Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Аңыз, әңгімелерді бала ойын дамытуға пайдаланыңыз



бет11/51
Дата02.06.2024
өлшемі179,19 Kb.
#203092
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
қазақ тілі сессия 2023Ж

Аңыз, әңгімелерді бала ойын дамытуға пайдаланыңыз.

Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi.
2-сыныпта оқушылар ауыз әдебиеті үлгілерін (ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер) оқу арқылы білімдерін кеңейте түседі. Әдеби ертегелерді оқу барысында “тұтас рухани кеңістік” шығады, сонымен қатар әлемнің ұшы-қиырсыз кең, алуан түрлі және тіртұтас екендігін біледі. Әдеби шығармаларды оқу арқылы олардың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдақ пен мейірімділік, батырлық пен азаматтық, сезімталодық пен адалдық сияқты ізгі қасиеттер қалыптаса бастайды.
3-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті үлгілері және балалар әдебиетінің әр түрлі жанрларымен таныса отырып, әдебиет әлеміне бастау алады. Мұнда жанрлық және көркем шығармаларды тиімді үйлестіру ұстанымы іске асырылады.
4-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінгің озық үлгілерімен танысады. Қазақ балалар әдебиетінің қадыптасу тарихынан: шығармалардың жазылған кезеңі мен мазмұны арасындағы байланыс, автордың көзқарасы т.б. беріледі

  1. Мысалдардың оқыту үдерісімен байланысын орнатыңыз .

  2. Оқу сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдарды табыңыз.

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ен, қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар.
Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті ал­фавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі.
Мұғалімнің оқыту процесіндегі міндеті - балалардың анық естіп, қабылдау мен сөйлеу қабілетін дамыту. Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны зор. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сөйлегенін естіп қабылдайды.
Сабақтарда көрнекілікке қойылатын талап: оқушы сөзді немесе оның бөлшектерін (әріптерді, буындардағы морфемаларды) анық көретін болуға тиіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет. Ендеше "көрнекілік " деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі жазуларды да қамтиды. Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптен немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады, яки асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бәліп көрсетіледі (бірде түбірі, екіншісінде қосымшасы). Мұндай тәсілдер жазылғандарды көру арқылы анық бейнелеуді қамтамасыз етеді, алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып, істің мәнін біршама түсінуге (мысалы, басқаша жазбай, неге осылай жазамыз) көмектесетін болса ғана пайда келтіреді. Көрнекі құрал ретінде қандай да болмасын грамматикалық және орфографиялық құбылыстарды көрсететін схемалар да қолданылады. Мұнда оқушылар тіліміздегі жұрнақтардың: 1) алуан түрлі болатындығы, 2) түбірден кейін тұратындығымен, 3) жаңа сөз жасайтын қасиетімен танысады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет