Әдептілікке тәрбиелеу (оқу-әдістемелік құрал) Дайындаған: Қапарова Ж. У



бет16/89
Дата05.02.2022
өлшемі5,38 Mb.
#15828
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89
Асханадағы ереже

Сорпа, көже, кеспені іш,


Сорпылдатпай, еппен іш.
Алып жәймен алдыңа,
Үгітпей же нанды да.
Асты шашпай-төкпей іш,
Алақ-жұлақ етпей іш.
Жаман әдет білгенге,
Шәйді ыстық үрлеме.
Келген асты алдыңа,
Тауысып іш, қалдырма.

Ө. Ақыпбеков




Қалсын апам қуанып

Апамызды сыйлайық, Үйдің ішін жинайық.


Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық.
Қалмау үшін керісіп, Кел, алайық келісіп. Атқарайық үйдегі Жұмысты тең бөлісіп.
Кел, самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып,
Отырайық бөлмеде
Бөпемізді ойнатып.
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде жұмыстан
Қалсын апам қуанып.

С. Әлімқұлов




Тату болып ойнаңдар

Шұлығыңды шеше ғой,


Көлдің суын кеше ғой.
Шолп-шолп етіп шомылып,
Қуыршағым, өсе ғой.
Піс тамағым, пісе ғой,
Дастарханға түсе ғой.
Қарның ашып қалды ма,
Мысық, сен де іше ғой.

Енді екеуің ойнаңдар,


Үйді шашып қоймаңдар.
Үлкендердің мазасын
Алмауды да ойлаңдар.

Әжем қатық ұйытып,


Құмыраға құйыпты.
Жарас ішіп жартысын,
Су толтырып қойыпты.

Ішіп алып қатықты


«Тамашаға» батыпты.
Р. Наурызбаева
Көмектесем бәріне

Отын жарып берейін,


Суды да алып келемін.
Аялаймын мамамды,
Тиеді ылғи көмегім.

Сылтып басқан аяғын,


Атама ауыр әр адым.
Жылтырлатып галошын,
Әперемін таяғын.

Ең елгезек баламын,


Үлкен тілін аламын.
Өссем деген ойым бар,
Таудай биік талабым.
М. Бисариева

Билер сөздері


Әйтеке бидің сөздері

Бүркіт бол, заманың түлкі болса,


Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.
Жақсылардың белгісі сол емес пе,
Қара қылды қақ жарған әділ болса.

Адамгершілік белгісі – кеңдік қой,


Бұл да үлкен ерлік қой.
Ашу – араз, ақыл – дос,
Ағайын, ақылыңа ақыл қос.






Қазбек би
Ұят пен ар қымбат
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын,
Қимас жақын қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын.
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағың – шөберең жақын.

Алтын ұяң – Отан қымбат.


Құт берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың – әкең қымбат,
Туып-өскен елің қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пен ар қымбат.

Атадан ұл туса игі,


Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.

Тыйым сөздер


Босағаны керме.
Босағаға сүйенбе.
Есікті теуіп ашып, жаппа.
Табалдырықты баспа.
Табалдырықты аттамай, сәлем берме.
Босағаға ат байлама.
Төрге қарап жүреңнен отырма.
Үйге қарай жүгірме.
Үйді айналып жүгірме.
Үйде ысқырма.
Бүйіріңді таянба.
Жағыңды таянба.
Таяққа сүйенбе.
Қолыңды төбеңе қойма.
Жуған қолыңды сілкіме.
Тізеңді құшақтама.
Табаныңды тартпа.
Аяқ-қолыңды жіппен байлама.
Мойныңа белбеу салма.
Таңдайыңды қақпа.
Жаяу қамшыланба.
Үлкен алдын кеспе.
Үлкен алдында бейпіл сөйлеме.
Үлкенмен сөз таластырма.
Жатқан адамның үстінен аттама.
Адамға қарап керілме.
Адамға қарап есінеме.
Адамға қарап жөтелме.
Адамды айналма.
Кісіге қару кеземе.
Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.
Бейуақытта жылама.
Бейуақытта ұйықтама.
Бейуақытта сырқат адамның көңілін сұрама.
Жақын адамға мылтық, пышақ сыйлама.
Бос бесікті тербетпе.
Бесікті ашық қалдырма.
Құбыланы теуіп ұйықтама.
Басыңды босағаға қаратып ұйықтама.
Бөркіңді теріс киме.
Баскиімді теппе.
Баскиімді жерге тастама.
Аяқкиімді жоғары көтерме.
Киімді желбегей жамылма.
Киімді теріс аударып киме.
Дастарқан басында керілме.
Дастарханнан аттама.
Дастарқанды қағазбен сүртпе.
Дастарқанды пышақпен қырма.
Нанды бір қолыңмен үзбе.
Нанды аяққа баспа.
Нан қоқымын шашпа.
Нанды төңкеріп тастама.
Түнде ас бетін ашық қалдырма.
Тұзды шашпа.
Тұзды аяққа баспа.
Ақты аяқ астына төкпе.
Ақты баспа.
Кірдің суын баспа.
Қонаққа кетік ыдыспен ас берме.
Таңғы асты қалдырма.
Пышақ ұшымен ас алма.
Пышақты шалқасымен қойма.
Итке ожаумен ас құйма.
Ошақтан секірме.
Отқа түкірме.
Отпен, сумен ойнама.
Күлді баспа.
Суға түкірме.
Суға дәрет сындырма.
Айға қарап, дәрет сындырма.
Бейітке қарап, дәрет сындырма.
Мал қорада дәрет сындырма.
Жалғыз ағашты шаппа.
Көк шөпті жұлма.
Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба.
Малды теппе.
Жыңғылмен малды ұрма.
Жүгеннен аттама.
Құр ерге мінбе.
Малды басқа ұрма.
Итті теппе.
Түнде суға барма.
Түнде далаға кір жайма.
Түнде тырнақ алма.
Тырнақты аяқ басатын жерге тастама.
Шашыңды аяқ астына тастама.
Сыпырғышпен баланы ұрма.
Сыпырғышты тік қойма.
Сыпырғышты көкке көтерме.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет