Әдептілікке тәрбиелеу (оқу-әдістемелік құрал) Дайындаған: Қапарова Ж. У



бет39/89
Дата05.02.2022
өлшемі5,38 Mb.
#15828
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89

Кіріспе сөз


Ең алдымен инновациялық технология туралы айтпастан бұрын, «Технология» деген сөздің мағынасын анықтап алайық.
«Технология» дегеніміз не?
«Технология» деген ұғымның қандай құрамдас бөліктері бар?

  1. Технологияға педагог өз жұмысында қолдана алатын әртүрлі әдістер мен тәсілдер енеді.

  2. Технология – педагог жұмысындағы әдістер жиынтығы.

  3. Технология – біртұтас мақсатқа бағынған, жұмыста белгілі бір әдістерді қолдану заңдылығы.

  4. Технология бойынша жұмыстың нәтижесін бақылап отыруға болады, диагностика жүргізіледі. Осының барлығын бір анықтамаға біріктіруге болады.

Технология – педагогтың кәсіби қызметінің құралы, педагогикалық деген тиісті сапалы сипаттамасы бар. Педагогикалық технологияның мәні оның айқын көрінетін кезеңдері бар екені, оның ішінде әр кезеңдегі кәсіби қызмет анықталған, ол педагогқа өз кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесін жобалау кезінде болжамдауға мүмкіндік беру болып табылады. Педагогикалық технологияны ерекшелендіретіні: мақсат пен міндеттердің дәлділігі мен нақтылығы, кезеңдердің барлығы: алғашқы тексеру, оны жүзеге асырудың мазмұны, түрлері, әдіс-тәсілдері; белгіленген мақсатқа жету үшін аралық тексеру кезінде құралдар жиынтығын қолдану; мақсатқа жетудің қорытынды тексеруі, қорытынды бағалау көрсеткіші.
Қазіргі заманның талабы бойынша мектеп жасына дейінгі бала мектепке келгенде «таза парақ» болмауы керек. Бірінші сынып оқушысына қойылатын талаптар кейінгі кезде, ата-аналарды «дамытуға, салуға, ақпараттандыруға, дайындауға және т.б.» мәжбүрлейді. Бірақ көбінесе көптеген ақпараттар мен білім меңгерген балалар оларды жүйесіз қабылдайды. Осындай жағдайда әр ересек адамның міндеті балаға өзіне қажетті ақпаратты табуға, оны жаңа білім ретінде меңгеруге көмектесу болып табылады.
Тәжірибеден және қазіргі заманғы зерттеулер педагогтың педагогикалық процесті білікті меңгеруі ғана баланы дамытуға көмегін тигізетінін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балаға білім берудің әдістері мен тәсілдері жеңісті анықтайды.
Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мектеп жасына дейінгі баланы оқыту мен тәрбиелеуде жаңа мүмкіншіліктер ашады. Сондықтан мен өзімнің балалармен өткізген оқу іс-әрекеттерімде ӨТТШТ технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданамын.
Балалық шақ – бұл қарқынды қайраткерлік қиялдың даму кезеңі және осы бағалы қасиетті дамытатын кезең. Қиял – бұл шығармашыл тұлғаның ең маңызды қасиеті.
Баланың шығармашылықта қажеттілігі зор екені мектепке дейінгі балалармен жұмыс істеу тәжірибесінен-ақ көрінеді. Оның шығармашылық потенциалы сурет, музыка, ойын, еңбектің мәнерін ойлап шығару, тапжылмай өз ісін аяғына дейін жеткізу болып табылады. Егер де баланың қиялы дамымаған болса, бұл қасиеттер де болмайды. Ал баланың қиялы ойын барысында дамиды. Ұжымдық ойындарда балалар әркімдерге түрленіп ойнайды, осының барлығы балалардың фантазиясын, қиялын, шығармашылығын дамытады.
Сонымен балалармен ӨТТШТ-ң әдіс-тәсілдерін қолданып өткізген әрбір оқу іс-әрекет – бұл ұжымдық ойындар, шын мәнінде шығармашылық жұмыс, қарқынды өмір қызығын түйсіну. Балаға қуаныш ауа сияқты қажет, ол күш тасқынын шақырады, шығармашылық қабілеттердің толығырақ ашылуына мүмкіндік береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет