Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «б»
Күні: 12.01.18ж
Мұғалімі: Асылбекова И.Т
Тақырыбы: «Дүрбелең» Оспанхан Әубәкіров
Мақсаты: Берілген мысалды түсініп оқуға үйрету.
Мысалдың негізгі идеясын түсіне меңгерту.
О.Әубәкіровтың өмірімен қысқаша түсінік беру. (Стирик)
мағынасымен түсіндіру.
Күтілетін
нәтиже: Оқушы
– Мысалды түсініп оқи алады
– Алған білімдерін айта алады
– Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра алады
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай суреттер
Қолданылатын модульдер:Диалогтік оқыту, оқыту үшін АКТ қолдану
Ойлаудың 6 қалпағы (ой қозғау, миға шабуыл т.б)
Креативті «матрица»
«Анализ» сатысы
Дөңгелек үстел
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: Музыка, дүниетану, қазақ тілі
Жоспар:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Жаңа сабақ
IV.Жаңа сабақты бекіту
V.Қорытындылау, бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау
Психологиялық дайындық
I-топ II-топ III-топ
Біз балдырған баламыз, Мақсатымыз білім алу Амансың ба? Алтын күн
Құстай қанат қағамыз. Міндетіміз еңбектену Амансың ба? Көк аспан
Дүниені аралап, Еңбек етіп жұмыла Амансың ба? Достарым
Оқып білім аламыз. 5-ке қолды жеткізу Сендерді көрсем қуанам
Сәттілік тілеймін!
Осы топтарға мен топтың атын беремін
I-топ II-топ III-топ
Өнер тобы Оқу тобы Жазу тобы
II.Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардың жауап беруіне қарай бағалау
Қызыл – Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты?
Сары – М.Әуезов кім? Оның басқа қандай әңгімесін білесің?
Жасыл – Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?
Ақ – Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың?
Көк – Көксеректің ашқарақтығын суреттейтін ұсты тауып оқы.
Қара – Ауыл иттерінің Көксеректі жек көретіні туралы жазылған жерді тауып оқы.
III. Жаңа сабақ «Дүрбелең»
А) Дүрбелең сөзінің мағынасы жуық сөздерді айту (әбігер,қарбалас,т.б)
Ә) Мағынасы жуық сөздерді қалай атаймыз?(синоним)
(Тыңдалым) видео қысқаша
Оспанхан Әубәкіров (1934 - 1986) 4 мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданында Үшбұлақ ауылында туылған.Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмәмдаған.Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан.
«Жұмысқа келе алмауыма байланысты жұмысқа келе алмадым» деп бас редакторына түсінік жазған екен сатира жанрының жампозы Оспанхан Әубәкіров. Қаламгер мәңгілік сапарға аттанғанменқалдырған мол мұрасы,әзіл әңгімелері,ысқақ өлеңдері, интермедиялары мен әннің мәтіндері әлі күнге елдің есінде, оқырманның ойында. Ос ағаңның «Сіз туралы слух бар», «Мұрын ішіндегі мұрт» және т.б шығармалар жинағы бақилық болғаннан кейін де басылып шықты.
Оспанхан Әубәкіров сатираны өлеңмен де өрді,қарасөзбен де сөйлетті. 8 қырлы 1сырлы өнер иесінің «Өзің, Сәулем іздегенім», «Біздің ауыл атақты», «Құдаша», «Кездейсоқ махаббат», «Мұңайма», «Біздің ағай тамаша» т.б өлеңдеріне ән де жазылған. Ол балаларға арнап өлең-жыр, ертегі, пьесса жазды, аудармамен айналысты. Оспанхан Әубәкіровтың 52 жыл жыл ғұмырында өлмес мұра қалды. Сол мұраны шашау шығармай,жинақтап, кейінгіге жеткізген жары Нұрсұлу апа.
Сатирик – адам бойындағы жағымсыз қылықтарды мысқылдап, сынап жазатын адамды сатирик деп атаймыз.
Оқулықпен жұмыс
А) (оқылым, ) Өлеңді тізбектеп оқып шығу
Ә) Мәтіндегі сөздерді 3 тілде айтқызу
Қазақша Орысша Ағылшынша
Әкесі Отец Father
Тәтесі Тётя Aunt
Атасы Дедушка Grandfather
Апасы Бабушка Grandmother
Үндеме Молчи Keep silence
Сергіту сәті
О.Әубәкіровтың «Біздің ағай тамаша» өлеңімен
1)Біздің ағай қызық адам тамаша
Қызығы бар сан жетпейд санаса
Жеңгемізді сыйлайтыны соншалық
Томпаң қағып жүгіреді балаша
Қ-сы
Жеңгей кетсе қыдырып
Кеш келеді күн жүріп
Ағай үйде отырады
Біздің ағай,біздің ағай тамаша
2)Бұл ағайды жеңгемізде мақтайды
Жамандауға тіл ауызы батпайды
Қалай ғана мақтамасын жеңешем
Мұндай адам,мұндай адам дүниеден таппайды
Қ-сы
Жеңгей кетсе күн ұзап
Дүкен кезіп зар илеп
Ағай үйде отырады
Кеспе кесіп нан илеп
Біздің ағай,біздің ағай тамаша
3)Үй иесіне мойнымызды бұрмадық
Жүріппіз ғой көп нәрседен құр қалып
Кел жгіттер сеп болайық әйелге
Аз да болса, аз да болса осы ағайдан үлгі алып
I-топ II-топ III-топ
Өнер тобы Оқу тобы Жазу тобы
Мысал өлең Мысалдағы түйінді Егер мен Бектай
құрастыру ойды жазу болсам... эссе жазу Креативті матрица- ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу.
Бұл әдіс оқушыларды ,жағдайлардың, нұсқаулардың шеу дағдыларына ықпал ете отырып,оқушыларға мүмкіндік береді. Нұсқаларды зерделеп,басқа оқушыларидеяларының негізінде өз нұсқаларын сындарлы әрі креативті етіп құрастыру үшін оқушылар топтарда жұмыс істейді.
I-топ Креативті матрица-Сүт қалай ұйықтайды?
Проблема: Не?
|
|
|
|
|
Адамдар:т.б Кім? Не?
|
|
|
|
|
Орын: Қайда?
|
|
|
|
|
II-топ Креативті матрица-Ара мен шыбын
Проблема: Не?
|
|
|
|
|
Адамдар: т.б Кім? Не?
|
|
|
|
|
Орын: Қайда?
|
|
|
|
|
III-топ Креативті матрица-Дүрбелең
Проблема: Не?
|
|
|
|
|
Адамдар: т.б Кім? Не?
|
|
|
|
|
Орын: Қайда?
|
|
|
|
|
Қорытындылау кезеңі
Анализ сатысы
Тақырыбы:-Дүрбелең (Балалар қандай тақырып өттік?)
Автор: О.Әубәкіров ( өлеңнің авторы кім?)
Жаныр-мысал ( Әдебиеттік оқуда бұл өлең қай жанырға жатады)
Кейіпкер-
Негізгі идея-
Синтез сатысы
Пікірталас
Үйге тапсырма ,бағалау ( бағдаршамы кері байланыс)
Жамбыл облысы , Тараз қаласы, №5 мектеп-гимназиясы,
Асылбекова Индира Темирхановна-бастауыш сынып мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: |