Әдебиеттануға кіріспе пәні,19 тақырып: Көркем әдебиет тілі


Тапсырма №7 1.«Абай жолы» романынан үзінді «Қат-Қабатта»



бет14/19
Дата05.05.2020
өлшемі69,49 Kb.
#65839
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
306 adebit

Тапсырма №7

1.«Абай жолы» романынан үзінді «Қат-Қабатта» бөліміне жоспар құру



2.Қазақ әдебиетіндегі Б.Кенжебаев,Т.Кәкішев,Қ.Жұмалиевтің жазушыға,шығармаға айтылған сын пікірлерін жазу

26 тақырып Әдеби бағыттың идеялық,эстетикалық ерекшелігі

Әдеби бағыт және ағым – көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердің шығармашылығына тән рухани эәне эстетикалық ұстанымдардың, сондай-ақ, осы ұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделген бағдарламалық-шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің жиынтығы.

Әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын түсініктер. Әдеби ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы - әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен мектептерге тән ортақ рухани мазмүндағы көркем ұстанымдардың негізгі шарттарынқамтиды. Көбіне аталған терминдер синоним ретінде де қолдануы мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады. Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм постмодернизм. Натурализм, символизм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экспрессионизм, экзистенциализм әдеби ағымдар болып саналады. Аталған бағыттардың ұлттық әдебиеттерде орын алуы мойындалған тұжырым. Әр бағыттың өзіне тән стилі болады. Әр түрлі ұлттық әдебиеттерде Әдеби бағыттардың бірдей алмасуы олардың нақты жүйе ретімен қалыптасқанын дәлелдейді. Әдебиеттің ұлттық арнасы шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. «Бағыт» деген түсінік алғаш рет Белинский, Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әдеби бағытпен қатар әдеби ағым түсінігі синоним ретінде қолданылып келеді. 20 ғасыр басындағы әдебиеттануда стиль ұғымы кең қолданыла басталды, кейінірек «дәуір стилі» деген ұғым орнықты. Кеңес кезіндегі бағыт пен ағым түсініктері қатар қолданылды. Ең кең тараған көзқарас бойынша, бағыт - бір шығармашылық әдіс біріктіріп түрған кең көлемдегі әдеби-шығармашылық құрылым. Модернизм кеңес әдебиеттануында ауызға алынбай келді, тек теріс бағыт ретінде аталды. Әр бағыттың өзіне тән мазмұнды негіздері бар. Сонымен қатар ол бірден үзілмейтін дәстүр. Мысалы, романтизм бірден үзілмей жалғасып жатты. Қазақ жазба әдебиетінде реализм Абайдан бастап қалыптасты. Реалистік бейнелеу тәсілдері жыраулар поэзиясында да орын алғанын ескерсек, қазақ сөз өнерінің о бастан реалистік бағытқа жақын екені белгілі. Жыраулардың толғауларындағы нақтылық пен өмірдің шынайылығын баяндау қазақ әдебиетінің басты көркемдік бағыты болып табылады. Әдеби ағым - әр бағыттың ішінде орын алатын әдеби құбылыс. Басты ерекшеліктері эстетикалық, идеологиялық негіздерде болуы ықтимал. Мысалы, романтизм революциялық және консервативтік ағым түрлерінде қарастырылып келді. 19 ғасырдағы Ресей әдебиетінде реализмнің психологиялық және социологиялық түрлері шықты. Соцреализмнің әдеби ізденістерге бейім және таза идеялық бірнеше ағымдары болды. Реализм мен модернизмнің көптеген ағымдары мен мектептері өмірге келді. Модернизм ағымдары: барокко, натурализм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экзистенциализм, футуризм. Батыс әдебиеттануы бағыт пен ағымдардын бар екенін ескермейді. Әдебиет теоретиктері бұл тұсініктердің нақты емес, бір жерден шықпайтынын алға тартады. Бірақ бірдей әдеби бағдарламалардың бар екенін ескере отырып, бұның орнына олар ұлттық әдебиеттердегі кезенді - дәуір тусінігін қолдануды нұсқайды. Абай жыраулардың тарихи шындықты батыл баяндау дәстұрін жазба әдебиетке әкелді. Ж. Аймауытовты өзінө ұстаз санаған Әуезовтің де стильдік дәстүрін дамытқан шәкірттері бар. 20 ғасыр басындағы А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Әуезов ұлттық әдебиетте реализм бағытын орнықтырды. С. Сейфуллин, С. Мұқанов, X. Есенжанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсірепов, 3. Шашкиндер т.б. соцреалистік ағымның әдісін өз шығармаларында іске асырды. Ал Әуезов осы екі ағымды ұштастырып, жаңа стиль таба білді. Сөйтіп ол өз туындыларын осы бағытта жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет