Әдебиеттануға кіріспе


Авторлық және объективті идеялар туралы



бет55/59
Дата28.01.2022
өлшемі305,44 Kb.
#130038
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе
СОР 2 7 класс 2 тоқс, Ананың махаббаты, 514 БҰЙРЫҚ БОЙЫНША ЖАРЫСТАР, Өзіңнен баста (1)
Авторлық және объективті идеялар туралы

Гоголь бір жолы “Өлі жандардың” алғашқы вариантының бірер тарауын Пушкинге оқып берген екен, онын, алған әсері автордың ой өзегіне қарама- қарсы шығыпты: Гоголь көңілдендіріп, күлдірмек боп оқыса, Пушкин тыңдаған сайын түнеріп, сұрланып, ақыр-аяғында тіпті мұңданып: “Құдай-ай, қайран Россия қандай қам көңіл еді!” — депті. Демек, бізге керегі — автордың, идеялық мақсаты ғана емес, шығарманын, идеялық нәтижесі.

Ә. Нұрпейісов 40-жылдардың орта шенінде өзі ішінде болып, бүге- шігесін әбден анық білетін Курляндия оқиғасынан шағын очерк жазбақ болады. Оның жазушылық жолы осыдан басталған. Сөйтіп, осынау авторлық идеясын жүзеге асыру үстінде оның творчестволық ой өзегі өзгереді де отырады: очерк көлемді әңгімеге, әңгіме повеске, повесть қалың романға айналып, онысы әуелі “Курляндия” боп жарық көрді де, кейін “Күткен күн” боп бастан-аяқ қайта жазылды. Қысқасы, авторлық идеяның объективтік идеяға айналу барысы — өз алдына тірі тарих, бүтін бір творчестволық процесс.

Л. Толстойдың “Соғыс пен бейбітшілігіндегі” ой өзегінің, өрбу процесі, авторлық идеяның объективтік идеяға айналу тарихы тіпті қызық,. Басында автор бірер дворян семьясының аз уақыт ішіндегі хал-күйін, шаруа-жайын, тұрмыс-тіршілігін суреттеп, кейбір психологиялық ситуацияларды ғана

жинақтап тынбақ екен. Іс жүзінде олай болмайды, автор аттаған сайын шындық сырына тереңдеп, оқиға аумағы кеңейіп, бірер семья емес, күллі халық жайлы, жеке адам емес, жалпы заман жайлы мәселелерге көшіп, бүкіл орыс өмірінің, кезең-кезендерін кезіп кете барады. Осы жайтты Толстойдың өзі тамаша айтқан: “Мен 1856 жылы белгілі бағытта повесть жаза бастадым, қаһарманы — семьясымен Россияға оралған декабрист болуға тиіс еді. Амал жоқ, бұл күндерден жырақ 1825 жылға — қаһарманымның адасқан, азап шеккен дәуіріне ауыстым да, бастаған нәрсемді тастап кеттім. Бірақ менің, қаһарманым сол 1825 жылдың өзінде есейіп қалған ересек, семьялы кісі болатын. Осыны түсіну үшін, мен оның, жас шағына көшуге тиіс болдым, ал оның жастық шағы Роосия үшін данды бөлек 1812 жылдың дәуірмен тұстас келді. Бастағанымды тағы тастадым да, енді 1812 жылдан қайта бастадым… Бірақ оны үшінші рет тағы тастадым… Сөйтіп, 1856 жылдан 1805 жылға шегініп барып, сол уақыттан былай қарай —

1805, 1807, 1825 және 1856 жылдардағы тарихи оқиғалардың жуан ортасымен бір емес, әйелі бар, еркегі бар бірнеше қаһарман алып өтпек болдым”. Сонымен, міне: автордың алғашқы ой өзегіндегі бірнеше дворян семьясының тарихы бүкіл орыс халқының көркем тарихына шағын семьялық- психология-лық роман көш-құлаш ұлттық эпопеяға осылай айналган.

Қосымша Б



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет