Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Көркем шығарманы талдауды пайдаланыңыз



бет27/51
Дата02.06.2024
өлшемі179,19 Kb.
#203092
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
қазақ тілі сессия 2023Ж

Көркем шығарманы талдауды пайдаланыңыз.

Көркем шығарманы талдау - әдебиет сабақтарында жүргізілетін білімдік және тәрбиелік жұмыстың құрамдас бөлігі, ең маңыздысы. Көркем шығарманы талдау шығарманы сабақта оқу(үзінділер), үйден оқуға тапсыру, ауызша, жазбаша мазмұндату, жоспарын жасату, мазмұны мен көркемдігін ұғындыруды көздейді. Әуелі мәтінді оқытып, мазмұнын меңгерту - басты шарт. Шығарманы толық меңгеру талдау мен жинақтау арқылы жүргізіледі. Одан соң мәтінді талдап оқу міндеті тұрады. Бұл тұста кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманың композициясы мен тілін талдау, суреттеу тәсілдерін анықтау, жанрын анықтау, т.б. жұмыстар жүргізіледі.
Көркем шығарманы талдаудың негізгі педагогикалық талаптары мыналар:
1) Шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік формасын бірлікте тұтас алып талдау
2) Кейіпкер образдарын талдап, оларға түрліше (дара, салыстырмалы, топтастырылған) мінездеме жасату
3) Композициясы мен сюжетін, оның элементтерін ашу, солардың қызметін таныту
4) Суреттемелік тәсілдерді анықтау
5) Шығарманың көркем тілін зерттеу, көркемдігін талдау.
6) Түрлі жанрдың табиғатын танытып, соған сай жұмыс әдістерін қолдану
7) Әдеби меңгерілген ұғымдарды теориямен ұштастырып, бекіту.

  1. Оқу сабақтарында жүргізілетін шығармашылық жұмыстарды көрсетіңіз.

Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: ана тілі сабақтарында тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет