Әдебиеттануға кіріспе пәні,19 тақырып: Көркем әдебиет тілі


тақырып: Әдеби шығарманың мазмұны мен формасы



бет3/19
Дата05.05.2020
өлшемі69,49 Kb.
#65839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
306 adebit

20 тақырып: Әдеби шығарманың мазмұны мен формасы

Қамтылатын мәселелер:

1. мазмұн мен пішін бірлігі — көркемдік шарты;

2. көркем туындыны мазмұн мен пішіннің бірлігі тұрғысынан қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принципі;

Мазмұн мен пішін бірлігі-көркемдік шарты. Мазмұн мен пішін-іргелі философиялық ұғым. Бұл екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте болады. Көркем шығарманың күллі құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде жатыр.

Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін бір нәрсе-бір мамұнының бірнеше пішіні болатыны. Мысыла, Ұлы Отан соғысының сөз өнерінде әр түрлі пішінде суреттелгенін Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас», Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы» атты шығармаларынан аңғаруға болады. (поэзия, проза, драматургия).

Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты.

Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз болады. Мысалы, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық, өнерге мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы шындығының өнерде пішіні әр дәуірде әр алуан. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. (Қазіргі махаббаты Қыз Жібек пен Төлегеннің сезімдеріндей суретесе, осы дәуірдегі сай келмес еді). Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретін тағы бір ерекшелік-мазмұнын мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мамұнын ала келеді.

Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз-өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі-оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.

Қорыта айтқанда, шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысын негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірі өнерге айналдырған ең құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі.

Мазмұн дегеніміз шығарманың өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін мағыналылығы деуге болады. Шығарманың мазмұны-баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай, өмір құбылыстарының тікелей өзі емес, соның көркемдік крінісі, сөзбен мүсіндеп берілген суреті.

Өмір шындығы әдебиет шығармасындағы көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой-сезімі, адамгершілік, азаматтық мұрат-идеалдары келіп қосылады. Шығарманың көркемдік тұлға-пішініне, өрнек-кестесіне, өн бойына қан жүгіртіп, жан беретін, өң нұр беретін идеалық мазмұн-жазушының биік қоғамдық мақсаттарының көрінісі. Әдеби шығарманың көркем түрін (пішінін) оның мазмұн-мағынасынан бөліп қарауға еш болмайды. Шығарманың көркемік сапасы алдымен идеялық мазмұнның тереңдігіне байланыс.

Әдебиеттегі мазмұн мен пішінді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек былай болар еді: шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушның өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі. 1.Әдеби шығарманың көркемдік әлемі, көркемдік ұғым, көркемдік шарттар, оның мазмұны мен пішіні бір-бірімен өзара байланыста, тұтастықта. Көркем шығарманың әлемі оның мазмұнымен бірлігінде. Кітаптағы бейне ұласы бұл басты мәселе кітаптың мазмұны мен пішіні. Өзара бірлікте қызмет етеді. Кітаптың бәрі көркем шығарма емес рухани байлық дарытатын көңіл әлеміңді ішкі дүниеге нұр себетін шығарма. Өзінің тақырыптық салаларына сәйкес саналуан екендігі белгілі. Мысалы: ғылыми танымдық, тақырыптық экономикалық саяси және т.т. Бұндай кітаптар көркем әдебиет қатарына жатпайды. Себебі көркем әдебиеттің өзіне ғана тән заңдылықтары бар.



  1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні жжәне өзара бірлігі көркем шығарма үшін басты шарттардың бірі. Олар көркем әдебиеттің негізгі объектісі өмір, пәні адам мидағы сәулесі ғана көркем әдебиет. Өз заманның шындығын көркем сурет яғни сөз өнері арқылы берсе ондағы кейіпкерлер автордың өз идеясынан көркем шындығы ғана мазмұн мен пішін күрделі ұғым филологиялық категория. Мазмұн мен пішін сөз өнеріне ғана емес, қоғамға, табиғатқа тән қасиет. Олар өзара байланыста болады. Бірінсіз бірі жоқ мазмұнының пішіні болады. Сөзсіз мазмұнға ие.

  2. Көркем шығармадағы реалистік эстетиканың негізгі принцпі- пішін мен мазмұн бірлігі. Бұны қай туынды болмасын айқын аңғаруға болады. Бұлар біріне-бірі көшеді, ауысады да. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясы пішіні тұрғысынан қарағанда төрт томды кітап қоғамдық өмір, қоғамдық мүшелерінің ой-саласы мазмұн тұрғысынан қарағанда осы және басқа да мәселелердің көркемдік тұрғыда бейнеленуі. Олардың психологиясының иірімі мол екендігі әрине әрбір көркем шығарманың иірімі мол екендігі. Әрине әрбір көркем шығарманың өзіне жүк етеді. Былайша айтқанда қандай да бір мазмұн болмасын пішінге әсерін тигізеді. Сол себебті мазмұн басымдыққа ие болады. Қоғамдық өмірде де мазмұн басымдыққа ие.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет