Еділ қаған немесе Аттила


Византияға екінші жорығы. 447 жыл



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#120817
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Атилла мәдениет

Византияға екінші жорығы. 447 жыл
Бірінші мен екінші жорықтардың арасында Бледа қайтыс болып, 444 жылдан бастап Еділ ғұн империясын жалғыз өзі басқарды.
Византияға жорықтардың хронологиясын тарихшы О. Д. Менхен-Хельфен «Ғұндар қауымы» атты жұмысында анық айқындаған. Алғашқы жорықтан кейін Аттила ғұндардың жалғыз көсемі ретінде Византиядан алым-салық төлеуді және жау жағына өтіп кеткен қашқындарды қайтаруды талап етеді. Бұл ультиматумға ІІ Феодосий императоры империяны қорлайтын ұсынысс деп қабылдап, ұсынысқа қарсы болып соғыс жариялайды[24]. Нәтижесінде Аттила Ратиарияны басып алып, 446 ж. немесе 447 жылдың басында Византияның Балкандағы аймақтарына шабуыл жасай бастайды. Византиялық тарихшы Марцеллин Комит өз жазбаларында 447 жылды сипаттаған кезде мынандай сөздерді жазыпты: «Бірінші соғысқа қарағанда көп есес ауырлау болған бұл сұмдық соғыста, Аттила бүкіл Еуропаны үгіп ұнтақтап тастады»[25]. Еділ бастаған ғұн әскері 447 ж. Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет