Шешендік сөз: Дәстүр мен жаңашылдық. Шешендік сөзге қойылатын талаптар



Дата08.02.2022
өлшемі15,9 Kb.
#98508
түріСабақ
Байланысты:
Шешендік сөз


Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз: Дәстүр мен жаңашылдық. Шешендік сөзге қойылатын талаптар

(Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз)

Шешендік сөз туралы ұғым-түсінік
Шешендік сөз – сөз мәдениетінің жоғарғы формасы. Ауызекі сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін меңгерген адам ғана шешендік сөзді туындата алады. Шешендік ақыл-ойға негізделгендіктен, халық жадында сақталып, нақыл сөздер сияқты ұрпақтан-ұрпаққа ұалып отырады. Шешендік сөз көпшілікке қаратып айтылады. Сондықтан шешен сөйлеу өнерінде де қарым-қатынасұа түсіп отырғаны адамдардың мінез-құлқы, адами қасиеттері, сөйлеу мәдениеті мен тыңдау мәдениеті, әдеби тіл заңдылықтарын жетік білуі негізге алынады.
Шешендік сөздің түрлері сан алуан: шешен әңгіме, шешендік толғау, діни сөз, шешен құттықтау сөз, шешен тілді баяндама және т.б. Шешендік сөз -әртүрлі тақырыптағы шешендік өнердің іс-жүзіндегі нәтижесі.
«Шешендік өнер» (грек.-риторика) деген ұғым «шешен сөйлеу»дегенді білдіреді, әу баста латын тілінен алынған «шешендік өнер» термині «әдемі, сенімді сөйлей білу қабілеті» деген мағынада жұмсалады. Ал «шешендік сөз» деген атау сол әрекеттен туған мәтінді атауға жұмсалады. «Шешендік өнер» ұғымы қазақ тілінде «шешендік» деген атаумен беріледі.

1-тапсырма. XI ғасырдағы шығыс педагогикасы тарихындағы әйгілі шығарма «Қабуснамада» берілген шешендік өнер жайлы түйіндеулерді таратып түсіндіріңіздер.
Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі-сөз, сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді әдет қылғайсың. Ей, перзентім, сөздің оңы мен терісіне, өңі мен астарына айрықша мән беріп, мағыналы етіп сөйлеу үшін әрекет істе. Шешен кемеңгерлердің кеңесінде болып, сөзді сөйлей білу өнерін үйрен. Қай кезде болсын шешендік өнерінің шегінен шықпа. Аузыңнан шыққан сөзің тыңдаушыға , тыңдаушының жүрегіне қонымды , жеңіл болсын. Сөз үйренуден жиренбе.

2-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, негізгі ойды мен тірек сөздерді жазыңыз.
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт: - Ақ ата (Бөлтірікті жұрт осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? – дейді. Сонда Бөлтірік шешен: - Қарағым, байлық – қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала - артта калған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен сіз-біз деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - құл, қуанышың - от! – дейді.
3-тапсырма. Төмендегі шешендік сөздің мағынасын түсіндіріңіз.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. 
Ашу деген — ағын су, 
Алдын ашсаң, арқырар. 
Ақыл деген — дария, 
Алдын тоссаң, тоқырар. 
Кісі бірге туыспау керек
Туысқан соң сөз қуыспау керек. 
Сөз қуған пәлеге жолығады. 
Жол қуған олжаға жолығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет