Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»


VI. Оғуз қағанның Урум қағанымен соғысы баяны. Урум қағанды жеңуі және елін қарату баяны



бет5/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

VI. Оғуз қағанның Урум қағанымен соғысы баяны. Урум қағанды жеңуі және елін қарату баяны
Ол жерде Етіл теңіз деген бір теңіз бар еді. Етіл теңіздің төменгі жағында бір қара тау етегінде ұрыс болды.

Оқпен, найзамен, қылышпен ұрысты.

Әскерлердің арасында көп-көп ұрыс болды//

19. Ел-жұрттың көңілінде көп-көп қайғы болды. Ұстасу, соғысы сондай жаман болды: – Етіл теңізінің толқыны қып-қызыл, сіп-сіңірдей56 болды. Оғуз қаған басты, Урум қаған қашты. Оғуз қаған Урум қағанның қағандығын57 алды. Ел-жұртын

20. алды. Ордасына есепсіз өлі олжа, есепсіз тірі // олжа түсті.
VII. Оғуз қағанға Урусбектің оғлы Сақлаптың тарту-таралғымен келу баяны
Урум қағанның бір жақын-жуық адамы бар еді. Урус бек деген еді. Сол Урус бек баласын тау басындағы Терең өзеннің арасындағы өте берік қалаға жұмсады. Тағы да айтты: «Қаланы қадағалап, жақсы күзету керек. Сен және ұрыстардан соң қаланы маған аман сақтап тұр», – деп айтты.

21. Оғуз қаған сол қамалға аттанды. Урус // бектің баласы (Оғуз қағанның алдынан) көп алтын-күміс жіберді. Тағы айтты: «Ай, менің қағанымсың. Маған атам бұл қаланы берді және айтты: «Қаланы қадағалап, жақсы күзету керек. Сен және ұрыстардан соң қаланы маған аман сақтап тұр, – деді. Атам қаһар қылса, менің еркім бар ма? Сенен жарлық, байлық біліктік көремін//. Біздің құтымыз – сенің құтың, біздің ұрығымыз – сенің ағашыңның ұрығы. Тәңірі саған жер58 беріп, (бар игілігін) өзіне бұйырып тұр. Мен саған басымды, жан-тәнімді беремін. Салық-сый беріп, өзіңмен достықта, (ынтымақта) боламын», – деп айтты. Оғуз қаған жігіттің сөзін жақсы көрді, сүйсінді, ризалықпен.


23. күліп айтты:
Маған көп алтын жұмсапсың,

Қаланы жақсы сақтапсың, –


деп айтты.

Сол үшін де оған Сақлап [деп] ат қойды. Дос болды. [Күндерде бір күн] әскерімен Оғуз қаған Етіл деген теңізге келді. Етіл [деген] үлкен бір теңіз болатын. Оғуз қаған оған қарап тұрып айтты: «Етілдің суынан қалай өтерміз?» – деп айтты.

Әскерінде бір жақсы бек бар еді. Оның аты Ұлығ Орду бек еді.

24. Үздік, ұғымтал бір ер еді [Сол ер] қарады, [қарап тұрса] жағада қалың тал, қалың ағаш бар екен. Ол бұл ағаштарды, талдарды кесті. Ағаштардан [сал жасады, жұрт үстіне] жайғасты. [Теңізден] өтті. Оғуз қаған қатты сүйсінді, [ризалықпен] күліп айтты:


«Ай, ай! Сен осы жерге бек бол!

Қыпчақ деген сен бек бол! –


деп айтты.

(Оғуз қағанның әскері тағы да ілгері шығысқа қарай

25. жүрді. Бұдан соң қаған тағы да көк түкті//, көк жалды еркек бөріге қарады. Ол көк бөрі Оғуз қағанға айтты: «Енді әскеріңмен бұл арадан аттан, Оғуз! Аттан да, ел-жұртыңды, бектеріңді жи. Мен бастап, саған (жол) көрсетермін», – деп айтты.

Таң ертең болғанда (Оғуз қаған) қарады. Қараса, еркек бөрі әскерлерінің алдында жүріп бара жатқан екен. (Оғуз қаған) сүйсінді, (ілгері) (жүріп) кетті. Оғуз // қаған бір Шауқар-

26 (таң (деген) айғыр атқа мініп жүруші еді. Осы айғыр атты бек қатты сүйетін еді. Жолда сол айғыр ат көзден тез ғайып болды, қашып кетті. (Сол арада) үлкен бір тау бар еді.

Ұша-қырқасы тоң және мұз болатын. Оның басы суықтан аппақ. Сол үшін оның аты Мұзтау еді. Оғуз қағанның аты осы Мұзтаудың ішіне қашып

27. кетті. Оғуз қаған бұған // көп уақыт қапа шекті. Әскерде бір зор қайратты ер, өзі бек кісі бар еді.

Анау-мынаудан қорықпайтын еді, қиын жүрісте, боранды шақта оңтайлы, икемді ер еді. Осы бек тауға кірді, (қарап) жүрді. Тоғыз күннен соң Оғуз қағанға айғыр атты алып келді. Мұзтауда көп суық, аяз болғаннан ол бек қырауға малынған еді, аппақ еді.

28. Оғуз // қаған қуанышпен күлді, күліп айтты:
«Ай сен бектерге болғын бастық,

Менен саған ат болсын Қағарлық!» –


деп айтты. Көп қымбат бұйым сыйлады. Оғуз қағанның әскерінде үздік шебер бір кісі бар еді. Оның аты Бармақлуғ Жосун Білліг еді. Бұл шебер бір қанға шапты. Қанға үстіне елі олжаны тиеді, қанға басына тірі олжаны жекті. Тартты, жүріп кетті.

32. Нөкерлерінің, ел-жұртының бәрі мұны көрді, көріп асықты, қанғаларды тағы шапты. Бұл қанғалар жүргенде «қанға, қанға» деп дыбыс беретін еді, сол үшін оларға «қанға» деп ат қойды. Оғуз қаған қанғаларды көрді, сүйсініп күліп айтты:

«Қанға, қанға» дегізіп, өліні тірі жүргізсін! Қанғалуғ саған ат болар, қанға білгізсін!» – деп айтты.
XV. Оғуз қағанның аяң айтатын жырауы Улуғ

Түрүктің түс көруі және бұл түсін Оғуз қағанға

айтып жоруы баяны
Тағы да тысқары қалмасын, белгілі болсын. Оғуз қағанның жанында ақ сақалды, мұз шашты шексіз өнерлі бір қарт кісі бар еді. Ақылы тура бір ер еді. Түсімел59 еді. Оның аты Улуғ Түрүк еді.

Осы Улуғ Түрүк күн//дерде бір күн ұйқыда бір алтын жай көрді, тағы да үш күміс оқ көрді. Бұл алтын жай күншығар жерден күн батар жерге дейін тиіп тұр еді. Ал үш күміс оқ сол түстікке қарай кетіп (атылып) бара жатыр еді. Оянған соң түсінде көргенін Оғуз қағанға білдірді. Тағы да айтты:


37.

Ай қағаным! Саған жасар жас болсын ұзын

Ай қағаным! Саған//берер төре болсын түзін60

Маған Көк тәңірі берді түсімде, келтірсін

Талай тұрар жерді ұрығыңа бердірсін! –
деп айтты.

Оғуз қаған Улуғ Түрүктің сөзін жақсы көрді. Үгітін61 сұрады. Үгітіне қарай (іс) қылды.


XVI. Оғуз қағанның балаларын аң аулауға жұмсау баяны. Балаларының жолай алтын жай және үш күміс оқ тауып алуы, оны аталарына алып келуі баяны
Бір күні таңертең Оғуз қаған ағалы-інілерін дауыстап шақырды және оларға айтты:

38.


«Ай, менің көңілім ауды тілеп тұр-ау,

Кәріліктен // қуат-күшім жоқтыр-ау.

Күн, Ай, Жұлдыз, таң атар жаққа сендер бар(ыңдар),

Көк, Тау, Теңіз, түн түнер жаққа сендер бар(ыңдар)»

– деп айтты.

Бұдан соң үшеуі таң атар жаққа барды, тағы үшеуі түн түнер жаққа барды.

39. Күн, Ай, Жұлдыз көп аң, көп құс аулаған соң, қайтып жолда бір алтын жай тапты, оны алды. Келіп атасына берді//.

Оғуз қаған сүйсінді, ризалықпен күлді. Тағы жайды сындырып үшке бөлді. Тағы айтты:


Жай болсын сендерге, ай ағалар!

Жай оқтарды көкке атыңдар! –

деп айтты.

Және одан соң Көк, Тау, Теңіз көп аң, көп құс аулаған соң (қайтып) жолда үш күміс оқты тапты, (оны) алды, (келіп) атасына берді.

40. Оғуз қаған сүйсінді, ризалықпен күлді. Тағы оқ//тарды үшеуіне үлестірді. Тағы айтты:
«Ай, інілер!

Оқтар болсын сендерге!

Жай атты оқты –

Оқтардай бол сенде де! –

деп айтты.

XVII. Оғуз қағанның ұлы құрылтай шақырып, бектерін, ел-жұртын жиып той беруі баяны. Балаларына жұртын бөліп беруі баяны. Оғуз қағанның өсиет сөзі
Оғуз қаған ұлы құрылтай шақырды. Нөкерлерін, ел-жұртын жарлық шашып шақырды. Нөкерлері, ел-жұрты келіп кеңес құрып отырды.

Оғуз қаған үлкен ордада отырды. Тағы жарлық беріп, оң жағына // қырық құлаш ағашты тіктірді, оның басына бір алтын тауық қойды, түбіне бір ақ қойды байлады, сол жағына қырық құлаш ағашты тіктірді, оның басына бір күміс тауық қойды, түбіне бір қара қойды байлады. Оң жаққа Бұзоқтар отырды, сол жаққа Ұшоқтар отырды. Қырық күн, қырық түн жеді // ішті, қуанышқа бөленді.

Бұдан соң Оғуз қаған ұлдарына жұртын үлестіріп берді. Тағы да айтты:


Ай, ұлдарым, көп мен астым,

Ұрыстарды көп мен көрдім.

Найза сілтеп, көп оқ аттым.

Айғыр мініп көп жорыттым.




Дұшпандарды жылаттым,

Достарымды күлдірдім,

Көк Тәңірге мен өтеуім,

Сендерге жұртым (ды) беремін, –




деп айтты.
(Аударған Құлмат Өміралиев)

ИСЛАМ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ

(Х-ХІІ ҒҒ.)
ӘБУНӘСІР ӘЛ-ФАРАБИ
Бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған Әбунәсір әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталығы болған Бағдатқа кетіп, Сирияда, Шам шаһарында қайтыс болған (Дамаск). Өз ана тілі – түркі тілінен басқа араб, парсы, көне грек тілдерін жетік біліп, түрлі ғылымдар бойынша 100-ден астам еңбек жазған. Философия, жаратылыстану, математика, музыка саласында әлем таныған құнды еңбектері бар. Поэзияның табиғатын талдайтын трактат жазып, өлең де шығарған. Әл-Фарабидің көне грек философтары мен математиктерінің еңбегіне зер салып, оларды араб оқушысына түсіндіруге тырысуы, грек ойшылдарының философиялық пікірлерін жаңаша дамытуы, энциклопедиялық білімін жан-жақты жұмсауы Әл-Фарабидің Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуірінің ғылым саласындағы қайнар бастауында тұрған тұлға екенін көрсетеді. «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Музыканың үлкен кітабы», «Өлең сөз және шешендік туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты», «Логика» т.б. еңбектері – ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер. Әл-Фарабидің трактат, өлеңдері арабшадан аударылып басылған кітаптан алынып отыр (Әбунәсір әл-Фараби «Трактат және өлеңдер» / Аударған А.Нысаналин. – А.: Жазушы, 1974).
ӨЛЕҢ ӨНЕРІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ62

ТУРАЛЫ ТРАКТАТ
Рақматы күшті раббымның атынан бұл зерттеудегі біздің мақсатымыз – тынық ой маржанын сүзіп, онымен танысқандарға философтың поэзия туралы айтқандарын түсінуге қол ұшын беру еді. Алайда біз аталмыш өнерге байланысты белгілі жайларды шиырлап, тәптіштеп жатпаймыз. Өйткені философтың өзі де софистика өнері, әсіресе поэзия өнері хақындағы тұжырымдарын аяқтаған жоқ. Бұның бір ғана себебі бар, оның өзі софистика өнері туралы толғамдарының соңында айтқандай, өзінен бұрынғылардан негізге алып, қағидаға айналдырып жүйемен әсіре бағалайтын еш нәрсе таппаған. Сондықтан да сонша таудай талантымен дарқан дарынды бола тұрып философтың өзі де ширатып, пісірмеген нәрсені тамамдау талабы ақталар ма, сірә: Біз тек қана осы өнерді зерттегенде септігі тиер-ау деген қағида, сана салиқалығын танытатын сөздерді атап өтудің дәл қазір мүмкіндігі туды деп есептейміз.

Жалпы айтқанда, сөздің мағыналы яки мағынасыз болмағы шарт. Алғашқысының ішінде кейбір қарапайым, басқаларға күрделі келмекші. Күрделі сөздің жай айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін; әуелгісінің кейбірі көкейден шығады да, кейбірі олай емес. Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. Жалған айтылғанның ішіндегі қайсыбірі сөз барысында тыңдаушының зердесінде бейнеленіп, сонымен тікелей тұспалданса, басқалары бейнеленетін затқа байланысты ойда еліктеу туғызады. Соңғысы – жай поэтикалық куаттың әсері. Еліктеудің кейбірі жетілген, кейбірі түбегейлі жетілген. Екеуінің жігін ажыратып зерттеу – ақындар мен поэзия білімпаздарының міндеті, көптеген тіл мен диалектіде бұл хақында әр түрлі шығармалар жазылған.

Бұдан әрі ешкім «софистика» мен «еліктеу» екеуін төркіндес санамауы тиіс. Керісінше, олар кейбір арақатыста ерекшеленеді. Ең алдымен олардың мүддесі әр түрлі: софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады; сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды; ал оған қарама-қарсы еліктеуіш тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді.

Мамыржай күйдегі адам кейде қиялға шомып, мәселен, серуендеп жүргендей, жағадағы жапырлаған тынығушыларға қарағанда немесе жерде тұрып, көктемгі бұлттардың жөңкіген көшін қарабарқын аспандағы ай мен жұлдыздарды көргендей бір түрлі күй кешеді. Сезімді сиқырлайтын болмыс сондай. Егер адам айнаға яки соған ұқсас жалтыр затқа қараса, онда жағдай оны затқа ұқсас нәрсені көріп тұрғандай топшылауға мәжбүр етеді.

Тұжырымды да басқаша, келесідегідей бөлген ғанибет. Ол да құптарлықтай, яғни оған керісінше болуы мүмкін. Егер пайымдау діттеген жерден шығысып жатса үйлесімді, не оған кері болады. Егер ол үйлесімді болса, онда болмыстағыдай қисынды болмақ. Егер қисынды болса ол не қорытынды, не еліктеу. Еліктеу дағдыдағыдай поэзия өнерінде қолданылады. Сондықтан поэтикалық пайымдау дегеніміз – еліктеудің өзі.

Үйлестікті де, басқа да пайымдау тәрізді өз бетінше бөлуге болады. Пайымдау не толық шынайы, не толық жалған, не шынайылау, бірақ ішінара жалған, не керісінше шынайы мен жалған барабар келеді. Егер көбісі шынайы болса, пайымдау басым да, шынайылық пен жалғандық тепе-тең болса даулы болады, көбісі жалған болса көпірме, толық жалған поэтикалық софистика болып шығады. Бұл талдау поэтикалық пайымдау не басым, не дәлелдемелі, не көпірме желбуаз, не софистикалық болмайтынын көрсетеді. Сөйтсе де ол силлогизмнің немесе постсиллогизмнің түрі деп есептелінеді. («Пост-силлогизм» дегенде мен түйінділік, бейнелілік, түйсік т.б. секілді әсер күші бар нәрсені айтамын. – Әбунәсір әл-Фарабидің өз түсініктемесі). Біздің жазбамыздың осы жеріне жеткенде, ақындық түйіндеудің әр қилы түрін белгілеу ләзім. Ақындық түйіндеуді өлшеміне яки мазмұнына қарай топтау мүмкін. Өлшеміне қарай топтау әуенділікке немесе екпінге, тұжырымдау қай тілде екеніне байланысты, сонымен қатар музыканың деңгейіне де қатысты. Мазмұнына қарай ғылыми тұжырымдау, шама-шарқынша тап басып болжау, поэзияны талдаушының, поэтикалық мәнді зерттеушінің, әр түрлі халық поэзиясы мен оның әрбір мектебін білетіндердің харекетіне кіреді. Ондай араб пен парсы поэзиясын бүге-шігесіне дейін білетін білімдарлар біздің кезімізде де өмір сүріп отыр. Кітап та жазып жүр. Олар поэзияны сатира, поэтика, айтыс, комедия, газель, жұмбақ және басқаларға бөледі. Сөйтіп, өз кітаптарында әртүрлі топты келтіреді; оған көз жеткізу онша қиын емес, демек, біз мүлдем кең көсіліп, негізгі нысанадан ауа жайылмаймыз. Мысал келтіреміз.

Басқа білетін қазіргі және ежелгі халықтардың көптеген ақыны фабула мен өлшем арасын шектемейді, сонымен қатар ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қоймайды. Бұдан тек көне гректер ғана тыс тұр. Олар әрбір ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қолданған. Оларда пэонның өлшемі сатира өлшемінен, ал комедия өлшемінен тіптен өзгеше. Соған қарамастан басқа халықтар мен тайпалар пэон үшін де сатираға т.б. қолданатын өлшем түрін қолданады; сөйтіп, өлшемнің көпшілігі жалпы болып есептеледі және олар әрбір, топты ежелгі гректер сияқты мұқият топқа бөлмейді.

Енді біз грек поэзиясының түрлеріне тоқталамыз.



Философтың поэзия өнеріне байланысты тұжырымдарында келтірген топтауына сәйкес өз ретімен келтіре кеткен жөн. Грек поэзиясы мен сипаттағандай, төмендегі топқа бөлінеді:


1. Трагедия

8. Сатира

2. Дифирамбы

9. Поэма

3. Комедия

10. Эпос

4. Ямб

11. Риторика

5. Драма

12. Амфигеноссос

6. Эпос

(космогония)

7. Диаграмма

13. Акустика


Трагедия дегеніміз – арнайы өлшемі бар, бәріне: тыңдаушыға һәм айтушыға да ләззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұрарлық, үлгі алар орайлы оқиға бар; онда билеушілер мен шаһар манаптары марапатталады. Орындаушылар, әдетте, оны патшазадалар алдында келістіріп айтып береді. Егер патша өлсе, олар трагедияның орнына кейбір әуен қосып, марқұмды жоқтайды.

Дифирамбы – трагедиядан екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тән ізгі жайлар айтылады; Дифирамбыда да көбінесе қайсыбір патшаларды мақтауға талпынады, бірақ, негізінен, жалпы ізгі істер тілге тиек етіледі.

Комедия болса, ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жайлар арқау болып, жеке адам мінез-құлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. Кейде адам мен хайуанға тән құлықтың, сонымен қатар сыртқы ұсқынсыз тұрпаттың нышандары келемежделеді.

Ямб – ерекше өлшемі бар жыр түрі. Онда жалпыға мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс: мәселен, мақалдар. Жырдың бұл түрі тайталас бәс кәмән соғыста, ашу мен беймазалық үстінде қолданылады.

Драма да – алдыңғы түр сияқты, тек оған жеке есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді.

Эпос – мейлінше көркем немесе әдеттен тыс эмоциялық күшімен ләззат беретін поэзия түрі.

Диаграмма – заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі. Онда адамдар жанын күтіп тұрған бақи бақытсыздық бейнеленіледі; егер олар бейәдеп һәм шектен шыққан болса.

Эпика мен риторика ежелгі басқару мен заң формаларын жырлайтын поэзия түрі. Бұнда патшалардың парасаты мен ерлігі, жорықтар мен бастан кешкен қызықты жайттары жырланып отырады.

Сатира дегеніміз – музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі, осы өлшемді олар әндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хайуандарға әдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан қимыл жасатады.

Поэма да – сұлулық пен тұрпайылықты, жүйелік пен бейберекеттікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда, әр поэзияның түрі өзі жырлайтын затқа – сұлулық пен әдемілікке, келістілік пен ұсқынсыздыққа сәйкес келеді.

Амфигеноссос жаратылыс ғылымдарын баяндайтын оқымыстылар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның барлық түрінен өлең өнеріне дәл келетін ең сәттісі – осы.

Акустика шәкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі: оның пайдалылығы осымен шектеліп, өзгеге онша қажеті жоқ.

Поэзия білгірлерінен алып, Фемистияға бағышталған философ Аристотельдің тұжырымдарынан оқығанымызды, сонымен қатар бұрынғы жазушылар мен олардың еңбегін түсіндіретіндерден түйгенімізді топшылағанымызда грек поэзиясының кейбір түрлері мен маңызы осындай. Және бұл түрлердің тізіміне қатысты тұжырымдарымызға қосымша пайымдауларымыз айтылды. Енді біз оны жөн санағандықтан да сол күйінде мазмұндап береміз.

Ақындарды үш топқа бөлген абзал. Біріншісінің табиғи дарыны, өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті бар: олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелілікке, тамаша теңеулер құруға керемет бейім тұрады. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең өнерінің сын-сыпатымен онша таныс емес, тек аса алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һәм өнерден берік қоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындар қатарына жатпайды; тек олардың жалпы поэзиясымен айналысатынына қарап екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындарға қосқанның жөн-жосығы келеді.

Екінші топтағы ақындар – өлең өнерімен толық таныс: қай тәсілді таңдамасын олар қағиданың да, бейнелеу құралының да қайсысына болсын жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын ақындар сапына толық жатқызуға болады.

Үшіншілердің қатарына ақындар мен алғашқы екі топтағының шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар әлгілердің бейнелеу мен теңеуде ізденістерін дамытып отырса да, поэзия оның қағидаларына онша қанық емес. Осындай ақындар ішінде қателіктер мен мүлт кетулер жиі болып тұрады.

Үш топқа жататын ақындар шығармалары табиғи дарынмен немесе арнайы жаттығу жағдайында туындауы ләзім. Мен айтар едім, жоқтау жазуға икемделіп, төселген адамды кейде жағдай сатира немесе басқа поэзия түрлерін де жазуға мәжүбр етеді. Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайды қарамайтын жанды, ерекше себептерге байланысты – өзі білмейтін түрде жазуға сыртқы не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен ғажап поэзия еркіндікте тумақ.

Одан әрі ақындар өлең жазуда кемелденгендігімен не балаңдығымен айрықшаланады; бұл құбылыс шайыр ойының әсерімен, не оқиға өрбітумен, не өлең тақырыбына байланысты пайда болады. Ал алғашқылармен салыстырғанда ақын идеясы өте-мөте пайдалы, кейде залалды болуы мүмкін, өйткені қажетті психологиялық шарт кейде басым, кейде тіпті жоқ болмақ, дегенмен аталмыш тұжырымда бұған қатысты уақ-түйекке іркілмегеніміз дұрыс: қалай болғанда да, бұл этика мен физиологиялық жай-күй, оның жеке салдары туралы кітаптарда айқын келтірілген. Зады, өлең тақырыбына сәл аялдағанда, кейде ұқсас заттарды өзара теңегенде ұзақ сонарға түсіп кетеміз, ал басқа жайда өзінен-өзі көрініп тұр ғой. Бұндай сәтте ақын кемелділігі мен балаңдығының темірқазығы – заттардың ұқсастығының түр-түсіне қатысы бар.

Кейде қайдағы бір әре-тәрелер нағыз шебердің туындысына бергісіз керемет өлең шығаруы таңғаларлық емес. Бірақ оның себебі – тек сәйкестік пен кездейсоқтық, ондайды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтындардың сапына жатқызуға әсте болмайды.

Теңеу де өз көркемдік дәрежесімен ерекшеленеді. Бұл заттың – тақырыптың өзінен туындайды, теңеу дәл келе ме, жоқ, жуықтай ма немесе бір-бірімен тым алшақ екі затты қосымша кейіптеу арқылы суреткерге тән тәсілмен ұқсастыру әрбір ақынның шеберлігіне байланысты.

Мәселен, ақын А мен В, В мен С-ны айқын көрініп тұрғандай салыстырады, өйткені А мен В арасындағы ұқсастық белгілері мен сәйкестігі В мен С-ға барабар. Сонымен ол А мен С бір-бірімен соншама алыс бола тұрса да, тыңдаушы мен айтушыға оның ұқсастық идеясын жеткізіп беретіндей етіп баяндайды. Дәл мұндай әсерді тек өнер кемелділігі шақыра алатыны кәміл. Бұған ұқсас мысалды қазіргі ақындар тәжірибесінен мол ұшырастырамыз; олар жыр жолының соңына ұйқас үшін сөз қоярда тіркес алдына соның мәнін ашатын сөз таңдайды. Онысы, шынында да, шұғылалы сезімге бөлейді.

Енді осы өнер біліктілері мен суретші арасында кейбір сәйкестік бар екенін еске сала кетеміз. Олардың өнердегі құралы болғанымен, түр жағынан, қызметі жағынан да ұқсамайды деу қиын. Өлең өнері – сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояумен құлпырады, олар осымен ғана бөлек: ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына еліктеудің көмегімен әсер етеді.

Сонымен өлең өнері ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай жалпы қағидалардың пайдасы бар. Осылардың көбісін жеріне жеткізе талдауға да болар еді: тек ондай қарекет аталмыш өнерде басқа өнердің есесінен біржақты мамандануға ұрындырады; сол себепті ол бұл тұжырымның үлесіне жатпайды.

Осымен, Әбунәсір Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тарханның өлең өнерінің қағидалары туралы жазған трактаты тәмам.
ӨЛЕҢДЕРІ
Қашықтасың туған жер – қалың елім,

Небір жүйрік болдырып жарау деген,

Шаршадым мен қанатым талды менің,

Шаңыт жолға сарылып қарауменен.


Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

О, жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм сықылды тез ысып, тез суынар.


Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,

Әкімдікке күллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,

Жаным менің түршігіп, түңіледі.


Қайтейін мен көкжиек көңілімді.

Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етеді болашағым.


Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,

Екіншіде шарап бар жайы мәлім,

Даналықты сиямен молықтырсам,

Шарабымен шерімнен айығамын.


Бауырым, қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.


Жататын дәйім жаңғырып,

Бұл ғұмыр емес мәңгілік.

Бейопа мына заманда,

Бақұл боп кетер адам да.

Жұрт кілең күнін көп қызық,

Жіберер зая өткізіп.


Қағаздың түсіп бетіне,

Сызықтай бейне тартылған.

Тап болып, жігер сарқылған,

Кездейсоқ өмір өтіне,

Қайыспай тұрса нар тұлғаң.
Сонда да беріп кетеміз,

Жүректің отын молында

Арманды аңсап өтеміз,

Біз ұлы мұрат жолында.


Қайтейін мен көкжиек көңілімді,

Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етеді болашағым.


Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,

Екіншіде – шарап бар жайы мәлім.

Даналықты сиямен молықтырсам,

Шарабымен шерімнен айығамын.


Тамылжып бал тыныштық айналамнан,

Тылсым түнге құшағын жайған далам.

Мен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.


Аққан жұлдыз құласа кейде егер,

Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.

Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,

Өміріме бір ғажап сәуле берер.


Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,

Сезініп мен деміңді гүл атқанмен,

Оның өзі бір-ақ сәт... содан кейін,

Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен...


Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.


Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.


(Аударған Аян Нысаналин)

Каталог: files -> docs -> books
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа
docs -> Қ. Жұбанов атындағы
docs -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
docs -> Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына қатысушылардың арасында бәсеке жоғары» Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050»
docs -> Реферат Название реферата Исполнитель
docs -> Инструкция по ветеринарному учету и ветеринарной отчетности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет