Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»



бет3/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ҚОРҚЫТ
«Қорқыт ата кітабы» – XIV-XVI ғасырларда проза түрінде хатқа түскен, көне оғыз-қыпшақ тайпаларының аңыз әңгіме, мифтерінің жинағы. Бізге жеткен нұсқалары беріде жазылғанымен, Қорқыт әңгімелері Сыр бойы оғыз-қыпшақтарының айтуымен VII-ІХ ғасырларда-ақ ауызша таралған.

Кітаптағы оқиғалар Сыр бойында, Орталық Азия, Қавказ жерлерінде өтеді, одан кең даланы мекендеген руластардың құралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы – Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа – қазақтың үйсін тайпасының атасы, Қорқыт айтқан нақыл сөздер – қазақ мақал-мәтелдерінде, жекелеген жыр жолдары кейінгі қазақ жырауларының толғауларында сол қалпында сақталған. Сондай-ақ көптеген оқиғалары, айтылатын кейіпкерлері қазақ жыр ертегілерінде кездеседі. Қорқыттың өзі халқымыздың жыраулық, бақсының, күй өнерінің атасы деп есептеледі. «Қорқыт ата» – сонымен бірге түркітілдес әдебиеттер тарихына ортақ әдеби-фольклорлық мұра.

Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы сақталған (Ватикан, Дрезден). Неміс, орыс, итальян, түрік, әзірбайжан тілдеріне аударылып, басылып шыкқан. Қазіргі қазақ тіліне тұңғыш рет орысшасынан аударып жеткізген – Ә. Қоңыратбаев («Қорқыт ата кітабы». А., 1986). Төмендегі аударма Анкара басылымы бойынша жасалған («Деде Кор – Кут» кітабы. Анкара, 1958).
«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ»
ДЕРСЕ ХАН ОҒЛЫ БУҒАЧ ХАН БОЙЫНЫ БЕИАН ЕДЕР ХАНУМ ХЕЙ
Бір гүн Қам Ған оғлы хан Байындыр йерінден тур-мыш – еді. Шами гүнлүгі йер йүзіне дікдүрміш – еді. Ала сайваны гөк йүзіне ашанмыш – еді. Биң йерде ипек халычасы дөшенміш – еді. Ханлар ханы Байындыр йылда бір кере той идүп атдан айғыр деведен буғра қойундан қоч қырдурмыш – еді. Бір йере қызыл отағ, бір йере қара отағ қурдурмыш – еді. Кимүң ки оғлы қызы йоқ қара отаға қондуруң, қара киже алтына дөшең, қара қойун йа хнысындан өңіне гетүрүң, йерисе йесүн йемез – исе гетсүн демиш – еді. Оғлы оланы ағ отаға қызы оланы қызыл отаға қондуруң, оғлы қызы олмайаны Аллаһ Тағала қарғайупдур, біз дахы қарғаруз беллү білсүн демиш еді.
Оғуз беглері бір-бір гелүп йығнақ олмаға башлады.

Меңгер Дерсе хан дирлер – еді бір бегүң оғлы қызы йоғ – еді.

Сойламыш, гөремум ханум не сойламыш:

Салқум салқум таң йеллері есдүгенде

Сақаллу бозач турғай сайрадуқда

Сақалы узун тат ері баңладуқда

Бедеви атлар иесіні гөрүп оқрадукда

Гөксі гөзел қаба тағлара гүн дегенде

Бег йігітлер чыласунлар бір-біріне қойулан чағда
Алар сабах Дерсе хан қалқубаны йерінден өрү турып қырк йігідін бойына алып Байындыр ханың сөхбетіне гелүр – еді.

Байындыр ханың йігітлері Дерсе ханы қаршулады-лар. Гетүрүп қара отаға қондурдылар. Қара киже алтына дөшеділер. Қара қойун йахнысындан өңіне гетүрділер. Байындыр хандан буйуруқ бөйледүр ханум деділер. Дерсе хан айдур: Байындыр хан бенүм не ексүклігүм гөрді, қылычумдан мы гөрді, суфрамдан мы гөрді, бенден алджақ кишилері ағ отаға қызыл отаға қондурды, бенүм суджум не олды – кім қара отаға қондурды деді. Айытдылар: Ханум бу гүн Байындыр хандан буйрук шөйледүр кім оғлы олмайаны Тәңрі Тағала қарғайупдур біз дахы қарғаруз демішдүр деділер. Дерсехан йерінден өрү туды айдур: Қалқубаны йігітлерүм йерүңүзден өрү туруң, бу қарайып баңа йа бендендүр йа хатундандур деді.

Дерсе хан евіне гелді. Чағыруп хатунына сойлар, гөрелум ханум не сойлар:
Сойлама

Айдур:
Беру гелгіл башум бахты ивүм тахты

Ивден чықуп йорыйанда селви бойлум

Топуғында сармашанда хара сачлум

Қуруылу йайа беңзер чатма қашлум

Қоша бадем сығмайан тар ағызлум

Гуз алмасына беңзер ал йаңаклум

Қавунум вирегүм дүвлегүм

Гөрүрмисин нелер олды

Қалқубаны хан Байындыр йеринден турмыш, бір йере ағ, отағ, бір йере қызыл отағ бір йере қара отағ дікдүрміш, оғуллуйы ағ отаға, қызлуйы қызыл отаға оғлы қызы олмайаны қара отаға кондуруң, қара киже алтына дөшең қара қойун йахнысындан өңіне гетүрүң, йер-исе йесүн, йемез-исе турсун гитсүн, ануң кім оғлы қызы олмайа Тәңрі Тағала аны қарғайупдур біз дахы қарғаруз демиш. Бен варыжақ гелүбені қаршуладылар қара отаға қондурдылар, қара киже алтума дөшеділер, қара қойун йахнысындан өңүме гетүрділер, оғлы қызы олмайаны Тәңрі Тағала қарғайупдур біз дахы қарғаруз беллү білгіл дедилер. Сенденмідүр бенден мідүр, Тәңрі Тағала бізе бір батман огул вирмез недендүр деді, сойлады:


Сойлама

Айдур:


Хан қызы йерүмден турайым мы

Иақаң – иле бағазундан тутайын мы

Қаба өкчем алтына салайын мы

Қара полат өз қылычум елүме алайын мы

Өз гевдеңден башуны кесейін мі

Жан татлусын саңа білдүрейін мі

Алча қануң йер йүзіне дөкейін мі

Хан кызы себебі недүр дегіл маңа

Қаты қазаб едерем шимди саңа

деді.


Дерсехануң хатуны сойламыш, гөрелүм не сойла-мыш, айдур: Хей Дерсе хан, баңа қазаб етме, інчінүп ачы сөзлер сөйлеме, йерүңден өрү турғыл, ала чадыруң йер йузіне дікдүргіл, атдан айғыр деведен буғра қойундан қоч өлдүргіл, іч оғузуң таш оғузуң беглерін үстүңе йығнак етгіл, ач гөрсең тойурғыл, йалынчақ гөрсең тонатғыл, борчлуйы борычындан құртағыл, депе кібі ет йығ гөл кібі қымыз сағдур, улу той ейле, хажет діле, ола кім бір ағзы дуғалынуң алқышыйеле Тәңрі бізе бір батман ғауал ире деді.

Дерсе хан діші еһлінүң сөзійеле улу той ейледі хажет діледі. Атдан айғыр деведен буғра қойундан қоч қырдурды. Іш оғуз таш оғуз беглерін үстіне йығнақ етді. Ач гөрсе тойурды. Уалаң гөрсе тонатды. Борчлуйы борчындан құртарды. Депе кібі ет йығды гөл кібі қымыз сағдурды. Ел гөтүрділер хажет діледілер. Бір ағзы дуғалынуң алқышыйеле Аллаһ Тағала бір ғайал верді: хатуны хамиле олды, бір ниче мүддетден соңра бір оғлан тоғурды. Оғланчуғыны дайалара верді сақлатды. Ат айағы күлүк озан ділі чевүк олүр. Ейегүлү улалур қапурғалу бөйүр. Оғлан он беш йашына гірді. Оғлануң бабасы Байындыр хануң ордусына қарышды.

Мегер ханум, Байындыр хануң бір буғасы вар еді, бір дахы бурасы вар еді. Ол буға қаты таша буйнуз урса ун кібі үгідүр еді. Бір йазын бір гүзін буғайеле буғрайы савашдурурлар еді, Байындыр хан қалың оғыз беглерійеле тамашайа бақар – еді, теферрүк идер еді.

Мегер султанум, гине йазын буғайы сарайдан чықар-дылар. Үч кіші сағ йанындан үч кісі сол йанындан демүр зенжіреле буғайы тұтмышлар еді. Гелүп мейдан ортасында қойу верділер. Мегер султанум, Дерсе хан оғланчуғы үч дахы орду ушағы мейданда ашуқ ойнарлар еді. Буғайкойу верділер, оғланчиқлара қач делілер. Ол үч оғлан қачды. Дерсехануң оғланчуғы қачмады, ағ мейдануң ортасында бақды турды. Буға дахы оғлана сүрді гелді. Діледі ки оғланы һелак қылай еді. Оғлан йумруғыйеле буғануң алнына қыйа тутып чалды, буға гөтін-гөтін гетді. Буға оғланы сүрді герү гелді. Оғлан йене буғануң алнына йумруғыйеле қаты урды. Оғлан бу қатла буғануң алнына йумруғыны тайады, сүрді мейдануң башына чықарды. Буғайеле оғлан бір хамле чекішділер. Екі талусынуң үстіне буғануң көпүк турды. Не оғлан йеңер, не буға йеңер. Оғлан фикр ейледі, айдур: бір тама дірек урурлар, ол тама тайақ олур, бен бунуң алнына нейе тайақ олурын турурын деді. Оғлан буғаның алнындан йумруғын гедерді, йолындан савулды. Буға айағ үстіне турамады, дүшді тепесінүң үстіне йықылды. Оғлан пычагына ел ұрды, буғануң башыны келді. Оғуз беглері гелүп оғлан үстіне йығнақ олдылар тахсін деділер. Дедем Қорқут гелсүн бу оғлана ад қосун білесінче алуп бабасына варсун, бабасындан оғ-лана беглік істесүн, тахт алы версүн деділер.

Чағырдылар Дедем Қорқут гелүр олды. Оғланы олуп оасына варды. Деде Қорқут оғлануң бабасына сойламыш, гөрелүм ханум не сойламыш:

Айдур:
Хей Дерсе хан беглік вергіл бу оғлана

Тахт вергіл ердемлудүр

Бойны узын бедеви ат вергіл бу оғлана

Бінер олсуң һүнерлүдүр

Ағайылдан түмен қойун вергіл бу оғлана

Шишлік олсун ердемлүдур

Қайтабандан қызыл деве вергіл бу оғлана

Иүклет олсун һүнерлүдүр

Алтун башлы бан ев вергіл бу оғлана

Көлге олсун ердемлүдүр

Чегні құшлу жүббе тон вергіл бу оғлана

Гейер олсун һүнерлүдүр.
Байындыр ханың ағ мейданында бу оғлан женк етмішдүр, бір буға өлдүрміш сенүң оғлуң, ады Буғач олсун адыны бен вердүм йашыны Аллаһ версүн деді. Дерсе хан оғлана беглік верді, тахт верді.

Олан тахта чықды, бабасынуң қырық йігідін аңмаз олды. Ол қырқ йігіт һасед ейледілер, бір біріне сөйледілер: гелүң оғланы бабасына қовлайалум, ола кім өлдүре, гине бізүм іззетүмүз онуң бабасы йанында хош ола артуқ ола деділер.

Варды бу қырқ йігідүң йігірмесі дахы бір йаңа олды еввел йігірмесі варды, Дерсе хана бу хабері гетүрді, айдур: гөрүр місін Дерсе хан нелер олды, йарымасун йарчымасун, сенүң оғлуң күр қопды ерчел копды, қырқ йігідін бойына алды, қолын оғызуң үстіне йорыйыш етді, не йерде гөзел қопдыйесе чекүп алды, ағ сақаллу қожануң ағзын сөгді, ағ пүрчеклү қарынуң сүдін тартды, ақан туры сулардан хабер кече, арқуры йатан Ала тағдан тебер аша, ханлар ханы Байындыра хабер бара, Дерсе хан оғлы бөйле бідат ішлеміш дейелер, гездүгүңден өлдүгүң йіг ола Байындыр хан сені чағыра, саңа қаты қазаб ейлейе, бөйле оғул сенүң неңе герек, бөйле оғул олмақдан олмамақ йігідүр, өлдүрсеңе деділер. Дерсе хан варуң гетүрүң өлдүрейім деді. Бөйле дігеч ханум ол намердлерүң йігірмісі даха чықа гелді ве бір қов анлар дахы гетүрділер. Айдур: қалқубаны Дерсе хан сенүң оғлуң йерінден өрү турды, гөксі гөзел қаба таға ава чықды, сен вар екен ав авлады қуш қушлады анасының йанына алуп гелді, ал шарабуң итисінден алды ічді, анасыйеле сохбет ейледі, атасына қасдейледі, сенүң оғлуң күр қопды ерчел қопды, арқуры йатан Ала тағдан хабер кече, ханлар ханы Байындыра хабер вара, Дерсехануң оғлы бөйле бідат ейлеміш диелер, сені чағырдалар, Байындыр хануң қатында саңа қазаб ола, бөйле оғул неңе герек, өлдүрсеңе деділер. Дерсе хан айдур: варың гетүрүң өлдүрейім, бөйле оғул маңа герекмез деді. Дерсехануң нөкерлері айдур: Біз сенүң оғлуңы нече гетүрелүм, сенүң оғлуң бізүм сөзүмүз алмаз, бізүм сөзүмүзеле гелмез, қалқубаны йерүңден өрү турғыл, йігітлерүң охшағыл бойуңа алғыл, оғлуңа уғрағыл, йануңа алуп ава чықғыл, қуш учуруп ав авлайуп оғлуңы охлайуп өлдүре гөргіл, егер бөйле өлдүрмезисең бір дүрлү дахы өлдүремезсін беллү білгіл деділер.
Сойлама
Салқум салқум таң йеллері есдүгенде

Сақаллу базач турғай сайрадуқда

Бедеви атлар ессін гөріп оқрадуқда

Сақалы узун тат ері баңладуқда

Ақлу қаралу сечілен чағда

Қалың оғзуң геліні қызы безенен чақда

Гөксі гөзел қаба тағлара гүн дегенде

Бег йігітлер чыласунлар бірбіріне қойулан чағда


алар сабах Дерсе хан йерінден өрү турады. Оғланчуғын йанына алуп қырқ йігіден бойына салды, ава чықды.

Ав авладылар, қуш қушладылар. Ол қырқ намердүң бір қачы оғлануң йанына гелді, айдур: бабаң деді гейіклері қовсун гетүрсүн бенүм оңүмде депелесүн, оғлумуң ат сегірдішін қылыч чалысын оқ атышын гөрейін, севінейім қыванайым гүвенейім деді деділер. Оғландур не білсүн, гейігі қовар еді гетүрүр еді бабасынуң өңінде сінірлер еді. Бабам ат сегірдішүме бақсун қывансун, ох атышума бақсун, гүвенсүн, қылыч салышума бақсун севінсүн дер еді. Ол қырқ намердлер айдурлар: Дерсехан гөрүрмісін оғланы, йазыда йабанда гейігі қовар сенүң өңүңе гетүрүр, гейіге атар оқиле сені урур өлдүрүр, оғлуң сені өлдүрмедін сен оғлуңы өлдүрі ғөргіл деділер.

Оғлан гейігі қовар екен бабасынуң өңінден гелүп гедер еді. Дерсе хан Қорқут сіңірлү қаты йайын еліне алды. Үзенгүйе қалқуп қаты чекді, уз атды, оғланы екі талусынуң арасында уруп сақды, Ох тоқынды, алча қаны шорлады қойны толды, бедеви атынуң бойнын қучақлады йере душді. Дерсе хан істеді кім оғланчуғының үстіне гүрлейүп дүшей еді. Ол қырқ намерд қомады. Атынуң чылавысын дөндүрді, ордусына гелүр олды.

Дерсехануң хатуны оғланчуғумуң ілк авыдур дейү атдан айғыр, деведен буғра, койундан қоч қырдурды, қанлу оғуз беглерін тойлайайым деді. Иумурлануп йерінден өрү турды, қырқ инче қызы бойына алды, Дерсехана қаршу варды. Қапақ қалдурды Дерсехануң йүзіне бақды. Сағ илен солына гөз гездүрді; оғланчуғыны гөрмеді. Қара бағры сарсылды, дүм йүрегі ойнады, қара қыйма гөзлері қан йаш толды. Чағыруп Дерсехана сойлар, гөрелүм ханум не сойлар:

Берү гелгіл башум бахты евүм тахты

Хан бабамуң гүйегүсі

Қадын анамуң севгүсі

Атам анам вердугі

Гөз ачубан гөрдугүм

Көңүл верүп севдүгүм

А Дерсе хан

Қалқубаны йерүңден өрү турдуң

Иелісі қара қазылық атуң бутун біндүң

Гөксі гөзел қаба таға ава чықдуң

Екі вардуң бір гелүрсін йаврым қаны

Қарану дүнде булдуғум оғул қаны

Чықсын бенүм гөрүр гөзүм а Дерсе хан

йаман сегрір

Кесілсүн оғлан емен сүд тамарум йаман сызлар

Сары йылан соқмадын ағча тенүм қалқуп шишер

Иалунузча оғул гөрінмез бағрум йанар

Қуру куру жайларда су салдум

Қара тонлу дервішлере незірлер вердім

Ач гөрсем тойурдум йалынчақ гөрсем тонатдум

Депе кібі ет йығдум, гөл кібі қымыз сағурдум

Ділек еле бір оғул гүчеле булдум

Иалуңуз оғул хаберін а Дерсе хан дегіл маңа

Қаршу йатан Ала тағдан бір оғул учурдуңисе

дегіл маңа

Қамын ақан йүгүрүк судан бір оғул ақытдуңисе дегіл маңа

Асланиле қаплана бір оғул йедүрдүңисе дегіл маңа

Қара тонлу авғун дінлү кафірлере бір оғул алдыр —

дуңисе дегіл маңа

Хан бабамуң қатына бен варайым

Ағыр хазине бол лекшер алайын

Азғұн дінлу кафіре бен варайым

Паралануп қазылық атумдан інмейінче

Иеңүмеле алча ханум сілмейінче

Қол буд олуп йер үстіне дүшмейінче

Иалуңыз оғул йолларындан дөнмейінше

Иалуңуз оғул хаберін а Дерсе хан дегіл маңа

Қара башум құрбан алсун бу гүн сана

деді, задылық ейледі ағлады. Бөйле дігеч Дерсе хан хатунына жаваб вермеді, ол қырқ намерд қаршу гелді, айдур: оғлуң сағдур есендүр, авдадур, бу гүн йарын қандайсе гелүр, қорқма қайырма, бег серхошдур жеваб вермез деділер. Дерсехануң хатыны қайытды герү дөнді. Қатанымады, қырқ инче қызы бойына алды, бе еви ата бінүп оғланчиғын істейү гетді. Қышда йазда қары бұзы ерінмейен Қазылық тағына гелді чықды. Алчақдан йүже иерлерге чапуп чықты. Бақса гөрсе бір деренүң ічіне қарға құзғын інер чықар, қонар қалқар. Бедеви атын өкчеледі, ол тарафа йорыды.

Мегер султанум, оғлан ол арада йықылмыш еді. Қарға қузғұн қан гөрүп оғлануң үстіне қонмақ етер еді. Оғлануң екі қелбчүгезі вар еді, қарғайы құзғұны қовар еді қондурдаз еді. Оғлан анда йықылдуқда боз атлу Хызыр оғлана хазыр олды, үч қатла йарасын елійеле сығды, саңа бу йарадан қорхма оғлан өлүм йоқдур тағ чечегі анаң сүдійеле сенуң йараңа мелһемдүр деді, ғайыб алды. Оғлануң анасы оғлануң үстіне чапуп чықа гелді. Бақса гөрсе оғланчуғы алча қана булашмыш йатур. Чағырубан оғланчуғына сойлар, гөрелүм ханум не сойлар:

Айдур:
Қара қыйма гөзлерүң уйху алмыш ачғыл ахы

Он егіче сүңүчүгүң өрен олмыш йығшур ахы

Тәңірі верен татлу жануң сейранда еміш аныт ахы

Өз гевденде жануң варесе оғул хабар маңа

Қара башум қурбан олсун оғул саңа

Ақар сенүң суларуң Қазылық тағы

Ақар екен ақмаз олсун

Бітер сенүң отларың Қазылық тағы

Бітер екен бітмез олсун

Қачар сенүң гейіклерүң Қазылық тағы

Қачар екен қачмаз олсун таша дөнсүн

Не білейін оғул арсландан мы олды

Иохша қапландан мы олды не білейін оғул

Бу қазалар саңа нереден гелді

Өз гавдеңде жануң варесе оғул хабар маңа

Қара башум қурбан олсун оғул саңа

Ағыз ділден бір қач келиме хабер маңа
деді. Бөйле дегеч оғлануң қулағына сес тоқынды. Баш қалдурды, йалабыдақ гөзін ачды анасынуң йүзіне бақды. Сойламыш, гөрелүм ханум не сойламыш:

Айдур:
Берү гелгіл ақ сүдін емдүгүм қадунум ана



Ағ пүрчеклү іззетлү жанум ана

Ақарлыда суларына қарамағыл

Қазылық тағынуң гунаһы йоқдур

Бітерліде отларына қарғамағыл

Қазылық тағынуң сучы йоқдур

Қачар гейіклеріне қарғамағыл

Қазылық тағынуң гунаһы йоқдур

Арслан еле қапланына қарғамағыл

Қазылық тағынуң сучы йоқдур

Қарагарисең бабама қарға

Бу суч бу гүнаһ бабамдандур
деді. Оғлан йенө айдур: ана ағламағыл, маңа бу йарадан өлүм йоқдур қорхмағыл боз атлу Хызыр маңа келді, үч керре йараны сығады, бу йарадан саңа өлүм йоқдур тағ чечегі анаң сүді саңа мерһемдүр деді. Бөйле дігеч қырқ инче қыз йайылдылар, тағ чечегі девшүрділер. Оғлануң анасы емчегін бір сықды сүді гелмеді, екі сықды сүді гелмеді, үчінжіде кендүйе зарб ейледі, қаты толды, сықды сүделе қан қарышуқ гелді. Тағ чечегійеле сүді оғлануң йарасына урдылар. Оғланы ата біндүрділер алубаны ордусына гетділер. Оғланы хекімлере ысмарлайуп Дерсехандан сақладылар.

Ат айағы күлүк озан ділі чевүк олур. Ханум, оғлануң қырқ гүнде йарасы оңалды, сапа сағ олды. Оғлан ата бінер қылыч қушанур олды, ав авлады қуш қушлар олды. Дерсехануң хабері йоқ, оғланчуғын өлді білүр.

Ол қырқ намердлер буны туйдылар, не ейлеуе дейү танышдылар. Дерсе хан егер оғланчүғын гөрүресе артурмаз бізі һеп қырар деділер. Гелүң Дерсеханы туталым, ағ еллерін ардына бағлайалум, қыл сіжім ағ бойнына тақалум, алубаны кафир еллеріне йөнелелүм дейү Дерсеханы тутдылар. Ағ еллерін ардына бағладылар, қыл сіжім бойнына тақдылар ағ етінден қан чықынча дөгіділер. Дерсе хан йайан бунлар атлу йорыдылар, алубаны қанлу кафир еллеріне йөнелділер. Дерсе хан тутсақ олды гедер. Дерсехануң тутсақ олдуғуылан оғуз беглерінің хабері йок.

Мегер султанум, Дерсе хануң хатыны буны туймыш. Оғланчуғына қаршу варуп сойламаш, гөрелүм ханум не сойламаш, айдур: гөрермісін ай орул нелер олды, сарп қайалар ойнанмады йер обрылды, елде йағы йоқекен сенүң бабануң үстіне йағы гелді, ол қырқ намерд бабануң йолдашлары бабаңы тутдылар ағ еллерін ардына бағладылар, қыл сіжім ағ бойнына таңдылар, кендүлер атлу, бабаңы йайақ йорытдылар, алубаны қанлу кафир еллеріне йәнелділер, ханум оғул қалқубаны йерүңден өрү турғыл қырқ йігідүң бойыңа алғыл, бабаңы ол қырқ намердден қуртарғыл, йоры оғул бабаң саңа қыйдыйесе сен бабаңа қыймағыл деді.

Оғлан анасының сөзін шымады. Буғач бег йерінден өрү түрды, қара полат өз қылычын беліне қушанды, ағ тозлуча қаты йайыны еліне алды, алтун жыдасын қолына алды, бедеви атыны тутдурды бутун бінді, қырқ иігіден бойына алды, бабасынуң ардынча йортуп гетді.

Ол намерділер дахы бір йерде қонмыш еді, ал шарабуң итисинден ічерлер еді. Буғачхан чапуп йетді. Ол қырқ намерд дахы буны гөрділер. Айытдылар: гелүң варалум шол йігіді тутуп гетүрелүм, екісіні бір йерде кафире йетүрелүм деділер. Дерсе хан айдур: қырқ йолдашум аман, Тәңрінің бірлігінде йоқдур гүман, менүм елүмү шешүң, қолча қопузум елүме верүң, ол йігіді дөндүрейім, герек бені өлдүрүң герек дергүрүң, қойу верүң деді. Еліні шешділер, қолча қопузын еліне верділер, Дерсе хан огланчуғы едүгін білмеді, қаршу гелді. Сойлар\ гөрелеім ханум не сойлар:

Айдур:
Бойны узун бедеви атлар гедерисе менүм гедер

Сенүң де ічінде бінідүң варисе йігіт дегіл маңа

Савашмадын урышмадын алы верейім дөнгіл герү

Ағайылдан түмен қойун гедерисе менүм гедер

Сенүң де ічінде шишлигүң варисе дегіл маңа

Савашмадын урышмадын алы вереиім дөнгіл герү

Қайтабандан қызыл деве гедерисе менүм гедер

Сенүң де ічінде йүклетүң варисе дегіл маңа

Савашмадын алы верейім дөнгіл герү

Алтун башлу бан евлер гедерисе бенүм гедер

Сенүң де ічінде одаң варисе йігіт дегіл маңа

Савашмадын урышмадын алы верейім дөнгіл герү

Ағ йүзүл ала гөзлү гелінлер гедерибе бенүм гедер

Сенүң де ічінде нишанлуң варисе йігіт дегіл маңа

Савашмадын урышмадын алы верейім денгіл герү

Ағ сақаллу қожалар гедерисе менүм гедер

Сенүң де ічінде ағ сақаллу бабаң варисе йігіт дегіл

маңа


Савашмадын урышмадын қуртарайым дөнгіл герү

Менүм ічүн гелдүңисе оғланчуғум өлдүрмішем

Иігіт саңа иазығы йоқ дөңгіл герү
деді. Оғлан бурада бабасына сойламыш, гөрелүм ханум не сойламыш:

Бойну узун бедеви атлар сенүң гедер

Менүм де ічінде бінідүм вар

Қомағум йоқ қырық намерде

Қайтабанда қызыл деве сенун гедер

Менүм де ічінде йүклетүм вар

Қомағұм йоқ қырқ намерде

Ағайылда түмен қойун сенүң гедер

Менүм де ізінде шишлигүм вар

Қомағум йоқ қырқ намерде



Ағ йүзлу ала гөзлу гелін сенүң гедерисе

Менүм дахы ічінде нишанлум вар

Қомағум йоқ қырқ намерде

Алтун шашлу бан евлер сенүң гедерисе

Менүм де ічінде одам вар

Қомағум йоқ қырқ намерде

Ағ сақаллу қожалар сенүң гедерисе

Менум дахы ічінде бір ақлы шашмыш білігі иетміш

қожа бабам вар

Қомағум йоқ қырқ намерде


деді. Қырқ йігідіне дүлбенд салды, ел ейледі. Қырқ йігіт бедеви атын ойнатды, оғлануң үзеріне йығнақ олды. Оғлан қырқ йігідін бойына алды, ат депді, женк ве саваш етді. Кімінүң бойнын урды, кіміні тутсақ ейледі. Бабасыны қуртарды, қайытды геру дөнді. Дерсе хан бурада оғланчүғы сағ едүгін білді. Ханлар ханы хан Байындыр оғлана беглік верді, тахт верді. Дедем Қорқут бой бойлады сой сойлады, бу оғузнамейі дүзді қошды бөйле деді.
Анлар дахы бу дүнйайа гелді кечді

Карван кібі қонды көчді

Анлары дахы ежел алды йер гөзледі

Фани дүнйа йене қалды

Гелімлү гетімлу дүнйа

Сон учы өлүмлү дүнйа


Қара өлүм гелдүгенде кісіт версүн. Сағлығиле сағынчын девлетүң Хақ артурсын. Ол өгдүгүм йүже Тәңірі дост олубаны медед ерсүн. Иөм верейін ханум: йірлү қара тағларуң йықылмасун. Көлгелүче қаба ағачүң кесілмесүн, қамын ақан гөрклү суйуң қурымасун, қанатларуң ұчлары қырылмасун, чапар екен ағ боз атуң бүдрімесүн чалышанда қара полат өз қылычуң геділмесүн, дүртішүр екен ала гөндеруң уфанмасун, ағ пүрчеклү анаң йері бейтт олсун, ағ сақаллу бабаң йері ужмағ олсун, Хақ йандуран чырағуң йана турсун, қадір Тәңрі сені намерде мухтаж ейлемесүн ханум хей.

ДЕРСЕ ХАН ҰЛЫ БҰҚАШХАН ТУРАЛЫ ЖЫР
Ей, хан-ием! Бір күні Қам-Ған ұлы хан Байындыр орнынан тұрыпты; Шам күндігін40 жер үстіне тіктіріпті; ала ордасын көкке тірей құрыпты; мың жерге жібек кілем төсетіпті. Хандар ханы хан Байындыр жылда бір рет той жасап, оғыз бектерін қонақ етеді екен. Және де той жасап, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойдырыпты.

Бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау, бір жерге қара отау тіктіріпті.

«Кімде-кімнің ұлы, қызы жоқ, қара отауға қонды-рыңдар, қара киіз астына төсеңдер, қара қойдың етін алдына тартыңдар, жесе жесін, жемесе тұрсын да кетсін», – депті. «Ұлы барын ақ отауға, қызы барын қызыл отауға қондырыңдар, ұлы, қызы жоқты Аллах тағала қарғапты, біз дағы қарғаймыз, мейлі білсін», – депті.

Оғыз бектері бір-бірлеп келіп жинала бастады. Сөйтсе Дерсе хан деген бір бектің баласы жоқ-ты. Сөйлейді, көрелік, хан-ием, не сөйлейді:


Салқын-салқын таң самалы ескенде,

Сақалды боз торғай сайрағанда,

Сақалы ұзын азаншы жар салғанда,

Бәдәуи аттар иесін көріп оқыранғанда,

Қараңғы кетіп, жарық нұр шашылғанда,

Бауыры жасыл жоталы тауларды күн шалғанда,

Бек жігіттер дуылдасып кеңескенде, –
ала таңмен бірге Дерсе хан орнынан тұрып, қырық жігітін жанына алып, Байындыр ханның сұхбатына келді.

Байындыр ханның жігіттері Дерсеханды қарсы алады, ертіп апарып қара отауға қондырады, қара киізді астына төсейді, қара қойдың етінен алдына тартады.

– Байындыр ханның бұйрығы осылай еді, хан-еке, – деседі. Дерсе хан айтты:

– Байындыр хан менен не жамандық көрді, қылы-шымнан жаулық көрді ме, қонақасымнан тарлық көрді ме? Менен төмен кісілерді ақ отауға, қызыл отауға қондырды, менің кінәм не болды екен, қара отауға қондыратындай,— дейді.

– Хан-екем, бұл күн Байындыр ханнан бұйрық болды, «ұлы, қызы жоқты Тәңірі – тағала қарғапты, біз дағы қарғаймыз дегенді», – депті.

Дерсе хан орнынан тұрып, айтыпты:

– Тұрыңдар, жігіттерім, орындарыңнан бұл қара айып не мына менен-ді, не қатынымнан-ды, – дейді.

Дерсе хан еліне келеді. Әйелін шақыртып сөйлейді, көрелік, хан-ием, не сөйлейді:


Жыр
Бері келгін басымның бағы, үйімнің тағы,

Үйден шықса кипаристей сұңғақ бойлым,

Тобығыңа шырмалған қара шаштым,

Толғаулы йір садақтай қиғаш қастым,

Қос бадам сыймайтұғын тар ауыздым,

Құз алмасындай құлпырған балбұл жүздім


Бал татыған қауындай бек ләззатым

Көрермісің нелер болды?


Хан Байындыр орнынан тұрыпты, бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау, бір жерге қара отау тіктіріпті. «Ұлдысын ақ отауға, қыздысын қызыл отауға, ұлы-қызы жоғын қара отауға қондырыңдар, қара киізді астына төсеп, қара қойдың етін алдына тартыңдар, жесе жесін, жемесе тұрсын да кетсін; кімнің ұлы, қызы жоқ, Тәңірі тағала оны қарғапты, біз дағы қарғаймыз», – депті. Келіп мені қарсы алды, қара отауға қондырды, Қара киізді астыма төседі, қара қойдың етін алдыма тартты, «ұлы, қызы жоқты Тәңрі тағала қарғапты, біз дағы қарғаймыз, мейлі біл» деді. Сенен болды ма, менен болды ма? Тәңірі тағала бізге бір батпан ұл бермеуі неден-ді? – деді, сөйлейді:
Жыр
Хан қызы! Орнымнан тұрайын ба?

Жағаңнан, алқымыңнан алайын ба?

Табанымның астына салайын ба?

Қара болат өз қылышым қолыма алайын ба?

Өз кеудеңнен басыңды кесейін бе?

Жан тәттісін саған білдірейін бе?

Алау қаныңды жер үстінен төгейін бе?

Хан қызы, себебі неден-ді, айтшы маған,

Қатты қысым етермін енді саған,
деді.

Дерсе ханның әйелі сөйлейді, көрелік не сөйлейді:

– Ей, Дерсе хан! Мені азаптама, ісініп ащы сөздер сөйлеме; орныңнан тұр; ала ордаңды жер үстіне тіктіріп, аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойдыр; Ішкі оғыздарды, Тысқы оғыздарды жи; аш көрсең, тойдыр, жалаңаш көрсең, киіндір; борыштыны борышынан құтқар; төбедей қылып ет үй, көлдей қылып қымыз саудыр; ұлы той жаса, тілек тіле, бәлкім, бір аузы дуалының алғысы келіп, Тәңірі бізге бір батпан ұл берер, – деді.

Дерсе хан әйелінің сөзімен ұлы той жасап, тілек тіледі; аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойдырды. Іш оғыз, Тыс оғыз бектерін жиып, сауын айтты; аш көрсе тойдырып, жалаңаш көрсе киіндірді; борыштыны борышынан құтқарды; төбедей қылып ет үйді, көлдей қылып қымыз саудырды; қол көтеріп, тілек тіледі.

Бір аузы дуалының алғысы келіп Аллах тағала аян берді; әйелі жүкті болды, біраз мезгілден соңыра бір ұл туды. Баланы сүт анаға берді, бақтырды.

Ат аяғы – тұлпар болар, озан тілі – жүйрік болар. Сүйегі толып, қабырғасы қатты. Оғлан он бес жасқа толды. Оғланның әкесі Байындыр ханның ордасына барды.

Сөйтсе, хан-екем, Байындыр ханның бір бұқасы бар екен, бір дағы бурасы бар екен. Ол бұқа қатты тасқа мүйізін сүзсе, ұндай қылып үгітеді екен. Жазда бір рет, күзде бір рет бурасын алыстырып, бұқасын сүзістіріп, Байындыр хан қалың оғыз бектеріне тамаша көрсетеді екен.

Сөйтіп, сұлтаным, әдеті бойынша жазда бұқаны сарайдан шығарады. Үш кісі оң жағынан, үш кісі сол жағынан темір шынжырмен бұқаны бұғаулап әкеліп, алаң ортасына қоя береді. Сөйтсе Дерсеханның ұлы тағы үш баламен алаңда асық ойнап жүр екен. Бұқаны қоя беріпті де, балаларға қашыңдар дейді. Әлгі үш бала қашты да, Дерсе ханның ұлы қашпады, ақ алаңның ортасында қарады да тұрды. Бұқа болса баланы сүзбекке оқталды. Баланың өлімін тілегендер де болды. Оғлан жұдырығымен бұқаның қақ маңдайынан салып қалады, бұқа артқа шегініп кетті де, баланы сүзбекке қайта ұмтылды. Оғлан бұқаның маңдайынан тағы жұдырығымен қатты ұрды да, жұдырығын таяған қалпы кері итеріп алаңның басына шығарды. Бұқа мен бала бір-біріне өліспей берісер болмады. Бұқаның екі жауырынының үстіне көбік тұрды, не Оғлан жеңер, не бұқа жеңер болмады. Балаға ой келді, айтты: «үйде тіреу болады, тіреу таяқтан болады, мен мұның алдында не үшін тіреу болып тұрмын?» Оғлан бұқаның маңдайынан жұдырығын жұлып алып, жолынан былай тұрды. Бұқа аяғымен тұра алмады, омақаса төбесімен құлады. Оғлан пышағын алды да, бұқаның басын кесті.

Оғыз бектері келіп баланың қасына жиналды, бә-рекелді айтысты.

Қорқыт атаны шақыртты, Оғланды алып әкесіне барды. Қорқыт ата оғланның әкесіне сөйледі, көрелік, хан-екем, не сөйледі:


Ей, Дерсе хан, бектігіңді бер бұл ұлыңа,

Тағыңды бер, ер екен;

Құлаш мойын бәдәуи ат бер бұл ұлыңа,

Мініс берсін, өнерлі екен;

Отарыңнан сансыз қой бер бұл ұлыңа,

Сойыс берсін, ер екен;

Келеден қызыл бұйра аруаналар бер,

Қоныс берсін, өнерлі екен;

Алтын төбелі еңселі үй бер бұл ұлыңа,

Сая болсын, ер екен;

Өңірі жібек шекпен бер бұл ұлыңа,

Киіс берсін, өнерлі екен.


Байындыр ханның ақ алаңында бұл ұлың тайсалмады, бұқа өлтірді. Балаңның аты Бұқаш болсын, атын мен бердім, жасын Алла берсін», – деді.

Дерсе хан ұлына бектігін берді, тағын берді, ұлы таққа отырды.

Бала әкесінің қырық жігітіне қарамайтын болды. Ол қырық жігіт күндеп, бір-біріне айтты: «Келіңдер, баланы әкесіне шағыстырайық, бәлкім, баласын өлтірер, сонда біздің абырой-ізетіміз әкесінің алдында артар», – десті.

Қырық жігіт жиырмасы бір бөлек, тағы бір жиырмасы бір бөлек болып бөлінді. Әуелі бір жиырмасы барды, Дерсе ханға мынадай хабар жеткізді: «Көрермісің, Дерсе хан, нелер болды? Жарымасын-жалшымасын, сенің ұлың опасыз азғын болды. Қырық жігітін жанына алып, қалың оғызға жорыққа шықты. Қай жерде сұлу қыз көрсе олжалап алды, ақ сақалды қарының аузын сөкті, ақ жаулықты қарт ананың сүтін жерге сауғызды. Бұл хабар аққан судан терең кешіп, арқалы Ала таудан жоғары асып, хандар ханы Байындырға жетсе, «Дерсеханның ұлы айтуға ауыз бармайтын іс жасады» десе, тірі жүргеннен өлгенің игі еді. Байындыр хан сені шақырар, қатты қысым етер. Мұндай азғын ұл неге керек, ондай ұлдың болғанынан, болмағаны игі еді, оны өлтір», – десті. Дерсе хан: «Шақырыңдар, өлтірейін», – деді.

Сөйткенше, хан-екем, арамзалардың қалған жиырмасы тағы шыға келді де, өсек-аяңды қаулата түсті: «Дерсе хан, сенің ұлың орнынан ыршып тұрды, бауыры көркем биік тауға аңға шықты, сен барған жерден аң аулады, құс салды, анасын жанына шақыртып, ал қызыл шарап ішіп, онымен ақылдасты, әкесіне қастық ойлады. Ұлың опасыз азғын болды. Арқалы Ала таудан хабар асса, хандар ханы Байындырға жетсе, «Дерсе ханның ұлы айтуға ауыз бармайтын іс жасады» десе, сені шақыртар, Байындыр ханның тарапынан саған азап болар, азғын ұл не керек, өлтірсең етті» десті. Дерсе хан айтты: «Шақырыңдар, өлтірейін, азғын ұл маған керек емес», – деді. Дерсе ханның нөкерлері айтты: «Біз сенің ұлыңды қалай келтіреміз, сенің ұлың біздің сөзімізді тыңдамайды, орныңнан атып тұр да, жігіттеріңді қаруландырып жаныңа ал, ұлыңды ертіп аңға шық, құс ұшырып, аң аулап қызықтаған ұлыңды атып өлтір, осылай өлтірмесеңіз, басқа жолы жоқ, осыны біліңіз», – десті.

Жыр
Салқын-салқын таң самалы өскенде,

Сақалды боз торғай сайрағанда,

Бәдәуи аттар иесін көріп оқыранғанда,

Сақалы ұзын азаншы жар салғанда,

Түн түріліп, ағарып таң атқанда,
Бауыры көркем биік тауларға күн түскенде,

Бек жігіттер дуылдап кеңескенде,


ала таңмен Дерсе хан орнынан тұрды. Ұлын жанына алып, қырық жігітін соңынан ертіп аңға шықты.

Аң аулады, құс салды. Қырық арамзаның бір тобы баланың жанына келіп: «Әкең аңдарды қуып, менің алдыма келтірсін, ұлымның ат ойнатып, қылыш шауып, оқ атқанын көрейін, сүйсініп қуанайын» деді. Бала не білсін, аңдарды қуып, әкесінің алдына келтіріп, әкем ат ойнатқанымды көрсін, қуансын, оқ атқанымды көріп қуаттансын, қылыш шапқанымды көріп сүйсінсін деп ойлады. Ол қырық арамза айтты: «Дерсе хан, көремісің ұлыңды, жазық далада киік қуып, сенің алдыңа келер, киікті атқан болып, оғын сізге тигізер, ұлың сені өлтірмей тұрып, сен оны өлтіргенің жөн», – десті.

Бала киікті қуған бойы әкесінің алдына келіп-кетіп жүр еді. Дерсе хан Қорқыт сіңірлі қатты садағын қолына алды, үзеңгіге шіреніп қатты тартып, көздей атты. Баланың екі жауырынының арасына тигізді. Оқ қадалған жерден қызыл қан сорғалап, қойны толды, бәдәуи атының мойнын құшақтай жерге құлады. Дерсе хан ұлының жанына бармақшы болып еді, қырық арамза жібермеді, атының шылбырын ордасына қарай тартты.

Дерсе ханның ханымы ұлының алғашқы аңшылығы деп аттан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойдырды, қанды оғыз бектеріне той бермекші еді. Сылаңдап орнынан тұрды, қырық қынама белді қызын қасына ертіп, Дерсе ханның алдынан шықты. Қабағын көріп Дерсе ханның жүзіне қарады, оң-солына көз салды, ұлын көрмеді. Қара бауыры езілді, жұдырықтай жүрегі ойнақшыды, қара қима көздеріне қанды жас толды. Дауыс шығарып Дерсе ханға сөйледі, көрелік, хан-ием, не сөйледі:

Бері келгін, басымның бағы, үйімнің тағы,

Хан әкемнің күйеуі,

Ханым-ана сүйеуі,

Ата-анам бергенім,

Көзімді ашып көргенім,

Көңіл беріп сүйгенім.

А, Дерсе хан, Дерсе хан!

Орныңнан ерте тұрып ең,

Қара қош атқа мініп ең,

Көгілдір көркем тауларға

Аң аулауға шығып ең,

Екеу болып кетіп ең,

Қарақан басың жетіпті

Қараңғы түнде жаралған

Ұлым көзден кетіпті

Көзім неге шықпайды?

Төсім жаман сыздайды,

Ұлым келіп ембесе

Кесіліп неге қалмайды?

Жалғыз ұлды көре алмай

Аппақ тәнім ісінер,

Сары жылан шаққандай,

Қара бауырым езілер

Ішіме от жаққандай.

Қурап қалған бұлаққа

Су жібердім ішсін деп,

Қара тонды дәруішке

Қайыр бердім алсын деп,

Ғаріп көрсем ас бердім,

Жалаңашқа тон бердім,

Төбедей ғып ет үйдім,

Көлдей қымыз саудырдым,

Тілекті Тәңірім бергені,

Дүниеге ұлдың келгені.

Жалғыз ұлдың хабарын,

Дерсе хан маған айтсайшы.

Қарсы жатқан Ала тау

Аса алмай ұлым ұшты ма?

Ағыны қатты топан су

Кеше алмай ұлым ақты ма?

Арыстан мен қабылан

Жемтік етіп жеді ме?

Азғындаған кәпірге

Хан әкемнің алдына мен барайын,

Тұтқын болып кетті ме?

Ауыр қазына, көп әскер бірге алайын,

Азғын дінді кәпірге мен барайын.

Мыж-мыж болып қазылық аттан құлағанша,

Қан таусылып, кеудеден жан шыққанша,

Қол-аяғым үзіліп сұлағанша,

Жалғыз ұлдың жолынан оралмайын,

Жалғыз ұлдың хабарын бергін маған,

Қара басым бұл күні болсын құрбан! –
деп зарлап жылады. Сонда Дерсе хан ханымына жауап таппады, қырық арамза түсіп айтты: «Ұлың аман-сау, аң аулап жүр, бүгін болмаса ертең келер, қорықпа қайғырма, бек сырқаттанып тұр, жауап бермес»,— десті.

Дерсе ханның әйелі кері қайтты. Тұрақтамады, қырық қынама бел қыздарын қасына алып, бәдәуи атқа мініп, ұлын іздеуге шықты. Қысы-жазы қар-мұзы ерімейтін Қазылық тауына келді, төменнен биікке шауып шықты, көз жіберіп қараса, бір сайдың ішіне қарға-құзғындар ұшып-қонып жүр екен. Бәдәуи атын қамшылап, солай қарай шапты.

Сөйтсе, сұлтаным, бала сол арада жығылып жатыр екен. Қарға-құзғын қан көріп, баланың үстіне қонбақшы екен. Баланың екі күшігі бар еді, қарға-құзғынды қуып қондырмапты. Бала жығылғанда боз атты Қызыр жанына келіп, үш рет жарасын қолымен сипап: «Саған бұл жарадан өлім жоқ, қорықпа, таудың гүлі мен анаңның сүті сенің жараңа дауа болады», – деген де ғайып болған еді.

Анасы баланың жатқан жеріне шауып келді. Қараса, баласы қызыл қанға боялып жатыр. Боздап ұлына сөйледі, көрелік, хан-ием не сөйледі:


Қара қима көздерің,

Ұйқы алыпты, ашсайшы!

Тәңірі берген тәтті жан,

Сайрандамай, қайтсайшы!

Өз кеудеңде жан болса

Ұлым хабар берсейші!

Қара басым құрбандық

Болсын саған, сезсейші!

Қазылық таудың көп суы

Ағар екен, ақпасын!

Қазылық таудың көк шөбі,

Шүйгін екен, тапталсын!

Жүйрік сенің киігің,

Жортпасын енді, тас болсын!

Не білейін, ұланым,

Арыстаннан өлді ме?

Не болмаса ажалы

Қабыланнан келді ме?

Бұл қазаңды білдіріп,

Кеудеңде жаның бар болса,

Ұлым хабар берсейші!

Қара басым құрбандық

Болсын саған, сезсейші

Тілге енді келсейші!—


деді. Сонда баланың құлағына зарлаған үн жетті. Басын көтеріп, жалындаған көзін ашты, анасының жүзіне қарады. Сөйледі, көрелік, хан-ием, не сөйледі:
Бері келгін, ақ сүтін емдірген, ханым, ана,

Ақ жаулықты, ізетті, жаным ана.

Аққан суды, анашым, қарғамағын,

Қазылық таудың бұл жерде күнасы жоқ.

Шүйгін шөпті, анашым, қарғамағын,

Қазылық таудың бұл арада кесірі жоқ.

Желдей жортқан киікті қарғамағын,

Қазылық таудың мұнда да жазығы жоқ,

Арыстан мен қабыланды қарғамағын,

Қазылық таудың бұл арада айыбы жоқ.

Қарғасаң қарғай бергін өз әкемді,

Бар айып, барлық жаза сонан келді, –

деді. Бала тағы айтты: «Ана, жылама, маған бұл жарадан өлім жоқ, қорықпа, боз атты Қызыр маған келіп, үш рет жарамды сипады, бұл жарадан саған өлім жоқ, тау гүлі, анаңның сүті саған дауа деді». Сонда қырық қынама бел қыздар жан-жаққа тарап, тау гүлін терді. Баланың анасы емшегін бір сауғанда сүті келмеді, екі сауғанда келмеді, үшіншісінде зар иледі, қан аралас сүт аға жөнелді. Тау гүлін сүтке араластырып ұлының жарасына таңды. Ұлын атына мінгізіп, ордасына әкелді де, тәуіпке тапсырып, Дерсе ханнан жасырды.

Ат аяғы – көлік, озан тілі – жүйрік. Хан-ием, баланың жарасы қырық күнде жазылды, сап-сау болды. Бала атқа мініп, қылыш шауып, аң аулап, құс салатындай болды. Бұдан Дерсе ханның хабары жоқ, ұлым өлді деп ойлады.

Баяғы қырық арамза мұны біліп қойды, енді не істейміз деп ақылдасты. «Дерсе хан егер ұлын көрер болса безінбес, біздің бәрімізді қырар», – десті. «Келіңдер, Дерсе ханды ұстайық, аппақ қолдарын артына байлайық, қыл арқанды ақ мойнына тағайық, сөйтіп, кәпір еліне қашайық», – деп, Дерсе ханды ұстады, аппақ қолдарын артына байлады, қыл арқанды мойнына салды, ақ етінен қан шыққанша бұғаулады. Дерсе хан жаяу, олар атқа мініп, қанды кәпір еліне жөнелді.

Дерсе хан тұтқын болып кетті. Дерсе ханның тұтқынға түскенінен оғыз бектерінің хабары жоқ.

Сөйтсе, сұлтаным, Дерсе ханның әйелі мұны біліп қойды. Ұлына барып сөйледі, көрелік, хан-ием, не сөйледі: «Көремісің, ей ұлым, нелер болды? Құз-қиялар шайқалмай жер опырылды, елде жау жоқ деме, әкеңе жау келді, ол қырық арамза, әкеңнің жолдастары әкеңді тұтқындады, аппақ қолдарын артына байлады, қыл арқанды ақ мойнына тақты, өздері атқа мінді, әкеңді жаяу айдады, қанды кәпірлер еліне жөнелді, хан-ием, ұлым орныңнан тік көтеріл, қырық жігітіңді қасыңа ал, әкеңді ол қырық арамзадан құтқар, жортуылда, әкең саған кейісе де, сен әкеңе кейіме», – деді.

Баласы анасының сөзін тастамады. Бұқаш бек орнынан тік көтерілді, қара болат өз қылышын беліне қыстырды, ақ жебелі берен садағын білегіне ілді, алтын найзасын қолына алды, бәдәуи атына қарғып мінді, қырық жігітін қасына алды, әкесінің соңынан жортып кетті.

Баяғы арамзалар болса бір жерде қонақтап, шарапты ыдысымен қотара ішіп отыр еді. Бұқаш хан шауып жетті, ол қырық арамза мұны көрді. Айтты: «Келіңдер, барып сол жігітті тұтқындайық, екеуін қосақтап, кәпірге жеткізейік», – десті. Дерсе хан айтты: «Қырық жолдасым болыңдар есен-аман, Тәңірінің бірлігіне жоқ қой күман, менің қолымды шешіңдер, қолша қобызымды қолыма беріңдер, ол жігітті қайтарайын, сонан мейлі мені өлтіріңдер, мейлі босатыңдар», – деді. Қолын шешті, қолша қобызын қолына берді. Дерсе хан өз ұлы екенін білмеді, қарсы келді. Сөйледі, көрелік, хан-ием, не сөйледі:
Жыр
Құлаш мойын бәдәуи ат кетсе кетсін менен-ақ,

Мінерің болса ішінде айт, жігітім,

Сайыспай-ақ, ұрыспай-ақ ал, берейін, қайтыңыз!

Қотан толы қойлар кетсе менен кетсін,

Соярың болса ішінде айт, жігітім,

Сайыспай-ақ, ұрыспай-ақ ал, берейін, қайтыңыз!

Қызыл бұйра қызыл түйе кетсе кетсін менен-ақ,

Жүк артарың болса ішінде айт, жігітім,

Сайыспай-ақ, ұрыспай-ақ ал, берейін, қайтыңыз!

Алтын басты, еңселі үйлер кетсе кетсін менен-ақ,

Ордаң болса ішінде айт, жігітім,

Сайыспай-ақ, ұрыспай-ақ ал, берейін, қайтыңыз!

Ақ жүзді, күлім көзді келін-қыздар кетсе кетсін

менен-ақ,

Таңдағаның болса ішінде айт, жігітім,

Сайыспай-ақ, ұрыспай-ақ ал, берейін, қайтыңыз!

Ақсақалды қарылар кетер болса менен кетсін,

Ақсақалды әкең болса ішінде, айт, жігітім,

Сайыспай-ақ, ұрыспай-ақ құтқарайын, қайтыңыз!

Менің үшін келген болсаң жігіт сенде жазық жоқ,

Ұлымды мен өлтірген ем, енді кері қайтыңыз! –
деді. Бала сонда әкесіне сөйледі, көрелік, хан-ием, не сөйледі:
Құлаш мойын бәдәуи ат сенен кетсе,

Менің де ішінде мінерім бар.

Берерім жоқ қырық арамзаға

Қызыл бұйра түйелер сенен кетсе,

Менің де ішінде артарым бар,

Берерім жоқ қырық арамзаға.

Қотан толы қойларың сенен кетсе,

Менің де ішінде соярым бар,

Берерім жоқ қырық арамзаға.

Ақ жүзді, күлім көзді келіндер сенен кетсе,

Менің дағы ішінде таңдарым бар,

Берерім жоқ қырық арамзаға,

Алтын басты биік үйлер сенен кетсе,

Менің де ішінде отауым бар,

Берерім жоқ қырық арамзаға.

Ақ сақалды қарылар сенен кетсе,

Менің дағы ішінде ақылы аз, білігі жетпес кәрі әкем бар,

Берерім жоқ қырық арамзаға, –

деді. Қырық жігітіне дүрбелең салды, қырық жігіт бәдәуи аттарын ойнатты, балаға жабылды. Бала қырық жігітін қасына алды, ат тебінді, соғыс ашты. Қайсы бірінің басын кесті, қайсы бірін тұтқынға алды. Әкесін құтқарып кері қайтты. Дерсе хан сонда ұлының сау екенін білді. Хандар ханы хан Байындыр балаға бектік берді, тақ берді. Қорқыт атам әңгіменің тиегін ағытты, жыр жырлады, бұл оғыз-нәмені шығарып былай деді:
Олар бағы бұл дүниеге келді- кетті,

Керуен сынды қонды-көшті,

Оларды да ажал алды, жер жұтты,

Пәни дүние соңында және қалды.

Келімді-кетімді дүние,

Аяғы өлімді дүние.


Қара түнек өлім келсе, иман берсін. Деніңе саулық берсін, дәулетің артсын. Ұлы Тәңірім дос көріп медет берсін! Бата берейін, хан-ием:

«Үйірлі Қара тауың жығылмасын, зәулім бәйтерегің кесілмесін, тулап аққан мөлдір суың сарқылмасын, Қанаттарыңның ұшы қырқылмасын, шабар болсаң, ақбоз атың арымасын, шапқаныңда қара болат өз қылышың кетілмесін, шаншарыңда ала найзаң мұқалмасын, ақ жаулықты анаңның тұрағы пейіш болсын, ақсақалды бабаңның тұрағы жұмақ болсын, Қақ жандырған шырағың сөнбесін, қадір Тәңірі сені арамзаға мұқтаж етпесін, ей, хан-ием!



(Аударған Шәкір Ибраев)
Каталог: files -> docs -> books
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа
docs -> Қ. Жұбанов атындағы
docs -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
docs -> Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына қатысушылардың арасында бәсеке жоғары» Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050»
docs -> Реферат Название реферата Исполнитель
docs -> Инструкция по ветеринарному учету и ветеринарной отчетности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет