Әдебиеттануға кіріспе


Көркем әдебиеттің даму заңдылықтары. Әдеби процесс



бет50/59
Дата28.01.2022
өлшемі305,44 Kb.
#130038
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе
СОР 2 7 класс 2 тоқс, Ананың махаббаты, 514 БҰЙРЫҚ БОЙЫНША ЖАРЫСТАР, Өзіңнен баста (1)

Көркем әдебиеттің даму заңдылықтары. Әдеби процесс

Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеалогиялық және эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым бейнелер кескінделген

қарадүрсін шығармалардан – көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз бойына үздіксіз сіңіріп отырады. Мұның қатарына олардың жиі жарық көретін жарияланымдар мен басылымдары, әдеби сын, естеліктер, әдеби эписториялық жанрларда жазылған оқырмандардың үн қатысуы да жатады.

Әдеби процесс термині ХХ ғасырдың 20-30 жж. пайда болып, алпысыншы жылдары кеңінен қолданыла бастады.

Әдеби процесс әдебиет тарихын тарихи-әдеби тұрғыдан қарастыру барысында маңызды проблеманың бірінен саналады. Егер –өмірбаяндық методтың жақтаушылары классикалық және романтикалық эстетиканың ізінше бірөңкей кемеңгерлердің туындылары мен үздік үлгілеріне ғана ден қоятын болса, онда ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы ғылыми әдебиеттану әдебиетті зерттеу ісіндегі әсіре талғампаздықтан бой тарта отырып, жазушы туындыларының көркемдік деңгейіне, идеологиялық бағыт-бағдарына қарамастан, мұны зерттеу пәні ретінде қарастырады.

Әдеби процесс – адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толғауының тарихы. Әдеби процесс жеке тұлғалар өзінің әкелген айырықша көркемдік ашылымдарымен, өзіне дейінгі құндылықтармен қайшылыққа түсе отырып, әдеби процестің құрамында кезеңдік, жалғастырушы өзгертуші қызмет атқарады. Алайда, техниканың даму заңдылықтарындағыдай әдебиет пен өнерде жаңа көркемдік ашылымдар өзіне дейінгі бар көркемдік құндылықтарды жою арқылы дамымайды. Қайта ондағы қайсыбір элементтер келесі дәуір мен кезеңдердегі көркемдік ашылымдарға әр беріп, үндесіп отырады. (Мыс, М.Әуезовтың «Абай жолы» фольклор, этнография дәстүрлері, Ш.Айтматов шығармашылғындағы «мифтік» бастаулар).

Әдеби процесс – эстетика мен әдебиеттанудың, өнердің, теориясы мен тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ көркемдік категориясы. Ғаламда бәрі өзгереді, қозғалысқа түседі. Әдеби процесс – көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методолгиялық әдіс.

Көркем әдебиеттің бірде өрлеп, бірде тоқыраған көптеген ғасырлық тарихы бар. Әдебиет дамуы тарихында өрлеу мен тоқыраудың алма-кезек ауысып келіп отыруының сыры түрлі қоғамдық дәуірдегі әрқилы жағдайларға байланысты. Мысалы, хандық дәуір – жыраулар поэзиясы, Абылай – Бұхар қоғамы мен Абай, т.с.с. Демек, тарихи дамудың түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық таным аясының ұлғаюы әдебиетке өз ізін, сәулесін түсіреді.

Әдеби дамудағы сабақтастық дегенде, ескеретін жәйттар бар. Мәселен, әдебиеттегі идеялардың, көркем бейне-типтер мен бейнелеу құралдарының сабақтастығына қатысты сөз қозғағанда олардың өзіндік ерекшеліктерін айыра білу қажет. Нақтылай айтқанда, идея сабақтастығын көзқарастары жағынан біріне-бірі жақын қаламгерлерден байқасақ, бейнелеу құралдарының сабақтастығын түрлі идеялық бағыттағы қаламгерлерден де аңғаруға болады. Оның сыры әдеби суреттеу құралдары мен тәсілдерінің дамуындағы ішкі заңдылықтарға байланысты. Себебі – көркемдік құрал-тәсілдер (мысалы, тіл) түрлі идеялық мақсаттарға бірдей қызмет ете береді.

Идея сабақтастығы әлеуметтік күштердің дамуындағы жалғастық көрінісі болып табылады. Бұл дегеніміз жаңа дәуірде бұрынғы ой-идеялардың қаз-

қалпында қайталануы емес, жаңа жағдайға байланысты жаңа түр иеленіп, бұрынғы идеяны тереңдете, толықтыра түсу екені түсінікті.

Идея сабақтастығы үздіксіз жалғасатын болса, әдеби типтер сабақтастығы кей тұстарда үзіліп қалып, араға уақыт салып жалғасуы да мүмкін. Белгілі бір тарихи жағдайда туған көптеген типтер қоғамдық өмір өзгерген тұстарда көркемдік сахнадан ығысуы немесе мүлдем кетуі ықтимал.

Көркемдік бейнелеу құралдары сабақтастығының дамуында да өзіндік ерекшеліктер бар. Әр қаламгер өз туындысының мазмұнын ашу мақсатында сан алуан тілдік тәсілдерді қолданады. Олардың идеядан басты бір айырмашылығы түрлі қоғамдық позиция ұстаған қаламгерлер туындыларында бірдей қолданыла беруінен шығады. Мысалы, Абай – Шортанбай, Сәкен – Мағжан, т.с.с. Қалай болғанда да, кез келген жаңашыл ақынның өзі өзінен бұрынғы қаламгерлер қол жеткізген тәсілдерді игеру арқылы дамиды. Шығарманың көркемдік бөлщектеріне де осы сипат ортақ. Идеялық алшақтығына қарамастан, қаламгерлер поэтикалық құралдарды бірдей пайдаланады. Оған дәлел ретінде барлық халықтың өлең үлгісін алуға болады.

Сонымен, өнер мен әдебиет дамуындағы сабақтастық мәселесі әрбір қаламгердің қоғамдық қажеттіліктер арасынан өзі аса мәнді, маңызды, дәуірмен үндес деп таныған жағдайларына қатысты өрбиді. Нағыз өнер туындыларында бұрын қолданылған көркемдік бейнелеу құралдары өткенге оралу мақсатында емес, өз дәуірінде, келешек игілігіне пайдалану үшін қызмет етеді.

Әдеби дамуда дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық мәселесі көтеріледі.

Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар, көзқарас түсініктер жатады. Жаңашылдық - өткен өмірдің, кшегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы- соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс- әрекеттер. Ол жалпы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық – диалектикалық бірлікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс – материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, дамның өмір танудағы жаңа ұғым- түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғартатын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық

тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың – идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. Қазақ поэзиясына Абай Құнанбайұлы енгізген жаңашыл үлкен дәстүр болып қалыптасты. Абай қазақ поэзиясын әсіре шешендіктен, әсіре бояудан құтқарып, терең ойлылықты арттырды. Ол ақын орнын, оның қоғамдық, әлеуметтік мәнін танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауыз әдебиетінің дәстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендіріп, жаңа арнаға салады. Мыс, «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде: «Адасқан күшік секілді, Ұлып жұрқа қайтқан ой» дегенде тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін «адасқан күшікке» балайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетіне, соның ішінде поэзияға жаңа леп, жаңа серпін әкелді. Қоғамдағы тың өзгерістерді экспресс түрінде суреттеді («Экспресс». С.Мұқанов поэзиясы («Бостандық») өлең түрі жағынан ескіше болғанмен идеялық мазмұны, тілек- мақсаты жағынан жаңа. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов өз шығармаларында шешендік дәстүрді шебер пайдалана отырып, үлкен жаңалық әкелді.

Әдебиет қай дәуірде де, қай заманда да адам көңіл-күйінің буырқанған, босаңсыған, қайрат шақырған, қамыққан, өмірлік мақсаттарға ұмтылған сәттерінің бәрінің де көркем шежіресі, бейнелі суреті, мың құбылған әуені.

Еркіндікті, азаттықты, тәуелсіздікті әрдайым ту ғып ұстап, ұлттық сана- сезімді тәрбиелеуде, ата-бабамыздан қалған жерімізді басқыншы жаулардан қорғауда, ұлттық намыс пен ұлттық патриотизмді қалғытпай қайрап отыруда рухы биік әдебиетіміздің де артар жүгі алдыңғы қатарда еді. Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау, рухты ояту, жігерді жану үшін адуынды шығармалар көмекке келген.

Тәуелділіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да қалам шеберлерінің алаулы өлеңдері болатын. Ерте дәуірлердегі, тіпті, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрыңғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады. Отаршылдық езгіге түсіп, шарасыз халде үнсіз бұлқынған Қазақ елінің пешенесіне тап болған сор мен азапқа қабырғасы қайысқан Шоқан Уәлихановтың: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» дейтін әйгілі сөзінде азаттықты идеал тұтудың, шерлі толғаныстың үні бар.

Ұлттық рухты, ұлттық тәуелсіздік идеясын қазақ әдебиеті қанына ерте дарытқан. Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ әдебиетін толғандырған ең келелі мәселелердің бірі ұлт тарихы мен болашағы екені дау тудырмайды. Алаш ардақтысы Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық тәуелсіздік – бізді дүниеден оқшаулап тастайтын Қытай қорғаны болмайтыны сияқты, ешкімнің құқығына қарсы қойылмайды да. Ұлттық тәуелсіздік – отаршыл озбырлардың езгісінен, талан-таржысынан атамекеніміз бен халқымызды құтқару қозғалысы болып табылады» деп шырылдаған жан айқайы XX ғасырдың басынан жаңғыра естілгендей.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы онжылдық алдымызға тосқан қиын өткелдерді, қаншама кешкен ауыртпалықты ұмыту мүмкін емес. Осы он жылдағы кешкен бейнет те, тартқан азап та бәрі заман келбетінің қалай құбылғанын айна қатесіз образға айналдырып әдебиет тарихында қалдырды.

Тәуелсіздік идеясы – қазақ әдебиетінде ежелден қоныс тепкен ұғым. Тәуелсіздік дәуірінде бұл мәселе қиялдан гөрі нақты шындық ретінде жырлана бастады. Алайда оны қабылдау әртүрлі ыңғайда болды. Азаттықтың әркімге де қуаныш әкелгені анық. Әйтсе де, ол халықтың барлық бөлігіне бірдей молшылық пен таусылмас игілік әкелген жоқ. Жаһандану үдерісінің жағымсыз әсері де сезіле бастады. Ұлттық құндылықтарға қауіп төнгені аңғарылды. Бір ұтымдысы – жаңа кезеңде сын айтуға біршама еркіндік берілді. Сонымен қатар, ескі тоталитарлық жүйе тұсындағы келеңсіздіктер ашына айыптау сарынын тудырып, бүгінгі өмірдегі ұнамды құбылыстар көтеріңкі көңіл-күймен жырға қосылды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт аралығында қазақ әдебиеті дамудың жаңа белесіне көтерілді. Бұл тұста қазақ жазушылары тоталитаризм қыспағынан босап, еркін тыныстауға бет алды. Тәуелсіздік жазушыларға сөз бостандығын алып келді. Сөз бостандығы қазақ жазушыларына кеңестік дәуірде еркін бара алмаған, кең қозғай алмаған тақырыптарға қайта үңілуге мүмкіндік берді. Тарихымыз бен мәдениетіміздің көлеңкелі жақтарының ашылуының ұлтымыздың рухани өміріндегі маңызы ерекше. Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан шығармаларының жарыққа шығуы әдебиетіміздің көркемдік көкжиегінің кеңеюіне, ұлттық бояуының айқындала түсуіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ.

Еліміз тәуелсіздік алған тарихи күнде дүниеге келген ең алғашқы өлеңдердің бірі: Өзіңдікі - Елің де, Өзіңдікі – Жерің де. Өзіңді өзің еткен бақ Тәуелсіздік – төріңде! Қара мына ғажапқа: Теңдік тиді қазаққа – Езгідегі ұрпағың Енді айналмас мазаққа! ...Қанатыңнан қайырылып, Қыр-арқаңнан майырылып, Қонақ – Тәуелсіздіктен, Қала көрме, айырылып!... Ақын Иран- Ғайып «тауың да, бақша, бауың да, досың да, қатал жауың да – сенікі», «Туың да, От пен Ауа, суың да – өзіңдікі» деп шалқып тасып оқырманымен сыр бөлісіп отырады да, «Қонақ – Тәуелсіздіктен, Қала көрме айырылып!...» деп күтпеген түйін жасайды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тарихи тақырыпқа арналған романдар да көп ұзамай жарық көрді. Сондай туындылардың қатарында Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Қалмұқан Исаевтың «Серт», «Шоң би», Кәдірбек Сегізбаевтың «Беласқан», Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз», Хасен Әдібаевтің «Отырар ойраны», Софы Сматаевтің «Жарылғап батыр», Жанат Ахмадидің «Шырғалаң» тағы басқа романдарын атауға болады.

Бұл шығармалардың өзіндік дүниесін таныту жолында тәуелсіздіктің нұрлы ықпалы айқын көрініс береді. Өйткені, әдебиетіміз бұрын-соңды болмаған тақырыптық, идеялық мазмұн байлығымен, жаңа көркемдік түрлермен, жанрлық ерекшеліктерімен байып отырды. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті бұғауланған кісеннен құтылып, бостандықтың шырайын аңсаған, өзі көшбасшы болуға дәрменді ұлттың рухани мұрасы.

Бұл кезеңнің ерекшелігі – партия қадағалап отыр демейтін, таптық көзқарастан біржола арылған, еркін тебіреніп, ойын еркін айта алатын, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын жаңа дәуір әдебиеті.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің поэзияcы өз кезінің шындығын шырылдата жырлады. Азаттық алған қазағымыздың қуанышын жырға қосып, өз шығармалырына арқау еткен біршама ақындарымыз бар. Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік, идеялық және әдіс-тәсілдік салада өзгеріске түскенін атап өткеніміз жөн болар. Аға буын Кеңес одағының қыспағын көрген соң, өз елдігімізді аңсап, сол күнді өз көздерімен көрді. Ұлттық менталитетті кеңінен насихаттап, қоғамда болып жатқан өзгерістерді дөп басып айтты. Көпшілігінің туындыларында «еркіндік»,

«азаттық», «тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием», «ақ түйенің қарыны жарылды», «ақ күн туды» деген секілді фразаларды кездестіруге болады. Ауызекі сөздерден ада болуды үгіттеп, суреттілік пен образдылыққа, көркемдікке бой алдырады. Түрлі құбылту мен фигураларды, троптарды қолданып, тәуелсіздікке үлкен екпін берді. Бұндай көркемдіктерді өткен дәуірлерден келе жатқан жыраулар поэзиясынан, Ыбырай, Абайлардың тілінен, одан бері Жамбыл, Кенендерден, Мағжан, Ахмет, Сәкен, Жүсіпбек сынды оққа ұшқан ағартушылардан сіңген дарындылық деп тану керек. Қ. Мырза-Әлидің

«Заман-ай», «Алаштың арманы», Н. Айтұлының «Рухымның падишасы»,

«Бәйтерек», Н. Оразалиннің «Құрайлайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», Е. Раушановтың «Ғайша-Бибі», «Қара бауыр қасқалдақ», Т. Тұяқбаевтың «Жан дауысы», Б. Үсеновтің «Табиғат терезесі», С. Нұржановтың «Аруана», А. Бөкеновтің «Салбуырын», Г. Шамшиеваның «Қаракөз дәурен», Т. Әбдікәкімовтің «Ақшам хаттары», Г. Өмірзақованың «Жапырақ-ғұмыр», С. Сейітовтің «Серпер», Ә. Қайранның «Мазасыз әлем», Х. Ерғалидің

«Сонеттер», Ә. Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе», Қ. Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат», М. Айтхожинаның «Жапырақ сілкінген кеш», Қ. Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», К. Салықовтың

«Сәбит аға», «Түркістанға тағзым», Е. Шаймерденұлының «Жүректегі жазулар», М. Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы», «Жаңа қазақтар»,

«Компьютер басты жарты адам», Ұ. Есдәулетұлының «Киіз кітап», О. Асқардың «Орбұлақ», Д. Әбіловтің «Жолаушы өмір», А. Бақтыгерееваның

«Ақ шағала», Н. Мәукенұлының «Бойтұмар», А. Шәріповтің «Құбыла», Қ. Исаның «Керімсал», Г. Салықбаеваның «Жан», А. Әлімғазыұлының

«Жаралы Желтоқсан», Ө. Нұрғалиевтің «Афина мектебі», А. Егеубайдың

«Аламан», К. Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемі», «Қорқыттың көрі», Ж. Бөдешұлының «Жұлдызға орнын ай бермес», М. Ақдәулетұлының «Дәруішнама», А. Әлімнің «Ай нұры алақанымда», М. Райымбекұлының «Ай-Нұр», Қ. Сариннің «Арманымның бейнесі» жыр жинақтары, «Ер намысы – ел намысы» т.б. ақындардың шығармалары мен жинақтары жарық көрді. Ал одан бері С. Адай, Ж. Сәрсек, Т. Толқынқызы, М. Шоқан, Б. Сарыбай, А. Елгезек, Н. Бердалы, Е. Жеңісұлы, Е. Жүніс, Т. Таңжарық, Ы. Дәбей, Б. Әлқожа, Н. Сарша, А. Сейтақ, С. Есжан, Т. Мықи



т.б. сияқты жас ақындар легі көбейіп, заман шындығын өз туындыларына арқау етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет