмыс,

Тізлігіг сөкурміс,

Башлығығ йүкүнтүрміс.

Қаңым қаған інче еліг-терүг қазғанып


Түркі иелігінен айырыл ған халықты

Ата-баба мекеніне қайта орнатты.

Төліс, тардұш (тарға)

Жабғы, шад15

сайлапты.

Оңында – табғач халқы жау еді,

Солында – Баз қаған, тоғыз оғуз халқы жау еді.

Қырғыз, құрықан, отыз

татар,

Қытай татабы – бәрі де



жау еді.

Әкем қаған осынша16...


Қырық жеті рет аттанды...

Жиырма айқас жасады. Тәңірі жарылқағандықтан,

Елдігін елсіретті,

Қағандығын қағансырат-

ты.

Жауын бейбіт етті,



Тізеліні бүктірді,

Бастыны еңкейтті.

Әкем қаған сөйтіп ел-жұрт құрап,


16. Ұча бармыс.

Қаңым қағанға башлайү

Баз қағанүғ балбал

тікміс.


Ол төрүде үзе

Ечім қаған олурты.

Ечім қаған олурыпан,

Түрк будунуг йіче

ітді,

Ігіті


Чығайығ бай қылты,

Азығ үкүс қылты.


17. Ечім қаған олур-туқда,

Өзім тардуш будун үзе

шад ертім.

Ечім қаған бірле-іл-

геру –

йашул үгүз,



Шаңтүң йазықа тегі

сүледіміз.

Құрығару-Темір қапығқа

тегі сүледіміз.

Көңмен аша қырқыз йе-

ріңе тегі сүледіміз.


18. Қамуғы беш отүз суледіміз.

Үч йегірмі сүңүшдіміз.

Еллігіг елсіретдіміз,

Қағанлығығ қансыратды-

мыз,


Ұша барды17.

Әкем қағанның басына

Баз қағанның балбалы қойылды.

Оның елінің үстіне

Ағам қаған болды.

Ағам қаған болып,

Түркі халқын көркейте түсті,

Көтерді.


Кедейді бай қылды,

Азды көп қылды.


Ағам қаған болған

-да


Өзім тардуш халқына шад болдым.

Ағам қағанмен бірге ілгері

Жасыл өзеніне,



Шаңтұң жазығына дейін аттандық.

Кері-темір қақпаға дейін аттандық.

Көгменнен аса қырғыз

жеріне дейін аттандық.


Бас-аяғы жиырма бес (рет) аттандық.

Жиырма үш рет соғыстық,

Елдігін әлсіреттік, Қағандығын қансырат

-тық.


Тізлігіг секүртіміз,

Башлығығ йүкүнтүртіміз,

Түргіс қаған түркіміз,

(Будунум) ерті,


19. Білмедүкін үчүн,

Бізіңе йанлуқын үчүн қа-ғаны өлті,

Бұйруқы, беглері йеме

өлті,


Он оқ будун емгег көрті.

Ечүміз, апамыз тұтмыс

Йер-суб ідісіз болмазун

тійін,


Аз будуңығ ітіп,
20. Иар (атып) Барс бег ерті,

Қаған ат бұнта біз берті-

міз,

Сіңлім кунчуйуғ



біртіміз,

өзі йаңылты, қағаны өлті,

Будуны күң, құл болты,

«Көгмен йер-суб ідісіз

қалмазұн» – тійін.

Аз, қырқыз будунығ йа-ратып,

Келтіміз, сүңүсдіміз.


Тізеліні бүктірдік,

Бастыны еңкейттік.

Түргеш ханы түркіміз,

(өз халқымнан) еді.


Білместігі үшін,

Бізге жауыздығы үшін қағаны өлді,

Әміршілері, бектері және өлді

Он оқ халқы азап көрді. Атамыз, бабамыз ұстаған Жер-су иесіз болмасын

деп,

Аздарды18 халық етіп құрап,


(Оларға) Барс бек болды,

Қаған атағын оған біз бердік.

Қарындасымды – қаған қызын бердік.

Өзі жаңылды, қағаны өлді,

Халқы күң, құл болды.

Көгмен жер-суы иесіз

қалмасын дедік.

Аз, қырғыз халқын жи

-нап,

Келдік, соғыстық.



21. Елін йана бертіміз.

Ілгерү-Қадырқан йышығ аша,

Будунығ анча контурты-мыз, анча ітдіміз, Қурығару – Кену тар-

манқа тегі түрк будунығ,

Анча контуртымыз, анча

ітдіміз.


Ол өдке кул қуллығ бол-

мыс ерті,

Күң күңліг болмыс ерті,

Інісі ечісін білмез ерті,

Оғлы қаңын білмез ерті.
22. Анча қазғанмыс ітміс еліміз, төрүміз ерті.

Түрк, оғуз беглері, будун, есідің!

Үзе теңрі басмасар,

Асра йер тілінмесер,

Түрк будун, еліңін, төріңін кем артаты?
23. ...Түрк будун өкүн!

Көргүңін үчүн ігідміс білге қағаныңа,

Ерміс, бармыс едгү еліңе
Кентү йанылтығ, йаблақ

күгүртіг,



Елін қайта бердік.

Ілгері Қадырқан қойнауы-нан аса,

Халықты осынша қон-дырдық, осынша еттік,

Кері – Кену тарманға дейін түркі халқын,

Осынша қондырдық осынша еттік.

Ол шақта құл құлды бол-

ған еді,

Күң күңді болған еді,

Інісі ағасын білмес еді.

Ұлы әкесін білмес19 еді.


Сонша иелік еткен ел-жұртымыз осындай еді.

Түркі, оғуз бектері, халқы тыңдаңдар!

Төбеңнен тәңірі баспаса, Астыңнан жер айырылмаса,

Түркі халқы, ел-жұртыңды кім қорлайды?


Түркі халқы, өкін!

Бағынғаның үшін (өзіңді) көтерген қағаныңа,

Қасиетімен, ісімен жақсы еліңе

Кінәлісің, жаман шатас-

тың.


Иарықлығ қантан келіп,

Иана елтді?

Сүңігліг қантан келшен Сүре елтді?

Ыдуқ, Өтүкен йыш будун,

бардығ.
24. Ілгерү бардығма бардығ,

Қурығару барығма бардығ

Бардуқ йерде едгүг ол

ерінч,


Қаның субча йүгурті,

Соңүкүң тағча йатды,

Бегіліг уры оғлың қул

болты,


Сілік қыз оғлың күң болты, білмедүк үчүн, йаблақының үчүн

Ечім қаған уча барды.

25. Башлайу қырқыз қағанығ балбал тікдім.

Түрк будунығ аты-күші

йоқ болмазун тійін,

Өчім қағанығ,

Өгім қатунығ

Көтүрміш теңрі

Ел бірігме теңрі

Түрк будунығ аты-күші

Йоқ болмазун тійін

Қаған олуртды ерінч.




Қарулылар қайдан келіп, Тағы (сені) құлдыратты? Найзалылар қайдан келіп,

Тағы сені ыдыратты?

О, қасиетті Өтүкен қойна-уының халқы, бостың.
Біресе ілгері шаптың, Біресе кері шаптың,

Барған жерде не пайда таптың?

Қаның судай құйылды, Сүйегің таудай үйілді,

Бек ұлдарың құл

болды,

Пәк қыздарың күң болды, Білместігіңнен, нашарлы-ғыңнан,



Ағам қаған дүниеден өтті.

Басына қырғыз қаға-нының балбалын тіктім.

Түркі халқының атақ-даңқы

Өшпесін деп,

Әкем қағанды,

Шешем қатынды

Көтерген тәңірі,

Ел берген тәңірі,

Түркі халқының атақ-даңқы Өшпесін деп,

(Мені) қаған (етіп) отыр-ғызған еді.




26. Нең йүлсығ

Бай будунка олурмадым.

Ічре ашсыз,

Ташра тонсыз

Йабыз, йаблақ будунта

үзе олуртым,

Інім Күлтегін бірле сөз-

лешдіміз.

Қаңымыз, ечіміз қазған-

мыш будун

Аты-күчі йоқ болмадун

тійін,
27. Түрк будун үчүн Түн удымадым,

Күнтүз олурмадым.

Інім Күлтегін бірле,

Екі шад бірле

Өлү-йітү қазғантым.


Анчу қазғанып,

Бірікі будунығ от-суб қылмадым.

Мен өзім қаған олурту-

қыма,


28. Иір сайу бармыш будун

Өлү-йіту


Йадағын-йалаңын

Йана келті.



Ең болмаса бай халыққа отырмадым.

Іші ассыз,

Сырты тонсыз20

Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым,

Інім Күлтегінмен ақыл-дастық.

Әкеміз, ағамыз құрған халықтың,

Аты, даңқы өшпесін деп,

Түркі халқы үшін

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым.

Інім Күлтегінмен бірге,

Екі шадпен бірге

Өліп-тіріліп жерді ұл-ғайттым.

Біраз ұлғайтып,

Біріккен халықты от-су21

қылмадым.

Мен өзім қаған боп

отырғанда,

Жер-жерден босыған халық,

Өліп-жітіп,

Жаяу-жалпы

Келіп жатты.



Будынығ ігідейін тійін:

Иырғару – оғуз будун

тапа,

Ілгеру – қытай татабы будун тапа



Біргеру – табғаш тапа

Ұлығ сү екі йегірімі...

сүңүшдім.
29. Анта Кісре теңрі йарықазу,

Қутым бар үчүн,

Үлүгім бар үчүн,

Өлтечі будунуг тірігрү

ігітім.

Йалаң будунығ тоңлығ,



Чығай будунығ бай қыл-

тым.


Аз будунығ үкүш қылтым.

Ығар еллігде йег қыл

-тым
30. Төрт булундақы будунығ

Қоп баз қылтым,

Йағысыз қылтым,

Қоп, маңа көрті.

Ісіг-күчіг бірүр бұнча төрүг қазғанып, інім Күлтегін өзінче кергек болты.

Қаңым қаған учдукда,

Інім Күлтегін йіті (йашда) қалты.


Халықты көтермек боп:

Терістікте – оғуз халқына қарсы

Шығыста – қытай, татабы халқына қарсы,

Түстікте – табғашқа қарсы

Көп қолмен он екі жорық жасадым.
Сөйтіп, тәңірі жа-рылқады.

Бағым болғандықтан,

Сәті түскендіктен,

Өлімші халықты тірілт-

тім.

Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қыл-дым.



Аз халықты көп қылдым,

Тату елге жақсылық қыл-дым,


Төрт бұрыштағы халықты

Бәрін бейбіт қылдым,

Тату қылдым,

Бәрі маған бағынды.

Ісін-күшін беріп, осыншама ел жиып, Інім Күлтегін өзі қайтыс болды.

Әкем қаған өлгенде

Інім Күлтегін жеті жаста қалды.


31. Он яшда Умай тег өчім қатун құтына

Інім Күлтегін ер ат болты

Алты йегірмі йашыңа

Ечім қаған елін-төрүсін анча қазғанты.

Алты чүб, соғдақ тапа Сүледіміз, буздымыз. Табғач Оң тұтұқ бес түмен сү келті,

Сүңүсдіміз.


32. Күлтегін йадағын оплайу тегді.

Оң тутуқ йорчын йарақ-

лығ елігін тутды

Йарақлығды қағанқа

анчулады.

Ол сүг анта йоққышды-

мыз

Бір отуз йашыңа



Чача Сеңүнке сүңүшдіміз. Ең ілкі Тадықын чурың Боз атығ бініп тегді,

Ол ат анта өлті


33. Екінті Ышбара

йамтар


Боз атығ бініп тегді.

Ол ат анта өлті.

Үчінч йегін Сіліг бегің Кедімліг торығ ат бініп тегді.


Он жаста Умай текті шешемнің бағына

Інім Күлтегін ер атанды.

Он алты жасқа (келгенде) Ағам қағанның ел-жұр-тын сонша молайтты.

Алты чуб, соғдаларға қарсы

Аттандық, талқандадык. Табғаш, Оңтұтықтың бес мың әскері келді,

Соғыстық.


Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды.

Оңтұтықты қарулы бас-шыларымен қолға түсірді.

Қарулыларды қағанға еншіледі.

Ол әскерді сонда талқан-дадық.

Жиырма бір жасында

Чача Сеңүнмен айқастық. Ең ілкі Тадықын чурдың Боз атын мініп шапты,

Ол ат сонда өлді.
Екіншіде Ышбар Ямтардың

Боз атын мініп шапты,

Ол ат сонда өлді.

Үшіншіде йегін Сілікбектің

Ерттеулі торы атын мініп шапты,


Ол ат анта өлті.

Йарақынта йалмасынта йүз артуғ оқуын урты,

Иізек башыңа бір теғ-урмеді.
34. Тегдүкін, түрк беглер көп білірсіз!

Ол сүгүйоқ

қылдымыз.

Анта кісре йер Байырку

Улуғ Іркін йағы

болты.


Аны йануп

Түргі йарғұн көлте бұздымыз.

Улуғ Іркін азқына ерін

тезіп барды.


35. Күлтегін (алты отуз) йашыңа

Қырқыз тапа

сүледіміз.

Сүңүг батымы қарығ сөкіпен,

Көгмен йышығ тоға йорып,

Қырқыз будунығ уда бас-

дымыз.

Қағанын бірле Сүңа



йышда сүңүңшдіміз.

Күлтігін Байыркун (ың)

Ақ адғырығ бініп,

Оплайу тегді.



Ол ат сонда өлді.

Қаруына, сауытына жүз-

ден артық оқ тиді. Барлаушының басына бір де дарыған жоқ.
Оның шабуылын түркі бектері, жақсы білесіңдер!

Ол әскерді сол жерде талқандадық.

Осыдан кейін Байырқы-лық ұлық Еркін (бізге) жау болды.

Оларды батыр талқандап Түргі йарғын көліне қу

-дық.

Ұлық Еркін аз ғана ер-лерімен қашты.


Күлтегін жиырма алты жасқа (келгенде) Қырғыздарға қарсы ат-тандық.

Найза бойы қардан

өтіп,

Көгмен қойнауынан асып, Қырғыз халқын ұйқыда бастық.



Қағанымен Сұңа қойна-

уында айқастық.

Күлтегін Байырқының

Ақ айғырына мініп,

Шабуылға ұмтылды.


36. Бір еріг оқуын

ұрты,


Екі еріг удышру санчды,

Ол тегдүкде Байырку

-нуң

Ақ адғырығ удлықын сыйу ұрты.



Қырғыз қағанын өлүртіміз

Елін алтымыз.

Ол йылқа түргіс тапа

Алтун йышығ тоға,


37. Ертіс үгізік кече йорыдымыз.

Түргіс будынығ уда басдымыз.

Түргіс қаған сүсі

Болчуда


Отча, борача келті

Сүңүшдіміз;

Күлтегін Башғу боз ат

бініп тегді,

Башғу боз ......................... ...........................................

38. Екісін өзі алтызды

Анта йана кіріп,

Тургіс қаған буйруқы,


Аз тутукуғ елігін тутды,

Қағанын анта өлүртіміз,

Елін алтымыз.


Бір ерін оққа ұшыр-

ды,


Екі ерін найзаға шаншыды.

Осы шабуылда Байырқы-ның

Ақ айғырының белі үзіл-

ді.


Қырғыз қағанын өлтірдік,

Елін алдық.

Сол жылы түргешке қарсы

Алтын қойнауынан асып,


Ертіс өзенін кеше жорыттық.

Түргеш халқын ұйқыда бастық.

Түргеш қағанының әскері Болшыда

Отша, бөріше келді,

Соғыстық.

Күлтегін Башғы боз атқа

мініп шапты.

Башғы боз22.....................

..........................................

Екеуін өзі құртты,

Сосын тағы кіріп,

Түргеш қағанының әмір-шісін,

Аз тұтықтың елін алды. Қағанын сонда өлтірдік,

Елін алдық.



Қара түргіс будун көп ічік

-ді.


Ол будунығ табарда кон-дуртымыз.
39. Йана йорып, соғдақ будун ітейін тійін,

йенчү үгүзіг кече,

Темір Қапығқа тегі сүле-діміз.

Анта кісре қара түргіс будун йағы болмыш.

Кеңерес тапа барду.

Бізің сү ату тұтұқ,

азуқу йоқ ерті.

Йаблақ кісі ер...


40. Алп ер бізіңе тепміш ерті.

Антағ өдке өкүніп,

Күлтігініг аз ерін үртүрү

ытымыз.


Улуғ сүнүш сүңүшміш.

Алп Шалчы ақ атын бініп тегміш.

Қара түргіс будунығ

Анта өлүрміш алмыш.


41. Йана йорып... бірле,

Қушу Тутуқ бірле сүңүш-міш.

Ерін қоп өлүрміс,

Ебін, барымын



Түргеш халқының бәрі бағынды.

Ол халықты Табарға қон-дырдық.


Тағы жылжып, соғданы халық етпек боп,

Інжу өзенін кешіп,

Темір Қақпаға дейін ат-тандық.

Одан соң бүкіл түргеш халқы жау болды. Кеңерестерге қарай барды.

Біздің әскер аты арық, жемі жоқ еді.

Қорқынышты кісілер,


Алып кісілер бізге шабуыл жасады.

Сол мезетте өкініп, Күлтегінді шағын қолмен жібердік.

Жойқын соғыс жасапты.

Алып Шалшы ақ атқа мініп шауыпты.

Баршасы түргеш халқының

Сол жерде өлім тауыпты.


Тағы да жылжып,

Құшы Тұтықпен айқасты.


Ерінің бәрін жайқапты,

Үйін, мүлкін



(Қолы) сыз қоп келүрті.

Күлтігін йіті отүз йашу-

ңа

Қарлуқ будун ерүр барур



Ерілі йағы болты.

Тамағ ыдуқ башда сүңүш-

діміз.
42. (Күл) тігін сол сүңүшде

Отуз йашайур ерті.

Алп Шалчу (ақ а) тун

бініп, оплайу тегді.

Екі еріг үдүшру

санчды,


Қарлуқуғ өлүртіміз, ал-

тымыз.


Аз будун йағы болты,

Қара көлте сүнүшдіміз

Күлтігін бір қырқ йаша-

йур ерті
43. Алп Шалчы ақын бініп,

Оплайу тегді:

Аз елтеберіг тұтды.


Аз будун анта йоқ болты.

Ечім қаған елі

Қамығыш болтуқынта,

Будун елігі кегі, болту-

қынта

Ізгіл будун бірле сүңүш-



діміз.

Күлтігін алп Шалчы ақын бініп,



Қалдырмай түгел әкепті.

Күлтегіннің жиырма жеті

жасында

Қарлық халқы еркіндік-



тен жау болды.

Тамағ шыңында соғыста

Күлтегін сол

соғыста


Отыз жаста еді.

Алып Шалшы ақ атқа мі-ніп, шабуылға ұмтылды.

Екі ерін найзамен шанышты.

Қарлықтарды қырдық,

алдық.

Аз халқы (бізге) жау болды.



Қара көлде соғыстық.

Күлтегін отыз бір жаста

еді,
Алып Шалшы ағын мініп,

Шабуылға ұмтылды. Аздардың ел басшысы тұтылды.

Аз халқы сонда жоқ болды.

Ағам қағанның елі

Бүлікшіл болғанда,

Халқы күңшіл, кекшіл болғанда

Ізгіл халқымен соғыс

-тық,


Күлтегін алып Шалшы ағын мініп,

44. Опла (йу тег) ді,

Ол ат анта түс (ді),

Ізгіл будун өлті.

Тоқуз оғуз будун кентү будуным ерті,

Теңрі, йір булғақын үчүн йағы болты;
45. Бір йылқа біш йолы сүңішдіміз.

Ең ілік Тоғу балықда

сүңішдіміз.

Күлтігін Азман ақығ бініп,

Оплайу тегді,

Алты еріг санчды,

Сү тегісінте йітініч еріг

қылычлады.

Екінті Қушлағақда

Едіз бірле сүңішдіміз.

Күлтігін Аз йағызын бі-

ніп,


Оплайу тегіп,

Бір еріг санчды,


46. Токуз еріг егіре тоқыды

Едіз будун анта өлті:

Үчінч Бол...нда

Оғуз бірле сүңішдіміз,

Күлтігін Азман ақығ бі-

ніп,


Шабуылға ұмтылды,

Ол ат сонда құлады,

Ізгіл халқы қырылды.

Тоғыз оғыз халқы өзіме тән халық еді, Жер-көктің бұлқан-талқандығынан жау болды;


Бір жылда бес жолы шайқастық.

Ең ілкі Тоғу кентінде шайқастық.

Күлтегін Азман ағын мініп,

Шабуылға ұмтылды.

Алты ерін шанышты, Шайқаста жетінші ерін қылыштады.

Екінші (рет) Құшлағақта Едіздермен шайқастық. Күлтегін Аз қарагерін мі-ніп,

Шабуылға ұмтылып,

Бір ерін шанышты,


Тоғыз ерін қуып та-қымға басты.

Едіз халқы сонда қырылды,

Үшінші (рет) Бол...да Оғыздармен соғыстық. Күлтегін Азман ағын мі-

ніп,





Тегді, санчды:

Сүсін санчдымыз,

Елін алтымыз,

Төртінч Чуш башынта

сүңішдіміз.
47. Түрк дудун адақ қамаштды, йаблақ болт (ач) ы ерті.

Оза келміс сүсін

Күл ті(гін) ағытып, Тоңра бір оғуш алпағу он

еріг, Тоңа тігін йоғынта егіріп өлүртіміз.

Бесінч Езгенті Қадазда

Оғуз бірле сүңішдіміз.

48. Күлтігін Аз ай-ғызын бініп тегді.

Екі еріг санчды,

Балық (к) а бармады,

Ол сү анта өл (ті).

Мағы құрған (қ) ышлап,

йазыңа


Оғузғару сү ташукдымыз.
Күлтігін бег башлайу -

құтымыз


Оғуз йағы ордуғ басды.

Шапты, талқандады. Әскерін жеңдік,

Елін алдық.

Төртінші (рет) Чуш үстінде соғыстық.
Түркі халқының аяғы әлсіреді, (өзі) жаман қалжырады.

Оза келген жау әскерін Күлтегін қуып, тоңра руынан шыққан он ерді, Тоңатегінді жерлеген жерде қуып жетіп өлтірдік

Бесінші (рет) Езгенті Қадазда, Оғыздармен соғыстық.
Күлтегін Аз қаракерді мініп шапты.

Екі ерін шанышты, (Бірақ) қалаға бармады,

Ол әскер сонда қырылды,

Мағы қорғанында қыс-

тап, жазына

Оғыздарға қарай әскермен жылжыдық.

Күлтегін бек – бастау-

шымыз, құтымыз23.

Оғыздардың ордасына

кірді.



49. Күлтігін Өгсіз ақын мініп

Тоқуз ерін санчды,

Ордуғ бірмеді,

Өгім қатун, улайу өглерім,

Екелерім, келіңүнім, қун-

чуйларым,


50. Өзім сақынтым,

Өд теңрі йасар,

Кісі оғлу қоп өлгелі төр-

үміс,


Іті да көнулте сығыт

келсер,


51. Анача сақынтым,

Көзде йаш келсер,

Іті да көнулге сығыт келсер,

Йантуру сақынтым,

Қатуғды сақынтым:

Екі шад, улайу іні йігү-

нім.

Оғланым, беглерім, буду-



ным

Көзі-қашы йаблақ болтачы тіп сақынтым.

Йуғчы – сығытчы:

Қытай, татабы будун

башлайу


Күлтегін Өгсіз24 ағын мініп,

Тоғыз ерін шанышты. (Бірақ олар) Орданы бермеді,

Шешем-қатын, (онан соңғы аналар)25 Жеңгелерім, келіндерім, ханымдар,
Өзім қайғырдым. Тағдырды тәңірі жасар, Адам баласы бәрі өлгелі туған.

Қайғырғаным соншама, Көзге (ыстық) жас келер,

Көңілге ауыр шер келер. Шексіз қайғырдым,

Қатты қайғырдым:

Екі шад, бүкіл жеткіншек-терім (нің),

Ұландарым, бектерімнің, халқым(ның)

Көзі-қасы әз болар деп қайғырдым26

Жылаушы-сықтаушы: Қытай татабы халқын бастаған



52. Удар Сеңүн келті:

Табғач қағанта

Ісйі Лікең келті,

Бір түмен ағу, алтун,

Күмүш кергексіз келүрті.

Түпүт қағанта Бөлен кел-

ті.

Қурыйа – күн батсықдақы



Соғд, Берчекер, Бұқарығ

улыс будунта

Нең Сеңүн, оғул тарқан

келті.
53. Он ақ оғлым түргіс қағанта

Макрач тамғачы,

Оғуз білге тамғачы келті.

Қырқыз қағанта

Тардуш Ынанчу чур келті.

Барқ ітгучі,

Бедіз йаратығма бітіг таш ітгүчі

Табғач қаған чықаны

Чаң Сеңүн келті.


Күлтігін қоң йылқа, йіті

йегірмеке учды. Токузынч

ай йіті отузқа йоқ ертүр-

тіміз.


Барқын, бедізің, бітіг

таш(ын) бічін йылқа, йітінч

ай йіті отузқа қой алқады

(м) ыз.


Удар Сеңүн келді:

Табғаш қағанынан

Ісиі Лікең келді.

Он мың сый, алтын,

Есепсіз күміс әкелді.

Тибет қағанынан Бөлен

келді.

Арттан – күнбатыстан Соғда, Бершекер, Бұхар ұлыстарының халқынан –



Нең Сеңүн, Тархан ұлы

келді.
Он оқ ұлым, түргіс қағанынан

Макраш таңбашы27

Оғыз білге таңбашы келді.

Қырғыз қағанынан

Тардуш Ынаншы чур келді.

Мазар тұрғызуға, Өрнектеген жазба тасты тұрғызуға

Табғаш қағанының зергершісі – Чаң-Сеңүн келді.

Күлтегін қой жылы, он жетінші күні өлді. Тоғы-зыншы айдың жиырма жетісінде жерледік. Мазарын, ою-өрнегін, жазба тасын бешін28 жылы жетінші айдың жиырма жетісінде тегіс аяқтадық.


Күлтігі ө(ліп) құрқ артұқ

(ы й) іті йашың булыт.

Таш... бұнча бедізчіг, той-

ғұн елтебер келү(р)ті.




Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді.

Тас29... көптеген бәдізші- лер, тойғұндар, елтеберлер (де) келтірілді.




Каталог: files -> docs -> books
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа
docs -> Қ. Жұбанов атындағы
docs -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
docs -> Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына қатысушылардың арасында бәсеке жоғары» Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050»
docs -> Реферат Название реферата Исполнитель
docs -> Инструкция по ветеринарному учету и ветеринарной отчетности


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет