4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды. Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің әрқайсысы «Мен – зерттеушімін» бөлімше мақсаттарымен кіріктірілген, ол білім алушылардың білік және дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтау технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.