Әдісін қолдану А. Н. Рахым *1


-сурет - Lesson study жобасының қадамдары



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата12.12.2023
өлшемі445,5 Kb.
#196702
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1-сурет - Lesson study жобасының қадамдары
″Lesson study″ жобасында мұғалімдер 
оқушылардың қалай оқитынын, сабақ 
нәтижесінде өз іс-әрекетінің қалай ой-
лайтынын және өзгертетінін мұқият зерт-
тейді. ″Lesson study″ практикасы мұғалім-
дерге олардың білім алушылары қалай 
оқитынын және қалай ойлайтынын және 
оқыту процесі білім алушының ойлауына 
қалай әсер ететінін жақсы түсінуге көмек-
теседі.
Мақаланы әзірлеу барысында ″Lesson 
study″ әдістеріне теориялық талдау әдісі 
жасалынды. ″Lesson study″ әдісі бойынша 
сабақтарыд құрастыруда педагогикалық 
моделдеу әдісі қолданылды.
″Lesson study″ тәсілін жүзеге асыру үшін 
келесі ережелерді сақтау қажет:
1. Бір-біріне құрметпен қарау.
2. Зерттеудің негізгі идеясын үйлестіру. 
Нені және кімге үйрету керек?
3. Зерттеу әдебиетін зерттеу.
4. Оқу үлгерімі жоғары, орташа, төмен 
3 «зерттелетін» оқушының нақты сы-
ныбы мен кандидатурасын анықтау.
5. Зерттеу сабағын жоспарлау, материал-
ды үш «зерттелетін» оқушы қалай мең-
геретініне назар аудару.


93
БІЛІМ • ОБРАЗОВАНИЕ • EDUCATION, ISSN 1607-2790 
UBA.EDU.KZ 
№1 (104) 2023
2. METHODOLOGY OF TEACHING DISCIPLINES
6. Мұғалімдердің «зерттелетін» оқушы-
ларды бақылауы және олардың нәти-
желерін жазуы.
7. Зерттеу сабағының тиімділігі туралы 
пікірлерін түсіндіру үшін бірнеше сы-
нып оқушыларымен сұхбат жүргізу.
8. Зерттеу сабағын бітіргеннен кейін 
талқылау.
Сабақтар сериясын өткізгеннен кейін топ 
оқыту тәсілдеріндегі өзгерістерді келіседі.
Табысты мұғалімдер көп жағдайда сы-
ныпта болып жатқан оқиғалардың ай-
тарлықтай, тіпті көп бөлігіне назар аудар-
майды. Бұл кемшілік емес! Бұл олардың 
табысты мұғалім болуына мүмкіндік бер-
ген процестердің нәтижесі.
Сынып жағдайында біз белгілі бір уақыт-
та болып жатқан оқиғалардың маңызды 
аспектілеріне назар аударамыз, сыртқы 
оқиғалар мен ақпараттың үлкен көлемін 
жоямыз. Біз маңызды деп санайтын жаңа 
білімді тез арада игереміз, оны біз үшін 
оңтайлы түрде сақтай отырып, саналы 
қысқа мерзімді жадымызды сабақтың 
қиын және жылдам жағдайларында ба-
сымдық беретін келесі маңызды аспек-
тілерді өңдеуге еркін етеміз.
″Lesson study″ тәжірибелі және жаңадан 
келген мұғалімдерді жетілдіруге көмек-
теседі.
Бірлескен жоспарлау, бірлескен бақылау, 
бірлескен талдау нәтижесінде мұғалім-
дер оқыту туралы «бірлескен идеяны»
қалыптастырады. Бұл жағдайда оқыту-
дың аспектілерін біз тек өз көзқарасы-
мыздан ғана емес, сонымен бірге ″Lesson 
study″ 
дайындаған 
әріптестеріміздің 
көзімен де қарастырамыз, нәтижесінде 
″Lesson study″-де байқалған нақты оқыту 
оны жоспарлау барысында біз ойлаған 
оқытумен сәйкес келеді. Бұл бізді әдетте 
маңыз ды емес нәрселер туралы білуге 
итермелейді, өйткені олар бізбен «жой-
ылды» немесе болжамды білім ретінде 
сақталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет