Әділбек Шұғыла Артурқызы



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі85,5 Kb.
#97711
  1   2
Байланысты:
11сөж тарих




Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Әділбек Шұғыла Артурқызы
(АЯ-001)


СӨЖ


Тақырып. "Мемлекеттік бағдарламалар-Қазақстанның болашақ дамуының кепілі"

Жоспар:
Кіріспе.


1. Мемлекеттік бағдарламалар түрлері
2. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары.
Негізгі бөлім.
1.Мемлекеттік бағдарламалар.
2.Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030»бағдарламасы.
3.«Қазақстан-2050» стратегиясы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат өмірдің түрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты тудыратын және мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық әрекет жасауға итермелеп, мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды барынша азайту жөніндегі мемлекеттің және қоғамның жан-жақты және дәйекті шараларын әзірлеуді және жүзеге асыруды көздейді. Дегенмен, ұсынылып отырған негізгі бағыттар толымды болып саналмайтынын ескеру керек. Олар тек жекелеген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құбылысын, оның себептерін, сыбайлас жемқорлық іс-әрекетінің салдарын терең талдау, тура және жанама экономикалық және басқа шығындарды салиқалы және объективті бағалаудың нәтижелері ескеріле отырып түзетілуі қажет.
1-кезеңде (2006-2008 жылдар) мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары іске асырылатын, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат беру және әкімшілік өкілеттіктерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электрондық нысандары жүйесіне өту негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау процестері аяқталатын, мүдделерге қолдау көрсету және лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттерін орындауы кезінде олардың мүдделері қақтығысының алдын алу процестерін құқықтық реттеу енгізілетін болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке азаматтық қоғам ұйымдарын тарту процестеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы саласында құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ерекше көңіл бөлінетін болады.
2-кезеңде (2009-2010 жылдар) нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізудің тиімді тетігін енгізуді, бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жүйесін құруды, азаматтық қоғам институттарына жекелеген рұқсат беру функцияларын беруді, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын барынша қысқарту және заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар енгізуді аяқтау көзделген. Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілері өзара іс-қимылының нысандары мен тетіктерін, сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың ашықтығына және олардың уақтылы орындалуына жәрдемдесетін рәсімдерді нақты құқықтық регламенттеу жүзеге асырылатын болады.

1.Мемлекеттік бағдарламалар-ресурстар,орындаушылар,ғылыми-зерттеу,өндірістік,әлеуметтік-экономикалық,ұйымдық және басқа шаралар.Мемлекеттік бағдарлама экономтканы тікелей реттеу құралы ретінде мемлекетті дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталады.


Мемлекеттік бағдарламалар 1922-1933 жылдардағы Үлкен тоқырауға байланысты негізгі реттеу құралы ретінде қолданыла бастады,және кейінірек 60-70 ж өнеркәсіп дамыған елдерде сонымен қатар АҚШ-та үздіксіз жоспарлау жүйесі ретінде қарала бастады.Негізінен мемлекеттін келешектегі мақсат,міндеттерін оның ағымдағы бюджеттік саясатымен байланыстыру негізге алынған болатын.Айта кетсек,бұл бағыт алғаш АҚШ-тың Қорғаныс министрі әзірлеген бағдарлама іске асырылды.
2.Қазақстан Республикасы қазіргі таңда«Қазақстан-2030»қайта жаңғыру мен даму бағдарламасын негізге ала отырып,әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің кқатарына кіруге арналған негізгі бағдарлама.Қайта жаңғыру және өрлеу стратегиясы арқылы барша қазақстандықтардың жақсы тұрмысы,әлеуметтік әділеттілікке кепіл болған ұзақ мерзімді даму стратегиясын негізі етіп отырған басым бағыттар мемлекетіміздің кез келген жоспарларын жасаудағы тұрақты бағдарына айналды.
3.«Біз кімбіз,қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?»
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады : 1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау 3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік 4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту 7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет