Бастауыш мектеп оқушыларының мазмұндамалары мен шығармаларындағы қателерді болдырмау шараларын анықтаңыз.
Мазмұндама мен шығарманың түпкілікті мақсаты оқушылардың ойын және тілін дамыту болғандықтан, ең алдымен бұл жұмыстардың мазмұны мен тіліне көңіл аударылуға тиіс. Бірақ бұл айтылғаннан орфографиялық қателіктерді есепке алудың керегі жоқ деген пікір тумайды. Оқушылардың жіберген қателіктерін түзету үш түрлі жолмен жүргізіледі:
1.Балалар өзін-өзі тексеруге нақты тапсырмны орындауы мақсатымен бірте-бірте үйретіледі. Мысалы, оқушылар «Өзен жағасында» сурет бойынша шығарма жазып болған соң, мұғалім балаларға тақтадағы сұрақтарды оқытады. Содан соң: «Осы сұраққа қайтарған жауабың дұрыс па, түсінікті ме, толық па – осыны ескеріп, бірінші сұраққа жазған жауабыңды есіңе түсір», - дейді.
2.Бастауыш сынып оқушыларының жазған жұмыстарында кездесетін қателерді жоюдың екінші амалы – ол жұмыстарға толық талдау жасау. – Бұл сабақтарда балалар өз жұмыстарында кеткен қателермен танысады, мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп болған соң ондағы қателерді топ-топқа жіктеп, барлық жұмысты салыстырады. Балалардың көпшілігіне тән қателерді анықтап қатені талдау сабағы да осыған орай ұйымдастырылады. Мысалы, оқушылардың көпшілігі бір сөзді бірнеше рет қайталаған болса, («көктем шыға бастады. Су аға бастады» т.б.) сөйлем қайталанған сөздермен тақтаға жазылады. Балалар ол сөйлемдердің қатесін түзейді. Басқа балалар өз жұмыстарынан осы сөйлемдерді табады, қателері болса, түзетеді. Жұмысының түзелген жері көп оқушы оны қайта көшіреді.
Осы әдіспен қалған сұрақтарға берген (жазған) жауабын да қайталатады. Содан кейін: «Жазған әңгімеңді (айтқан әңгімеңді) енді тақтадағы сұрақтарға қарамай, өзің басынан аяғына дейін тұтас оқып (қайталап айт) шық. Одан не жөнінде жазып отырғаныңды байқа. Бір сөзді бірнеше рет қайталаған жоқсың ба, соны аңғар»,- деп, екінші рет оқытады.
3.Оқушылардың шығарма, мазмұндама жұмыстарында кездесетін қателерді жоюдың үшінші жолы – қатенің түріне қарай жаттығу сабақтарын өткізу. Мұндай сабақтарда балалар өздерінің жазба жұмыстарында мән бермеген, ойланбастан жаза салғандықтан кеткен қателерін сезінеді, дұрыс жазбағандарын саналы түрде түсінеді де, кейін ондай қателерді жібермеуге тырысады. Мазмұндама мен шығармаларда кездесетін қателерді түзету үшін дидактикалық материалдарға байланысты жүргізілетін жұмыстардың да маңызы зор
Сөйтіп, жазып болған балалар осындай нақты тапсырма алып, жұмыс жасай береді. Бірте-бірте балаларға: «өз жұмысыңды оқығанда басқа біреудің жұмысын оқып отырғандай сезін. Сен болсаң, ол сөйлемді қалай құрастырар едің? Қалай жазар едің?» деген сияқты тапсырмалар беріледі.