Әдебиеттануға кіріспе


Егіздеу, яғни параллелизм



бет40/59
Дата28.01.2022
өлшемі305,44 Kb.
#130038
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Егіздеу, яғни параллелизм (грекше қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Мұның түрлері көп.

Көк ала бұлт сөгіліп Күн жауады кей шақта Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта.

Жауған күнмен жаңғырып, Жер көгеріп, күш алар.

Аққан жасқа қаңғырып, Бас ауырып, іш жанар.

(Абай)


Бұл – адамның көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра енгіздеудің, яки психологиялық параллелизмнің классикалық үлгісі.

Екі жаяу келеді:

Біреуінде күрек бар, лүпілдеген жүрек бар, Біреуінде күрек жоқ, жүрек бар да, жүрек жоқ. Бірі шаршап келеді, күні бойы жер қазып:

Бірі шаршап келеді, жолдасына ор қазып. Бірі үй сап, сол үйдің жылынуын тілейді: Бірі – орға досының жығылуын тілейді.

Екі жаяу келеді, ортасында – бір күрек:

Сол күректің астына қашан түсер сұм жүрек.

(Е. Ибрахим)

Бұл – ақиқат өмірдегі жақсылық пен жамандықты, солар қалыптастырған екі түрлі бітімді, осылардан туатын адамдық пен зұлымдық туралы екі түрлі ұғымды жарыстыра егіздеу.

Қыңыр болды не керек, - болайын деп болды ма? Бір үн болды керемет, - болайын деп болды ма?

(Ж. Нәжімеденов)

Бұл синтаксистік параллелизмнің бір үлгісі. Егіздеудің бұндай түрлері де ақынның тілі мен стиліне айтарлықтай ажар береді, өрнек төгеді, нәтижесінде өлеңге кәдімгідей кенеулі күй, сүйкімді әуез бітіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет