Мақсаты: ӨТТШТ әдістерімен таныстыру. Балалардың шығармашылық қиялдарын, ынталарын дамыту. Жігерліліктерін жетілдіріп, белсенділіктерін арттыру.
Екі бала терезеге қарады. Бірі жаңбыр мен саз көрді. Ал екіншісінің көргені – жасыл көгал мен көк аспан. Бір терезеге екеуі бірдей қарады. Айналада тек саз бен жаңбырды ғана емес, басқа да нәрселерді көретін адамды қалай тәрбиелеуге болады? Шығармашылық тұлғаны сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. Ақылды, парасатты ойшыл адамды тәрбиелеу. Міндетті түрде әр оқушының жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп отырып, оқытуда жеке тұлғаға бағдарлау әдісін қолдану. Жүйелі түрде, міндеттемей, әртүрлі жаттығу мен тапсырмаларды қолданып, оқушыға өз ойын айта білуді үйрету.
Өзектілігі: ӨТТШТ технологиясы ұмытылып бара жатыр. Сондықтан бұл кеңес- жаналық, осы технологияның өзіндік жарнамасы болып табылады. Бұл технология түсініксіз, бірақ қызықты болды. Неліктен?
Бұл технологияның әдістері жаңа және дәстүрден тыс болды.
ӨТТШТ технологиясы бойынша сабақтар өте қызықты болатын, біз бірігіп ақиқат іздеу кезінде уақыт туралы ұмытатынбыз.
Сабақтар балалардың қиялдық-шығармашылық ойлау қабілеттерін, диалектикалық ойлау қабілетін дамытатын.
Сабақ кезінде біз балалармен серіктес болдық. Ол кезде ол әлі оқу-тәртіп үлгісі бойынша оқыту болатын.