Италияға жорық (452 жыл) 452 жылдың жазында (О. Д. Менхен-Хельфен (O. Maenchen-Helfen) рим папасы Лео Император Валентиннің арасында 452 жылы жазысқан хаттарын саралағанда, бұл жорықтың басы 452 жылдың маусым айында басталған) Еділ қаған басқарған жауынгерлер топтары Паннония жағынан Альпінің кең жазығынан шабуыл бастады. Бұл жорықтың алғашқы соққысы Венетта провинциясының Аквелия қаласында (Аквелия сол кездегі Адриат теңізі жағалауындағы ең ірі қала) болды. Венеттаның басқа қалаларын да басып алғаннан кейін ғұндар солтүстік Италияның батыс жағына қарай бет бұрды.
Италияны ойрандап, ғұндар шетінен Медиоланум (қазіргі Милан) және Тицинум (қазіргі Павия) қалаларын алады. Медиоланумда (V ғ. басында Медиоланум қаласы Рим империясының астанасы болған) Еділ император сарайына кіріп келгенде сарай қабарғаларында рим императорлардың суреттерін көреді. Суреттерде тақта отырған рим императорлардың аяқ жағында скифжауынгерлердің өліктері жатқаны бейнеленгенін байқайды. Еділ өз адамдарына сол суретшіні таптырып, оған басқа сурет салғызады. Бұл жаңа суретте Еділ қаған тақта отырғанын, ал рим императорлары оның аяқ астына қаптардан алтын төгіп жатқанын бейнелеткізеді.
Қайтыс болуы және ғұн империясының ыдырауы
Еділ герман тайпаларын бағындырған кезде Бургундия ханшайымы Илдионаға (Хилдикаға) ғашық болып қалған еді. 453жылы елінде үлкен той жасап, осы ханшайымға үйленеді. Бірақ алғашқы неке түнінде белгісіз жағдайда кенеттен қайтыс болады.
Қайтыс болуына мұрыннан кеткен қанмен тұншығу себеп болуы мүмкін деген дерек бар.[36] Жерленген орны әлі күнге дейін белгісіз. 2014 жылы наурыз айында Будапештте Дунай үстінен көпір салынған кезде Еділдің жерленген жері табылды, ол Еділ қағанның моласы болуы мүмкін деген хабар берілді[37].
Еділдің көптеген ұлдары әкесінен қалған империяны бөлісе бастайды. Еділ өзінің көзі тірісінде үлкен ұлы Эллақты мұрагері етіп белгілеген болатын. Бірақ варварлар тайпаларының көсемдері Эллақты да Еділдің басқа ұлдарына да мойынсынғысы келмейді. Бірінші болып гепидтардың королі Ардарих герман тайпаларын көтеріліске үгіттеп жаңа басшыларға бағынбаған жаугерлер 454 жылыНедао (қазіргі Паннонияның Недава өзені, Саваның тармағы) төңірегінде соғыса бастайды. Осы ұрыста Эллақ қайтыс болады. Осы ұрыстан кейін Ғұн империясы ыдырай бастайды. Еділдің кіші ұлы Эрнак тайпасының бір бөлігімен Добруждада орналасады, қалған ғұндарды варварлар тайпалары Дунайдың шығыс жағына ысырып тастайды[38].
Еділдің ғұндары туралы соңғы мәлімет 469 жылы Марцелиннің хроникаларында табылады. Мәліметтерде «ғұндардың королі Еділдің ұлы Денгизирихтың [Denzicis] басы Константинопольге жеткізілді» деп айтылған.
Ғұндардың қалдықтары басқа көшпенді тайпалармен шатысып «ғұн» деген этноним VI ғасырдың авторларының лексионында жалпы көшпенді елдерді белгілеп қолданылған. (Ғұндар деп булгарларды, аварларды, савирларды, мажарларды атай берген)
Еділ билік басында болған он тоғыз жыл ішінде Ғұн империясы аумағын бірнеше есеге үлкейтеді. Ірі империя құра алғандығы үшін Еділ қаған шығыстың ұлы жауынгер ұлдарының бірі ретінде тарихқа енді. Содан да болар, батыстың тарихшылары оның есімін «адамзат тарихындағы ұлы адамдар» Ескендір Зұлқарнайын пен Юлий Цезарьесімдерімен қатар атайды.
Германдардың белгiлi эпикалық шығармасы болып табылатын «Нибелунгтар туралы жырда» және өзге де герман эпосының шығармаларында скандинав сагаларындаАттила (Этцель, Атли) Рим империясының қол астындағы халықтарды азат етушi ретiнде сипатталады.
Византияның атақты жылнамашысы V ғасыр тарихшысы және мәмiлегерi, ғұн патшасына 448 жылы жiберiлген Византия елшiлiгiнiң мүшесi грек Приск Паниос жеке көрiнiстер түрiнде сақталған өзiнiң «Византия тарихында» атты еңбегінде Еділ қаған мемлекетiн Римнiң қауiптi бақталасы ретiнде суреттей отырып, шындықты бейнелеген.