Әдебиеттануға кіріспе


Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізінің күрделілігі, яки көп проблемалылығы (З. Қабдолов «Сөз өнері»)



бет54/59
Дата28.01.2022
өлшемі305,44 Kb.
#130038
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізінің күрделілігі, яки көп проблемалылығы (З. Қабдолов «Сөз өнері»)

“Абай жолының” тек бас жағын ғана бажайлап қарайықшы. Оқудан елге оралған шәкірт Абай өзін қаладан алып қайтқалы барған Байтас п ауасын е ен жорға Жұмабайдан оқ бойы алда келе жатқан күйі, даланың таза ркін сіміре жұтып, рақатта серпіліп “кей-кейде өзіне таныс Қөкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтар-дың тұс-тұсына келгенде, оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып алады”.

Осы эпизодтың өз тақырыбы (туған жер), өз идеясы (сағыныш) бар. Одан әрі: осы жүргіншілер Көлқайнардағы Құнанбай аулына келіп,

Абай өзін күткен апа-жеңгелерінің, Айғыз бен Ұлжанның, әжесі Зеренін, құшағына кезек-кезек кіріп, “өзін; шын балаға айналдырып жіберген” қалың, сүйіске малтиды да қалады.

Бұл эпизодтағы тақырып — ана, идея — мейірім.

Енді бірде аналар арасындағы “еркін, ойнақы, бала мінездің, бәрін” пышақ кескендей тыйып, Абайды Құнанбай шақыртады. Абай дереу бойын жиып ап, әкесі отырған үлкен үйге келеді. Бұл үй шешелер үйіндей көңілді емес, ызғар шашқандай салқын түнжыраған үнсіз.

Бұл эпизодтағы тақырып — әке, идея — тоңмойын қаталдық.

Бұдан былайғы эпизодтар да осылайша әрқайсысы бір тақырып пен бір идея құрап, өз ара тұтасып, өріліп, өрби береді. Сонда байқасақ, бір шығармада бірнеше тақырып, бірнеше идея болып шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет