Әдебиеттануға кіріспе



бет37/59
Дата28.01.2022
өлшемі305,44 Kb.
#130038
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу.

Қайталаудың түрлері: жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау (анафора), кезекті қайталау (эпифора).

Жай қайталауға мысал: Сезімі сергек жігітке Серік болып серт ерер. Сертсіз жігіт жігіт пен, Қай сұлу саған еркелер?!

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! Ел қорыған мен едім.

Мен де айрылдым елімнен. Көл қорыған сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен.

(Б. Бұқарбек)

(Махамбет)



Бұл еспе қайталаудың үлгісі. Ой мен сыр еселеніп келеді де, алдыңғы ұғымның аяғы соңғы ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі әсер дарытқандай болады.
Ұйқыдан соң- Жапырақпын

Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң-

Құспын

Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған.



(С. Мәуленов)

Бұл - әдепкі қайталаудың, яғни анафораның (грекше биікке шығару) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолы немес әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады.


Күншілдер өледі Сұлулар өледі

Көңілін от қарып: Құшақта тұншығып.

Батырлар өледі: Арғымақ өледі

Борышын атқарып. Артында шаң қалып:

Бұзықтар өледі Ақындар өледі:

Пышаққа құлшынып: Бәріне таң қалып!

Бұл – кезекті қайталаудың, яғни эпифораның (соңынан алып жүру) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөз бірнеше мәрте қайталанып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет